Агроқұрылымдардағы жер кадастры: аудан,қала және облыс деңгейлерінде. Жерді есепке алу есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 20:13, реферат

Описание работы

Мемлекеттік жер кадастрында, есептелінетін объектіге сандық және сапалық сипаттама бере алатын және жер кадастрлық көрсеткіштер жүйесі болып саналатын белгілі топтастыру түсінігі немесе санаттар қолданылады. Кадастрлық көрсеткіштер мөлшерінің сандық мәні есептелетін объектінің өзіне тән қасиеті мен мәніне байланысты болатын өлшемнің айқын бірлігі арқылы көрсетіледі. Сонымен жер қорының және оның, құрам бөліктерінің аудандары гектармен есептеледі, алқаптардың сапасы көрсеткіштер жанында көрсетіледі. Кадастрлық көрсеткіш түрлі шамалармен жүргізіледі. Мысалы, жер ауданы жүздеген, мыңдаған және миллиондаған гектарлармен көрсетіледі.

Файлы: 1 файл

Zher_kadastry__44 СОЖ Куатканов Назерке.docx

— 32.94 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 

География және табиғатты пайдалану факультеті

География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

 

 

№4 СӨЖ

Тақырыбы: Агроқұрылымдардағы жер кадастры: аудан,қала және облыс деңгейлерінде.Жерді есепке алу есебі.

 

 

 

 

                                           Орындаған: Жерге орналастыру мамандығының

                                                            1 курс студенті Қуатқан Назерке

                                        Қабылдаған: Акашева Әтіркүл Сапарбекқызы

 

 

 

 

Алматы,2015 жыл

 

                                                     КІРІСПЕ

Мемлекеттік жер  кадастрында, есептелінетін объектіге сандық және сапалық сипаттама бере алатын және жер кадастрлық көрсеткіштер жүйесі болып саналатын белгілі топтастыру түсінігі немесе санаттар қолданылады. Кадастрлық көрсеткіштер мөлшерінің сандық мәні есептелетін объектінің өзіне тән қасиеті мен мәніне байланысты болатын өлшемнің айқын бірлігі арқылы көрсетіледі. Сонымен жер қорының және оның, құрам бөліктерінің аудандары гектармен есептеледі, алқаптардың сапасы көрсеткіштер жанында көрсетіледі. Кадастрлық көрсеткіш түрлі шамалармен жүргізіледі. Мысалы, жер ауданы жүздеген, мыңдаған және миллиондаған гектарлармен көрсетіледі.

       Есептелетін  объектінің түрлі негіздері бойынша  топтарға бөлінуі әдетте классификациялау (топтастыру) деп аталады. Қазақстанның  жер қоры жер кадастрында ең  алдымен жалпы аудандары және  кеңістік жағдайы бойынша есептелінеді. Бірыңғай жер қорының мемлекет  меншігі объектісі және шаруашылық  объектісі ретінде міндет атқаруы  ерекшеліктерінен келіп шығып, ол  келесі негізгі жайларда:мақсатты  міндет атқаруы, шаруашылық пайдалануы,  сапалық жағдайы, әкімшілік-аумақтық  бөлінуі, меншік түрлері бойынша  есептелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының агроқұрылымдардағы жер кадастры

Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490,2 млн. га құрайды, өзара 15 әкімшілік аумақтық бірліктерге бөлінеді. Бұнда үлкен жер ауданына Қарағанды-42798,2 мың га, Ақтөбе-30062,9 мың га және Шығыс Қазақстан – 28322,6 мың га облыстары ие.

Республикамызда 169 әкімшілік аудан бар, қалалар мен поселкелер саны - 304, ал ауылдық елді мекендері саны – 7164. Бұл көрсеткіштер республиканың жер қорының мөлшері үлкен және әкімшілік бөліну объектілерінің санының көп екендігін көрсетеді, мұнда жер кадастры бойынша жүргізетін жұмыстар да көп болуы тиісті. Бұндай үлкен көлемді кадастрлық жұмыстарды жер ресурстарын басқару жөніндегі республикалық Агенттігі, 14 облыстық, 169 аудандық және біршама қалалық комитеттер барлық деңгейдегі әкімшіліктер мен ведомостволары,жерге орналастыру органдары және басқа да мамандырылған кәсіпорындар орындауы керек.

Республикамызда жер реформаларын жүргізу нәтижесінде жер құрылысында санаттар мен жер пайдаланушылар бойынша айтарлықтай өзгерістер болды. Сонымен ауыл шаруашылық мақсатындағы жер үлесінің төмендеуі, олардың құрамындағы құнарсыз жыртылған жер, жаңа шаруашылық қалыптастыратын жер учаскелері құрамына кірмейтін және пайдаланбайтын учаскелердің аумақтары босалқы жерлер санатына қосылды.

Жер қорының жер санаттары, яғни пайдаланушылар бойынша топтастырылуы белгілі бір жүйедегі кадастрлық бірлігімен және оның құрам бөліктерімен негізделеді. Әдетте статистикада есепке салу және бақылауға алынатын бірлік болып, есепке алу операциясы барысындағы топтастырудың алғашқы бірлігі қызметін атқаратын элемент түсініледі. Бұндай шаруашылық есепке алу ретінде бәрінен бұрын бөлек кәсіпорындар шығады. Жер кадастры объектісінің ерекшеліктері мен болуынан шығып, Қазақстандағы негізгі бірліктер ретінде кәсіпорындар емес, жер учаскелері танылады.

 

Жер пайдаланудың экономикалық мәнін көрсетуші -  жер алқаптары. Жер алқаптарының өндіріс құралдары сияқты жерді пайдалануда экономикалық, шаруашылық формалары болады. Алқаптардың озара қатынасы арқылы ауыл шаруашылық өндірісіндегі жерлерді пайдалану сипаттамасы бойынша және белгілі бір шамада шаруашылықтың бағыты мен мамандандырылғандығы туралы пікір айтуға болады.

Жер алқабы деп – нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған территориялар түсініледі. Мемлекеттік жер кадастрында ол негізгі элемент болып есептеледі.

Жердің құралы ретінде көрінуі оның тікелей түрде нақты шаруашылық қолдануында жатыр, бұл түрде ол белгілі бір жер алқабы түрінде болады, яғни сол территория, нақты мақсат үшін пайдаланылады. Жерлерді ауыл шаруашылығында пайдалану арқасында біз адамдар тіршілігі үшін ең керекті өнімдерді аламыз. Ауыл шаруашылық алқаптарында мәдени өсімдіктерді өсіреді және мал шаруашылығына азық дайындайды. Сондықтан, бұндай өнімді алқаптар кадастрде ерекше топқа жатады – ауыл шаруашылық алқаптары ретінде бөлінеді. Егістік жерлерде негізгі ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі, оның ішінде бірінші орында астық. Жер пайдалану құрамында уақытша пайдаланылмай жатқан жыртылған жерлер де болады. Олар тыңайма. Бұл да бөлек алқаптардың бірі болып саналады.

Көпжылдық жемісті ағаштар егілген жер учаскелері ауыл шаруашылық алқаптарының ең бағалы түрі болып саналады. Егістік жер секілді, олар жүйелі түрде күтімді қажет етеді. Егістіктен айырмашылығы бұл учаскелерде көпжылдық ағаштарды және бұталы өсімдіктерді өсіреді, жер есебінде бұл алқапты бірнеше түрге бөледі.

Шабындықтар мен жайлымдардың маңызды шаруашылық мәні бар. Оларды әдетте табиғи азықтық алқаптар деп атайды. Олар белгілі үлесті мал шаруашылығы азығы қорын жасайды. Ауыл шаруашлығында қолданбайтын жерлер – алқаптар да болады.

Жер пайдалану құрамында, пайдаланатын жерлерден басқа және пайдаланбайтын жерлер болуы мүмкін. Оларды табиғи жағдайы бойынша есептейді. Әр бір алқаптар бөлек контурлардан тұрады. Контур деп әдетте, бір текті алқаптан тұратын және бекітілген сыртқы шекаралары бар территорияны түсінеді. Көрсеткіш ретінде ол белгілі шаруашылық мәні бар және өлшемімен  сипатталады. Бөлек контурлардың аудандарын жинау алқаптардың аудандарын анықтауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан дәлірек контурлар бастапқы есепке алу элементі ретінде шығады және жер есебінде есеп бірлігі болады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік жер кадастры және оны жүргізу приниципі

 

Мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, көлемi мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебi мен жер учаскелерiнiң бағалануы туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады.  
       Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастыруды жүргiзген, шаруашылық қызметтi бағалаған кезде және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде негiзге алынады әрi жермен мәмiле жасау, жер үшiн төлем мөлшерiн анықтау кезiнде, құқықтық және басқа да кадастрды жүргiзген кезде қолданылуы мүмкiн. 

Мемлекеттiк жер кадастрын Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша бюджет қаражатының есебiнен жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары жүргiзедi.  Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын органдар

 мен лауазымды адамдар  кадастрлық құжаттамаға енгiзiлетiн  мәлiметтердiң дұрыс болуын қамтамасыз  етуге мiндеттi. Жер кадастрының  мәлiметтерi баршаға ашық болып  табылады және мүдделi тұлғаларға  ақылы негiзде берiледi.Сонымен  қатар мемлекеттiк жер кадастрын  жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының  Үкiметi белгiлейдi.

"Жер кодексі" заңға  сәйкес Қазақстанда мемлекеттік  жер кадастры келесі құрамдық  бөліктерден тұрады-жер учаскелерін  тіркеу, жерлерді есепке алу, топырақтарды  бонитеттеу, жерді бағалау және  жер учаскелерімен мәміле жасау. Бірыңғай мемлекеттік жер қоры  мемлекет меншігі болып, ол жер  учаскелерін пайдалану, иелену құқығын  бергендіктен жерді қалай  пайдалануы  заңда түрде рәсімделіп, ал жер  учаскелері белгілі территория, жылжымайтын мүлік ретінде белгілі  тәртіпте тіркелуі керек. Бұл  қызметті жер учаскелерін мемлекеттік  тіркеуі өткізеді. Оның мәліметтері  жердің белгілі көлемін, нақты  жеке немесе заңды тұлғалардың  пайдалануы үшін негіз болып  келеді. Есепке алуда жер мөлшері, кеңістік орналасуы, сапалық жай  күйі пайдалануы бойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу мәліметтері  әр нақтылы пайдаланушының, иеленушінің  жер учаскенің мөлшерлерін жазу  негізін қалайды. Мемлекеттің бос  жерлері олардың орындары бойынша  жеке орналасқан жер массивтері  ретінде есепке алынады.

      Есепке алуда табиғи қор және өндіріс құралы ретінде жердің санымен қатар сапалық көрсеткіштері анықталады. Топырақтардың табиғи қасиеттері бірдей болмайтындықтан, оларды салыстырмалы түрде бағалау қажет болады, былай айтқанда топырақтарды бонитеттеу керек. Жерлерді тіркеу, есепке алу жөніндегі мәліметтер жеке учаскелердің топырақтарын бонитеттеуде бастапқы ақпарат болып келеді. Жердің сапасы табиғи факторлармен шектелмей, экономикалық жағдайларға тәуелді болады. Сондықтан жерді өндіріс құралы ретінде экономикалық бағалау керектігі пайда болады. Осы бағалаудың мәліметтері тіркеу –есепке алу және бонитеттеу мағлұматтарына сүйенеді.

Тұтас жүйе ретінде жер кадастрының байланысы және жүзеге асыру ізділігі осындай. Өз кезегінде, кадастрдың әр бөлігінің жүргізілуінің нақты арналуы, мазмұны, белгілі әдістемелері, тәсілдері бар.  Оның әр біреуі белгілі жағдайда жеке жүргізілуі мүмкін. Мысалы, бір кезеңде назарды жер тіркеуге, ал басқа уақытта – жерлерді есепке алуға көңіл бөледі. Белгілі кезеңде оларды топырақтарды бонитеттеу және жерлерді экономикалық бағалау мәліметтерімен толықтыру қажеттілігі туады. Орындалатын жұмыс аумағына, сипатына байланысты жер кадастры екі түрге бөлінеді: негізгі (бірінші), күнделікті (келесі).

 Негізгі кадастрдың  мақсаты – кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді алу. Мұнда алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы, жерлердің пайдалануы, шығындар және т.б. мәліметтерден тұратын құжаттар, материалдар жинақталып, олардың толықтығы дұрысталып талданады. Керек болса толық және сенімді мәліметтерді алу мақсатымен қосымша жұмыстар орындалып, материалдар түзетіледі. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік жер кадастры құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі.

Сонымен, негізгі кадастр жүргізу нәтижесінде жер қорының мөлшерлері, олардың негізгі санаттары бойынша үлестіріледі және бағалау туралы мағлұматтар алынады. Негізгі кадастр жерлерді түсіру, зерттеу, жазу, бағалау бойынша көп аумақты, қомақты жұмыстарды жүргізумен байланысты. Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер ведомстволық бағыныштыққа қарамай, кадастр талаптары бойынша мемлекеттік бағдарламамен кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде орындалады. Жерлерді күнделікті есепке алу міндетіне, үлестіру, жерлердің сапалық жай күйі және пайдалануы туралы өзгерістері мәліметтерін анықтап, жер кадастрлік құжаттарға түсіру, сондай-ақ жаңа жер учаскелері туралы мәліметтерді жазу кіреді.

Жер кадастрының көп функциялық байламы жер учаскесін сипаттаушы мәліметтер жиынтығынан (құнарлық, топырақ және өсімдік жамылғысы, геоморфология, гидрология, орналасуы, экологиялық жағдайы және т.б.), жерлерді сан және сапалық есепке алудан кадастр ақапаратын жинауын, сақтауын, беруін (жер учаскелерінің, кварталдардың, аудандардың, қалалардың, облыстардың, Республиканың электрондық карталарымен қоса) қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйені жүргізуден, жер туралы есеп жасау және есеп беруден тұрады.

Жер кадастры жерді үйлеструмен өте тығыз байланыста. Олар жер қорларын ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Екі жағдайда да жер табиғи қор және өндіріс құралы ретінде қаралады. Жер қорларын тиімді пайдалану, оларды территорияларды үйлестіру керектігін объективті түрде себептейді. Былай айтқанда, жерді үйлестіру арқылы мемлекет жерді нысаналы, дұрыс пайдаланады. Осының нәтижесінде халық шаруашылық, сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларда жақсы территориялық жағдайлар жасалынады.

Шаруашылықаралық жерді үйлестіру процесінде пайдаланатын жерлердің жаңа құрылымдары құрылып, кәзіргі қолданыстағылары ретке келтіріліп, өзгертіледі. Шаруашылық ішінде жерді үйлестіруде өндірістік бөлімшелерді, шарушылық орталықтарын, жол желісін, алқаптарды және ауспалы егістерді ұйымдастыру, бақтарды, жүзімдерді, шабындықтарды, жайылымдарды орналастыру мәселелері шешіледі. Учаскелік жерді үйлестіруде аз көлемді жер учаскелерінің, массивтерінің территорияларын ұйымдастыру мәселесі шешіледі.

Жерді үйлестіру мәселелерін шешу-республикамыздағы барлық жерлер мен әр жер учаскесінің табиғи, шаруашылық және құқықтық жай-күйлері туралы нақты мағлұматтар алу қажеттігін білдіреді. Ал жер қорлары туралы бұл мағлұматтарды мемлекеттік жер кадастры береді. Жерді үйлестіру, мелиорация, рекультивация, жерлерді жақсарту жобаларын құруда кадастр мәліметтері бастапқы ретінде алынады. Жерлерді күнделікті есепке алуды жүргізуде алқаптардың бір түрінен екіншісіне көшу жобаларын іске асыру тексерулері, зерттеулері кадастр үшін қажетті мағлұматарды алу және бұрынғыларын дұрыстауға негіз болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

          Жер кадастрлік жұмыстарын жүргізу

Жерлерді белігі жарамдық санатына,класына,түріне жатқызу сол немесе басқа алқаптар құрамында оларды пайдалану мүмкіндігінің сипатына, ерекшелігіне кәдімгідей әсерін тигізетін нышандары және қасиеттері арқылы жүргізіледі. Жер алқаптарының саласын және мөлшерін есепке алу жер түрлері шегінде топырақтардың механикалық құрамы, тастану, сортаңдану, батпақтану, бүліну, тұздану дәрежесі, қара шірік мөлшері, жер бедері және т.б. бойынша жүргізіледі.  Жерлердің сапасын есепке алу материлдары алқаптардың трансформациялану, топырақтарды ластанудан, бүлінуден қорғау, жақсарту және рекультивация жолымен жаңа жерлерді игеру резервтерін анықтау, аумақтарды аудандастыру, ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесін зерттеу, жер қорларын пайдалануды болжау, жерлерді бонитировкалау және экономикалық бағалау жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешу үшін сипаттама мен қажетті ақпаратты береді.

Информация о работе Агроқұрылымдардағы жер кадастры: аудан,қала және облыс деңгейлерінде. Жерді есепке алу есебі