Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 21:47, реферат
Болгария мемлекетінің тарихының кезеңдері:
1 кезең – «Жеті тайпа одағы» (VII ғ.), бұл кезде Византияның құрамына кірген Балқан түбегінің ірі бөлігі – Мизияны славяндар жаулап алды;
2 кезең – Бірінші Болгар патшалығы, бұл кезде мынадай оқиғалар орын алды:
– 667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар дружинасы басып кірді, бұлар Византияны жеңеді де, 681 ж. византиялық император ІV Константин Аспарух ханмен бейбіт келісімге келді, бұл жаңадан пайда болған славян-болгар мемлекетін тануды білдірді;
Болгария мемлекеті
1 Болгария мемлекетінің тарихының кезеңдерi
2 Болгария мемлекетінің қоғамдық құрылымы
3 Болгария мемлекетінің мемлекеттік құрылымы
4 Болгария мемлекетінің құқықтық құрылымы
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
Болгария мемлекеті
1
Болгария мемлекетінің
2
Болгария мемлекетінің
3
Болгария мемлекетінің
4
Болгария мемлекетінің
Пайдаланылған әдебиеттер
Болгария мемлекетінің тарихының кезеңдері:
1 кезең – «Жеті тайпа одағы» (VII ғ.), бұл кезде Византияның құрамына кірген Балқан түбегінің ірі бөлігі – Мизияны славяндар жаулап алды;
2 кезең – Бірінші Болгар патшалығы, бұл кезде мынадай оқиғалар орын алды:
– 667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар дружинасы басып кірді, бұлар Византияны жеңеді де, 681 ж. византиялық император ІV Константин Аспарух ханмен бейбіт келісімге келді, бұл жаңадан пайда болған славян-болгар мемлекетін тануды білдірді; Осы жылы Аспарух хан Болгар мемлекетін құрды. VII ғасырдың басында Еділ бойында түрік тайпаларының Болгар хандығы болған. Аспарух - осы болгар тайпалық одағын басқарған Кубрат ханның баласы. VII ғасырдың ортасында Хазарлардың қысымымен ығысқан болгар тайпаларының бір бөлігі Византияға қарайтын Дунайдың оңтүстік жағалауына өтіп кетеді. Осында Аспарух хан Болгар мемлекетінің негізін қалады.
– 893-927 ж.ж. славян-болгар мемлекеті
Симеон княздың тұсында Балқандағы
үстемдік құрушы державаға айналды;
жиі қайталанған өзара соғыстар
мен үстемдік құрушы таптағы қайшылықтар
Болгар мемлекетінің әскери және экономикалық
қуатының әлсіреуіне алып келді, мұны
пайдаланған Византия Болгарияны 1018
жылдан бастап өз қол астына алды.Византия
мемлекеті кезінде
күресіп отырды. 1140-1160 жылдары Константинопольда богомильдік ересьтерді айыптау мақсатында 4 рет шіркеулік жиналыс шақырылған болатын. XII ғасырдың 80 жылдың соңында Болгарияның тәуелсіздігі үшін күресте богомилдер үлкен рол атқарған болатын.
Ұзақ жылдар бойы Византияның қуғыншылығы мен 150 жыл жүргізген саясатына қарамастан, Болгар елі өзінің тілін, мәдениетін сақтап қалған болатын. Әсіресе Болгар әдебиетімен қатар сәулет өнері дамыған еді.
