Ресей Империясының қарамағында дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 08:50, реферат

Описание работы

Бұл ғылымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және өлшеу мәселесі коғамның даму тарихымен тікелей ұштасып жатады. Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәрежесі де әр түрлі сатыда болып келді. Адам коғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдалана білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. Осы айтылғандарға мысал ретінде геодезия ғылымдарының әрбір тарихи кезендерде қандай орын алып келгендігіне қысқаша тоқталамыз.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................3
Фалес заманында дамуы............................................................4
Орта замандағы дамуы..............................................................5
Ресей Империясының қарамағында дамуы.............................6
Қорытынды...........................................................................................7
Пайдаланған әдебиет.....................

Файлы: 1 файл

срс1.docx

— 23.85 Кб (Скачать файл)

                                                Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................3

  1. Фалес заманында дамуы............................................................4
  2. Орта замандағы дамуы..............................................................5
  3. Ресей Империясының қарамағында дамуы.............................6

Қорытынды...........................................................................................7

Пайдаланған әдебиет...........................................................................8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       2

                                                  Кіріспе

Адам баласының барлық тіршілігі жермен байланысты екені бәрімізге аян. Сол себепті жерді зерттеуге арналған ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар. Грек тілінде жерді «геоид» дейді, осыған байланысты жерге арналған ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады: геодезия, геология, геофизика, геоботаника, геомеханика және т.б.

Бұл ғылымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және өлшеу мәселесі коғамның даму тарихымен тікелей ұштасып жатады. Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәрежесі де әр түрлі сатыда болып келді. Адам коғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдалана білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. Осы айтылғандарға мысал ретінде геодезия    ғылымдарының әрбір тарихи кезендерде қандай орын алып келгендігіне қысқаша тоқталамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       3

Геодезия  мен топографияның Фалес заманында дамуы. Жер өлшеу әдістері мен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр (Египет) елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Мысыр патшаларының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидаларының ішіндегі ең үлкені – Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230,13 метрден де, ал бір—бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Мысыр пирамидалары «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналады. Мұндай қүрылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес. Біздің заманымыздан IV ғасыр бұрын өмір сүрген фек математигі Евдем «Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер метрия ғылымын ойлап шығарды», -деп жазды. Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашқы кезде «геометрия» деп атады. Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданылады, барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым-Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны «геодезия» деп атаған. III ғасырда өмір сүрген фек ғалымы Эратофен градустық өлшеулердің көмегімен жер радиусін анықтаған. Бұдан кейін геодезия Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін сақталып қалған ірі құрылыстар қатарында жататындар: Үндістанда-Чанрагута, Қытайда-Ұлы қорған (қабырға), Жапонияда-Тодайдзи, Индонезияда-Боробудудр, Арабияда-Қүдыс, Медина, Бағдат. Кейінгі Ақсақ темір заманынан бастап салынған тамаша құрылыстар қатарына жататындар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Хожа-Ахмед Яссауи мавзолейі, Ұлықбек обсерваториясы, т.б.

 

 

 

 

 

                                                       4

Геодезияның орта замандағы дамуы. Айтылған құрылыстар сол дәуірде жоғарғы дәрежелі мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына жер өлшеу ғылымы да өзіндік рөл атқара отырып, сол мәдениеттің арқасында өзі де дамып жетілді. Араб мәдениетінің дамыған кезінде Аристотельден кейінгі жүзінде білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» атанған данышпан, энциклопедист, ғалым Әбу Насыр аль-Фараби (870-950 ж.ж.) геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде өзінің «Ғылымдардың тізбегі» атты еңбегінде былай деген: «Геодезия ғылымы арқылы адамзат алыс орналасқан, көз жетпейтін заттардың мөлшерін, шамасын бір затпен екінші заттың арақашықтығын, биіктігін, теңдігін, (мысалы: ағаштың, үйдің биіктігін өзеннің тереңдігін) анықтауға болады. Кейде қателеспес үшін өлшеулерде әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылады» деген. Ал «Алмагеске түсініктеме» атты кітабының «Сфералық астрономия» деген тарауында, астрономия мен география мәселелерін математикалық жолмен шешудің жеңіл әдістерін ұсынады. Мысалы, Айдың радиусін, Жер бетінің ендігі мен бойлығы, Ай мен Жердің ара қашықтығын, Айдың паралаксін өлшеулер жайлы Орта Азия мен Шығыстың ұлы ғалымы Абу Райхан Бируни (973-1050 ж.ж.) үлкен мұра қалдырды. Г. Галилей жасаған көру дүрбісінің (1609 ж) көмегімен жүргізілген геодезиялық өлшеулердің дәлдігі жоғары болды. XVII ғасырда И. Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңының көмегімен жердің шар емес, айналу осінің бағыты бойынша сығылған эллипсоида екенін дәлелдейді. Ресейдегі геодезиялық жұмыстар XVIII ғасырда,I Петрдің дәуірінде жүзеге асырылды. 1973 жылы Ресейде Географиялық департамент құрылып, 1758-1765 жылдары орыстың ұлы ғалымы М.В Ломоносов оның жетекшісі болды. Сол кездері геодезистерді дайындайтын оқу орындары ашылып, геодезиялық аспаптар шығарыла бастады. Осы кезде Ресейде теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық өлшеулер жүргізіп, карта жасауды талап етті. Осы мақсатпен аз зерттелген аудандарды түсіру үшін арнайы экспедициялар жіберілді. Сол экспедициялардың бірі Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Қырғыз және Қытай шекараларында топографиялық түсірістер жүргізді.

 

                                                       5

Геодезияның Ресей Империясының қарамағында дамуы. Экспедиция карта жасаған атақты ғалым Ш. Уәлиханов Омбыдағы Кадет корпусын бітіріп, жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Шоқан Уәлиханов 1950-52 ж.ж. Омбы қаласындағы әскери оқу орнының студенті бола жүре, Сырымбет тауы мен оның төңірегінің, Көкшетау және Құсмұрын аймақтарының схемалық карталарын, ол 1856 ж. бастап әскери-ғылыми экспедиция құрамында жүріп, Қазақстан, Ыстық-көл, Орталық Тянь-Шянь аймақтарында топографиялық түсірістер жүргізген, сөйтіп, Орталық Азияның картасын, сондай-ақ Қашқариядан Ташкентке дейінгі жердің маршруттық картасын жасаған. Ш.Уәлихановтың география және топография саласындағы елеулі еңбектері жайлы оның 5 томдық шығармалар жинағының 3 - томынан толық мағлұмат алуға болады. XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың жоғарғы дәрежеде жүргізілуіне коп еңбек сіңірген орыс астрономы және геодезист, Ленинградтагы Пулков обсерваториясының негізін қалаушы В.Я.Струве болды. Геодезиялық қызметтің қарқындап дамуына Кеңес өкіметі кең жол ашты. Геодезиялық ғылыми жұмыстарды жүргізуге арналған геодезиялық орталық ғылыми-зерттеу институттар мен мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары ашылды. 1925 жылдан бастап бұрынғы Кеңестер Одагында мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды. Ал қазіргі кезде топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және картографияның бұдан әрі дамуына ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылығымыздың қажеттерін жан-жақты қамтамасыз ету, ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асырылмайтынына көз жетіп отыр. Жер пішінінің жаңа өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын жасауда және практикаға ендіруде Ф.Н. Красовский бастаған орыс ғалымдары зор еңбек етті. Геодезия мен картография саласының дамуына М.С.Молоденский, А.А.Изотов, А.С.Чеботорев, Н.А.Урмаев, т.б. қосқан еңбектері айтарлықтай.

 

 

                                                       6

                                          Қорытынды

Қазіргі кезде геодезия іргелі ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетін күрделі әрі жан-жақты дамыған ғылымдардың бірі болып саналады. Оның негізгі атқаратын міндеті - Жердің пішіні, келісім және гравитациялық өрісін зерттеу, пландар мен карталарды және олардың электрондық ұқсастығын — жергілікті жердің цифрлық моделін және электрондық карталарды жасау, шаруашылық салаларының еліміздің корғанысының жергілікті жердегі әр түрлі инженерлік мәселелерін шешу. Адамзат қоғамының және ғылым мен техниканың дамуына байланысты Геодезияның мазмұны да өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірқатар дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінді.

Жоғарғы геодезия жердің және планеталардың пішіндері мен көлемдерін зерттейді, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу басырында одан геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы жеке пәндер болып бөлінеді.

Геодезиялық астрономия геодезиялық  тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен айналысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       7

                                               Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет
  2. Қазақ энциклопедиясы
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы
  4. Нұрпейісова М. 2010 «Геодезия»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       8


Информация о работе Ресей Империясының қарамағында дамуы