Латвия Республикасының Тіл туралы Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2012 в 18:06, реферат

Описание работы

Латвия – әлемдегі бір ғана латыш халқы қоныстанған этникалық аумақ. Латыш халқының пайда болуы, тыныс-тіршілігі мен мәдениеті дамуының алғышарты латыш тілі болып табылады. Соңғы он жылдықта мемлекеттік және қоғамдық ортада латыш тілінің қолданылу аясы айтарлықтай тарылды, сол себепті латыш тілін қорғау бойынша айрықша шараларды анықтап алу қажет. Аталған қорғауды мемлекеттік тіл мәртебесі ғана кепілдендіре алады.

Файлы: 1 файл

латинская республика.doc

— 38.00 Кб (Скачать файл)

Латвия Республикасының  Тіл туралы Заңы

 

Латвия – әлемдегі бір ғана латыш халқы қоныстанған этникалық аумақ.  Латыш халқының пайда болуы, тыныс-тіршілігі мен мәдениеті дамуының алғышарты латыш тілі болып табылады. Соңғы он жылдықта мемлекеттік және қоғамдық ортада латыш тілінің қолданылу аясы айтарлықтай тарылды, сол себепті латыш тілін қорғау бойынша айрықша шараларды анықтап алу қажет. Аталған қорғауды мемлекеттік тіл мәртебесі ғана кепілдендіре алады. Мемлекет латыш тілінің барлық мемлекеттік және қоғамдық салада жан- жақты және толыққанды пайдаланылуын, сондай-ақ оны оқып-меңгеруді қамтамасыз етеді.   

Латвия республикасы шет мемлекеттерде латыш тілін  оқып-меңгеруді және жан-жақты зерттеуді  қолдайды.

Сонымен қатар, мемлекет Латвия республикасында қолданылатын барлық тілдер мен диалектілерге құрмет көрсетуді де қуаттайды.

 Латыш тілі үшін белгіленген мемлекеттік тіл мәртебесі қоныстанған өзге де ұлт өкілдерінің өз ана тілінде немесе басқа да тілдерде сөйлеу-тұтыну тұрғысындағы конституциялық құқықтарына қол сұқпайды.

 

1 БӨЛІМ

Жалпы қағидалар

 

1-бап. Латвия республикасында мемлекеттік тіл - латыш тілі.

2-бап. Мемлекет барлық  Латвия халқының латыш тілін  игеруін қамтамасыз етеді, мемлекеттік  оқу орындарында  латыш тілін  оқып-меңгеруді қаржыландырады және  қажетті оқу жәрдемақыларының төленуін ұйымдастырады.

3-бап. Латыш республикасының  Тіл туралы Заңы мемлекеттік,  халық шаруашылығы және қоғамдық  қызмет саласында латыш тілі  мен өзге тілдердің пайдаланылуын,  тілді таңдау және тілдерді  қорғау құқығын айқындайды.

 

2 БӨЛІМ

Халықтың тілді таңдау құқығы

 

4-бап. Халықтың тілді таңдау құқығын іске асыру үшін мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарының, сондай-ақ мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық қызметкерлері мемлекеттік тіл мен өзге де тілдерді өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға қажетті ауқымда білуі, қолдануы қажет. Осы қызметкерлерге қажетті тілді білу ауқымы Латвия республикасының Министрлер Кеңесі бекіткен ереже арқылы анықталады.

5-бап. Латвия республикасында  өткізілетін құрылтайлар, конференциялар, отырыстар, мәжілістер мен жиналыстарда сөз сөйлеушінің тілді таңдап алуы өз еркінде.

Ашық іс-шараларда  олардың ұйымдастырушылары мемлекеттік  тілге аудару қызметін қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл шарт ұлттық-мәдени қоғамдар және діни конфессиялар іс-шараларына қолданылмайды.

 

Ғылым және инновация

 

        2011 жылы «Агроөнеркәсіп кешеніндегі қолданбалы ғылыми зерттеулер» 042 бюджеттік бағдарламаның үшжылдық кезекті кезеңің Ауыл шаруашылығы министрлігімен іске асыру аяқталды, оның шеңберінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белгіленген төмендегі бағыттар бойынша 40 жоба іске асырылды: 

       1. Ауылшаруашылық дақылдарының ортаның күйзелі факторларына тиімді және жоғарыөнімді сорттар мен бударндарын жасап шығару және жетілдіру. 

       2. Қолданудағы және жаңа ресурссақтау агротехнологияларды жетілдіру және әзірлеу. 

       3. Ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеу және сақтау бойынша технологиялар мен жабдықты жетілдіру. 

       4. Ауылшаруашылық малдар, құстар мен балықтардың тұқымдарын, типтерін және желілерін жасап шығару және жетілдіру; оларды бағу және азықтандыру технологияларын әзірлеу; диагностикумдер, емдеу препараттар мен вакциналар жасап шығару. 

       5. Алыстағы фермерлік шаруашылықтар арналған ресурссақтау агротехнологиялар мен қуат және сумен қамтамасыз ету автономдық техникалық құралдар үшін машиналар кешенін әзірлеу.   

       6. Табиғат ресурстарын оңтайлы басқару. 

       7. Агроөнеркәсіп кешенінің стратегиялық дамуының ғылыми негізін әзірлеу. 

       2011 жылы мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізілді: 

       Ауыл шаруашылығы дақылдарының 103  сорты мен буданы құрылды және мемлекеттік сорт сынауға берілді (жоспар – 30), оның ішінде: дәнді – 37 және дәнді-бұршақты – 2, жармалы – 4 және майлы – 12 (4 күнбағыс, 3 қытайбұршақ, 2 мақсары, 2 рапс, 1 майлы зығыр), қант қызылшасы – 2, картоп – 5, көкөніс – 15, жеміс-жидекті дақылдар және жүзім – 7, мал азығы дақылдары – 19. 

       Шетел селекциясының 300-ден астам ең жақсы сорттарын экологиялық сынау жүргізілді, олардың басым бөлігі дәнді-бұршақты, майлы, мал азығы және техникалық дақылдарды өндіруді жеделдетілген арттыру үшін басым болып табылады. 

       Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының 17 тұқымы, типі және тобы құрылды және сынап тексеруге өтінімдер берілді, оның ішінде: қойдың 

       2 тұқымы, 4 типі және 1 тобы,; ІҚМ қазақтың ақбас сиырының тұқымдық бұқаларының 3 тобы; жылқының 1 зауыттық типі және 2 тобы; жұмыртқа және ет бағытындағы тауықтың 4 тобы. 

       Өсімдіктерді қорғау және карантині саласында зиянкес жәндіктерге қарсы неғұрлым жоғары биологиялық тиімділігі бар саңырауқұлақ және бактерия текті биопрепараттар құрылды  

       Орман шаруашылығы саласында екпелердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін кәдімгі қарағайдың Бурабай 22 және Бурабай 44 сорты шығарылды.


Информация о работе Латвия Республикасының Тіл туралы Заңы