Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2015 в 08:18, реферат
Биік таулы өлкелерге - Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық козғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді.