Оңтүстік Қазақстан облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 21:27, реферат

Описание работы

Оңтүстік Қазақстан облысы-Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 1992 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,18 млн. адам (2004). Орталығы – Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Содержание работы

Кіріспе

Табиғаты

Геологиясы мен кен байлықтары

Климаты

Гидрографиясы

Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі

Ауыл шаруашылығы

Файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысы РЕФЕРАТ.docx

— 252.38 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Жоспар:

 

    • Кіріспе

 

    • Табиғаты

 

    • Геологиясы мен кен байлықтары

 

    • Климаты

 

    • Гидрографиясы

 

    • Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі

 

    • Ауыл шаруашылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Оңтүстік Қазақстан  облысы-Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 1992 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,18 млн. адам (2004). Орталығы – Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Оңтүстік Қазақстан  облысы : солтүстікте Қарағандымен, шығыста Жамбыл облысымен және батыста  Қызылорда облысымен, оңтүстікте Өзбекстан  мемлекетімен шектелген. Халық саны – 1978,3 мың адамды құрайды. 

Оңтүстік  Қазақстан Облысы Қазақстанның Оңтүстігінде, шамамен Тұран ойпатының шығысымен Тянь – Шань тауының батыс бөлігінде орналасқан.Аумақтың үлкен бөлігі жазық дала, Қызылқұмның дөңес тізбекті топырағы, Шардара шөл даласы (оңтүстік батыс, Сырдарияның сол жағалауы), және Мойынқұм (солтүстікте, Шудың сол жағалауы) алып жатыр. Солтүстік бөлігінде Бетпақ – Дала шөлі, оңтүстік шетінде – Мырзашөл.Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы (қ.Бессаз – 2176 м.), оңтүстік – шығысын – Алатау Таласскасының батысының шеті ғана,Қаржантау жоталары (биіктігі – 2824м дейін ) және Угам (ең биік нүктесі – Сайрам шыңы – 4238м ) иемденіп жатыр.  
Ең үлкен ірі өзендер – ол Сырдария (Келес, Құрықкелес, Арыс, Бұғын т.б.тармағы) облыстың оңтүстігі мен солтүстік – батыс аумағынан ағып өтеді, және Шу өзені (өзеннің төменгі ағысы) солтүстікте ағып, Мойынқұм топырағынан жоғалып кетеді. Облыс алаңы 117,3 мың шаршы км немесе республиканың 4,3 % аймағы, Солтүстік пен Оңтүстік өлескінің аралығы тікелей 600 км қамтиды.

Табиғаты

Жер бедері. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шанның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

Геологиясы мен кен байлықтары

Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады. Облыстың табиғи байлығы минералды – шикізат ресурстары және полиметалл рудасының табылған ошағы.(Қаратаудың оңтүстік батысында Кентау қаласының маңы, Ащысай, Байжансай, Мерғалысай және т.б.ошақтар). Үлкен өндіріс қызығушылығы Қаратау жотасында темір рудасының табылғанын көрсетеді. Бұл облыста құрылыс заттарын шығаратын минералды – шикізат ресурсы бар. (әк, гипс, кварц құмдары, отқа төзімді керамикалық және бетонды саздар,минералды бояулар, ұсақ майда тастар). 

Климаты

Облыс тез континентальды климат аймағында орналасқан. Құнарлы жері, күн сәулесі тұрақты түсетін кең – байтақ өлкенің осы өңірі әр түрлі ауыл – шаруашылық бағытын, біріншіден – жер шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы аймақ. Егін, мақта, күріш және жүзім бақшалары жоғары дәрежеде мол өнім береді.  Оңтүстік Қазақстан облысы : солтүстікте Қарағандымен, шығыста Жамбыл облысымен және батыста Қызылорда облысымен, оңтүстікте Өзбекстан мемлекетімен шектелген. Халық саны – 1978,3 мың адамды құрайды. Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімшілік бірлігі ретінде 1932 жылы құрылды.Аумақтың көп бөлігі тегіс жазық жер және 117,3мың шаршы км құрайды.Аумақтың солтүстік және батыс бөлігі – кең байтақ жазық ұлан дала, оңтүстік – шығысы Талас, Алатау, Ұғам, Қаржантау таулы жоталарымен көтерілген. (биік нүктесі – Сайрам шыңы, 4338м). Облыстың ең ірі өзендері – Сырдария және Шу. Облыс көлеміндегі жер қойнауы – сұрғылт түсті, кейбірі тұзды сор жер.Жер бетінде өсетін өсімдік әлемі сан түрлі, оның ішінде жусанды дақылды өсімдіктер, құмды шөлейтті жерлерде – сексеуіл, өзен маңында – қамысты батпақты және тоғайлы ормандар, тау бөкперінде – арша жайылымдары, жабайы алмалар, таулы аймақтарда – жайылымдар алады. Жаз маусымы ыстық және өте құрғақ, ал қыста аз қар жауғаны мен боранды және ызғарлы суық желді. Жазғы қапырық күндері облыста ауа температурасы +37 С – қа дейін көтеріледі.Қысы жылы, жайлы (10 С – қа дейін), ал жазғы ауа – райы өте ыстық (+35С– қа дейін). Вегетациялық кезең – 230 – 320 күндерді қамтиды.Орташа есеппен жауын – шашын мөлшері жылына 100 – 450 мм дейін, ал биік таулы аймақтарда 800 мм дейін жетеді. Жауын – шашынның көп бөлігі қыста жауады. Ең суық ай – қаңтар. Аяз – 40 С – қа дейін жетеді. 

 

 

 

 

 

Гидрографиясы

 

Өзендері облыс  аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауд. 400 км², су көлемі 5200 млн. м3), Бөген (су көлемі 377 млн. м3), Бадам (су көлемі 61,5 млн. м3), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.

Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі

Облыстың жазық  бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Облыс – жануарлар әлеміне бай және алуан түрлі. Оңтүстігімен оңтүстік – батысында жасыл шөптер кілемше жайқалғандай, көптеген киік отарларын қызықтырып тартады. Оларды – алтын киікдеп те атайды. Киік – мамонттың қазіргі түрі, Сарыарқаның ең ежелгі фаунасының өкілдері. Олардың тәтті еттері Франция. Италия, Англия мемлекеттерінің мейрамханаларында таңдаулы тағам болып есептелінеді. Ал киіктің мүйізі емдік қасиетімен ерекшелінеді. Ол мүйізді тибет және қытай медициналарында қолданған. Осы киік мүйізінен алынған сығындыда тынышталдыратын өзіндік қасиеті бар.

Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу – Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

Ауыл шаруашылығы

Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн. га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн. га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.


Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысы