Археологиялық тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 17:55, реферат

Описание работы

Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған.Соның ішінде археологтардың пайымдауынша Түркістан аумағында тізімге алынған ескерткіштер саны 2000-ға жуық деп есептелінеді.Киелі Түркістан аумағында сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 150-ге жуығын қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі Қ.А.Ясауи кесенесінің маңында және Түркістан қаласына қарасты ауылдық округтерде орналасқан. Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.

Содержание работы

I.Кіріспе бөлім

Археологиялық тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады.

II.Негізгі бөлім

Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор.

III.Қорытынды бөлім

Файлы: 1 файл

Тарихи мәдени ескерткіштер.docx

— 1.29 Мб (Скачать файл)

 

 Май ауданы «Қызыл еңбек» ауылының маңында «Қолбасы - мұнарасы» орта ғасырлық тану – мемориалды ғимараттары кешенін, қимақтар мен қыпшақтардың, ғұн-сармат заманының, сақ дәуірінің қорған молаларын, қола дәуірінің қоныстары мен молаларын зерделеу жөнінде экспедициялар өткізді. Орталық Қазақстан аумағында тұңғыш рет Сарыарқаның көне тарихының жаңа бетін ашқан ерте қола дәуірінің ескерткіштері табылып, Баянауылдың көне стелалары мен қашалған тастары зерттеліп, жеке деректі фильмдер арналды.

 

 

Осылайша Павлодар облысының  бүкіл аумағында археология ескерткіштерін құрудан қорғап, жалғастыра зерттеу, жаңа археологиялық мәдениеттерді  бөлу, олардың шығуын, өзара және басқа өңірлердің мәдениетімен байланыстарын  анықтау Орталық жүргізетін зерттеулердің  негізгі міндетті болып табылады. Ғылыми-педагогикалық жұмыс та жүргізіледі, археорлогиялық экспедицияның негізінде  оқу-дала тәжірибесін өткізу жүзеге асырылады, Орталықтың жанынан археологиялық  үйірме ұйымдастырлып, оған археологияға құмар студенттер мен мектеп оқушылары  қатысады.

   2002 жылы Павлодар археологиялық экспедициясы жинаған археологиялық материалдардың негізінде археология мұражай ашылып, экспозициясына Ертістің Павлодар өңірінің палеолит дәуірінен осы заманға дейінгі тарихын бірегей қойылған.Қазіргі Орталық қызметкерлері «Павлодар облысы ескерткіштерінің жиынтығын» жасау, барлау жұмыстарын жүргізу барсыында алынған материалдарды зерделеп, өңдеу, жұмысымен айналысуда. Өлкенің көне тарихы проблемаларына, археологиялық ескерткіштерді қорғауға, реставрациялау мен музеефикациялауға арналған бірқатар жобаларды өткеру, Ертістің Павлодар өңірі археологиясы проблемалары жөніндегі ғылыми мақалалар жинағының үшінші шығарылымын баспаға дайындау жоспарланған.

 

 

 

                      

Арал теңізінің табанындағы  ескерткіштерге деген назар 2004 жылы қайта жанданды. Мұнда ортағасырлық қалашық пен мазарат табылды. Арал – бірегей бассейн, жан-жағында  шөлдер орналасып, мұхитпен байланыспаса да теңіз аталады. Аридтік аймақтың тұйық бассейндерінің көпшілігі  сияқты Арал да тұрақсыз деңгейлі. Деңгейдің  өзгеруімен қатар, оның ауданы, көлемі және минералдануы да өзгеріп тұруы  табиғи нәрсе. Алайда, мұндай ауқымды  бассейннің өмір сүруі, оның деңгейінің ондаған метрге ауытқуының басты  факторы, Орта Азияның ірі өзендері – Әмудария мен Сырдарияның Аралға құятын суының көлемі мен ұзақтығына тікелей байланысты. Бұл жағдай, өзендер Орта Азияның жазығымен  көшіп жүріп Арал ойпатына жетпеген кездерінде, онда эол процестері басым  болғандығымен дәлелденеді. Әмударияның  ұзақ мерзімге Сарықамысқа бұрылуы  Темірдің Хорезмді жаулап алуымен байланысты болды. оның әскерлері көптеген қалалар  мен ирригациялық жүйелерді толық  жойды. Нәтижесінде Әмудария Сарқамыс ойпатына қарай ағып, оны толтырды және қысқа мерзімге Үзбоймен аққан  болу керек. Арал деңгейі 43-44 м-ге төмендеді. Бұл XIV ғ. аяғында болған жағдай. Бірақ, XV ғ. Сарықамыс көлінің деңгейі 10 м-ге төмендеп, кейін қайта 30 м-ге көтерілді  және осы деңгейде немесе осыған жақын  деңгейде ұзақ уақыт тұрды.Шартты түрде  Арал-асар деп аталған қалашық  Қызылордадан солтүстік-батысқа қарай 370 км қашықтықта орналасқан Қаратерең  ауылынан 65,2 км жерде. Қалашықтың жалпы  ауданы 6 га-дай. Бетінен көптеген шаруашылық заттар: диірмен тастары, керамикалық  ыдыстар мен олардың сынықтары, темір және қола бұйымдардың бөліктері, 14 ғ. ортасына жататын күміс теңгелер табылды.Қалашық маңындағы мазаратта  орналасқан кесене қалдықтары қызықты. Құрылыс биіктігі 1,6 м жайылған төбе түрінде сақталған. Қазба жүргізгеннен кейін ортағасырлық кесене аршылды. Көлемі, құрылыс материалдары мен  архитектуралық әдістері бойынша ғимараттың бұл түрін қасбетті кесенелерге  жатқызуға болады. Мұндай ғимараттардың  порталы тамаша шыңылтырлы тақталармен  әшекейленген. Жанындағы есіктері бар  жоғына қарамастан, мұндай кесенелер  тек бір жақтан келіп, қабылдау үшін есептелген. Кесене архитектурасын, географиялық орналасуын, жерлеу түрлерін және артефактілерді сараптау негізінде бұл ескерткішті XIII ғ. аяғы – XIV ғ. ортасына жатқызуға  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер

 

 

↑ Қазақ энциклопедиясы VII-том;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

К                

 

К                 Кіріспе бөлім..................................................................................................................................1

Т                 Тарихи-мәдени ескерткіштер........................................................................................................2

Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі...................................................3-4

Археологиялық ескерткіштер.......................................................................................................5

 Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................................................          


Информация о работе Археологиялық тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығы