Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июля 2013 в 10:10, реферат
Орман мен жануарлар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 52 қаулысымен Өгем, Төле би, Түлкібас ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелерін қосу жолымен құрылды.
Парктің негізгі мақсаты - әдеттегі және бірегей Батыс Тянь-Шаньның ландшафтарын табиғи түрде сақтау, табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін, табиғи қорғалатын, экологиялық ағартушылық, ғылыми, туристік мақсатта бар ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және демалыс құндылықтарды сақтау.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы ақпарат
Орман мен жануарлар
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи
паркі «Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген
мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 26 қаңтардағы № 52 қаулысымен
Өгем, Төле би, Түлкібас ормандарды және
жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік
мекемелерін қосу жолымен құрылды.
Парктің негізгі мақсаты - әдеттегі және
бірегей Батыс Тянь-Шаньның ландшафтарын
табиғи түрде сақтау, табиғи кешендер
мен мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін,
табиғи қорғалатын, экологиялық ағартушылық,
ғылыми, туристік мақсатта бар ерекше
экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және
демалыс құндылықтарды сақтау.
Парк аумағының жалпы ауданы -149053 га, қорғалатын
аймақ ауданы 27000 га.
Парктің заңды мекенжайы: Оңтүстік Қазақстан
облысы, Шымкент қаласы, Г. Ильяев көшесі
- 24, 3- қабат.
Парктің үш филиалы бар: Өгем (76573 га), Төлеби
(45509 га), Түлкібас (26971 га).
Парк ауданы 3 ауданды қамтиды: Оңтүстік
Қазақстан облысы – Түлкібас, Төлеби және
Қазығұрт аудандары. Объектінің Батыс
Тянь-Шаньның солтүстік-шығыс бөлігі,
сондай-ақ Талас Алатауының солтүстік-батыс
сілемі ұсынылған. Парк географиялық жағынан
солтүстігінен оңтүстікке созылған үш
кластерлі учаскемен сипатталған.
Боралдайтау
учаскесі– учаскенің солтүстік
шекарасы Жамбыл облысының шекарасымен
өтеді, шығыс, батыс және оңтүстік шекаралары
– Қайыршоқты, Қанау және Көкбұлақ орман
бақтарының шекаралары арқылы өтеді.
Ерсу-Дәубаба
учаскесі– солтүстік шекарасы
Дәубаба және Машат өзендерінің алаптарының
арасындағы сумен бөлініп тұрған жота
арқылы өтеді, батысы – Ақсай қыстағына
қарай Сеславино поселкесінен жол бойымен,
шығысы – Түлкібас –Раевка жолымен өтеді.
Оңтүстік шекара – каньонды қоса Машат
өзенінің каньоны бойымен.
Сайрам-Өгем
учаскесі – солтүстік шекара
Ақсу Жабағлы қорығымен шекаралас, шығыс
және оңтүстік-шығыс шекаралар Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасымен
өтеді, батыс шекара құздар мен Қаржантау
жотасының баурайы және Өгем жотасының
солтүстік - батыс бөлігімен өтеді, шекараның
жалпы ұзақтығы парк учаскелерінің периметрі
бойынша солтүстіктен оңтүстікке дейін
– 135 км. Парк аумағы мынадай фукционалдық
аймақтарға бөлінген – қорық режимінің
аймағы – 55589,4 га (37,3%), туристік және демалыс
қызметінің аймағы – 19711 га (13,2%), экологиялық
тұрақтылық аймағы – 13124,6 га (8,8%); шектелген
шаруашылық жүргізу аймағы – 60628 (40,7%).
Қорықтық режим аймағында кез келген шаруашылық
қызмет пен парк аумағын демалыс аймағы
ретінде пайдалануға рұқсат берілмейді.
Экологиялық тұрақтылық зонасында экологиялық
туризмді реттеу мен бұзылған табиғат
кешендері мен мемлекеттік табиғи-қорықтық
қорларды қайта қалпына келтіруге бағытталған
іс-шараларды жүргізуден басқа, қорықтық
режим орнатылуда.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысы бойынша бұрынғы Өгем, Төлеби және Түлкібас орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді қосу жолымен құрылды. Яғни паркке қарасты аумақ облысымыздың Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарында орналасқан.
Жалпы жер куөлемі 149 053 га. Мекеме құрамында үш филиал бар:
1. Өгем филиалы – 76 573 га
2. 2. Төлеби филиалы – 45 509 га
3. 3. Түлкібас филиалы – 26 971 га.
Облыс әкімдігінің қаулысымен сыртқы қорғау (күзет) аймағы бекітілген.
Ұлттық парктің барлық жер көлемінің 27 553 гектары – орманмен көмкерілген жерлер (немесе 19 пайызы).
Біздің ормандар негізінен таулы аршалы және әртүрлі алма, өрік, алша, долана, жаңғақ, алмұрт т.б.жеміс ағашты ормандар. Өзен бойларында терек, тал және ақ қайыңдар бар. Шырғанақ, итмұрын, тау пісте, қарақат сияқты қасиеттері мол көптеген бұталар мен дәрілік шөптесін өсімдіктер өседі.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парктің құрылғандағы негізгі мақсаты - Батыс Тянь-Шанның Қазақстан бөлігіндегі ерекше табиғатын, биологиялық алуантүрлілігін сақтап, ондағы табиғи және мәдени-тарихи кешендер мен нысандарды зерттеп қалпына келтіру, табиғи ресурстарды тұрақты әрі тепе-теңдік қалыпта сақтап, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы осы аймақтың паркке бекітілген аумағында далалы жерлерден бастап биік таулы альпі көкмайсалары мен мәңгі қарларға дейін (ең жоғарғы шоқы – Сайрамсу шыңы 4236м) 7 түрлі табиғи белдеулер бар. 1635 түрлі өсімдіктер өсіп, 59 түрлі сүтқоректілер мен 300-ден астам құстар мекендейді. Олардың ішінде өсімдіктердің 62 түрі, сүтқоректілердің 10 түрі және құстардың 20 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Парктің жалпы аумағы қорықтық (55589,4га) экологиялық тұрақтылық (13124,6га) туристік-рекреациялық қызмет (19711га) және шектеулі шаруашылық (60628га) жүргізу аймақтары болып белгіленген. Оңтүстік өңірінің осындай аумағын қорғауда жалпы штаттағы 110 адам, оның 100-і мемлекеттік инспекторлар, еңбек етуде. Олар жазғы, қысқы арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілген, қолданыста 39 қызметтік қару және барлығы 57 рация, 53 бас мініс ат, 6 жеңіл автокөліктер бар. Барлық мемлекеттік инспекторлардың 43-і тікелей орман учаскелерін қорғау үшін 43 орман айналымдарына бекітілген.
Парктің орталық дирекциясында 6 бөлім бар.
Барлық жерге тұрақты пайдалану құқымен мемлекеттік акт алынып, Ұлттық парктің паспорты, символикасы (эмблема мен туы) бекітілді. Сонымен қатар парк инфраструктурасын дамытудың бас жоспары жасалды. Қаржыландыру жоспары бойынша 2008 жылға бөлінген қаржы – 69,7 млн теңге болса, 2009 жылға 102 млн теңге бөлінді.
Бөлінген қаржы өз мақсатында орманды күзету, қорғау, орманды қалпына келтіру, биотехникалық, ғылыми-зерттеу және т.б. жұмыстарға жұмсалып, толық игерілуде.
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің нұсқауымен жыл сайын «Парк шеруі» акциясы талап деңгейінде өткізіліп келеді., бұл іс-шараның өткізілуі ұлттық парктің жер аумағы орналасқан Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарының әкімдіктерімен, ауыл тұрғындарымен, олардың қоғамдық ұйымдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын нығайтты. Жергілікті халық тарапынан табиғи парктің жұмысын қолдау арта түсті. «Парк шеруі» акциясы барысында көптеген жерлерге жас ағаш көшеттері отырғызылып, халық демалатын учаскелер тазалаудан өткізілді. Бұл жұмыстарға жастар, студенттер, мектеп оқушылары мен тұрғындар көптеп тартылды. Парктің негізгі мақсаттарының бірі - туристер мен демалушыларды көптеп тарту, оларға тынығуға жағдай жасап, қызмет көрсетіп бюджетке, парктің өзінің есепшотына қаржы түсіру.
2007 жылы парк аумағында 2,0 мың адам туристік және рекреациялық мақсатта демалған болса, 2008ж. 3718 адам демалып, одан бюджетке 828 мың теңге қаржы түсірілді. 2009 ж. 6 айда 1841 адам тынықты.
