Географиялық ақпараттық жүйе туралы жалпы ақпарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 13:16, реферат

Описание работы

Карталарды жасау мен географиялық талдау абсолютті жаңашылдық емес. Бірақ ГАЖ технологиясы соған байланысты жалпы адамзаттың немесе белгілі бір ұйымның алдында тұрған мәселелерді шешуге ыңғайланған, жылдам, тиімді және заманға сәйкес бағытты ұсынады. Ол талдау мен болжау процедурасын автоматтандырады. ГАЖ-ды қолданысқа енгізгенге дейін географиялық ақпаратты толыққанды талдау, оған сәйкес оптималды шешімдерді қабылдау тек саланы меңгерген қоғамның белгілі бір бөлігінің ғана қолынан келген бола, қазіргі таңда арнайы құралдар мен бағыттардың арқасында бұл орта кеңейе түсуде.

Файлы: 1 файл

gis srs (2).docx

— 33.38 Кб (Скачать файл)

 

 

3 ГАЖ мүмкіншіліктері (нақты жағдайлар мысалында)

 

Жоғарыда атап кеткенде й, ГАЖ кеңістіктік сұраныстар жасап, оның анализін талдап шығарады. ГАЖ-дың мәліметтер базасында іздеулер салып, кеңістіктік сұраныстар жасауы көптеген компанияларға миллиондаған долларларды үнемдеуге мүмкіндік берді. ГАЖ-дың тұтынушылардың сұраныстарына жауап алуға,  керекті іс-шараларға сәйкес келетін аумақтарды тауып беруге, әр түрлі параметрлер арасындағы байланыстарды шығаруға, электр желілерінің тұйықталған немесе ажыратылған нүктелерін анықтауға кететін уақытты қысқартуға, әрі жұмыс сапасын жақсартуға көмегі мол.

Риэлторлар геоақпараттық  жүйелерді белгілі бір аумақтардағы шиферлі шатырларды, үш бөлмесі бар  немесе 10 метрлік асханасы бар үйлерді  анықтау сияқты құрылыстардың барлық нақты сипаттамасын алу үшін қолданады. Тіпті сұраныстар қосымша параматерлерді енгізу арқылы (мысалы, бағалық немесе құрылыс мерзімі) нақтылана алады. Белгілі бір магистральдан немесе жұмыс орнынан нақты бір қашықтықта орналасқан  барлық үйлердің тізімін сұратуға да болады.

Геоақпараттық жүйелерді  пайдаланатын көптеген ұйымдар оның негізгі артықшылығы өз ұйымын басқаруда  бұрыннан сақталған мәліметтерді географиялық негізде біріктіріп және оларды ұйым бөлімшелерімен модификациялау арқылы жұмыс тиімділігін жақсартуға болатыны деп тапқан. Біріге қолдану мен  әр түрлі бөлімдермен мәліметтер базасын тұрақты түрде жаңартып отыру әрбір функционалдық қызметтің  жұмысын да, жалпы ұйымның жұмыс  тиімділігін арттырады. Мысалы, инженерлік коммуникациялармен айналысатын компания компьютермен-ақ жөндеу немесе профилактикалық жұмыстарды жоспарлап, теориялық негізде жүзеге асыра алады: су құбырларының орналасуын, бағытын, физикалық сипаттамаларын, сонымен қатар, осы жұмыстар әсерін тигізуі мүмкін жақын арадағы тұрғындар туралы мәліметтер, оларды су ағымын тоқтату мерзімдерімен хабарлау, т.б.

Геоақпараттық жүйе – бұл  шешімдерді шығаратын арнайы құрал  емес, оны қабылдауды жылдамдататын, тиімділігін арттыратын жүйе. Ол әр түрлі критерийлер бойынша жоспарлау органдарының сұраныстары, территориялық мәселелерді шешу, нысандарды оптималды түрде орналастыру бойынша сұраныстарға жауап береді. Шешімдерді қабылдауға керекті мәліметтер қосымша мәтіндік түсініктемелер, графиктер және диаграмалары бар ықшамдалған картографиялық формада берілуі мүмкін.

Геоақпараттық жүйеде карталарға ерекше мән берілген. ГАЖ-да карталарды жаса бұрыннан келе жатқан дәстүрлі қолдық немесе автоматтық картографиялаудан  гөрі қарапайым келеді. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады. Бастапқы мәліметтер көзі ретінде кәдімгі қағаз карталардың оцифровкасын қолдануға болады. ГАЖ-да жасалатын карталар үздіксіз болуы және белгілі бір масштабпен байланыстырылмауы мүмкін. Мұндай мәліметтер базасының негізінде кез келген территориядағы, масштабтағы, керекті символды белгілеу арқылы, т.б. карталарды жасап шығаруға болады. Ірі ұйымдарда құрастырылған топографиялық мәліметтер базасын басқа бөлімдермен бірге негіз ретінде қолданылады, сонымен қатар, оларды жергілікті және жаһандық желілер бойынша таратуға және көшіруге мүмкіндік болады[5].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі таңда геоақпараттық  жүйелер – әлемнің әр түкпірінде әр салада жұмыс істеп жүрген жүздеген адамдарды қамтып отырған ауқымды  индустрия. Геоақпараттық жүйелерді  университеттерде, колледждерде, тіпті  мектептерде оқытуда. Бұл технологияларды  адамзат іс-әрекетінің барлық салаларында  – халықты көшіру, аумақтың ластануы, ормандардың азаюы, табиғат апаттары сияқты жаһандық мәселелер мен жаңа кеңсені дұрыс орналастыру, пунктер  арасында маршрутты іздеу, үйді мекенжайы  бойынша табу, жергілікті жерге құбыр  жолдарын орнату, әр түрлі муниципалды  міндеттер сияқты жекеленген мәселелерді  шешуде қолданады.

 Кез келген географиялық  ақпарат кеңістіктік орналасу  жөніндегі мәліметтерге ие, ол  географиялық координаттар бойынша  байлау болсын, мекенжайға деген  сілтеме, пошта индексі, сайлау  округі немесе халық санағын  жүргізу, жер немесе орман учаскесінің  идентификаторы, жолдың атауы, т.б. Мұндай сілтемелерді қолданғанда орналасқан жерді немесе нысандарды автоматты түрде анықтау кезінде геокодтау деп аталатын үрдіс қолданылады. Оның көмегімен картада кез келген нысанды немесе құбылысты қарауға болады. Мысалы, үйлер, кәсіпорын, мекемелер, жер сілкінісі немесе су тасқыны болған аумақты табу, керекті пункт немесе орынға қай маршрут бойынша оңай әрі тез жетуге болатынын анықтауға болады.

ГАЖ құраушыларының шарттары бірінші кезекте қолданушымен анықталады, оның алдында нақты мәселесі бар (табиғат ресурстарын есептеу, қала инфроқұрылымын басқару), бұлар табиғат  жағдайларымен және оны игеру  деңгейімен ерекшеленетін белгілі  бір территория үшін  шешілу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Коновалова Н.В., Капралова Е.Г. Введение в ГИС: Учебное пособие.-М,. 1997. – 160 б.;
  2. Дәрістер жиынтығы
  3. Структура геоинформационных систем: [Электронды ресурс]//gis-laris.narod.ru/strukturagis.htm (09.10.13);
  4. Географические информационные системы: Основные понятия и определения: [Электронды ресурс]//edu.dvgups.ru/METDOC.htm (09.10.13);
  5. Создание и трансфер технологий. Геоинформационные системы: [Электронды ресурс]// cttgroup.ru/solutions/geoinformsyst.htm(09.10.13).

 

 


Информация о работе Географиялық ақпараттық жүйе туралы жалпы ақпарат