Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 07:25, лекция
Ұлы Отан соғысы жылдары В.Вернадский Бурабай кентінде өмір сүріп, осы өңірде еңбек етті. Бұл Қазақстан мен Вернадский арасындағы тағы бір дәстүрлі сабақтастықты білдірсе керек. Біздің өңір Кеңес Одағы кезінде өздерінің тың идеяларымен еліміздің дамуына ерекше серпін берген ғалымдардың еңбек етуіне жағдай туғызды. Бұл туралы ол өз күнделігінде Бурабайдың көркем табиғаты мен тұрғындарының ғылыммен айналысуыма игі ықпал етті деп жазады. В.Вернадский Қазақстанда ғылымның дамуына, ғылыми идеяларының өркендеуіне дем беруші тұлға ретінде зор беделге ие болды. Осы жылдары ол «ХХ ғасырда ғылым дамуында жердің геологиялық құбылыстарындағы кеңістік жағдайы туралы», «Ноосфера туралы» сияқты белгілі еңбектерін жазды.
В.И.Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, тереңдете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады. Ғалым биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін айрықша атап көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жылдары В.Вернадский Бурабай кентінде өмір сүріп, осы өңірде еңбек етті. Бұл Қазақстан мен Вернадский арасындағы тағы бір дәстүрлі сабақтастықты білдірсе керек. Біздің өңір Кеңес Одағы кезінде өздерінің тың идеяларымен еліміздің дамуына ерекше серпін берген ғалымдардың еңбек етуіне жағдай туғызды. Бұл туралы ол өз күнделігінде Бурабайдың көркем табиғаты мен тұрғындарының ғылыммен айналысуыма игі ықпал етті деп жазады. В.Вернадский Қазақстанда ғылымның дамуына, ғылыми идеяларының өркендеуіне дем беруші тұлға ретінде зор беделге ие болды. Осы жылдары ол «ХХ ғасырда ғылым дамуында жердің геологиялық құбылыстарындағы кеңістік жағдайы туралы», «Ноосфера туралы» сияқты белгілі еңбектерін жазды. Сондай-ақ, ол академик Қаныш Сәтбаевтың Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті болып тағайындалуына бірден-бір ықпал етті. Тарих оның осы шешімінің дұрыстығын дәлелдеді, көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев елімізде геология, геохимия ғылымдарының дамуына зор үлес қосты. Оның еңбектерінің арқасында қазіргі күні ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие болып отырған кен орындары ашылды.
Биосфера эволюциясы туралы көзқарасты дамыта отырып В.Вернадский адам биосфераның химиялық эволюциясын басқаруды үйренетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда әлем осы мәселе төңірегінде белсенді жұмыс істеуде. Себебі, экология мен энергетиканың қазіргі жағдайы біздің алдымызға биосфераның химиялық эволюциясын басқару бойынша стратегия әзірлеу қажеттілігін қойып отыр. 1992 жылы өткен Бүкіләлемдік Саммитте тұрақты даму тұжырымдамасы қабылданды. 2012 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму жөніндегі конференциясына (РИО+20, Рио-де-Жанейро) Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен біздің мемлекетіміз де қатысты. Конференция аясында тұрақты дамудың ғылыми негіздерін іздеудің ұзақ мерзімді стратегиясы қабылданды. Қазақстандық тарап қоршаған ортаға келетін залалдардың азайтылуын қамтамасыз ететін «жасыл экономикаға» көшуге бағыттайтын тұжырымдаманы алға тартты.
Тұрақты даму тұжырымдамасының мәні – жаңғыртылған және жаңғыртылмаған табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Яғни, ноосфера туралы ілімнің негізі биосфера және адамзат бірлігі болып табылады. Табиғат адамға өз әсерін тигізіп қоймайды, қарама-қарсы әсер де бар. Бұл әсер адамзат арқылы дұрыстап ойластырылған жағдайда ноосфераға өтуіне негізгі фактор болып табылады. Ноосфера туралы ілімнің негізі биосфера және адамзат бірлігі болып табылады. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол әрқашан табиғаттың құрамында болады, табиғат адамға өзіндік әсерін тигізеді. Бұл жағдай адамзаттың тарихи дамуының биосфера эволюциясындағы рөлін, оның ноосфераға өту мүмкіндігін көрсетеді.
Топырақ құнарлылығын жақсарту мақсатында университетімізде Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерді тиімді пайдаланудың 2012-2015 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Аталған бағдарламада өңірдегі топырақ қабатының жағдайына сараптама жасалды, егістік жерлердегі топырақ қабатының нашарлауы мен топырақтың қолайсыз факторларға тұрақтылығының төмендеуінің негізгі себептері анықталды, топырақ құнарлылығын сақтау және ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерді тиімді пайдалануға байланысты шаралар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің 2012 жылдың 27 желтоқсандағы №11-8/г-1813 және Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің 2012 жылдың 30 қаңтарындағы №26/04-5 шешімімен университетімізде В.И.Вернадский атындағы «Ноосфера» Еуразиялық даму орталығы құрылды. Қазір қоғамның тұрақты дамуы тікелей экономика мен саяси жағдайларға байланысты екені белгілі. Ал, экономика ғылымсыз дамымайтыны анық. Сол себепті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті отандық ғылымды дамытуда кешенді жұмыстарды қолға алып, көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл ретте біздің орталыққа жүктелген міндеттің салмағы ауыр екенін түсінеміз. Өйткені, оқу орнының қабырғасында тәлім алған жастар ертеңгі күні үлкен азамат болып, елтұтқаға айналары сөзсіз.
Оқу орнының студенттері мен магистранттары В.Вернадскийдің шығармашылық мұрасын зерттеуге өз үлестерін қосып келеді. Жыл сайын ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Студенттер Әлия Назарбаеваның «Жандану» атты деректі фильмін талқылауға арналған семинарға қатысты. Осы семинарда мен аталған тақырыпта баяндама жасадым.
«Экология» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура оқу бағдарламасы шеңберінде «В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі» тақырыбында лекция оқылады. Университет ректоры С.Елубаевтың басшылығымен халықаралық Темпус бағдарламасы шеңберінде бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Осы ретте, В.Вернадский атындағы «Ноосфера» Еуразиялық тұрақты даму орталығын университетіміздің жаңа жобасы деуге әбден негіз бар. «Ноосфера» орталығының мақсаты – ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтарды қорғау және осы аймақтардағы қоршаған ортаның жай-күйіне байланыс-ты бірыңғай жүйелі мониторинг жүргізу, мемлекеттік табиғи-қорық қорын «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын қорғау және қалпына келтіру, экологиялық қауіпсіздік және табиғатты тұрақты пайдаланудың маңызды мәселелері бо-йынша толыққанды ғылыми зерттеулермен қамтамасыз ету.
Биыл әлемдік қауымдастықта кеңес геологы, геология-химияның негізін қалаушы, ғұлама ғалым Владимир Вернадскийдің 150 жылдығы атап өтілуде. Осы ретте, біздің университетімізде де бірқатар іс-шаралар өткізілді. Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен биылғы жылдың қыркүйек айында «В.И.Вернадский идеялары негізінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының маңызды мәселелері» атты ғылыми семинар, қазан айында «В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі және Қазақстан Республикасының жаһандық энергия-экологиялық стратегиясы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция, қараша айында «Академик В.И.Вернадский идеяларын жүзеге асыруда қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелері және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорын тиімді пайдалану» атты дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.
Соңғы жылдары экология бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты екендігі белгілі. Осы ретте, болашақта да В.И.Вернадский ілімін жалғастырар жас ғалымдар шоғырын тәрбиелеу жолында ғылыми ізденістерімізбен Қазақстанның келешегі келісті, өркениетті мемлекет болуына өз үлесімізді қоса береміз деген ойдамын.
Әбілжан ҚҰСАЙЫНОВ,
Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры,
биология ғылымдарының докторы.