Кұрылысшылардың еңбек гигиенасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 19:43, реферат

Описание работы

Әйелдер денсаулығын қорғаудың әлеуметтік-медициналық маңызы өте зор.Себебі болашақ ұрпақтың саулығы,оларды туғаннан бастап тәрбиелеу,өсіру әйел денсаулығына байланысты.Тағы бір маңызды мәселе-халық санының тең жартысынан көбі әйелдер және олардың мемлекеттік,өндірістік.қоғамдық жұмыстығы үлесі айтарлықтай.Сондықтан әйелдер денсаулығын сақтау,ана және сәби өлімін азайту,әйелдер және балалар аурушаңдығын төмендету,жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелерінің әлеуметтік-медициналық маңызы зор деп есептелінеді.

Содержание работы

I.Кіріспе
1. Әйелдер денсаулығын қорғаудың әлуметтік медициналық маңызы.
II. Негізгі бөлім
Әйелдерге емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастырудың негіздері (Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заң)
Әйелдерге акушерлік – гинеологиялық жәрдемді ұйымдастыру .
Балаларға емдеу-профилактикалық жәрдем көрсететін мекемелердің негізгі түрлері.
Балалар емханасының негізгі міндеттері
Учаскелік балалар дәрігері жұмысының негізгі бөлімдері.

Файлы: 1 файл

Әйелдер денсаулығын қорғаудың әлеуметтік.docx

— 26.52 Кб (Скачать файл)

  Әйелдер денсаулығын қорғаудың әлеуметтік-медициналық маңызы өте зор.Себебі болашақ  ұрпақтың саулығы,оларды туғаннан бастап тәрбиелеу,өсіру  әйел денсаулығына байланысты.Тағы бір маңызды мәселе-халық санының тең жартысынан көбі әйелдер және олардың мемлекеттік,өндірістік.қоғамдық жұмыстығы үлесі  айтарлықтай.Сондықтан әйелдер денсаулығын сақтау,ана және сәби өлімін азайту,әйелдер және балалар аурушаңдығын төмендету,жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелерінің әлеуметтік-медициналық маңызы зор деп есептелінеді.

     Қазірігі уақытта  әйелдер денсаулығын қорғаудың  мемлекеттік жүйесі бар.Бұл жүйенің  негізі 1997 жылдың желтоқсан айынан  басталады.Себебі осы уақыттан бастап әйелдерге қамқорлық жасау үшін Халық комиссариатының жанынан ана және баланы қорғау бөлімі ашылды,ал кейін 1918 жылдың шілде айынан бастап Денсаулық сақтау халық комиссариаты ұйымдастырылған соң соның құрамына қосылды.1917-1920 жылдардан бастап ана мен баланы қорғау үшін олардың денсаулығын нығайту мәселелерімен шұғылданатын арнайы емдеу-профилактикалық мекемелер ашылды.

    1922 жылдан бастап  ананы және баланы  қорғау ,сәбилердің денсаулығын зерттеу журналдары  Мәскеуде шыға бастады . Сондай-ақ  1922 жылдан бастап Мәскеуде және басқа да ірі қалаларда, сонымен қатар Алматыда 1932 жылы ана мен сәбиді қорғау ғылыми зерттеу институтты ашылды.

    Ауылдық жерде  ана мен баланы қорғау  жөніндегі  мекемелер тек  қана 1935 жылдан бастап кеңінен ұйымдастырыла бастады.

    Ұлы Отан соғысы  кезінде үкімет арнайы жарлықпен  жүкті әйелдерге, жас балалы  аналарға қосымша тамақ, азық-түлік  алуға мүмкіншілік жасады.

    1944 жылы жылы  жүкті әйелдерге,көп балалы және жалғыз басты аналарға мемлекеттік көмекті көбейту,ана мен баланы қорғауды күшейту,көп балалы аналарға Батыр ана деген құрмет атағын,Ана даңқы ордені,Аналық медалін беру туралы жарлық қабылданды.Соғыстан кейін ана мен баланы қорғау жұмысына көп көңіл бөлінді де, 1936 жылы,1977 жылы қабылданған Конституцияларда ,арнайы баптар белгіленді.Сонымен қатар 1969 жылы қабылданған үкіметтің қаулысы ана мен баланы қорғау ,оларға емдеу-профилактикалы қ жәрдем көрсету мәселелеріне арналды.

«Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңында екінші тараудың 54-бабында ананың денсаулығын қорғау туралы құқы келтірілген. Сонымен қатар «Еңбек туралы » заңда да әйелдердің ,жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін оларды зиянды өндірістерде жұмыста пайдаланбау көзделген.Бірақ іс жүзінде республикамызда әйелдердің бір қатары денсаулығына зиян келтіретін кәсіпорындарда жұмыс  істейді.Әсіресе  жергілікті жеңіл,химиялық өнеркәсіптерде,саудада,байланыс жүйесінде  ,мал шаруашылығында жұмыс істейтін әйелдерің саны көп.Статистикалық деректерге жүгінсек,әрбір 10-11 жұмысшы әйел денсаулығына зян келетін жағдайда  қызмет жасайды.

 Сонымен қатар   Республикада әлеуметтік көмек  көрсету мәселесі де өз шешімін  таба бастады. Ол әйелдерге бала туғанда қаржылай көмек көрсету,әйелдерді қиын және денсаулығына зиян келетін жұмыстарға жұмсамау,жүкті әйелдерге жұмыста дұрыс жағдай жасап ,дәрігерлердің кеңесін орындалуына жағдай жасау ,жұмыс жасайтындарға босанғанға дейін 70 күн демалыс беру,егер босану жағдайына байланысты аурудың асқынушылығы байқалса,оонда босанғаннан кейін 70 күн демалыс беру, ал 1,5 жасқа толғанға дейін тәрбиеленуіне қаражат бөліп тұру,бала ауырғанда оны күтуге  мүмкіншілік беру,яғни  уақытша еңбектен босату,сол уақытқа толық қаражат төлеу.

Біздің республикамызда әйелдерге ммедициналық көмек көрсету үшін арнаулы  медицина мекемелерінің жүйесі ұйымдастырылған.Олар:әйелдер консультациясы,перзентхана,әйелдер босанатын үйлер,аналар мен балаларды қорғау ,ғылыми зерттеу институттары,пансионаттар,санаторийлер.

НЕгізгі акушерлік-гинекологияллық  көмек көрсететін орын-ол әйелдер  консультациясы.Оның ең басты міндеті-әйелдердің денсаулығын нығайтуға бағыттылған  жұмыс жүргізу.Ол үшін:

1)Жүкті әйелдердің денсаулығын  қорғау және анаға да ,балағада  босану кезінің зиянсыз өтуііне  жағдай жасау

2)жүкті әйелдерге және  бала емізетін аналарға да  заңды түрде көмек көрсетуді ұйымдастыру

3)әйелдерді жасанды түсік  тастаудан сақтандыру үшін оларды  және жолдастарын контрацепция  әдістеріне үйрету

4)диспансерлік бақылау  арқылы гинекологиялық аурудан  сақтандыру,аурудың алдын алу  және емдеу

5)әйелдердің жұмыс   және тұрмыс жағдайын зерттеу .керек кезінде жұмыс жағдайын және жүктә әйелдер мен гинекологиялық   ауруға шалдаққандарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру

6)халықтың санитарлық  сауаттылығын жетілдіру  және  жасөспірім  қыздардың,жас әйелдердің  жүктіжәне бала  емізетін әйелдердің  сонымен қатар егде  әйелдердің  арасында арнайы санитарлық-гтгтеналық  білімді ,дағдыны енгізу

7)жүкті әйелдерді баланы  уақытнан бұрын босанудан сақтандыру

8)аналар өлімі ,өлі  туулықты және сәбилер өлімін  азайту

Әйелдер консультациясының  құрылымы оның түріне және категориясына  байланысты.Бірақ бәрінде де тіркеу жүргізу орны(регистратура),жүкті  әйелдерді қабылдайтын бөлмелер, жаңа босанған және гинекологиялық ауруы  барларды қабылдау бөлімшелері,шағын  операция бөлмесі;басқа мамандардың(терапевт,стоматолог,заң  қызметкерінің )кабинеттері болады.Осв  аталған әлеуметтік-құқықтық,терапевтік,венерологиялық,стоматологиялық  кабинеттер әйелдер консультациясында  учаскелер саны 8-ден көп болса  ашылады.

Әйелдер консультациясының  жұмыс кестесі «жылжымалы»болады,себебі әрбір дәрігер өзінің учаскесіндегі әйелдерді оларға ыңғайлы уақытта қабылдауы керек .Қабылдау уақыты таңертеңгі сағат 8-ден -20-ға дейін, ал шағын операция жасау 9-дан-18-ге дейін жүргізіледі.Егер жүкті әйелдер немесе гинекологиялық аурулар консультацияға келе алмайтын болса ,онда дәрігер науқас адамды үйіне барып емдеуі керек.Үйінде қарауға әрбір ауруға  45-50минут уақыт бөлінеді.

Әйелдер консультациясы жұмысының  тағы бір маңызды тармағы –санитарлық  –ағарту жұмысы.Ол үшін әрбір дәрігер  айына 4 сағат ағарту жұмысымен шұғылданады(дәріс  оқу,санитарлық бюллетень шығару т.б)

Әйелдер консультациясы жұмысының  нәтижелігі жүкті әйелдерді ерте мерізімде тіркеуге алулары,үздіксіз бақылау жасаулары арқылы бағаланады.Ерте тіркеуге алынған әйелдер жүкті кезінде дәрігердің қабылдануында 13-15 рет болады.Жүктіліктің бірінші жартысында айына 1 рет,екінші жартысында айына 2 рет,ал 32 аптадан соң айына 3-4 рет қаралуы керек.Әйелдер белгіленген уақытысында дәрігерге келмесе,онда акушерка сол үйіне барып,жағдайын біліп,келесі күні дәоігердің қабылдауына шақырады.

Сонымен  қатар әйелдер  консультациясында «аналар мектебі» ұйымдастырылады.Оған 14-15 аптадан бастап бару керек.Сонан соң босанар  алдында  уақытысы  жақындағанда  балалар емханасындағы «сәбилер » кабинетіне барып ,баланы күту,тамақтандыру туралы кеңес алып ,учаскелік балалар дәрігерімен және мейірбекемен танысады.

28-29  апталықтан кейін  жүкті әйелдің қолына «ескерту  картасы »беріледі.Онда барлық  тексерудің нәтижелері және дәрігердің  қабылдаудағы мәліметтері жазылады.Егерде  жүкті әйелдер науқас болса  ,онда 24-26 апталықтан кейін ауруханаға  жатқызылады.

Бала туған әйелдерге  дәргерлік көмекті ұйымдастыру

  Жаңа босанған әйелдерге  арнаулы жағдай жасалынады , оған  дәрігер кеңес беріп денсаулығын  қалпына келтіруге көмектеседі.  Бала туғанна кейін 20-25 күннен  соң әйелдер консультациясына  бару керек, кейі 3-4 аптадан соң  тағы бір рет қаралады.

  Кейбір уақыттарда бала өздігінен түсіп қалуы мүмкін(түсік тастау , өлі туу, болмаса туғаннан ақаулы, нысаналы болады).Ондай жағдайда келесі бала бітпей тұрып ерлі-зайыптыларды жан жақты қарап, емдеу керек. Бұл бағытта өте зор жұмыс атқаратын медициналық-генетикалык консультация қазір облыс орталықтарында ашылып, жұмыс істей бастады.

      Гинекологиялық көмекті ұйымдастыру  

     Гинекологиялық  көмекті ұйымдастыру – әйелдер  консультациясының ең негізгі  міндеті: ол гинекологиялық аурудың  алдын алу, аурудың ерте анықтау  және оларға мамандандырылған  көмекті ұйымдастыру мәселелерімен  айналысады. Ол үшін гинекологиялық  аура-сырқаулықтың деңгейін және  оның таралуын білу керек.

    Гинекологиялық  көмекті ұйымдастыруда қиын кезеңнің  бірі- ауруларды анықтау. Гинекологиялық  ауруы бар әйелдердің шамамен  жартысына жуығы басқа ауруларға душар болғандықтан басқа мамандықтағы дәрігерге өздігінен келіп қаралғанда анықталады. Екінші жартысы созылмалы ауруы бар ересек әйелдер, олардың аурулары көбінесе профилактикалык қарау кезінде анықталады. Әсіресе ісіктің түрлері, жатыр мойыны жарасы профилактикалық тексеру кезінде табылады. Сондықтан 35 жастан асқан әйелдердің  бәрін профилактикалық қараудан өткізу керек ал мүмкіншілік болса 18-20 жастағыларды да қамтыған жөн.

    Гинекологиялық ауру-сырқаулықтың үлесі жалпы әйелдер аурулығының көлемін есептегенде шамамен 10,8% болады. Әйелдерді профилактикалық тұрғыда тексеру үшін әсіресе жұмыс істейтіндерді міндетті түрде жылына бір рет тексеру керек. Сонымен қатар түрлі ауруханаларға түскен әйелдерді де профилактикалық қараудан өткізген жөн, себебі олардың ішінде гинекологиялык ауруы барлар көп кездеседі.

     Гинекологиялык  аурудың алдын алудың бір әдісі-ол  жалпы емханаларда тексеру кабинеттерін  ұйымдастыру. Онда барлық емделуге  келген әйелдердің  бәрін гинекологиялык  тексеруден өткізіп , цитологиялық  зерттеуге материал алады.

  Барлық тексеруден  өткен әйелдерді екі топқа бөледі:

  1. Сау әйелдер.
  2. Ауру әйелдер.

  Бірінші топ еш  уақытта ауырмағандар  және бұрын  ауырғанымен қазіргі кезде емдеуді  қажет етпейтіндер . Бұлардың  қатарына ересек және қарт  әйелдер кіреді. Екінші, аурулар  тобы екі клиникалық топқа  бөлінеді:

1-клиникалық топта емделуді  тілемейтіндер;

2-клиникалық топқа 3-4 ай  дәрігер бақылауында болатындар  кіреді.

   Екінші топтағы  әйелдерге 3 түрлі медициналық  құжат толтырылады: амбулаторлық  карт(оның ішінде аурудың анықталған  түрі жазылатын бет); статистикалық  талон және диспансерлік бақылау  картасы. 

   Аналықты қорғаудағы  басты мәселелердің бірі- түсік  тастау мен бала бітудің   алдын алу . Себебі түсік салдарынан  бедеулік, бала тастау , жүктілік  кезіндегі аурулар және ана  мен баланың өлімі көбейеді.

  Гинекологиялық бөлімінің  үш бағыты бар: операция жасауды  керек ететіндер, дәрі-дәрмекпен  емделетіндер және жүктілікті  тыю үшін келгендер. Бұлар үшін бөлек  бөлмелер ашқан жөн мұны іс жүзінде орындау қиын. Сондықтан  көп кездерде оперативтік гинекология ғана ашылады. Операция жасалған әйелдерге арналган 1-2 бөлек бөлме болуы керек, себебі оларды аса мұқияттылықпен күтіп бақылау қажет.

   Соңғы жылдары  аса ірі қалаларда мамандандырылған  акушерлік стационарлар ашылады.Олар  жиі бала тастайтын әйелдерді,  жүрек ауруы, сусамыр, бүйрек  ауруы, туберкулез, ішкі без ауруларын,  жұқпалы аурулармен ауырғандарды және жүкті әйелдердің резус сәйкестігі жоқтарды қабылдайды. Мұндай аурхананы ірі обылыстық және республикалық қалаларда ашу керек.

              Балаларға медициналык көмекті ұйымдастыру

Балаларға емдеу-профилактмкалық  көмекті ұйымдастыру мемлекеттік  жүйе арқылы жүргізіледі. Оның негіздері  Оның негіздері «Қазақстан Республикасында  азаматтардың денсаулығын сақтау туралы»-Заңында жазылған (8тарау 55бап). Мемлекет балалардың құқықтары мен мүддесін қорғауды жүзеге асырады , олардың дене бітімі, ақылы-ойы, рухани, адамгершілік және әлеуметтік жетілуі үшін қажетті тұрмыс жағдайын , құқықтарын қамтамасыз етеді.

    Мемлекеттік өкімет  пен басқару жүйелері, жұмыс берушілер  арнайы медицина және балалар  мекемелерінің жұмысын кең дамытуды  қамтамасыз етеді және сол  жердегі балалардың сауығуы үшін жауапты болады.

     Бұл жұмысты  жан-жақты жүргізу үшін барлық  емдеу-профилактикалық мекемелердің  бір-бірімен тығыз байланысы болу  керек.

       Балалар  медициналық жәрдем көрсететін  негізгі мекемелер: емхана, аурухана, мектеп жасына дейінгі балалар  мекемелер, мектептер, санаторийлер және басқа да сауықтыру, тәрбиелеу мекемелері. Балаларға емдеу-профилактикалық жәрдем көрсетудегі ең маңыздылары амбулаторлық – емханалық мекемелер , ауруханалар, ал олардың ішінде-балалар емханасы.

    Балалар емханасы- диспансерлік үлгідегі емдеу-профилактикалык  мекеме , ол барлық балаларға туылғаннан  бастап 14 жасқа толғанға дейін  медициналық жәрдем көрсетуге  міндетті.

Балалар емханасының  негізгі міндеттері:

    -профилактикалық шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Бұл жұмыс барлық дені  сау балаларды медициналық  бақылауға алу, профилактикалық тексеруден өткізу, диспансерлеу, профилактикалық егулер жүргізу, ана сүтін жинау және сүт тарату бөлімдерінің жұмысын тоқтаусыз жүргізу секілді салдардан тұрады; 

   -емдеу жұмысын  үй жағдайында және емханада  жүргізу, ауру балаларды ауруханаларға,  санаторийлерге сауықтыруға жіберу, балаларды арнайы бала бақшаларға, мектептерге орналастыру;

   -мектеп жасын дейінгі  мекемелерде және мектептерде  емдеу-профилактикалық жұмысын жүргізу;

    -санитарлық-эпидемиологиялық  станциялармен бірігіп , жұқпалы  ауруларға қарсы шараларды жүргізу;

   -балалардың құқығын  қорғау;

Емханада қолданылатын негізгі  әдісі-диспансерлік бақылау, оның әлеуметтік-гигиеналық мақсаты – балалардың дене бітімінің  дұрыс қалыптасуына және олардың  психикалық дамуына дұрыс жағдай жасау, ауруды ерте анықтау , емдеу және қайталанбауын көздеу.

    Балаларға қажетті  медициналық жәрдем көрсету үшін  денсаулық сақтау ісінің жоғарғы  басқару органдарында қызыметкерлердің штаттық кестесі белгіленеді. Балаларға амбулаторлық –емханалық көмекті дұрыс ұйымдастыру  үшін 10 000 балаға 12,5 учаскелік бала дәрігер , 0,3-жүрек , ауруын емдеуші , 0,45-оташы , 1,2-құлақ-тамақ емдеуші,  1,0-нерв жүйесін емлеуші, 1,0- көз дәрігері т.б тағайындалады.

Информация о работе Кұрылысшылардың еңбек гигиенасы