Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:54, реферат
Израиль – Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша – мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көл. 14 мың км2, ал 1948 – 49 жылдары араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20,7 мың км2.
Израильдің астанасы – Иерусалим қаласы, дегенмен қаланы толық бақылау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдер тарапынан мойындалған жоқ.
Израиль
«Еврей» атауының шығу тегі. Еврейлер, йегудим (ивриттегі өздерінше атауы), йид немесе айид (идиштегі өздерінше атауы), еврей халқына жататын тұлға. Еврей этнонимі шіркеулік-славян тілі арқылы гректің эбрайос («еврей»), ал бұл өз кезегінде ивриттің иври, яғни «о дүниеден (келуші)» дегенді білдіреді. Грек тіліндегі - ebraios, латын тіліндегі - hebraeus, орыс тіліндегі "иудей" гректің iudaios, ивриттің исхуди дегенінен шыққан. Алғашында «исхуди» атауы Иаков Исхуданың төртінші ұлының ұрпақтарына қатысты болған, ал кейіннен – тайпалық қатыстылықтарына қарамастан Иудей мемлекеті тұрғындарының бәріне қатысты айтыла бастаған. Иврит тілінде сөйлейтін еврейлер өздерін Исраэль (Израиль) деп атаған. Қазақстандағы саны – 6743 адам (1999 ж.).
Израиль – Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қ
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көл. 14 мың км2, ал 1948 – 49 жылдары араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20,7 мың км2.
Израильдің астанасы – Иерусалим қаласы, дегенмен қаланы толық бақылау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдер тарапынан мойындалған жоқ.
Иерусалим көне карталарда әлемнің орталығы болып бейнеленген. Бұл қаланың жасы үш мың жылдан астам. Еврейлер үшін Иерусалим қаласы Израильдің өзі болып есептеледі; бұл Давида мен Соломон шіркеуінің атақты орны. Еуропа халқының мәңгілік астанасы. Христиандар үшін Христостың соңғы күндерін сүрген және керілу мен жанданған жері, сондай-ақ құпия сырдың орны. Мұсылмандар үшін қасиетті Әл-Қудждің атымен көкке ұшқан күні. Иерусалим үш қаланың бір қала болып көрінгені тәрізді. Қаланың бүгінгі көрсінісі: Батыс Иерусалим – еврей анклавы; Шығыс Иерусалим – онда негізінен арабтар қауымы тұрады; бұл конгломераттың ортасында Көне қала орналасқан.
Израиль жері – ежелгі мәдениет гүлденген аймақ. Еврейлер өздерін осы аймақты мекендеген ежелгі ұлт деп есептейді.
Иврит тілі. Иврит — мишнаиттік кезең тілінің негізінде қалыптасқан ежелгі еврей тілінің қазіргі модификациясы. Жаңа сатыдағы семит тілдеріне жатады. Израиль мемлекетінің ресми тілі. Иврит тарихында библиялық, библиялықтан кейінгі, талмудтық, ортағасырлық, Хаскали дәуірі (18 ғ.) және қазіргі заманғы кезеңдер ерекшеленеді.
Ежелгі мемлекеті. Израиль мемлекеті еврейлік дәстүрмен Израль халқына мұраға қалдырылған Израиль елінде пайда болған. Бұл Иисустың дүниеге келген және мұсылман дінінің елшісі Мұхаммедтің көкке көтерілген жері. Иисус Израиль елін римдектер басқарып отырға нкезде дүниеге келген. Біздің эрамыздың IV ғасырында Израиль елі көпшілік санасына Қасиетті Жер ретінде қалыптаса бастады. Елде көптеген шіркеулер мен монастырлер салынды. Мұнда қасиетті тастар сақталады.
