Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июля 2015 в 09:17, реферат
Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді.
Баламалы энергия көздері
Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді.
Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану - жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз.
Қазақстанның климаттық жағдайы - күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Алматы энергетика және байланыс университетінің, Шағын энергия көздерін жаңғырту зертханасының қызметкерлері мен магистранттары жасап шыққан бұл тақта күннің энергиясын үнемдеп қана қоймай, оны энергияның басқа түріне ауыстыруға мүмкіндік береді екен. Ал өз кезегінде күн энергиясын қолдану жылу мен жарықты қатар алуға мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы. Сондықтан ол қазақстандық ғалымдардың басты назарында.
Баламалы энергия көзін өндіруге қажетті құралдың тағы бір түрі – желдік роторлық турбина. Оны Альберт Болотов ойлап тапқан. Бүгінде отандасымыздың еңбегі вертикальды роторлы турбина Қазақстаннан тыс көптеген елдерде қолданылып келеді. Оны Ресей, Қырғызстан және Корей елдері пайдалануда. Себебі алыс жерлерге электр энергиясын жеткізу өте қиын болғандықтан, алыс аймақтарға вертикальды роторлы турбинаны қою өте ыңғайлы.
Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асы¬руға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондықтан, баламалы энергия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс.
Жаңғыртылатын энергия көздерінің әлеуеті
Күні кешеге дейін бірқатар себептерге байланысты, ең алдымен, дәстүрлі энергетикалық шикізаттың орасан зор қорына байланысты Ресейдің энергетикалық саясатындағы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту мәселелеріне аз көңіл бөлінді. Соңғы жылдары жағдай елеулі өзгере бастады. Ең жақсы экология үшін күрес қажеттілігі, адамдар өмірінің сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері, прогресшіл технологиялардың әлемдік дамуына қатысу, экономикалық дамудың энергия тиімділігін арттыруға талпыныс, халықаралық ынтымақтастық логикасы – осы және басқа да түсініктер жасыл энергетиканы құруға, төменкөміртекті экономикаға беталыс бойынша ұлттық күшті жандандыруға ықпал етті.
Ресей Федерациясында жаңартылатын энергия көздерінің қолжетімді техникалық қорларының көлемі шартты отынның 24 млрд. тоннасын құрайды. Жаңартылатын көздерді пайдаланумен Ресейде өндірілетін электр энергия үлесі 2008 жылы қуаттылығы 25МВт-дан жоғары ГЭС-ті есепке алмағанда, шамамен 1% құрады, ал соңғысын есепке алғанда –17% құрады. ЖЭК базасы негізінде алынған жылу энергетикасы өндірісінің үлес салмағы шамамен 3% немесе 2000 млн. Гкал шамасында.
Ресейде дағдарысқа дейін бірнеше жыл бұрын ЖЭК дамуының нормативтік-құқықтық базасы жылдам құрыла бастады. 2007 ж. аяғында «Электрэнергетика туралы» Федералдық Заңға түзетулер енгізілгеннен кейін, ЖЭК дамуының шеңберлік негізін салған, бірқатар нақты құжаттар қабылданды, мысалы, ЖЭК пайдалану негізінде жұмыс істейтін генерациялайтын объектінің біліктілік ережесін бекіткен Ресей Федерациясы Үкіметінің Қаулысы.
Заңнама базасын жетілдіру шеңберінде мотор отынының балама түрлері өндірісін дамытуды қолдау жөніндегі шараларды қарастыратын «Мотор отынының балама түрлерін пайдалану туралы» Федералдық Заң жобасы әзірленді және Мемлекеттік Думаға енгізілді. «Жылумен жабдықтау туралы» Федералдық Заңның әзірленіп жатқан жобасы шеңберінде жылумен жабдықтау саласында ЖЭК дамыту жөнінде шаралар қарастырылуда.
ВИЭ-ні пайдаланудың нормативтік базасын жетілдіру үшін қарастырылады:
ЖЭК-ті және органикалық отынның қазба түрлерін пайдалану негізінде электрэнергиясын өндірушілер үшін бәсекелестік жағдайды түзету мақсатында қарастырылады:
ЖЭК пайдалану негізінде өндірілген электрэнергияның бағасын белгілеу үшін электрэнергияның көтерме нарығындағы тепе-теңдік бағасына қосылатын үстеменің көлемі мен әрекет ету мерзімін әрдайым нақтылап, белгілеу;
Жаңартылатын көздерді пайдалану арқылы электр энергиясын дамытудың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін жетілдіру саласында қамтамасыз ету көзделеді:
Белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясы Үкіметі деңгейінде 2009 ж. бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді дайындау мен қабылдау қарастырылды.
