Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 17:55, реферат
Европа климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Европа солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.
1.Еуразия климаты
2.Климаттық белдеулер
3.Еуразияның табиғат зоналары
Орманды бала және дала зоналары Шығыс Буропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде тұтас жолақ түрінде Алтайға дейін созылып, Қиыр Шығыста қайта жалғасады. Ылғал молырақ түсетін Шығыс Еуропаның орманды дала зонасында жалпақ жапырақты ағаштар (емен, үйеңкі) мен даланың шөптесін өсімдіктері өседі. Ылғалы азырақ, қысы қатал болатын Батыс Сібірдің орманды даласына ұсақ жапырақты ағаштар (щйың, көктерек) және даланың астық тұқымдас өсімдіктері (селеу, боз, бидайық) тән. Бұл зоналарда өте кұнарлы қара топырақ таралған. Сондықтан зоналар түгелге дерлік жыртылған. Жылу мен ылғалдың мөлшері жеткілікті болғандықтан, дәнді дақылдар (бидай, кррабидай, қарақү-мық, арпа, сулы) және қант қызылшасы мен күнбагыс өсірі-леді. Дала зонасының оңтүстігінде куаңшылықтар жиі болып тұратындықтан, егістіктер қосымша суаруды қажет етеді.
Орманды далада орман мен даланың жануарлары кд-тар кездеседі. Негізгі жануарлары: қасқыр, қарсаң, түлкі және кемірушілерден: саршунақ, дала күзені, дала тышқан-дары тіршілік етеді. Топырағы құнарлы дала зонасы ежел-ден қарашірінді игерілгендіктен, мұнда бұрын кеңтаралған ірі тұяқты жануарлар мен кұстар саны қазіргі кезде күрт кеміп кеткен. Сондықтан дала зонасыныңтабиғи өсімдік жамылғысы мен кейбір жануарлары қорықтарда ғана сақталған.
Шөлейт жөне шөл зоналары Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен Орта Азияны түтас жолақ түрін-де қамтып, Монғолия мен Қытайдың тау аралық ойыс-тарында таралған. Жазы аптап ыстық, кұрғақ, ал қысы суық, кейде қарлы боранды болады. Зоналардың шүғыл континентті климаты топырақ, өсімдік жамылғысының дамуы мен таралуын шектейді.
Шөлейтті өңірлерде қыста ауа райы кұбылмалы: қарлы борандар жиі соғып, ауа температурасы -40°С-қа дейін төмендейді. Аязды ауа райы кенетжылымықтармен ауыо қанда, көктайгақ, яғни жер бетін басқан жұқа мұз қабыр-шағы пайда болады. Қыста осындай ауа райының жиі байқалуы жұтқа әкеп соғады. Шөлейтке курең (каштан) топырақтар тән, тұзы бетіне шығып жататын сортаңдар да кездеседі. Шөлейттерде кең таралған жусандармен қатар селеу, бетеге, бүйыргын және т.б. өсімдіктер өседі.
Шөлдерде климаттың континенттілігі артады, жаздағы ыстықтар +50°С-қа дейін жетеді, жыддық булаңушылық мөлшері түсетін жауын-шашыннан 10-12 есе артады. Шөлге сұр коңыр топыраң тән. Әсіресе кұмды шөддер тірші-лікке неғұрлым бай болып келеді. Құмды шөддерде сабағы қатты, жапырағы ұсақ немесе тікенекке айналғай, құр-ғақшылыққа төзімді өсімдіктер (ксерофиттер) кең тарал-ған. Сондай өсімдіктердің бірі сексеуіл аса ұзын тамыр-лары арқылы терендегі ылғадды сіңіреді, әрі құмдарды бекітеді. Бекінген кұмдарда сирек жаңбырлардан жинал-ған ылғал көктемде шөдцің жандануына мүмкіндік береді. Мұндай көктемде ерте гүлдеп, тұқымын шашып үлгере-тін өсімдіктерге (эфемерлер) өздеріңе таныс қызгалдақ, қаң-бақ жатады. Сондай-ақ қоңыржай бедцеуде таңырлар ба-сым болатын сазды шөддер мен Гобиге тән тасты шөлдер де (хамадалар) кездеседі. Шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында шурат-тар (оазистер) қалыптасады. Шұраттарға ағаштар мен әр түрлі бұталар, шалғынды өсімдік жамылғылары мея тогайлар тән. Ал жауын-шашын өте аз түсетін жылжьі-малы сусыма кұмдар мен тасты шөлдерде тіршілік жок-тың қасы.
Шөлейттер мен шөлдерде су мен азық іздеп алысқа бара алатын ірі тұяқты жануарлардан жабайы түйе, қүлан, ақбөкен, қарақүйрық, кемірушілер мен кесірткелер, жылай-дар тіршілік етеді. Бұл зоналарда сары шаяндар, бүйі, қаракұрт сияқты улы жәндіктер де кең таралған.
Субтропиктік белдеудің табиеат зоналары. Субтропиктік белдеуді қатты жапыракгы мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, субтропикгік дала, шөлейтжәне шөл, субтро-пиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар зонасы алып жатыр.
Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы. Жерорта теңізінің биік таулармен қоршалғай жағалауын алып жатыр. Мұнда жаз ыстық, кұрғақ, ал қыс жылы, жаңбырлы болады. Сондықтан өсімдіктер жыл бойы өсуін жалғастырып, мәщі жасыл сипат алады. Бұл өсімдіктер жаздың ыстықтығы мен күрғақтығына да жақсы бейімделген: беті жылтыр жапырақтары ұсаК әрі қалың болады, кейбіреулерінің бетін түк басқан. Ылғадцы, жылы қыста шөптесін өсімдіктер қаулап өседі. Зонада субтропиктік орманның кұнарлы қоңыр топырағы таралған. Ормандарды кесу нәтижесінде өсімдіктер сире-ген, сақталып қалған бөліктерінде тас қолшатыр тәрізді жерортатеңіздік пиния қарагайы, лавр агашы мен лавр шиесі, грек жаңгагы, зәйтүн, кипарис ағаш-тары өседі. Кесілген ормандар орнын мәңгі жасыл бұталар мен аласа ағаштар (бүлдірген агашы, мирта, аласа тас емен) алмастырған.
Тропиктікшөлдер Арабия түбегі мен Үндістандағы Гар шөлін алып жатыр. Еуразия шөлдеріндегі ең ыстықәрі кұрғақ климат осы жерлерге тән. Ертеректе климатгың біршама ылғалды болғандығын дәлелдейтін құрғақ өзен арналары (уәд), әсіресе Арабия түбегінде жиі кездеседі. Оларда қараған, шеңгел сиякзы тікенекті бұталар, ал жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда щрма пальмасы өседі. Арабиядағы орасан зор кеңістікті алып жатқан сусымалы құмдардан тұратын атақты Руб-әл-Хали шөлінде тіршілік жоқтың қасы. Ал тасты шөлдер мүлде құлазып жатады. Жануарлардан Арабияда желаяқ бөкен-дер, жабайы есек онагр, бір өркешті жабайы түйе нар (дро-медар), тареыл қорқау қасқыр мен шие бөрілер кездеседі, кемірушілер өте көп. Адам төзгісіз ыстық пен кұмды дауылдарға, су тапшылығына қдрамастан бұл шөлдер ар-қылы ежедден керуен жолдары өткен. Парсы шығанағынан табылған мол мұнай қорының игерілуіне байла-нысты шөлдерде қазіргі заманғы сәулетті қалалар мен едді мекендер салынып, адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарған.
Субэкваторлық белдеудегі зоналар. Жауын-шашынның түсуі мен мөлшері жыл мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Сондықган мұнда субэкваторлық
ауыспалы ылғадды ормандар мен саванналар таралған. Үндістан және Үндіқытай түбектерінщжауын-шашынның жылдық мөлшері 800 мм-ден аспайтын ішкі бөліктеріне саванналар тән болады. Мұнда астық тұқымдастарға жататын биік шөптер арасында пальмира пальмасы, хош иісті сандал агашы, тик және майлы агаштар өседі. Тик ағашының суда шірімейтін, өте қатты сүрегі кеме және вагон жасауда пайдаланылады. Ал биіктігі 35-37 м-ге, диаметрі 2 м-ге жететін майлы ағаш батпақты жерлерде құрылыс салуда қолданылады. 3-4 айға созылатын құр-ғақ мезгідде кейбір ағаштардың жапырағы түсіп, шөп-тесін өсімдіктер сарғайса, жазғы муссон кезінде саванна құлпырып, сан алуан түске боялады.
Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары Еуразия-ның оңтүстігіндегі араддарды алып жатыр. Жауын-ша-шынның жыл бойы мол түсуі, температураның тұрақты жоғары болуы тіршілік дүниесінің қарқынды дамуына жағдай жасайды. Бұл ормандарда өсімдіктердің 40 мың-нан аса түрі өседі, тек қана пальманы түрі бар. Ұзыңцьпы 200-300 м-гежетөгін, оралып өстяропишгпольшсьі мен лианалар ағаштарды шырмап, ит мысығы өтпейтін қалың ну орман (джунгли) кұрайды. Экваторлық орман-дарда жергілікті халық үй күрылысына, жиһаз бен қағаз жасауға пайдаланатын бамбуктың көптеген түрі өседі. Ағаш діңдерінде өсетін хош иісті, алуан түсті орхидеялар орманға айрықша көрік береді. Жануарлар дүниесі де алуан түрлі: муйізтумсықтар мен жабайы бұқалар кейбір түрлері басқа ешбір жерде кездеспейді- Маймылдардан макакалар мен ит тәрізді маймылдар, ірі жырт-қыштардан жолбарыс, қабыландар кездеседі.
Қазіргі
кезде жоспарсыз отаудың
Биіктік белдеулер
Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақтарға биіктік белдеулер тән болады. Таудың ең төменгі белдеуі тау орналасқан табиғат зонасына сәйкес келеді. Биіктеген сайын ылғалдануына қарамастан ауа температурасы төмендеп тіршіліктің қарқынды дамуын тежейді. Сондықтан тау ормандарындагы ағаштар онша биік болмайды, ал топырақ жамылғысы жұқарақ келеді. Таулардың биік бөліктерінде қатал табиғат жағдайына бейімделген ірі жыртқыштар мен тұяқты жануарлар сақталған. Олардың қатарына Тибет пен Па-мир таулары мекендейтін Тянь-Шань тауларын-дағы қар барысы мен ерекше кус уларды, Азияның биік тау-ларында тіршілік ететін аюлар мен арқарларды жатқьізуға болады. Биігсгік беддеулер Гималай мен Альпі тауларының оңтустік беткейлерінде айқын байқалады.
Мысалы, жауын-шашын өте мол түсетін Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі беддеу - терая (грек сөзі тера «кұбыжық» дегенді білдіреді) өте батпақты келеді. Мұнда бамбук пен пальмалардан, майлы агаш пен лианалардан тұратын қалың ну орманда буйволдар, жабайы пілдер мен қабыландар мекендейді. Биіктеген сайын климаттың өз-геруі әсерінен беддеулер ауысып отырады да, 4500-5000 м биіктікте мәңгі қар мен мұз беддеуі басталады. Гималай аса ірі тау жүйесі болғандықтан, оның беткейлеріндегі биіктік белдеулердің құрылымы бір-біріне мүлде ұқсамайды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Грюнберг А.В.
Картография с основами
2.Андреев Н. В.Основы топографии и картографии- Москва ,1972 г.
3.Қалыбеков С. Топография негіздері – Алматы 1993 ж.
4.Бахрамелев А. Картография –Москва 1986 г.
5.Дүйсенов С.
Қ. Географиялық белдеулер –
6.Полярлық координаттар. – Физика және география. 2005, N 6.
7.Госпадинов В. Г. Топография – Москва 1974 г.
8.Түсіпбекова Г. Географиялық
карта туралы жалпы мәліметтер.
9.География және табиғат –2006,N 2.
10.Коринский В.А. , Щенев
В. А. , Душина И. В. – Материктер
мен мұхиттар географиясы.
11.Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003, N 6 .