Болгария әдебиетінің тарихы 9 ғ-дан басталады. Діни ағартушылық бағыттағы “Адам ата мен Хауа ана жайлы сөз”, “Исустың Әзірейілмен тәжікесі”, “Жұмбақ кітап”, т.б. туындылар сол дәуірдің ескерткіштері. Бірте-бірте әдебиетте халықтық сарын күшейіп, “Троян хикаясы”, “Александрия” іспетті шығармалар пайда болды, Поп Пейо, Матвей Грамматик сынды жазушылар шықты. Друмевтер халық өмірін реалистік тұрғыда бейнелеп, ұлттық әдебиетті жаңа биікке көтерді. Тарихи тақырыптарды көтерген А. Дончевтің “Аспарух хан” трилогиясы, С. Дичевтың “Бостандық үшін”, Д. Талевтың “Темір шырақ”, “Қоңыраулар”, , Г. Караславовтың “Кәдімгі жандар”, А. Гуляшканың “Алтын жабағы” кеңінен қолданысқа кіріп, жарық көрген болатын. Өнері. Болгарлардың дәстүрлі ұлттық өнерінің негізі Бірінші Болгар патшалығы тұсында (680 —1018) қалыптасты. Ол ежелгі және византиялық өнердің көркемдік дәстүрлерінен нәр алып дамыды. Болгар сәулет өнерінің ежелгі ескерткіштері — Плиска мен Преславтағы сарайлар (9 — 10 ғ-лар), мүсін өнерінің аса көрнекті ескерткіші — “Мадарлық салт атты” сол дәуірлерде салынған. Византия билігі кезінде (1018 — 1187) Болгария өнері дамуында кідіріс болды.
Византияның қол астында 150 жыл болған Болгария 1187 жылы өз тәуелсіздігін алады.
3 кезең – Екінші Болгар
патшалығы (1187-1396 ж.ж.) болгар
халқының византиялық
Византиямен қарқынды күрестің нәтижесінде қайта жаңғырған Екінші Болгар патшалығы Иван-Асен II патшаның тұсында үлкен орталық биліктің үлгісі ретінде көрінеді. Болгар патшалығының қайта жаңғыруымен қатар, осы кезеңде Болгар мәдениеті, әдебиеті, сәулет өнері де дамыған болатын.
Әсіресе, архитектуралық бедерлер дами бастады. Осы кезеңде ғимараттар- дың сыртын өзіндік үйлесімін тапқан, кірпішпен ақ тас қалап өрнектелген бейнелеу әдісі туындап, ортағасырлардағы Болгарияның ұлттық нышанына айналды. Бұл әдіс Византияның сәулеттік өнеріне үлкен әсер етті. Бұл ерекше бейнелеу әдісінің ескерткіші әрі нышаны болып қасиетті Тырновтағы Дмитрийдің шіркеуін , Бояндықтағы Софияның шіркеулерін айта аламыз. Болгариядағы көптен күткен тұрақтылық Иван Асен IІ (1218-1241) патшаның тұсында орнады. Екінші Болгар патшалығы кезінде (1187 — 1396) Тырнова қаласы көркемөнердің негізгі орталығына айналды. Болгарияның астанасы Тырнова болып жарияланды да, уақыт өте келе мәдени орталығы ретінде өсіп, дамығаны соншалық Болгарияның өзінде оны Константинополмен салыстыра бастады. Византиядан дін мен шіркеулер келе бастады. Тырнова туралы ақындар өз шығармашылықтарында, кітаптар жаза бастады. 1275 жылы «Графтық азапталушылардың өмірі », ХІІІ ғасырдың соңында «Әйгілі Тырнова» туындыларын мысал ретінде айтсақ болады. . Өндірістік қатынастар, сауда дамып, ірі жәрмеңкелерде тауар айналымы артты, кескіндеме мен миниатюра, зергерлік өнер дамыды
Қоғамдық құрылым. Славян-болгар мемлекетінің таптық негізін феодал – жер иеленушілер мен шаруалар құраған. Феодалдар табына ірі феодалдар ақсүйектер – боярлар мен олардың вассалдары – ұсақ феодалдар кірген.
Шаруалар да бірнеше санаттардан тұрған:
Париктер – феодалдарға тікелей тәуелді, жерге бекітілген және одан кетуге құқығы болмаған;
Отроктар – тәуелді
шаруалардың ең төменгі санаты;
Технатарийлер – өз қожасының шаруашылығындағы қажеттіктер үшін қызмет ететін қолөнершілер.
Мемлекеттік құрылым. Болгар мемлекетінің басында монарх тұрған (ол түрліше аталған: алғашқыда – хан, славянша – князь, Симеонның түсында – кесар, кейін – император). Патша жоғарғы заң шығарушы, жоғарғы сот және жоғарғы қолбасшы болып табылды. Оның билігінің негізін әскер құраған. Патша билігі Бояр кеңесімен шектелетін, оның құрамына ұлы боярлар мен патриарх кіретін. Жоғарғы лауазымды тұлғаларды патша өзі тікелей тағайындайтын. Олардың қатарынан мыналарды атауға болады: ұлы логофет – бірінші министр және Екінші Патшалық патшасының көмекшісі; протовестиарий – қаржы министрі, патшаның және мемлекеттің қазынасын сақтаушы және басқарушы; ұлы әскербасы және протостратор – жоғарғы әскери шендер.
Жергілікті басқару. Болгарияның аумағы облыстарға бөлінген, оларды патша билігінің тікелей өкілдері болып табылатын облыстық басшылар – дукалар басқарған.
Сот жүйесі. Болгарияның сот жүйесі мемлекеттік және шіркеулік соттардан құралған.
1393 жылдан 1878 жылға дейін
Болгария Түркияның билігіне
бағынған. 1878 жылғы 19 ақпанда Ресей
мен Түркияның арасында Сан-
Құқықтың негізгі сипаттары. VII-VIII ғасырларда Болгарияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып әдет-ғұрып табылды. Кейін номоканондар арасында Эклога мен Жер туралы заң ерекше орынды иеленген. Аса маңызды қайнар көздердің бірі – 32 тараудан тұрған, қылмыстық, азаматтық және іс жүргізушілік құқық нормаларының жинағы түріндегі Сот заңы болған.
Бұл қайнар көздерге сәйкес жерге меншіктің екі түрі ажыратылды: баштина – мұрагерлікпен, еркін түрде берілетін меншік және прония – міндетті әскери қызметпен байланысты, шарттық сипаттағы өмір бойғы иелену. Баштина қайтыс болған тұлғаның балаларына өтетін, ал прония иесінің өлімімен жер үлесі оның жоғарғы иесіне қайтарылатын. Қалған мүліктерді мұрагерлікке алу Эклогамен реттелетін.
Алғашқы ауқымды кодификация және маңызды рөл атқарған болгар құқығы «Закон судным людям» заңдар жинағы болды. Өзінің қайнар көзі жағынан да, өзінің мазмұны жағынан да бұл заң талқылануы ауыр құжат. Византия- дан христиан дінін қабылдаған Болгария, ендігі кезекте Византияның мәдениеті мен құқықтарын да қабылдаған болатын және осы арқылы Заңның көптеген баптарында кездестіруге болады. «Закон судным людям» заңының айта кетерліктей кемшілігі барлық қылмыс құрамын көрсетілмеген және азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар көп қамтылмаған. Мұрагерлік қатынастарға тоқталсақ, заңда жаңа туылған балаға қамқорлық, асыраушылық көзделген. Балаларын мұрасыз қалдырмайтын болды. Некелік құқықтарда ескі неке түрлері көрсетілген. Яғни, көп әйел алу тыйым салынған, екінші әйелін балдарымен қосып үйінен қуып жіберетін болған. Жақын туысымен некеге тұру тыйым салынған.
Заңда қатаң жазаланушылық көзделмеген. Мысалы, қанараластырушылық яғни екі ұлт өкілінің некеге тұруы болса екеуін ажырастырып жіберетін болған. Шіркеудің затын ұрлаған немесе адам өлтіргені үшін қылмыскерлер қатаң жазаланған. Соқыр қылушылық немесе мұрнын кесіп тастайтын болған.
Заңда көрсетілмеген басқа құқық нысандары мен қылмыс түрлері ескі славяндық заңмен реттеліп отырған.
Қылмыстық құқықта қылмыс ретінде патша билігі мен шіркеу орнықтырған құқық нормаларын бұзу түсінілген. Патшаға және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар Эклогамен, ал меншікке қарсы қылмыстар Сот заңымен немесе Закон судным людям заңымен реттелетін, азаматтық-құқықтық құқықбұзушылықтар Жер туралы заңда көрініс тапқан. Бір айта кетерлік кемшілігі, Болгар мемлекетінде жауапкершілік дәрежесі мен жазаның ауырлығы жәбірленуші мен қылмыскердің сословиелік тегіне байланысты анықталатын болған.
Глоссарий
Ұлы логофет – болгар патшасының бірінші министрі.
Дука – облыс басшысы.
Отроктар – басыбайлы шаруалардың төменгі санаты.
Париктар – феодалдарға жеке тәуелді шаруалар (жағдайы бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсас болып келді).
Протовестиарий – қаржы министрі.
Протостратор – Болгар патшалығының жоғарғы әскери шендерінің бірі.
Технатарийлер – қолөнершілер.
Т Е С Т
1. Болгар мемлекетін негізін қалаған
А. Симеон хан
Б. Аспарух хан
В. Византия мем-ті
Д. Иван-Асен II
Е. Осман империясы
2. Болгар патшалығы құрылды:
A) VIII ғасырдың аяғында.
B) VII ғасырдың аяғында.
C) VII ғасырдың басында.
D) VIII ғасырдың басында.
E) IX ғасырда.
3. Славян жазуын Руське таратушы патшалық
А) Бутан
В) Серб
С) Болгария
Д) Византия
Е) Осман империясы
4. Византияның қол астында болған Болгария қай жылы өз тәуелсіздігін алады?
А) 1018ж
В) 1187ж
С) 1127ж
Д) 1137ж
Е) 1115ж
5. Екінші Болгар
патшалығы кімнің тұсында
А. Симеон хан
Б. Аспарух хан
В. Византия мем-ті
Д. Иван-Асен II
Е. Осман империясы
6. Дукалар деп кімді айтамыз?
А. Болгар патшасының бірінші министрі
В. Қаржы министрі
С. Болгар патшалығының жоғарғы әскери шендерінің бірі
Д. Облыс басшысы
Е. Қолөнершілер
7. Болгарияның сот жүйесі құралды:
А. Мемлекеттік, әкімшілік
В. Әкімшілік, азаматтық
С. Әкімшілік, шіркеулік
Д. Шіркеулік, азаматтық
Е. Шіркеулік, мемлекеттік
8. VII-VIII ғасырларда Болгарияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылды:
А. Закон судным людям
В. Әдет-ғұрып
С. Эклога
Д. Жер туралы заң
Е. Сот заңы
9. Болгарияда Патшаға және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар қай заңмен реттеліп отырған
А. Закон судным людям
В. Әдет-ғұрып
С. Эклога
Д. Жер туралы заң
Е. Сот заңы
10. Технатарийлер дегеніміз:
А. Болгар патшасының бірінші министрі
В. Қаржы министрі
С. Болгар патшалығының жоғарғы әскери шендерінің бірі
Д. Облыс басшысы
Е. Қолөнершілер
11. Закон судным людям құқық нормалар жинағы неше тараудан тұрған?
А. 32
В. 28
С. 30
Д. 31
Е. 33
12. «Жеті тайпа одағы» қай ғасырда пайда болды?
А. VII
B. VIII
C. IX
Д. X
E. XI
13. 893-927 ж.ж. славян-болгар
мемлекеті кімнің тұсында
А. Симеон хан
Б. Аспарух хан
В. Византия мем-ті
Д. Иван-Асен II
Е. Осман империясы
14. Византия Болгарияны қай жылы жаулап алды?
А. 1015
В. 1016