Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 22:11, реферат
Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған. 1992 жылы мамыр айында Алматыда Үндістан Республикасының, ал 1993 жылы қараша айында Делиде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. 1992жылы ақпанда Президент Н.Ә. Назарбаев Үндістанға бірінші ресми сапарын жасады.
1947 жылы үздіксіз қанды
Қазақстан Республикасы
мен Үндістан арасындағы дипломатиялық
қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған. 1992 жылы мамыр айында Алматыда Үндістан Республикасының,
ал 1993 жылы қараша айында Делиде Қазақстан Республикасын
20 ғасырдың 40-жылдарының 2-жартысында, әсіресе, тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін (1947) ұлттық кинематография құру мүмкіндігі пайда болды. 1947 ж. ақпарат пен радио хабарын тарату министрлігі жанынан кинематография бөлімі ұйымдастырылды. Халық өмірін шынайы бейнелеген алғашқы фильмдер пайда болды — “Жер балалары” (1946, реж. Х.А. Аббас), “Құр қалғандар” (1949, реж. Н.Гхож). 50-жылдары шығарылған бірқатар фильмдер де маңызды әлеум. мәселелерге арналды.
ганди туралы%
Ағылшын отаршыларына қарсы күресте М.Ганди талай рет айдалып (1922-1924, 1930-1931, 1942-1944 ж.ж.), неше қайтара сотталып, абақтыларға отырғызылды. Отаршылардың бұл әрекеті күрескер азаматты жасыта алмады, қайта шыңдай түсті. Ағылшындарға "Үндістаннан тайып тұрыңдар!" деп алғаш ұран тастаған да М.Ганди болатын. Бір қызығы ұлы тұлға 1946 жылғы үнді моряктарының көтерілісін айыптады. Себебі, М.Гандидің ойынша Үнді халқы тәуелсіздікке тек бейбіт жолмен ғана жете алатынынына имандай сенуінде еді және өзі осы жолды мықтап ұстанды. Шын мәніндегі ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген ол ұлы мұрат жолында титтей де солқылдақтық танытпады, таңдап алған жолына адал болды.
Ағылшындардың құйтырқы саясатының нәтижесінде 1947 жылы Үндістан-Пәкістан болып екі мемлекетке бөлінген тұста да ол үнділер мен мұсылмандарды бірлікке шақырды. 1948 жылы 30 қаңтарда Махатма Ганди Үнді реакцияшыл ұйымдарының мұшесі Натхурам Годзе дегеннің қолынан салтанатты митингі кезінде қастандықпен өлтіріледі.
Ол қапияда қас дұшпанның қолынан көз жұмғанымен М.Гандидің соңында - ГАНДИЗМ атты діни-философиялық саяси ілім қалды. Және М.Гандидің өзі осы ілімнің негізін қалады.
Экономика
Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды. 1961 жылы басталған реформа өз жемісін берді. Қысқа мерзім ішінде ауыр және жеңіл өнеркәсіп, станок жасау салалары құрылды. Атом, ғылым мен ғарыш техникасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды.