Еуразияның ішкі сулары (слайд)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 08:32, творческая работа

Описание работы

Еуразия материгі ішкі суға бай. Материкте әлемдегі ірі өзендер орналасқан; Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхе, Янцзы. Ең үлкен көл –Каспий теңізі, ең терең - Байкал көлі. Өзен климат және рельефтің өнімі. Климат-қоректенуі мен режіміне, ал рельеф- өзен суының ағысына әсерін тигізеді.

Файлы: 1 файл

Еуразияның ішкі сулары.pptx

— 2.24 Мб (Скачать файл)

Еуразияның ішкі сулары

Еуразия материгі ішкі суға бай. Материкте әлемдегі ірі өзендер орналасқан; Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхе, Янцзы. Ең үлкен көл –Каспий теңізі, ең терең - Байкал көлі. Өзен климат және рельефтің өнімі. Климат-қоректенуі мен режіміне, ал рельеф- өзен суының ағысына әсерін тигізеді.

Көл (түркі тілді басқа халықтарда кель, гель, куль)- тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар.

Еуразия материгінін негізгі көлдері

 

Байкал — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі әлемдегі ең терең көл және ең ірі тұщы судың табиғи сутоғаны болып табылады. Көл іші мен жағалауы өте бай флора мен фаунасымен ерекшеленеді. Жергілікті тұрғындар тарихи көлді «теңіз» деп атайды.

Байкал — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көл. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады. Ауданы 31,5 мың км², суының көлемі 23,6 мың км3. Ұзындығы 636 км, ені орта есеппен 48 км. Байкал — жер бетіндегі ең терең көл (1620 м), орташа тереңд. 730 м.

 Каспий теңізі — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды.

Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 16%, Әзербайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.

Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м.

Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су.

Еуразия материгінін негізгі өзендері

 

Янцзы – Еуразия құрлығындағы ең ұзын және мол сулы өзен, Қытай жерінде

Ұзындығы 5800 км, су жиналатын алабының аумағы 1808,5 мың км2. Бастауын Тибет таулы қыратының орталық бөлігіндегі 5500 метр биіктіктегі Тангла және Кукушили жоталарындағы мұздықтардан алып, Шығыс Қытай теңізіне атырау жасап (ауданы 80 мың км2) құяды. Янцзы аңғар, арна және ағын ерекшеліктеріне қарай 3 бөлікке бөлінеді:

жоғарғы ағысы – бастауынан Ибинь қаласына дейін (2700 км),

орта ағысы – Ичан қаласына дейін (1020 км)

төмен ағысы – атырауына дейін (2080 км).

Еділ (орыс. Волга) өзені - Еуропадағы өзен.

Еділ, Волга (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен. Ұзындығы 3530 км, су жиналатын алабы 1360 мың км2. Бастауын Валдай қыратынан (абсолюттік биіктігі 343 м) алып, Каспий теңізіне құяды. Сағасы теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Еділге екі жүзден астам салалар құяды.


Информация о работе Еуразияның ішкі сулары (слайд)