640 жылы Израиль елі Омар халиф әскерімен жауланды. Арабтардың жаулап алуы Израиль елінде мұсылман билігінің бастамасы болды. Осы кезде мәдениет пен діннің алмасу үрдісі басталды. Мұсылман дәстүрі бойынша Иерусалим қаласы қасиетті болып есептеледі, себебі, Мұхаммед елші осы қаладан көкке кеткен. Егер басында мұсылман арабтары хрисандарға Иерусалим қаласына кіруге рұқсат берсе, XI ғасырдан бастап Иерусалимге христиандарға кіруге рұқсат бермеді. Осы кезде II Урбан Папасы Европа рыцарьларын жинап, мұсылман қоластынан қасиетті жерлерімізді аламыз деген ұранмен шабуылға шықты. Осылайша 1099 жылы Иерусалим қаласын басып алды. 1187 жылы Египет пен Сирия әскері темпилерлерді талқандап,мәмлүктердің билігін орнатты. Израиль елінің тарихында ерекше орын алатын Наполеонның Шығысқа Египеттік жорығы немесе Таяу Шығыс жорығы болды. Наполеонның қасиетті жерге келуі европалықтардың көзін қайта ашты. Олар енді аймақтың экономикалық және стратегиялық маңыздылығын қайта аңғара бастады.
XX ғасырдағы Израиль. Қазіргі Израиль мемлекеті 1947 жылы 29 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімі негізінде 1948 жылы 14 мамырда өз тәуелсіздігін жариялаған. Оған бұрынғы Палестина жерінің 56%-ы (14 мың км2) беріліп, Израиль мен оның төңірегіндегі аймақ бейтарап зона деп жарияланды. Жаңа мемлекет құрыла салысымен оған қарсылық ретінде бірнеше араб мемлекеті басып кірді. Соғыс 1 жылдан аса уақытқа созылып, Израильдің пайдасына шешілді. Ол басқа елдердің қарсылығына қарамастан, БҰҰ шешімімен арабтық Палестина мемлекетіне берілген жердің көп бөлігін (6,7 мың км2) және Иерусалим қаласының батыс бөлігін басып алды. Израиль басып алған жерлерінен 1 млн-нан аса арабтарды қуып жіберіп, БҰҰ-ның 1948 жыды 11 желтоқсанда шығарған босқындардың отандарына қайтып оралу құқы туралы қарарын орындаудан бас тартты.
1949 жылы Израиль Египетпен (25 ақпан), Ливанмен (23 наурыз), Иорданиямен (3 сәуір), Сириямен (20 шілде) уақытша бітім жасасты. Бірақ арабтармен екі арада соғыс тоқтатылған жоқ.
1956 жылы Израиль Ұлыбритания және
1967 жылы маусымда Египетке, Сирия мен Иорданияға тұтқиылдан шабуыл жасап, жеңіске жетті де, арабтардан Синай жарты аралын, Газа секторын, Иордан өзенінің батысын, Иерусалимнің арабтық бөлігін, Голан жотасын басып алды.
1973 жылы қазан айында қайта басталған Израиль мен араб елдері арасындағы соғыс БҰҰ-ның талабымен желтоқсан айында тоқтатылды.
1975 жылы Синайдан әскерді әкету туралы Египетпен арада келісім жасалынды. 1978 жылы Кэмп-Девидте (АҚШ) Египет пен Израиль арасында тағы келісім жасалып, Египет Синайды өзіне қайтарып алды.
1980 жылы Израиль үкіметі Иерусалимді “өзінің біртұтас және бөлінбес астанасы” деп жариялап, Сирия жері болып табылатын Голан жотасын өзіне қосып алғандығын жариялады. Бұл әрекет БҰҰ тарапынан заңсыз деп айыпталды.
1981 жылы Израиль мен АҚШ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
1982 жылы маусымда Израиль әскерлері Ливанға басып кіріп, астанасы Бейрут қаласын қоршауға алды және онда тұрған Палестинаны Азат ету ұйымының қарулы жасақтары штаб-пәтерін елден кетуге мәжбүр етті. Ливанның оңтүстігіне басып кірген әскер тек 2000 жылы кері шығарылды.
1995 жылы Газа секторы автономияға қол жеткізді. Дегенмен әлі де араб елдерімен арада бейбіт келісімдерге қол жетпей отыр.
Израиль табиғаты. Израиль
теңіз жағалауында, 500 – 1000 м. биіктіктегі таулы қыратта орналасқан. Климаты субтропиктік. Солтүстік жауын-шашынды, оңтүстікке
қарай жартылай – шөл және шөлейтті. Солтүстік-шығысында Иордан өзе
Солтүстігінде – Ливанмен шекараласады.