Ресей Федерациясы Президентінің «Ресей экономикасының энергетикалық және экологиялық тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлығы принципті маңызды құжат болды, ол ЖЭК-ні және экологиялық таза технологияларды пайдалану саласында пилоттық жобаларды жүзеге асыруда бюджеттік қаражат бөлуді қарастырады.
РФ Үкіметінің Өкімі (2009 ж. қаңтар) 2020 жылға дейінгі кезеңге жаңартылатын энергия көздерін пайдалану негізінде электр энергетикасын дамыту саласында негізгі бағыттарды және электрэнергетикасы саласында ЖЭК-ні пайдаланудың мақсатты көрсеткіштерін белгіледі.
Бұл көрсеткіштер ЖЭК пайдалану үлесін ұлғайтуды қарастырады (қуаттылығы 25 мВт аса ГЭС-тен басқа), 2008 жылы 0,9 % бастап, 2010 жылы 1,5% дейін, 2015 ж. – 2,5% дейін және 2020 жылы 4,5 % дейін, бұл 2020 жылы ВИЭ-ні пайдалану арқылы шамамен 80 млрд. кВтсағ. электрэнергияны өндіруді құрайды, қазіргі уақытта 8,5 млрд. кВтсағ. 2020 жылға электрэнергия өндірісінде жаңартылатын көздер үлесін, ірі ГЭС-ті есептемегенде, 4,5%-ке және соңғыларын есепке алғанда 19-20% -ға ұлғайту жоспарлануда.
Болжау бағаларына сәйкес, генерацияланатын құрылымдар қуаты 2020 жылға дейін келесідей өзгереді:
гидроэлектрстанциялары 47 млн.кВт-тан (20,6%) 57-59 млн.кВт-қа дейін (18,3-19,7%), атом электрстанциялары 24 млн.кВт-тан (10,5%) 35-41 млн.кВт-қа дейін (12,1-12,9%), ЖЭК-электрстанциялары (ірі ГЭС-терді есептемегенде) – с 2,2 млн. кВт-тан 25,3 млн. кВт-қа дейін;
Қуаттылығы 25 МВт ГЭС-те электрэнергиясының өсуі 2010 жылы 168 млрд кВт сағ-тан 2020 жылы 284 млрд. кВт∙сағ.дейін құрайды. ВИЭ-ні пайдалану негізінде жылу энергиясын өндіру 2010 жылғы 63 млн. Гкал-дан 2020 жылы 121 млн. Гкал-ға дейін өседі.
Федералдық мақсатты бағдарламалар
Федералдық «2007-2011 жылдарға арналған ұлттық технологиялық база» және «2007-2012 жылдарға арналған Ресейдің ғылыми-технологиялық кешенін дамытудың басымды бағыттары бойынша зерттеулер мен әзірлеулер» мақсатты бағдарламалары шеңберінде жоғары тиімді, ресурстарды үнемдейтін технологиялар мен энергияның жаңа түрлерін әзірлеу мен енгізуге бағытталған жұмыстарды бірлесіп қаржыландыруға бизнестің қатысуыжүзеге асырылады; 10 млрд. рубльдан аса қаржыландыру көлемімен бюджеттен тыс қаражатты тарту негізінде аталған технологияларды коммерциалау жөнінде 18 жоба жүзеге асырылуда.
Халықаралық ынтымақтастық
Ресей инновациялық технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысады. Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА), жоғары кернеулі үлкен энергетикалық жүйелер жөніндегі Халықаралық кеңес (CIGRE), сутегі экономикасы жөніндегі Халықаралық серіктестік (IPHE), метанның дәстүрлі емес ресурстарын коммерциялық пайдалану жөніндегі Халықаралық серіктестік («Метан – нарыққа» серіктестігі) (М2М), көміртегі секвестрі жөніндегі Халықаралық форум (CSLF), биоэнергетика бойынша жаһандық серіктестік (GBEP) қызметіне ресей ұйымдарының қатысуы және серіктес елдер-мүшелер өкілдерімен өзара әрекеттесу және қайталама ресурстар мен қалдықтарды (3R: Reduce, Reuse, Recycle) кешенді пайдалану жөніндегі бастаманың жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі. «Россия-АСЕАН» диалогтық серіктестіктің Қаржы қоры шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында ынтымақтастық дамуда. Ресейдің жаңартылатын энергетика (IRENA) жөніндегі Халықаралық агенттікке қосылуы туралы мәселе қарастырылуда.
Жаһандық экологиялық қор (ГЭФ)/ «Жаңартылатын энергия көздерін дамытудың Ресей бағдарламасы» (РПРВИЭ) жобасын жүзеге асырудың дайындық сатысы аяқталды, оны қаржыландыру паритеттік түрде Ресей тарапынан және ГЭФ-пен жүзеге асырылады. «Жаңартылатын энергия көздері және шағын қуатты ГЭС-ті қайта құру» TACIS жобасы аяқталуда. БҰҰ ЕЭК «Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінде ЖЭК-тің энергетикалық секторын әзірлеу» жобасын және басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асырудың дайындық сатысы басталды.
Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр.
Соңғы жылдары елімізде де қалпына келетін
энергия көздеріне энергетикалық кешенді
дамытудың бір тармағы ретінде қарай бастады.
Мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар
тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор
күш салынып жатыр. Оның өз жөні бар. Ең
алдымен, қайта қалпына келетін қуат көздерін
тиімді пайдалану энергияны үнемдеуге
мүмкіндік берсе, екіншіден экологиялық
мәселелердің түйінін тарқатады деуге
болады. Қазақстанда қалпына келетін энергия
көздерінің тұрақты кешенін құру мемлекеттің
тікелей қатысуымен жүзеге асатын шаруа
болғандықтан, бұл мәселе үкімет деңгейінде
қолға алынған.
Қазақстан қалпына келетін энергия көздерін
пайдалануда зор әлеуетке ие. Зерттеулерге
сүйенсек, Қазақстанның жалпы су әлеуеті
жылына 170 млрд кВт/сағатқа жетеді екен.
Солай бола тұра, қазіргі таңда Қазақстанның
басты қуат көздеріндегі СЭС-тің үлесі
тек 12,3%-ды құрайды. Әрине, бұл көрсеткіш
экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда
айтарлықтай төмен. Дегенмен, бұл салада
жүргізілген жұмыстар нәтижесіз емес,
Қазақстан бірнеше, атап айтсақ, қуаты
300 МВт-қа тең Мойнақ СЭС-і, 49,5 МВт-ты құрайтын
Кербұлақ СЭС-і мен қуаты 68,25 МВт Бұлақ
СЭС-і сияқты ірі жобаларды іске асыруды
бастап кетті.
Географиялық орналасуы жағынан Қазақстанның
жел энергетикалық әлеуеті де жоғары,
жылына 0,929-дан 1,82 млрд кВт/с-қа жетеді.
БҰҰ-ның Жел энергетикасы бойынша даму
бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулер
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде, яғни
50 мың шаршы метрге тарта аумақта желдің
жылдамдығы 6 м/с-тан асатынын дәлелдеп
берді. Бұл ретте, Жоңғар қақпасының жел
энергетикалық ресурстары мен Балқаштың
климаттық жағдайы ерекше маңызға ие.
Балқаш өніріңде Сарыарқаның аңызық желі
үздіксіз соғып тұрады.
Жалпы, қалпына келетін дәстүрлі емес
жел энергиясының келешегі зор, экологиялық
таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі
арзан, тиімді. Оларды пайдалану табиғат
баланстарын бұзбайды. Сол себепті, еліміз
2011 жылдың наурызында Жамбыл облысында
екі бірдей ірі жобаны – Жаңатас (400 МВт)
және Шоқпар (200 МВт) жел энергетикалық
кешенін іске асыру жұмыстарын бастады.
Олардың құрылысына құйылған инвестиция
көлемі 1 млрд долларға жуықтады. Сонымен
қатар, 2014 жылға қарай мемлекеттің қолдауымен
51 МВт қуаттылықпен Шелек дәлізі, Жоңғар
қақпасы (алғашқы кезеңде 50 МВт) аумағында,
ШҚО Ұлан ауданында (24 МВт) және өзге де
өңірлерде жел энергетикалық кешені құрылысын
жүргізу жоспарланып отыр.
Желді адамдар мыңдаған жылдар бойы энергия
көзі ретінде пайдаланып келді. Жел энергиясы
арқылы желкенмен жүзген. Дәнді-дақыл
өнімдерін ұнтақтау үшін жел диірменін
пайдаланды, қажеттілігіне жаратты. Осыдан-ақ
адамзат үшін жел энергиясының маңызы
ешқашан жоғалмайтынын пайымдауға болады.
Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын
пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде
күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына
2,5 млрд кВт/сағатқа бағалануда. Қазақстан
солтүстік ендікте орналасқанына қарамастан,
республика аумағындағы күн радиациясының
әлеуеті өте жоғары. Сонымен қатар, өңірде
күн энергиясы электр қуатын өндіру үшін
ғана емес, жылу алу үшін де пайдалануға
болады. Ол үшін орталық электр және жылумен
қамтамасыз ету жүйелерінен шалғай жатқан
аудандарда күн қондырғылары орнатылуы
тиіс.
2015 жылға дейін жалпы қуаттылығы 91 МВт
күн қондырғыларын іске қосу қарастырылған.
Сонымен бірге, Қазақстанда күн энергетикасын
дамытуға қажетті кремний және фотоэлектрлік
элементтер шығаратын өндірістік база
құруға бағытталған шаралар қабылданып
жатыр. Күн батареялары қатты кремний
материалынан жасалынады, бұл жер қойнауындағы
оттегіден кейін ең көп таралған элементтердің
бірі. Фотоэлектрлік станциядағы 1 келі
кремний өндіретін энергияның көлемі
жылу электр станциясында 75 тонна мұнай
жұмсап өндірілген энергиямен пара-пар.
Сондықтан кремнийді 21 ғасырдың мұнайы
десек те артық айтпаймыз.
Биологиялық отынды қолдану белгілі бір
көлемде қордың жиналуына ықпал ететінін
атап өту керек. Ауыл шаруашылығы өндірісі
қалдықтарын қайта өңдеу есебінен жыл
сайын 35 млрд кВт/с электрлік және 44 млн
гигакалориялы жылу энергиясын алуға
болады екен. Биогаз өміріміздегі экологиялық,
энергетикалық, агрохимиялық проблемаларды
шешуге қауқарлы. Биогазды жарықтандыруға,
үй жылытуға, тамақ пісіруге, көлік, электр
генератордың роторларын қозғалту мақсатында
қолданады. Ғалымдардың есептеуінше, 1
м2 аумақты жылыту үшін жылына 45 м3 биогаз
қажет, ал су жылыту үшін күніне 5-6 м3 биогаз
керек.
Қазақстанда қалпына келетін энергия
көздерін пайдаланудың басты мақсаты
энергетиканың қоршаған ортаға кері әсерін
төмендету екенін айттық. Әлемдік тәжірибеде
солай. Мысал үшін, бір ғана 2009 жылдың өзінде
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
мәліметі көрсеткендей, атмосфераға шығарылған
ластаушы заттардың көлемі 3,4 млн тоннаны
құрап, оның 85%-ы 43 ірі кәсіпорынға тиесілі
болған. Оның үстіне, қазіргі таңда Қазақстанда
жалпы өндірілетін электр энергиясы 85%-ға
дейін органикалық отынды – негізінен,
жергілікті көмірді және аз көлемде көмірсутекті
шикізаттарды жағу жолымен алынатынын
ұмытпаған жөн. Стационарлық көздерден
еліміздің атмосферасына қалдықтардың
10%-ға жуығын және улы қалдықтардың басым
үлесін мұнай және ілеспе газ өндіру саласында
жұмыс істейтін кәсіпорындар шығарады.
Осы ретте, қалпына келетін энергия көздерін
қолдану арқылы энергетикадан бөлінетін
парник газдарын 500 мың тоннадан 2,5 млн
т СО2-ге дейін азайтуға мүмкіндік бар.
Қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың
экономикалық тиімділігі де бар. Атап
айтсақ, оны электр қуатын өндіру және
жеткізу үшін қолдану арқылы Қазақстанның
энергияға тапшы өңірлерінде үнемділікке
қол жеткізуге болады. Сонымен қатар қайта
қалпына келетін энергетика елдің шалғай
өңірлерін дамытудың маңызды факторына
айналмақ.
Мемлекеттік деңгейде шаралар қабылданып
жатқанына қарамастан, Қазақстанда қайта
қалпына келетін және баламалы энергетика
кенже қалған. Өкінішке қарай, бірнеше
құрылысты, атап айтқанда, жел энергетикасы
кешендерін салуға талпыныс жасалғанымен
республикамызда бүгінгі күнге дейін
бұл салада бірде-бір ірі жоба іске қосылмаған
екен. Мәселен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің мәліметі бойынша, 2010 жылы
баламалы энергия көздерінің үлесі 0,03%-ды
құраған. Яғни, жалпы энергия көлемінің
бір пайызына да жетпейді. Бұл дегеніміз,
бұл саланы әлі де болса жетілдіре түсу
қажет екенін көрсетсе керек. Салыстыру
үшін айтсақ, тіпті, озық қалпына келетін
энергия көздерін қолдану бойынша әлемдік
аутсайдерлердің қатарына кіретін Ресейде
де оның үлесі төмен, жалпы өндірілген
энергияның бар-жоғы 1%-ын құрайды. Сонымен
қатар оның базасында алынған жылу энергиясы
3%-ға жуықтайды.
Ірі су электр станцияларында өндірілген
энергияларды есепке алғанда Қазақстанның
энергия балансындағы қалпына келетін
энергия көздерінің үлесі 12,3%-ға әрең жетеді.
Қазақстанда соңғы жылдары қалпына келетін
энергия көздерін қолдауға бағытталған
заңнамалық базалар мен бірқатар салалық
бағдарламалардың қабылдануы бұл саланың
дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз. Республикалық
заңнамалық базаның маңызды ережелерінің
қабылдануына байланысты қазірдің өзінде
Қазақстандағы қалпына келетін энергия
көздері жобасына инвесторлардың қызығушылығы
артып жатыр. Оның ішінде Қытай және Германия
сияқты жетекші елдердің де инвесторлары
бой көрсетуде.
Киота келісімдерін іске асыру аясында
климаттың өзгеруі жөнінде Копенгагенде
өткен коференцияда Қазақстан парник
газдарды 1992 жылғы деңгеймен салыстырғанда
2020 жылға қарай 15%-ға, 2050 жылға қарай 25%-ға
төмендету бойынша міндеттемелер алды.
Атап айтқанда, 2010-14 жылдарға арналған
«Жасыл даму» салалық бағдарлама аясында
2009 жылмен салыстырғанда атмосфераға
бөлінетін зиянды қалдықтарды кем дегенде
5,9%-ға төмендетуге уәде етіп отыр.
2009 жылы қабылданған «Қалпына келетін
энергия көздерін пайдалануды қолдау
туралы» Қазақстан Республикасының заңы
электрлік және жылу энергиясы өндірісі
үшін қалпына келетін энергия көздерін
пайдалануды ынталандырудың құқықтық,
экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін
бекітті. Бұл Заң қайта қалпына келетін
энергия көздері жобасына арналған инвестициялық
артықшылықтар беруді, нарықта және оларды
желілер бойынша беру кезінде «таза» электр
энергиясын пайдаланудың басымдықтарын
қарастырады, сонымен қатар мемлекеттің
бақылауындағы сертификаттар жүйесі арқылы
қолдау көрсетеді.
2020 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық
даму жоспарына сәйкес, электр энергиясын
тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы
энергия көздерінің үлесі 2015 жылға қарай
1,5%-ды, 2020 жылға қарай 3%-ды құрауы тиіс.
2010-14 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму
мемлекеттік бағдарламасы қойған басымдықтар
2014 жылы қайта қалпына келетін энергия
көздерінің көлемін жылына 1 млрд кВт/сағат
деңгейіне жеткізуді көздейді.
Қорыта айтқанда, еліміз қайта қалпына
келетін энергия көздерін дамытуды заңдық
тұрғыдан мықтап бекітіп алған. Нақты
жұмыстар атқарылуда. Оның үстіне, баламалы
энергетиканы іске асыру үшін өзге елдердегідей
шиеленіскен түйіндер жоқ бізде. Әлемдік
монополистер «жүйеге қосылуға рұқсат
бере ме, қуатымызды өткізе ме, жоқ па»
деп бас қатырып жатпаймыз. Демек, баламалы
энергетиканы қолдану ел экономикасын
жаңғыртудың маңызды факторына айналатын
күн де алыс емес деген сөз.