Діннің қазіргі Қазақстандағы атқаратын рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 16:09, доклад

Описание работы

Діннің шығуы туралы. Әлемдік діндер. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейілінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм)

Файлы: 1 файл

Діннің қазіргі Қазақстандағы атқаратын рөлі.docx

— 27.43 Кб (Скачать файл)

Ислам діні арадан ғасыр өткенде республикада қайта жанданса, біздің ұлттық мәдениетімізбен қай тұрғыда тіл табысады деген мәселе туады. Соңғы жылдары Наурыз мерекесі аталып өте бастады. Көк жүзін тәңірі тұта телміріп, ондағы аспан денелерін өмір тіршілігінің бағдаршысы ете білген көшпенділер күн менен түннің теңесер сәтін алдымен болжауы заңды еді. Ислам діні белең алған заманда «наурыз» сөзінің парсылардан ауысқаны болмаса, бұл мереке қазақ арасында «ұлыстың ұлы күні» деп аталады. Демек, Мұхаммед пайғамбар дүниеге келмей тұрғанда тойлана бастаған осы тарихи мәдени айғағымызды ислам дінінің нәтижесі деуімізге болмайды. Неғұрлым тереңнен тамыр алатын қазыналарға сенетін болсақ, болашақта ұлттың мықтылығы мен өміршеңдігі солғұрлым анық көрінетін болады.

Қазіргі кезде қазақ зиялы өкілдерінің бір тобы «қазаққа жаңа дін керек» деп жүр. Қолдан құдай жасап, немесе алыстан келер әлдеқандай миссияны күтетін дәуір өткен сияқты. Бұрынғы Кеңес Одағында ресми идеология ислам дінін жоққа шығарса, соңғы жылдары орын алған оқиғалар мұсылман дінінің дүние жүзінде аса ықпалды күш екенін көрсетті.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай – «Қазақстан халқының 60 процентінен астамы мұсылман дінін ұстанатыны белгілі. Мұны біз ескеруіміз керек. Кеңес үкіметі кезінде біздің рухани, діни мұрамыздан аулақтатқысы келді. Көп ретте солай болды да. Сондықтан қазақтар үшін, республика халқының мұсылмандық бөлігі үшін рухани, мәдени қазыналарға қайтып оралу маңызды дүние болып саналады.

Сондықтан біз исламды өмірге қайта келтірдік деп қунышымыз қойнымызға сыймай жүр. Ал, ойлап қарасақ, исламға дейін де қазақ халқы өмір сүрген, өзіндік рухани байлықтарға ие болған. Қазақ аруаққа сенген, отқа сыйынған, тәңірге бағынған.

Иә, даланың өз дүниетанымы, өзіндік қайталанбас әлеуметтік тәжірибесі болған емес пе … Тәңір, Жасаған ием. Осы шексіз де шетсіз ұғымдардың мазмұны мен мәніне тоқалмай – ақ қоялық. Олар қазақтың ұлттық санасынан ешқашан сарқылар емес. Рас, анилизм (қазақта ол ата-баба аруағына табыну) әлемдік діндердің әлдеқайда төменгі сатыда, әрі олармен бәсекелесе де алмайды. Бірақ ол халықтың тұрмысында әлуметтік қатынастарында мәңгі қалыптасып қалды. Әруаққа сыйыну, оны қастерлеу қазақ үшін имандылық жолы. Бәлкім, бұл жаңа ұлттық идеологияның қарапайым бір элементі ретінде бағаланар. Алайда мұндайда неғұрлым тереңнен тамыр алатын қазыналарға сенетін болсақ, болашақта ұлттың мықтылығы мен өміршеңдігі соғұрлым анық көрніс беретін болады. Сондықтан осындай қиын-қыстау кезеңдерде қазіргі толық қалытасқан халықтың дәстүрлі қазыналарына, әдет-ғұрып мен салт-санасына, діні мен өркениетіне, әлеуметтік тәжірбиесі мен әлеуметтік қатынастарына сүйену қажет.

Ислам қазір қазақ жерінде екі бағыттағы қазметімен көрінеді. Бірінші – мәдени-ағартушылық, екіншісі – саяси-әлеуметтік. Бірінші бағыт: халықты жалпы мұсылмандыққа насихаттау, халық дәстүрлерімен ұштасқан исламның рухани мәнін түсіндіру. Екінші бағыт: саясаттанған ислам. Бірақ исламның саяси мақсаттары және оған жетудің әдіс-тәсілдерін қазақ қауымы қолдамайды. Әрине, отаршылықтың шеңберінен босаған қазақ үшін өзінің Орта Азия аймағындағы тегі бір туыстарымен тіл табысып, бір тұтас өмір кешуіне себеп болатын аса маңызды фактор – мұсылман діні. Осындай қиын-қыстау кезінде осыларға сүйену ешқандай көптік етпесе керек. Сонымен бірге, ислам дініне бой ұсынуымыз дәстүрлі мәдениетіміз бен дүние танамымызды ығыстырып, схоластика мен мистиканың бел алуына ұрындырғанынан сақтануымыз керек. Сөйте тұра, республикамызда мешіттер болғанын, медреселердің ашылғанын қалаймыз. Өйткені, ислам дінінің де исламдыққа, сауапшылыққа, биік адамгершілікке насихаттайтын ықпалы қасиетін, сонымен бірге ұлтаралық ынтымаққа дәнекер бола алатын қасиетін мейлінше икемділікпен бүгінгі өмірімізге жарата білуіміз қажет. Сонда ғана ұлттық рухты, этникалық ерекшелік пен рухани қазыналар жүйесін сақтап қалуға, оны келесі тарихи кезеңдерге өркендетуге мүмкіндіктер туады.

Қоғам дамуындағы дағдарыс әлеуметтік саланың барлық буындарына дін әсерінің күшеюін жылдамдатады. Бұл – тарихта талай рет орын алған құбылыс. Егер саясаткерлер сол дағдарыстан шығу жолын таба алмай, әлсіздігін дін арқылы демегісі келсе, дін мемлекеттік идеологияға айналады.

Қазақ ұлты исламға толық орнықпағанын және тез қабылдағыштығын ескерсек, біз бұл салаға көңіл бөлуге тиістіміз. Ендеше, тұрмыстық деңгейде болсын қазақтар исламға көңіл бөлгені жөн. Бір ұлттың бірнеше дінге бас ұруының салдарын тек өзге елдің тәжірбиесінен көрсек деймін.

 


Информация о работе Діннің қазіргі Қазақстандағы атқаратын рөлі