Солтүстік-шығысында – Сириямен, шығысында – Иорданиямен, ал оңтүстік батысында Мысырмен шекараласқа
Израиль климаты. Израиль климаты әртүрлі болып келеді. Елдің орталық және солтүстік бөліктерінде Жерорта теңіздік климат, яғни, ыстық жаз бен жаңбырлы қыс. Израильдің оңтүстік және шығыс аумақтарында шөлді климат. Шөл мен теңізге жақын аудандарда жартылай құрған зона. Күз бен көктем елге келуге ең ыңғайлы кезең. Жазы ыстық. Шілде-тамыз айларындағы орташа температура - 24 – 28°С, Гхор ойпатында 36°С-ке дейін. Қысы жылы, оңтүстік-батыста қаңтардағы температура - 6 – 14°С, ал қалған өңірлерде 18°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері Гхор ойпаты мен Негев шөлінде 100 – 200 мм, кей жерлерде тіпті 100 мм-ге дейін, таулы жерлер мен Жерорта теңізі жағалауларында 400 – 800 мм. Жауын-шашын, негізінен, қыс айларында болады.
Израиль ландшафты. Израиль негізінен үш регионға бөлінеді: теңізге жақын орналасқан теңдік, таулы регион және Иордан даласы. Теңіз теңдігі – елдің батыс бөлігі. Ал шығысына таман қыраттар бар. Таулы район – солтүстігіндегі Ливаннан бастап оңтүстігіндегі Эйлат шығанағына дейін созылған және теңіз теңдігі мен Иордан даласының ортасында жатыр. Таулы аймақтың солтүстігіндегі климат – жерортатеңіздік, жаңбырлы, ал оңтүстігінде – шөлейт. Самари және Иудей қыраттарының солтүстік бөліктері сәйкесінше Самари мен Иудей шөлдеріне ұласады. Иордания даласы – солтүстігінде Метуладан бастап оңтүстігінде Қызыл теңізге дейін жалғасып, бүкіл Израильді басып өтеді. Иордан Израильдің ең үлкен өзені. Ол Иордан даласы арқылы ағып жатыр. Иордан өзені өз жолында Киренет өзенін және тұзды Өлі өзенді қосады.
Израильдің флора мен фаунасы. Израиль климаттық және географ
Израиль
экономикасы. Израиль - дамыған аграрлы-индустриальды
ел. 1995 жылғы есеп бойынша,
жылдық ұлттық табыс 70 млрд. доллар шамасында,
әр адамға шаққанда жылдық табыс мөлшері
– 14,4 мың доллар. Елде меншіктің
үш түрі (жеке меншік, мемлекеттік, кооперативтік
– кәсіподақтық), әскери өнеркәсіп жақсы
дамыған. Дегенмен Израиль экономикасы,
негізінен, сырттан АҚШ пенЕуропа Одағы елдері тарапынан қаржыландырып
отырады. Қорғанысқа ұлттық табыстың 15%-нан астамы жұмсалады. Елде жыл
сайын сырттан келетін еврей ұлтты иммигранттарға қолайлы жағдай
туғызылған. 1983 – 1996 жылдары елге ТМД
елдерінен 800 мыңнан астам адам келіп
қоныстанды. Экономикадағы өнеркәсіптің
үлесі – 21%, ауылшаруашылығы – 3%. Елде медициналық электроника, байла
Израильдің
мемлекеттік құрылымы. Израильде ел Конституциясы жоқ.
Мемлекеттік құрылымдар жекелеген заң актілері
бойынша реттеліп отырады. Мемлекет басшысы
– парламент (кнессет) 4 жылға сайлайтын
президент. Бірақ оның билігі шектеулі. Үкімет билігі премьер-министрдің қолы
Израиль мемлекеті 1948 жылы 14 мамыр күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылдың 29 қарашасында қабылданған №181 қарарына байланысты құрылғандығы туралы жариялады. Тәуелсіздік декларациясына байланысты Израиль еврейлік мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Израиль көпұлтты және демократиялық мемлекет болып есептеледі, онда еврейлермен бірге басқа да этникалық және діни топтардың да тең құқықтары сақталады. Кнессетте друз және бәдәуи депутаттары, араб партиялары және депутаттары көрсетілген. Израиль мемлекетінің билігі демократиялық қағидаларға сүйеніп, үш тармақтан тұрады: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі. Кнессет – израильдік парламент – партиялардың пропорциялық өкілдігімен 120 депутаттан тұрады. Парламенттік сайлаулар әр төрт жыл сайын болып тұрады. Кнессеттің құпия дауыс беру арқылы үкіметті тарату құқығы бар. Израиль мемлекетінде жинақталған конституция жоқ, оның орнын уақытша негізгі заңдар жинағы атқарады. 2003 жылы Кнессетте осы заңдарға негізделіп конституцияны құрастыру жобасы басталған.
Израиль мемлекеті парламенттік жүйе арқылы басқарылады және барлығының сайлауға құқығы бар демократиялы ел болып танылады. Президент – формальді түрде мемлекет басшысы, бірақ негізінен оның қызметі – салтанат құру (церемониальные). 2000 жылғы қабылданған заң бойынша Президент 7 жылға бір рет қана сайлану құқығы бар.
Премьер-министр үкімет басшысы болып табылады және өзінің орнында төрт жыл отырады. Әдетте, парламенттік сайлау кезінде көп дауыс жинаған партияның төрағасы премьер-министрлікке тағайындалады. Егер кандидат Кнессеттің көпшілігінің қолдауын таба алмаса және 45 күннің ішінде үкіметті құра алмаса, онда оның орнын екінші көп дауыс жинаға партияның төрағасы алады. Егер үкімет 75 күннің ішінде құрылмаса, қайта сайлаулар жүргізіледі.
Сот билігінің жоғарғы органы – Жоғарғы Сот (Әділдіктің Жоғарғы Соты). Ол азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын соңғы инстанциясы болып табылады, сонымен қатар, конституциялық соттың да рөлін атқарады.
Израильде бір де бір партия абсолюттік басымшылыққа ие болмайтын көппартиялы жүйе қалыптасқан. Бұл жүйе Израиль мемлекеті 1948 жылы құрылғанға дейін қалыптасқан. Бастапқы кезде негізгі күшті социалистік бағыттағы партиялар құрады («МАПАЙ» сияқтылар). Сонымен қатар, оңшыл партиялар болды (ең салмақтысы – «Херут»), олардың арасындағы «Эцель» және «Лехи» саясатпен қатар ағылшын оккупанттарына қарсы террористік қызметпен айналысқан.
Израиль мемлекеті құрылғаннан кейін үкіметті «МАПАЙ» басқарды, ал оның көшбасшысы Давид Бен-Гурион премьер-министрі болды. 1950 жылдары өте солшыл «МАПАМ» алып күшке ие болды. «Ревизионистер» партиялары («Херут») және либералды-буржуазиялық бағыттағы партиялар сол кезде оппозицияны құрады.
Израильде партияларды оңшылдар және солшылдар деп бөлінуі басқа мемлекеттерде танылған дәстүрлі түсініктен ерекшелеу. Партияларды мынадай қағидаларға байланысты бөлуге болады: бейбіт үрдіске көз-қарас және дінге көз-қарас.
Дәстүрлі түрде арабтармен болған конфликтті бейбіт түрде шешуге талпынатын солшыл партиялар болып табылады; бұл партиялар («Авода», «Яхад-Мерец» сияқты және араб партиялары) көптеген территориялық шегіністерге дайын. Оңшыл партиялар («Ликуд», «Мафдал-Ихуд Леуми» сияқтылар) қатаң бағыттарды ұстанады. Қазіргі кезде үкіметті Биньямин (Биби) Нетанияху бастаған оңшыл орталық «Ликуд» партиясы басқарады. «Кадиманың» көшбасшысы Ципи Ливни бейбіт келісімдерге дайын екендігін білдірген болатын (мысалы, Аннаполистегі конференция).
2009 жылғы ақпанда болған сайлауда Кнессеттің 18 отырысына (созыв) өткен партиялар: