Экологиялық мониторинг және оның түрлері ,жүргізілуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2015 в 10:32, реферат

Описание работы

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг – антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі.

Файлы: 1 файл

Асылзат.doc

— 46.00 Кб (Скачать файл)

Экологиялық  мониторинг және оның    түрлері ,жүргізілуі

Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг – антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады: 1 қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау. 2 табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.3 қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару. Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады. Мысалы: Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар: биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен); дистанционды (авиациялық және космостық); аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау). Бақылау обьектілері бойынша: қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа); биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі). Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық – аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.

Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг – бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі – биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Экология ғылымының даму тарихы 

Экология ерте заманда пайда болған. Себебі тірі организмдердің оны қоршаған бейорганикалық және органикалық заттарға әсері қандай болатынын білу қажет болды. Сол кездің өзінде Аристотельдің (384-322 біздің э.д.), Р. Бойльдің (1627-1691) және т.б. ғалымдардың еңбектері осыларды қарастыра бастаған. 
Экологияның даму кезеңін үш этапқа бөлуге болады. 
1 этап – Х1Х ғасырдың 60-шы жылдарына дейін. Бұл аралық экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл этапта тірі организмдердің қоршаған ортамен және олардың өмір сүретін ортасы туралы алғашқа ғылыми шолулар жасады. 
XVII-XVIII ғасырда А. Реомюр, 1734 ж. т.б. ғалымдар өздерінің көртеген биологиялық жазбаларында экология туралы жаза бастады. 
Осы кезде Ж. Ламарк (1744-1829ж) және Т. Мальтус (1766-1834ж) ең алғашқы рет адамның табиғатқа көп зиян келтіріп жатқаны туралы ескертулер жасап жаза бастады. 
2 этап – Х1Х ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдарына дейін. Бұл кезеңде экология өз алдына ғылым болып шықты. Осы кезеңнің басында К.Ф. Рулье (1814-1858ж), Н.А. Северцова (1827-1885ж) және т.б. көптеген орыс ғалымдары экологияның алғашқы принциптерін және түсініктемелерін берді. Олар осы күнге дейін күшін жойған жоқ. 
1809-1882ж Ч. Дарвин органикалық өмірдің негізгі факторларын ашты. Оны ол “өмір сүру үшін күрес” деп атады. 
Одан кейін 1834-1919ж неміс ғалымы биолог-эволюционист биологияның негізгі бөлігі экология деп атады (1866ж).  
“Экология” грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны білдіреді (ойкос – үй, тұратын жер; логос – ілім, білім). Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай берді: “Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен өсімдіктердің өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық өркениеттерінің бүкіл жиынтығын зерттейтін ғылым деп айтамыз”. Бұл анықтаманы Э.Геккель “Организмдердің жалпы морфологиясы” деген кітабында берді. 
ХХ-шы ғасырдың басында экология өз алдына ғылым болып шықты. Осы аралықта Ч.Адамс (1913ж) экология туралы бірінші анықтама берді және оданда басқа негізгі шолулар басылып шықты. 
ХХ-шы ғасырда орыстың ғалымы В.И. Вернадский “биосфера” туралы ғылым еңгізді. 
30-шы және 4-шы жылдары (ХХ ғасырдың) экологияның дамыған кезеңі. Экологияның классикалық бағыттарының біріккен кезеңі. Мысалы: өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, микроорганизмдер экологиясы. 
1935 ж А. Тенсли ағылшын эколог-зерттеуші “экосистеманы”, одан кейін В.А. Сукачев “биогеоценоз” деген ұғымдарды еңгізді. 
Экосистема – тірі организмдердің белгілі бір уақытта өмір сүретін ортасы, сонымен қатар топырақтың климаттық физикалық, химиялық өзгерістері және әртүрлі организмдердің сыртқы ортамен әсерлесуі. 
Бұл терминді әртүрлі көлемдегі биоценозға қолдануға болады. 
- микроэкосистема (аквариум, шалшық, арық) 
- мезоэкосистема )талшық, жапырақты орман, жалпақ жапырақты орман) 
- макроэкосистема (океан, тропикалық орман) 
Ең кішкентай экосистема ол жалғыз ағаш барлық сонда өмір сүретіндермен, ең үлкен экосистема жер шарындағы “биосфера”. Экологиялық система табиғи және жасанды болады. Мысалы, жасанды экосистема космостық кеме. 
Ғалымдар барлық жер бетіндегі тірі организмдеріді үш үлкен болкқа бөледі: 
Продуценттер – жер бетіндегі тірі организмдер жай бейорганикалық қосылыстардан күннің энергиясының әсерімен күрделі органикалық заттар түзеді. 
Консументтер – дайын органикалық заттарды жейтін тірі органикалық организмдер. 
Редуценттер – жаны жоқ органикалық заттарды жай бейорганикалық заттарға айналдыратын тірі организмдер. 
Жаны жоқ (өлген) органикалық заттар – құлаған жапырақтар, бұтақтар, ағаштар, өліктер және т.б. 
Осы үш бөлікті экосистеманың “биотикалық бөлігі” немесе “биотикалық” фактор деп атайды (биота - өмір, өмірлік). 
Экосистемаға, организмге әсер ететін ортаның физика-химиялық жағдайлары жатады. Бұл – температура, ылғалдылық, жердің рН-ы, жел, күн сәулесі т.б. факторлар. 
Бұлар “абиотикалық” фактор деп аталады. “а” деген ортаның тірі факторы емес деген сөз. 
3 этап – ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдардан басталады және қазіргі уақытқа дейін. Экологияның комплексті ғылымға айналу кезеңі. Оның қатарына “адамды қоршаған ортаның табиғатың қорғау” деген ғылымда кіреді.

 


Информация о работе Экологиялық мониторинг және оның түрлері ,жүргізілуі