Ауаның қысымы және желдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 12:02, реферат

Описание работы

Климат қалыптастырушы факторлар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, атмосфералық қысымның таралуына, ауа массаларының сипаты мен бағытына және соғатын үстем желдерге ықпал етеді. Қазақстанның ұлан-байтақ аумағында атмосфералық қысым бірдей таралмаған. Әсіресе республиканың жазық бөлігі мен таулы аймактарында ауа қысымының таралуы әр түрлі.
Қысымның әр түрлі болуына жер бетіне күн жылуының әркелкі таралуы себепші болады. Сондықтан республика жерінде қысымның маусымдық өзгеруі жақсы байқалады.

Файлы: 1 файл

Ауаның қысымы және желдер.doc

— 84.00 Кб (Скачать файл)

Ауаның қысымы және желдер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Ауаның қысымы

Климат қалыптастырушы факторлар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, атмосфералық қысымның таралуына, ауа массаларының сипаты мен бағытына және соғатын үстем желдерге ықпал етеді. Қазақстанның ұлан-байтақ аумағында атмосфералық қысым бірдей таралмаған. Әсіресе республиканың жазық бөлігі мен таулы аймактарында ауа қысымының таралуы әр түрлі.

Қысымның  әр түрлі болуына жер бетіне күн  жылуының әркелкі таралуы себепші  болады. Сондықтан республика жерінде қысымның маусымдық өзгеруі жақсы байқалады.

Ауа қызған кезде көлемі ұлғайып, жеңілдей түседі. Сондықтан жоғары көтеріліп, өрлеу қозғалысына ұшырайды. Мұндай жағдайда жер бетінде жаз айларында төмен қысым орнайды. Қыста керісінше, ауаның қысымы жоғары болады. Қазақстан жерінде кыста ауа қысымының жоғарылауы күннен келетін жылудың азаюына, ауа температурасының төмендеуіне, арктикалық ауа массасының енуіне және Сібір антициклонының орналасуына байланысты болады. Жаз айларында ауаның қызуынан қысымның азаюы жазғы қапырық ыстықтан калыптасады. Мұндайда төменгі қысым анық білінбейді. Жылдың өтпелі кезеңдерінде, мәселен, көктемде ауаның жылынуымен Сібір антициклоны кайтады. Ал күзде қапырық ыстық жойылғанда, Қазақстан аумағында циклондар артады. Бұл үлкен иірімді ауа көлемінің ортасында атмосфералық қысым төмен болады. Сонымен жазда және жылдың өтпелі маусымында жылы ауаға байланысты қысымның төмен болатыны байқалады.

Қазақстанның жазық бөлігінен жылдың суық мезгілінде шамамен 50° с.е. бойымен жоғары кысымды алап Воейков белдеуі өтеді. Ол Сібір антициклонының оңтүстік-батыс тармағы жылдың басым бөлігінде осы параллель бойы жоғарғы қысым сақталады. Жазда, төсеніш бетінің жылынуына байланысты Сібір антициклонының тармағы солтүстікке қарай ығысады. Қазақстан аумағында ауа райы Азор антициклонының шығыс тармағының әсерінен қалыптасады. Сондықтан солтүстік және оңтүстік шеткі аудандардан басқа жерлерде негізінен антициклондық ауа райы байқалады. Осы алаптан солтүстікке және оңтүстікке қарай атмосфералық қысым біртіндеп азаяды. Тауларда атмосфералық қысым биікке көтерілген сайын заңды түрде азая береді. Оны климаттық карталарда изобар сызығының таралуынан байқаймыз. (Изобарлар ауа қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық). Ауа қысымын мб бойынша есептейді.

Орташа  жылдық ауа қысымы Астанада - 977 мб болса, Атырауда - 1022 мб, Қызылордада - 1003 мб. Тауларда ауа қысымы аз. Алматыда (теңіз деңгейінен 848 м биіктікте) - 920 мб, Жоғарғы Күйгенсайда (Горельник 2253 м) - 776 мб.

Қыста Сібір максимумы (жоғарғы қысымды аймақ) орнаған кезде ауаның қысымы артады. Мысалы, Астанада - 983 мб, Атырауда - 1026 мб. Жазда шілде айында ауаның қысымы азаяды. Астанада - 943 мб, Атырауда - 1012 мб.

Жел

Желдің таралуы, атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты. Желдің климатқа әсері зор. Ол ауа массаларын қозғалысқа келтіреді, сонымен бірге жылу мен суық, ылғал әкеледі. Қазақстан жерін шығыстан батысқа карай шамамен 50° с.е. бойымен жоғары кысым (Воейков белдеуі) кесіп өтеді. Қыста да, жазда да қалыптасатын бұл жоғарғы қысымды белдеу республиканың жазық бөлігіндегі негізгі жел айырық болып есептеледі. Қыста осы жоғарғы қысымды белдеуден солтүстікке карай оңтүстік және оңтүстік-батыс желі, ал оңтүстікке қарай солтүстік және солтүстік-шығыс желі басым соғады. Жоғарғы қысымды белдеуден алыстаған сайын желдің жылдамдығы баяулайды. Қаңтар айында Орталық Қазақстанда желдің орташа айлық жылдамдығы 4-6 м/сек, ал оңтүстігінде ол 2-4 м/сек-қа дейін баяулайды. Жазда желдің жылдамдығы баяулайды. Олардың орташа айлық жылдамдығы шілдеде солтүстік аймақта 2-3 м/сек., оңтүстікте 1-2 м/сек.

Қазақстанда ең күшті желдер Жетісу кақпасымен соғатын және Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы желдер. Олардың орташа жылдамдығы 6-8 м/сек.

Қазақстанның биік таулы аймақтарында қыста да, жазда да желдің екпіні біршама жоғары болады. Сендер өткен курстан Жердегі ауаның тұрақты ағымы қалай пайда болатынын және Қазақстан орналасқан ендікте батыс желі тұрақты және басым екенін білесіңдер. Тауларда желдің негізгі бір түрі — жазда соғатын және тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын (таңертең жазықтан, кеш бата таудан) жел түрлері басым. Бұларды may аңгарлық жел деп атайды.

Тау аралық аңғарларда және қазаншұңқырларда, мысалы, Жетісу қақпасы мен Іле аңғары сияқты жерлерде соғатын жергілікті жел де бар. Жетісу қақпасы арқылы жергілікті сайқан және Ебі желі, Іле аңғарымен шілік желі соғады. Жылдамдығы 15-20 м/сек-тан немесе сағатына 72 км/сағ-тан асатын қатты соққан желді дауыл деп атайды. Жылдамдығы 30 м/сек-тан жоғары болатын қатты желдерге тоқталайық.

Ебі желі — Жетісу Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналаскан Ебінұр көлі қазаншұңқырында, жоғарғы қысым пайда болғанда соғады. Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да, Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне карай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады. Жетісу кақпасы ені тар тектоникалық жарық, ені 20 км-ден 40 км болатын, ең тар жері 10 км шамасында. Ауа тау жоталарының арасымен қысылып, үйкеліске ұшырап өтеді, жылдамдығы секундына 60-80 м-ге жетеді. Қыс кезінде қысылып өткен ауаның температурасы қоршаған ортасынан 8-10°С жоғары болады. Сондықтан ол жылы желге жатады. Жалпы бұл жел жыл ішінде орта есеппен 70-100 күндей соғады. Жазда Еуразия материгі қызған кезде Ебінұр қазаншұңкыры үстінде жоғары қысым сирек кездеседі. Ебі желі де баяулайды. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов. Жетісу кақпасынан ескен күшті жел Алакөл көлі маңынан балық аулауды қиындатады, жол қатынасына, басқа да шаруашылыққа зиянын тигізеді.

Сайқан желі Ебі желіне кері бағытта Жетісу қақпасы аркылы Орталық Азияға карай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда, антициклон тұрақтап күшіне енген кезде, Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Желдің жылдамдығы 5060 м/сек. Алакөл ойысында температура — 30-37°С-қа дейін төмендейді. Сайқан жоталарын бойлай соғатын болғандықтан Сайқан желі деп аталады. Жел қыркүйек пен сәуір айлары аралығында күшті соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Қатты соққан кезде Алакөлдің су деңгейі 1 м-ге дейін көтеріледі. Табиғат жағдайына желдің тигізер зияны көп. Сайқан желі 2-3 тәулікке созылуы мүмкін. Жауған қарды ұшырып, топырақты қүрғатады, мал басын шығынға ұшыратып, жол қатынасын қиындатады, балық аулауға зиянын тигізеді.

Шілік желі Шілік өзені бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады. Жел өзен аңғарын бойлап, күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа, түнде керісінше бағытта соғады. Жыл бойғы жылдамдығы 8-10 м/сек. Қыста үдей соққан жел қарды ұшырып, жол қатынасын қиындатады.

Арыстанды-Қарабас желі Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады. Жел Мойынқұмның үстімен өткенде құм түйіршіктерін суырып, құмды қара бұрқасын тұрады, жолдың көріну қашықтығы азаяды. Сондықтан бұл желді халық «Қарабас желі» деп атаған. Оның күшті болу себебі, біріншіден, ауа ағыны Қызылту және Шақпақ арасындағы тау асуынан өткенде ауа ағынының жылдамдығы артады, екіншіден, Арыстанды өзенінің аңғарында оның екпіні одан да күшейе түседі. Арыстанды-Қарабас желі солтүстіктен үзбей соғып тұрады. Оның жылдамдығы 35 м/сек.

Қордай желі — Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел. Қазақстан жерінде кыста Сібір антициклоны орнаған кезде жылдамдығы 40 м/сек-қа (сағатына 144 км-ге) жетеді. Бұл өңірде жылына шамамен 55 күн күшті жел соғады.

Мұғалжар желі Мұғалжар тауынан соғады, әсері Маңқыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде байқалады. Мұғалжар желі күзде осы өңірге солтүстік-батыстан және батыстан келетін циклонға Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы ойпаттар ауасының сорылып-тартылуынан пайда болады. Жылдамдығы секундына 50 м-ге жететін қатты дауыл түрінде оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғады.

Қазақстан жеріндегі жел жылдамдығының географиялық таралуын талдағанда 4 м/сек-тан күшті желдерге ерекше көңіл аударылады. Өйткені ондай желдер жел диірмендерін қозғай алатын күші бар. Қазақстанда Арал-Балқаш ендігінен солтүстікте желдің жылдамдығы 4 м/сек-тан артық. Бұл желдердің энергетикалық коры 1 млрд квт. Жел күшін Қазақстанда құдықтардан су тартуға, жел диірмендерін жүргізуге пайдалана бастады.


Информация о работе Ауаның қысымы және желдер