Аймақтық стандарттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 16:22, реферат

Описание работы

Стандарт деп – өнім, эксплуатация, сақтау, тасымалдау, өткізу, пайдалану және атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет түрінің сипаттамасы бар құжатты айтамыз. Яғни, белгілі бір органдардың стандарттау нысанына талап, ереже, норма жинақтарын қабылдайтын техникалық-нормативті құжат. Стандарт ғылым, техника, өндіріс, тәжірибе саласындағы отандық және жетістіктерді көрсетеді.
Стандарттау – белгілі бір салада құзіретті органдардың қызмет көрсету және реттеу мақсатында талаптарды орнату және қолдану.

Содержание работы

Кіріспе 3
1 Стандарттау және оның түрлері 4
2 Қазақстандағы стандандарттау жұмыстары 6
3 Аймақтық стандарттау 8
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер 11

Файлы: 1 файл

Аймақтық стандарттау.docx

— 34.53 Кб (Скачать файл)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГЕОИНФОРМАТИКА» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

СОӨЖ

 

Тақырыбы: «Аймақтық стандарттау»

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: 1ГК-01 группасы

Дүйсенғалиева П.

Тексерген: Құдайбергенов М.

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ – 2015  
МАЗМҰНЫ


 

Кіріспе 3

1 Стандарттау және оның түрлері 4

2 Қазақстандағы стандандарттау жұмыстары 6

3 Аймақтық стандарттау 8

Қорытынды 10

Пайдаланылған әдебиеттер 11

 
КІРІСПЕ


 

Стандарт деп – өнім, эксплуатация, сақтау, тасымалдау, өткізу,  пайдалану және атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет түрінің сипаттамасы бар құжатты айтамыз. Яғни, белгілі бір органдардың стандарттау нысанына талап, ереже, норма жинақтарын қабылдайтын техникалық-нормативті құжат. Стандарт ғылым, техника, өндіріс, тәжірибе саласындағы отандық және жетістіктерді көрсетеді.

Стандарттау – белгілі бір салада құзіретті органдардың қызмет көрсету және реттеу мақсатында талаптарды орнату және қолдану.

«Стандарттау» термині ағылшынның Standard деген сөзінен аударғанда қағида, үлгі, негіз деген мағынаны білдіреді.

Стандарт 4 негізгі санаттарға бөлінеді:

  • Халықаралық стандар - халықаралық ұйымдар қабылдаған стандарт.
  • Мемлекеттік немесе мемлекетаралық стандарт - стандарттау, сертификаттау және метрология саласында өзара политикалық келісімдерге қатысатын мемлекеттер арасындағы немесе мемлекет ішіндегі стандарт
  • Аймақтық стандарт - әлемнің бір ғана не географиялық, не экономикалық аймақтарында, яғни мемлекеттердің бір ғана салаға сай органдарға тиесілі стандарт және стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар қабылдаған стандарт.
  • Ғылыми-техникалық ұйымдар немесе инженерлік қоғам стандаттары - ғылыми-техникалық, инженерлік қоғам немесе тағы басқа біріктірілген қоғамдар тарапынан қабылданатын стандарт.

 

 

1 СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ  ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

Стандарттау – белгілі бір салада құзіретті органдардың қызмет көрсету және реттеу мақсатында талаптарды орнату және қолдану.

«Стандарттау» термині ағылшынның Standard деген сөзінен аударғанда қағида, үлгі, негіз деген мағынаны білдіреді.

Стандарттаудың бастапқы кезеңі 1555 жылы пушкалық ядроларды өлшеу үшін стандартты калибрларды енгізумен басталған.

Стандарттау қызметтерінің нәтижесінде нормативті құжаттар жасалады. Нормативті құжаттарда ережелер, ұсыныс, талаптар номасы болады.

Стандарт – белгілі бір органдардың стандарттау нысанына талап, ереже, норма жинақтарын қабылдайтын техникалық-нормативті құжат.

Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемелекеттік комитеті (Госстандарт) стандарттау саласында атқарушы өкімет ретінде келесі функцияларды орындайды:

  • Жұмыстарды жетілдірудің басым бағыты бойынша ұсыныстарды дамыту;
  • Мемлекеттік заңдардың және тағы да басқа нормативті құқықтық актардың  жобасын енгізеді және дамытады;
  • Ғылыми зерттеулердің орындалуын қадағалайды;
  • Мемелекеттік тексеріс және қадағалау жұмыстарының атқарылу ережесін орындайды.;
  • Мемлекеттік стандарттарды іске қосады және қабылдайды;
  • Нормативті құжаттардың мемлекеттік тіркеуін орындайды;

Атқару саласына байланысты стандартты бірнеше түрге және категорияға бөлуге болады. Оларға: халықаралық стандарт, мемлекет аралық стандарт, мемлекеттік стандарт, аймақтық стандарт, жергілікті стандарт, кәсіпорын стандарты, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғам стандарты жатады/1/.

Халықаралық стандарт – халықаралық ұйымдар қабылдаған стандарт. Халықаралық стандарттау келесі қызметтерді атқарады:

  • Өнімдер элементтердің өзара ауыстырмалылығын қамтамасыз етеді;
  • Әр түрлі елдерде өндірілетін тауарлардың сапасының деңгейін жуықтайды;
  • Ғылыми-техникалық ақпараттардың алмасуына қолғабыс етеді;
  • Халықаралық саудаға жәрдемдеседі;
  • Халықаралық ұйымдарда қатысушылардың гылыми-техникалық өрлеуін арттырады/2/.

Мемлекеттік стандарт – мемлекеттін барлық аумағында орындалатын және Мемлекеттік стандарт тарапынан  (Госстандарт) қабылданатын ұлттық стандарттың жаңа түрі.

Мемлекетаралық стандарт – стандарттау, сертификаттау және метрология саласында өзара политикалық келісімдерге қатысатын мемлекеттер арасындағы стандарт/1/.

Аймақтық стандарттау – әлемнің бір ғана не географиялық, не экономикалық аймақтарында, яғни мемлекеттердің бір ғана салаға сай органдарға тиесілі стандарттау. Аймақтық стандарт  - стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар қабылдаған стандарт.

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғам стандарты – ғылыми-техникалық, инженерлік қоғам немесе тағы басқа біріктірілген қоғамдар тарапынан қабылданатын стандарт/3/.

 

 

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТАНДАРТТАУ ЖҰМЫСЫ

 

Стандарттаусыз өркениет жоқ. Стандарттаудың барлық даму сатысы өндірістің, ғылымның, техниканың және технологияның жетістіктерінің нәтижесін үлгілеу және заңдастастыруға мүмкіндік беретін объектілік қажеттілік екенін көрсетеді.

Халыққа қызмет көрсету және өнім шығару кезінде өндістер мен ұйымдарға ақпараттардың оперативті көзі ретінде стандарт мәліметтерінің автоматтандырылған банкі болып табылады. Ал «Параграф» ақпараттық жүйесі құқықтық жағдайына бағыттауға көмектеседі.

Қазақстан Республикасында стандарттау салалсында атқарылатын жұмыстар:

  • Стандарттарды жандандыру;
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша жұмыстарды ақпараттық қолдау (сәйкестілікті құптау);
  • Техникалық уақыт тәртібі(регламент), ұлттық стандарт, алдын-ала мемлекеттік стандарт және ұйым стандарттарының жобаларын жасау кезінде практикалық және методикалық көмек көрсету;
  • Стандарттау бойынша нормативті құжаттар жобасына сипаттамалар дайындау;
  • Қазақстан Республикасының стандарттау ұйымдарының жобаларын бекітпес бұрын тексеру жүргізу.
  • Өнімдердік каталог қағазын(бетін) тексеру немесе жасау;
  • Өнімдерді таңбалау және оны тексеру;
  • Стандарттау бойынша нормативті құжаттардың жобасын және жазбасын аудару:
  • Республикалық және аймақтық тұрғыда өтетеін «Қазақстанның ең жақсы тауары» атты көрме-байқауына және «Алтын сапа» атты Қазақстан Республикасының Президентінің сыйына өндіріс орындарын қатысуға дайындау;
  • Өндіріс орындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша  «Парыз» атты сайысқа дайындау; (Орал)
  • Өнімнің сапалық бағасын сараптау; (Алматы);
  • Сақтандыру құжатын сараптау немесе дайындау; (Алматы);
  • Өлшеу жұмыстарын орындау  методикасын метрологиялық куәландыру үшін құжаттарды сараптау.
  • Тауарлық белгілерге, пайдалы үлгілерге, өнеркәсіп үлгісіне, өнертабысқа қажетті құжаттарды дайындау; (Орал)
  • Өндіріс сұраныстары бойынша дөңгелек үстел, шығармашылық кеш, семинар жүргізуге техникалық қызмет көрсету; (Қостанай);
  • Өндіріс сұраныстары бойынша құжаттар көшірмесін, буклеттер, кітапшалар(брошюра), құлақшалар (ярлык), кафе және мейрамхана мәзірін, ашық хат, мадақтама және тағы басқа полиграфиялық өнімдер дайындау (Астана, Қостанай, Орал).

Ақпараттық-анықтамалық фонд өзекті үлгілерді қамтиды. Оларға:

  • Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты – ҰС ҚР (СТ РК);
  • Аймақтық (мемлекетаралық стандарт) – ГОСТ.
  • Қазақстан Республикасының ережелері мен кепілдемесі – ПР РК и Р РК;
  • Халықаралық стандарттар – ИСО, МЭК;
  • Методикалық нұсқаулар – МН (МУ);
  • Метрология бойынша нормативті құжаттар;
  • Кедендік байланыс құжаттары және т.б./4/;

 

 

 

3 АЙМАҚТЫҚ СТАНДАРТТАУ

 

Аймақтық стандарттау – әлем бойынша жеке бір ғана мемлкеттік органдарға, яғни географиялық, политикалық және экологиялық ауданға тиесілі қызмет түрі. Аймақтық стандарттау аймақтық мекемелердегі мамандардың көмегімен жасалады. Стандарттау бойынша танымал бірнеше аймақтық мекемелерді атауға болады. Мысалы, стандарттау бойынша жалпыеуропалық мекемелер:

  • СЕН (CEN - European Committee for Standardization);
  • СЕНЕЛЕК (CENELEC - European Committee for Electrotechnical Standardization);
  • ETC И (ETSI - European Telecommunications Standards Institute);
  • Станддарттау бойынша скандинавиялық  мекеме (ИНСТА);
  • Панамерикандық стандарттау комитеті (КОПАНТ);
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) стандарттау;

Жалпыеуропалық стандарттау жүйесінің басты мақсаты болып ішкі және сыртқы сауда айналымдарында еуропалық өндіріс орындарының бәсекелесу қабілетін арттыру негізінде өзін-өзі басқара алатын бірыңғай сауда нарығы механизмін құру жолында техникалық кедергілерді жою болып табылады.

Жалпыеуропалық стандарттау жүйесі келесі принциптер негізінде құрылады:

  1. айқындық;
  2. ашық
  3. бәтуаластық (консенсус);
  4. келісушілік.

Еуропалық экономикалық комисся ОНН (ЕЭК ООН) – ОНН әлеуметтік кеңесіндегі экономикалық орган. 1947 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс зардабынан жапа шеккендерге көмек көрсету негізінде құрылған. Ал 1951 жылы ЕЭК мүмкіншілігі мемлекеттер арасында экономикалық қарым-қатынас негізінде артты. ЕЭК ООН құрамына 56 мемлекет кірді. ЕЭК ООН ұйымының стандарттау саласында басты мақсаты басқару дәрежесінде стандарттау бойынша политиканың негізгі бағытын дамыту және осы бағытта артықшылықтарды анықтау.

Сапа бойынша еуропалық мекеме (ЕОК)  1956 жылы құрылған. Ол 1987 жылға дейін сапа тексеру бойынша еуропалық мекеме болған. ЕОК – өнім мен қызмет сапасының артуына негізделген және сапа менеджментінің практикалық әдістері мен теориялық принциптерін дамыту басты мақсаты болып табылатын коммерциялық емес мекеме. Оның құрамына 40 еуропалық мемлекеттер кіреді.

ETSI (European Telecommunications Standards Institute) - 1988 жылы құрылған телекоммуникация саласындағы стандарттау бойынша еуропалық институт. Бұл мекеменің басты мақсаты – қолданбалы телекоммуникациялық сервистер, радио және теледидарлы жер серіктік желі, сымсыз және мобилді желі , кабельді желі, яғни желілік инфрақұрылым негізінде стандарттарды өңдеу болып табылады.

Стандарттау бойынша скандинавиялық мекеме (ИНСТА) 1952 жылы құрылды. Оның құрамына стандарттау бойынша ұлттық мекемелері және басқа да ондаған стандарттау жұмысын атқыратын мекемелері бар Дания, Норвегия, Финляндия және Швеция елдері кіреді. ИНСТА ұйымының басқа мекемелерге қарағанда басты ерекшелігі ол аймақтық скандинавиялық стандартпен айналыспайды. Ол халықаралық стандарт негізде мемлекет экономикасында ішкі саудалардың көп үлесімен байланысты. Мысалы, Дания мемлекеті 1970 жылдардың басында ұлттық стандарттаудан бас тартып, халықаралық және аймақтық нормативті құжаттарға ауысты. /5/

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай келе, Стандарттау деп — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, сонымен қатар стандарттық үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындау. Стандарттаудың басты міндеті: халық шаруашылығының, экспортқа шығарылған өнімге талаптарды анықтау, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау, нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Стандарттаудың 4 түрі бар. Оларға:

  • Халықаралық  стандарттау
  • Мемлекеттік немесе мемлекетаралық стандарттау
  • Аймақтық стандарттау
  • Ғылыми-техникалық және инженерлік-қоғам стандарты.

Стандарт дегеніміз - белгілі бір органдардың стандарттау нысанына талап, ереже, норма жинақтарын қабылдайтын техникалық-нормативті құжат.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:

  • Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);
  • салалық стандарттар (ССТ);
  • техникалық жағдайлар (ТЖ);
  • кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
  • ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Информация о работе Аймақтық стандарттау