Сақиналы құрылымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 18:09, реферат

Описание работы

Геоморфология ( гр. ge-жер, morphe-бедер, пішін, logos-білу, тану), бедердің құрылысын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек геоморфология зерттеудің негізгі нысаны бедер, (француз тілінде relev –дөңестілік) – құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге таужаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т.б. жатады.

Файлы: 1 файл

сакиналы курылымдар.docx

— 15.63 Кб (Скачать файл)

                           Сақиналы құрылымдар

 Геоморфология ( гр. ge-жер, morphe-бедер, пішін, logos-білу, тану), бедердің құрылысын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек геоморфология зерттеудің негізгі нысаны бедер,  (француз тілінде relev –дөңестілік) – құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге таужаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т.б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының үгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан бедер пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамын, қасиетін және оларға әсер ететін процестерді анық білу қажет.

        Эндогендік күштердің әсерінен жердің бір тұсы көтеріліп, тау мен қыраттар түзіледі, ал екінші тұсында төмен майысып ойпаттар пайда болады. Экзогендік күштер тауды бұзады, ойпат жерлерді  борпылдақ материалмен толтырып тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет жасайды және олар әр жерде әр қарқында ұдайы болып жатады. Нәтижесінде осы екі күштер өзара қатынасы әсерінен жер бетінде қазіргі бедер пішіндерінің алуан түрін көреміз. Бедер пішіндерінің қай бағытта дамуы (көтеріле дамуы немесе керісінше төмендей дамуы) мұның бәрі сол жер қыртысының қасиетіне байланысты. Геоморфологияның негізгі ұстанымдарының бірі бедердің географиялық компоненттерінің бірі бола тұра, бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы, ол өзі ғана өзгеріліп қоймай, жалпы, табиғаттың дамуына әсер етеді. Жер қыртысы, атмосфера, годросфера, биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан, геоморфология геология, геоботаника, гляциология, топырақтану ғылымдарымен тығыз байланысты.

Геоморфология ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дербес ғылым болып қалыптаса бастады. Ол кезде геоморфологияда екі  бағыт болды: бірі американ ғалымы В.Девис  бастаған геоморфология заңдарын географиялық оралымдарға (циклдерге) бағындыру  теориясы; екіншісі – неміс ғалымы В. Пенк ұсынған тау беткейлеріне морфолгиялық талдау жасау арқылы жер  қыртысы қозғалыстарының заңдылықтарын  анықтау теориясы.

    Сақиналы (шеңберлік)  құрылымдар жаратылысына қарай  екі түрге бөлінеді:плутонды,яғни  магма әсерінен қалыптасқан интрузиялық  шоғырлар немесе денудациялық  әсерінен қашаланған жанартаулар  және жасынтастардың жер бетіне  құлауы әсерінен пайда болған  құрылымдар.

     1966ж.Г.З.Попованың “Қазақстанның қатпарлы аймақтарының шеңберлі және сызықты морфоқұрылымдары” деген монографиясы жарыққа шықты.Бұл еңбекте Сарыарқа территориясындағы дөңгелек немесе сопақ пішінді интрузиялық құрылымдарға алғашқы рет талдау берілген.Жанартаутекті сақиналы құрылымдарды көне римдіктердің жерасты құдіретінің атына ұқсас Плутон деп атап кеткен.Қазіргі кезде Орталық Қазақстан аумағында Бурабай, Машинск, Сарысу, Екібастұз және т.б. жанартаутекті сақиналы морфоқұрылмдар анықталған. Олар бір бірінен  геологиялық құрылыстарымен, морфометриялық жіне морфлогиялық  көрсеткіштерімен жер бетінде айқын ажыратылады.

    Мөлшері жағынан  плутонды сақиналы құрылымдар  әр түрлі болады. Зор көлемді  сақиналы морфоқұрылымдар  екінші, үшінші, төртінші, бесінші және одан  да жоғары кіші морфоқұрылымдармен  күрделенеді. Олардың көлденеңі  10км ден 1000 км ге дейін және одан да жоғары. Г.З.Попованың айтуынша осындай концентрлі морфоқұрылымдар литосфераның тектоникалық магмалық режимінің оралымды өзгеруі жағдайында дамыған.

