Қазақстанның ұлттық парктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:18, реферат

Описание работы

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады.

Содержание работы

КІРІСПЕ

1. Туризм туралы түсінік

2.Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері

3. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары

4. Қазақстанның ұлттық парктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

туризм тралы тусиник реферат.doc

— 272.50 Кб (Скачать файл)

Шарын ұлттық табиғи паркі  

Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан мемлекеттіксаябақ. 2004 жылы ұйымдастырылған. Жер көлемі 93,2 мың га. Саябақ 1964 жылдан бері республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші ретінде қорғалып келді. Шарын ұлттық табиғи саябағы Үлкен Бөгеті тау жотасын, Сөгеті аңғары мен шекаралас шөлді жерлерді Шарын өзенінің бойындағы «Қызғылт қамалдар» аңғарын, сол маңдағы далалы алқапты және Торайғыр тауы беткейлерін қамтиды. Саябақ аумағынан Шарын өзені ағып өтіп, Іле өзеніне құяды. Шарын өзеніне тау беткейлерінен басталатын Шалкөдесу,Кеген, Қарқара, Кенсу, Орта Мерке, Шет Мерке, Темірлік, т.б. ұсақ өзендер қосылады. Саябақтың ауа райы құрғақ қоңыржай, жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм-дей. Шарын ұлттық табиғи саябағында геологиялық ежелгі кезеңдерден сақталып келе жатқан «Қызғылт қамалдар» аңғарының кескін-келбеті өте таңданарлық. Шарын өзенінің миллиондаған жылдар бойы жуып-шаюынан өзен аңғарында ойдым-ойдым қызғылт түсті шатқалдар пайда болған. Дәл осындай табиғаты ерекше шатқал дүние жүзінде Шарыннан басқа тек АҚШ-тағы Колорода штатында ғана кездеседі (Үлкен каньон шатқалы). Саябақта өсімдіктердің 940 түрі өседі, оның 60-қа жуық түрі эндемиктер. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»тіркелген. Сүтқоректілердің 60, құстардың 300, бауырымен жорғалаушылардың 20, балықтардың 10 түрі кездеседі. Саябақаумағынан ерте кездерде тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен жануарлардың (пілдердің, мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың, қорқау қасқырдың, стенон жылқысының, т.б.) қаңқа қалдықтары да табылған. Оны Үлкен Колорадо каньонының (АҚШ) кіші бауыры деп те атайды. Бұл жер вестерндерді жақсы көретіндер үшін еркіндік – «Верная рука – друг индейцев», «Охотники за скальпами» фильмдерінің стиліндегі Жабайы Батысты игеру көріністерін қоюға мүмкіндік береді. Ал театрландырылған көріністерге бейімділігі жоқтардың мәңгілік туралы ойға батуы мүмкін. Каньонның «Долина замков» деген тағы бір аталуы бар. Себебі бұл жердегі үнсіз жатқан алып жартастар өздерінің таңғажайып пішіндерімен таңқалдырады. Табиғат атты сәулетші тастан және останций жыныстарынан салған «Винни-Пух», «Утка в гнезде», «Пингвин» және басқа аталуы жоқ қорғандар өз деңгейінде «өмір сүрген» 300 миллион жылмен салыстырғанда екі мыңжылдық пен біздің дәуіріміздегі жаңа ғасырдың өткен бірнеше жылы қас қағым сәттей болып көрінеді. «Шарын каньоны» – жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның шағын түрі іспеттес. Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап еріксіз ойға қаласың. Жердегі адамзат атаулының ролі, тарихтағы тұлғалар, табиғатпен үйлесімді өмір туралы ойланасың.

Сайрам-өгем мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі 

Оңтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан. 2006 жылы ұйымдастырылған. Оған Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандарының табиғаты ең көрікті жерлері енеді. Жер аумағы 149 мың га. Саябақты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы ғылыми тұрғыдан құнды табиғат байлықтарын қорғап қалу, қалпына келтіру және республикадағы экологиялық туризмді дамыту. Саябақ орманды дала биігінен биік таулы алқапқа дейінгі 7 табиғи белдемді қамтиды. Табиғат қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты жеке 3 аймаққа (қорықтық, туристік және шектеулі шаруашылық жұмыстары жүргізілетін) бөлінген. Саябақтың аумағы солтүстіктен оңтүстік бағыт бойынша 135 км-ге созылып жатыр. Мұнда өсімдіктердің 1635 түрі кездеседі, оның 35-і эндемиктер. Ғылыми құндылығы ерекше саналатын аршалы орман алқабы бар. Мұндағы ірі аршалардың кейбіреуі 700 жылдан бері өсіп тұрғандығы анықталған. Аршаның 3 түрі (балғын арша, Зеравшан аршасы және сауыр арша) өседі. Саябақ жануарлар әлеміне де бай. Құстардың 300-ге жуық, сүтқоректілердің 60-тан астам түрі мекендейді. Өте сирек кездесетін жануардың бірі – көк суыр (қысқаша Мензбир суыры). Сондай-ақ арқар, жабайы шошқа, қоңыр аю, т.б. жануарлар да кездеседі. Саябақта тұрақты түрде “Табиғат жылнамасы” жүргізіліп отырады

 

 «Көлсай  көлдері» 

Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жыл 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады.сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. С.Р.Есімжанова  «Туристік нарық»,
  2. Тойкин, Жайнақова, «Туризм дамуы»,
  3. Ілиясов Д.Қ. «Туризм статистикасы»,
  4. Котлер Ф. «Туризм негіздері» 
  5. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық  университеті

 

 

                     «Мейрамхана ісі және туризм» кафедрасы

 

 

 

 

          Реферат

                 Тақырыбы: Туризм және Қазақстанның ұлттық парктері

 

 

 

 

                                               Орындаған: тур 21к тобының студенті Әліпбек.Ж

                                               Тексерген: э.ғ.қ. доцент Матаева.Б.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Қарағанды 2012

                                                                                       


Информация о работе Қазақстанның ұлттық парктері