Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:51, статья
Егер оқу орнының қызметкерлері қыз баланың басындағы орамалды мәжбүрлеп шештірсе, оған тіл тигізіп, оның ар-намысын қорласа, дінін келемеждесе, онда ол немесе оның ата-аналары сотқа шағымдануларына және прокуратура органдарына арыздануларына болады. Бұл жағдайда ҚР Конституциясын бұзғандарға лауазымынан шеттетілу, айыппұл төлеу немесе бас бостандығынан айырылу қауіпі төнуі мүмкін.
А это
на казахском:
Хижабқа байланысты қысым көрсеңіз…
Мұсылман әйел-қыздарға жаднама
Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. (ҚР
Конституциясы, 14—бап)
Қазіргі кезде оқу орындарында (мектептерде,
жоғары оқу орындарында, колледждерде
т.б.) орамал немесе хиджап киген мұсылман
қыздардың дәрістер мен сабаққа қатысуына
тыйым салу оқиғалары жиі қайталанып жатыр.
Көп жағдайда бұл мекемелердің басшылары
жоғарыдан келген нұсқауларға және оқу
орнының ішкі ережелеріне (нормативтік
құқықтық актілеріне) сілтеме жасайды.
Алайда адамның өзінің қай дінге жататынын
көрсетуі Конституцияның өзінде рұқсат
етілген. Сондықтан оқу орындарының немесе
олардың жоғары тұрған шененеуніктерінің
талаптары Конституция нормаларына қайшы
келсе, онда ол талаптар заңсыз деп танылады.
(Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24
наурыздағы N 213 «Нормативтiк құқықтық
актiлер туралы» Заңы; 4; 6 бап)
Егер оқу орнының қызметкерлері қыз баланың
басындағы орамалды мәжбүрлеп шештірсе,
оған тіл тигізіп, оның ар-намысын қорласа,
дінін келемеждесе, онда ол немесе оның
ата-аналары сотқа шағымдануларына және
прокуратура органдарына арыздануларына
болады. Бұл жағдайда ҚР Конституциясын
бұзғандарға лауазымынан шеттетілу, айыппұл
төлеу немесе бас бостандығынан айырылу
қауіпі төнуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Конституциясынан
көшірме
14—бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең.
2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына,
тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жерiне байланысты немесе кез келген өзге
жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге
болмайды.
19—бап
1. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және
қай дiнге жататынын өзi анықтауға және
оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға,
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық
тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексiнен көшірме
3-тарау. Адамның және азаматтың Конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын қарсы қылмыстар
141-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын
бұзу
1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын
тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе
мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi,
дiнге көзқарасы, сенiмi, тұрғылықты жерi,
қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына
себептерiмен немесе өзге кез келген жағдайлар
бойынша тiкелей немесе жанама шектеу
– екi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның
екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы
немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл
салуға не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға,
не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып
не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған
дәл сол әрекет – бес жүзден екi мың айлық
есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе
сотталған адамның бес айдан сегiз айға
дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге
де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не
алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды
атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны
ауырлататын мән-жайлар
1. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны
ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк
немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың
заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ
басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды
оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ҚР Еңбек көдексінен көшірме
7-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке
тыйым салу
1. Әркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары
мен бостандығын іске асыруға тең мүмкіндіктері
бар.
2. Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын
іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене
кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық
жағдайына, тұратын жеріне, діни көзқарасына,
саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа,
қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына
байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
ҚР «Білім туралы» Заңынан көшірме
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
құқықтары,міндеттері мен жауапкершілігі
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
құқықтары:
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
Қазақстан Республикасының Азаматтық
іс жүргізу кодексі
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13
шілдедегі N 411 Заңы
8-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін сотта қорғау
1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық
құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен
қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы
Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа
жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар,
заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда
көзделген жағдайларда өзге адамдардың
немесе адамдардың белгісіз бір тобының
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге
құқылы.
БаракаЛлаху фикум!
Прошу Аллаха чтобы Он помог нам соблюдать
свою религию в полной мере, в соответствии
с тем что ниспослано в Его книге и в сунне
Его Посланника (да благословит его Аллах
и приветствует)!
++++++++++++++++