    Жанартаутекті  сақиналы құрылымдармен қатар  жер бетінде космогендік факторлардың  әсерінен пайда болған метеориттік   кратерлер  астроблемалар жатады.Астроблема грек тілінен аударғанда  жұлдыз жаралары деген сөзді білдіреді.Мұндай  бедер пішіндері жасынтастардың  жер бетіне  құлауы кезінде түзіледі.Астроблемалар немесе  метеориттік кратерлер  әр  аумақтағы  және әр жастағы  сақиналы құрылымдар түрінде болады. Жер  бетіндегі  5000 нан астам  сақиналы  құрылымдарды ғалымдар  метеориттік кратерлерге жатқызады. Қазіргі уақыттағы мәліметтер бойынша шамамен 150 жуық  метеориттік кратерлер толық белгіленген.Олар жер бетінде әр келкі таралған. Солтүстік Америкада олардың саны 62, Еуропада 30, Азияда 26, Африкада 16, Австралияда 8, Оңтүстік Америкада 5.ТМД аумағында әр түрлі сақталған 29  метеориттік кратер зерттелген.Қазақстанда  белгілі  космогендік  сақиналы  құрылымдарға Балқаш көлінің  солтүстік  батысында Баяулысай және Алтай  өзенінің  аралығында орналасқан  Шұнақ  және  Солтүстік Арал маңындағы Жаманшын метеориттік құрылымдары жатады.

    Бұрын ғалымдар  Шұнақ сақиналы құрылымды ежелгі  қашаланған  жанартау  деп санаған. 1977жылы бұрғыланған  ұңғымалардан  алынған тасбағанды мұқият зерттегеннен  кейін бұл құрылым  жанартау  емес, метеориттік кратер екендігін  Қазақстан геологы Б.С.Зейлик  дәлелдеп шықты. Осы метеориттік кратердің үстінде теріс  магниттік аномалия байқалған. Сонымен қатар мұнда аллогенді брекчиялар да кездеседі.Олар әр  дәрежеде соғылып жарылған және өзгерілген жергілікті  тау жыныстары сынықтарынан тұратын импактиттер.

    Сақиналы құрылымдар  дөңгелек  немесе  сопақ пішінді болып келеді, олардың диаметрі бірнеше  метрден 100 км ге дейін және одан да жоғары болады. Сонымен қатар олар күрделі морфологиялық сипатымен ерекшеленеді. Геологиялық жастары әр түрлі:төрттік кезеңнен 200 млн жылға дейін.Мәселен,  Шұнақ сақиналы  құрылымының жасы миоцен,ал Жаманшын құрылымының жасы 0,69-0,85 жылдар шамасында.

    Қазақстан геологы  Б.С.Зейлик метеориттік құрылымдарға  Мексика шығанағын Охот және  Беринг теңіздерін жатқызады.  Дүние жүзіне белгілі жасынтастық  кратер Солтүстік Американың,Аризона  штатынан кездеседі.

     Плутондық  сақиналы құрылымдар қашалған  жанартаулардың  өзінен яғни интрузиялық  (негізінде гранитты массивтерінен  құралған)тау жыныстарынан тұрады.

   Сақиналы құрылымдарды  зерттеудің ғылыми ғана емес  практикалық мағынасы да зор.  Осы геологиялық құрылымындарында  әр түрлі кен орындары байланысты .Алмалы, Ақтоғай, Бөрлі, Саяқ және  т.б.  белгілі кен орындары сақиналы  құрылымдарға жатады.Сақиналы құрылымдармен  Қазақстанның алмас кен орындарын  байланыстырады.

   Жер бедерін одан  әрі зерттеуде ғарыш мәліметтерін  пайдалана отырып, жер бетінің  сақиналы морфоқұрылымдарын анықтау  және қазба  байлықтарын іздестіру  болашақтағы іс болып табылады.Сақиналы құрылымдар барлық күн жүйесінің планеталарына тән.


Информация о работе Сақиналы құрылымдар