Экологиялық ағарту және туризм ісін жаңа деңгейге көтеруде парк туралы жасалған 3 деректі фильм, - буклеттер, көптеген үздік суреттер мен басқа да мәліметтер республика және облыс көлемінде насихатталуда.
Іс-шараларды және парк аумағында өсетін өсімдіктер мен мекендейтін аң-құстарды жарнамалау, тау табиғатын қорғау және туған жерді аялай білу жөнінде 8 мыңнан аса әртүрлі ескертпе үнпарақтар, плакаттар, календарлар таратылды, тек биылғы жарты жылда газеттерде 27 мақала жарияланып, теледидардан 34 рет, 2 рет радиода хабарлар ұйымдастырылды.
Соңғы екі жылда 5 кордон (қызметтік үйлер) туристер қабылдауға лайықталып жөндеуден өткізілді. Қазір демалушы туристерге сонымен бірге екі киіз үй кешендері, аңшылар үйі, 88 демалыс алаңдары, 5 шолу алаңдары, 6 сауна қызмет етуде. 7 туристік бағыттар белгіленіп, паспорттары бекітілді.
Паркте ғылыми-зерттеу жұмысын да дұрыс жолға қою шаралары іске асырылуда. Бұл бағытта 2007-2011 жылдарға ғылыми зерттеу жұмыстарының перспективтік тақырыптық жоспары жасалды. Зерттеу жұмыстарына өзіміздің ғылыми қызметкерлермен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ботаника және фитоинтродукция, Зоология институттарының ғылыми қызметкерлері, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің биолог ғалымдары қатысып, жетекшілік жасап келеді.
Паркте зерттеулерді жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар алынып, кітап қоры жасақталуда.
Зерттеулер барысында негізінен омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың экологиясы және олардың таралу ареалына, Батыс Тянь- Шаньдағы арша ормандарының жайы мен оның көлемін арттыру әдістеріне, жаңғақ плантацияларын көбейтуге, табиғи құбылыстардың жайын күнделікті бақылауға баса назар аударылуда.
Сонымен қатар орманды өрттен, заңсыз ағаш кесуден қорғау, аң-құстарды сұғанақтықтан сақтау жұмыстарына да күнделікті бақылау жүргізіледі. Өртті болдырмаудың ұйымдастыру және өндірістік кешенді шаралары іске асырылды. Биылғы жылдың 7 айында 316 рет рейдтік бақылау-тексеру жүргізілді. 12 заң бұзушылық анықталып, кінәлі азаматтарға 25460 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Бұның ішінде 3 жағдай ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аң аулау оқиғасы 4.06.2009 Ұлы жұрт жайлауының жоғарғы жағында ОҚО Төлеби ауданы Диханкөл ауылының 3 азаматы ұсталды. Жорымбетов Саби Алпысбайұлы, № п-2654 қос ұнғылы 12 калибрлі аңшылық мылтығымен, Қаратаев Бажақ Пернебайұлы, 16 калибрлі 2 ұнғылы №150466 аңшылық мылтығымен және Кенжетаев Айтқали Қасымбайұлы 1 ұнғылы 16 калибрлі № А-64701 аңшылық мылтығымен ұсталды. Ұстау барысында белсенді қарсылық көрсетті. Ұсталғандарды тексеру барысында Қызыл Кітапқа енген 2 бас Мензбир суырының ішек қарыны ақтарылған, басынан атылған денелері табылды. Келтірілген залал 1018400 теңгені құрайды. Осы жағдайларға байланысты құжаттар толтырылып, айғақ заттармен бірге Төлеби аудандық ішкі істер бөліміне өткізілді. Жорымбетов Сәби Алпысбайұлының үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 290 бабы бойынша
№ 09515803100073 26.06.2009, Кенжетаев Айтқали Қасымбайұлының үстінен
№ 09515803100072 26.06.2009 қылмыстық іс қозғалып, іс сотта 10 тамыз күні қаралып кінәлі азаматтар 1 жыл мерзімге еріксіз сотталды. Оларға сот үкімімен табиғатқа келтірілген 1018400 теңге соманы зиян ретінде төлеу міндеттелді.
Соңғы жылдары парк аумағында заңсыз ағаш кесуге жол берілмеді. Ал анықталған әкімшілік заңсыздықтар – рұхсатсыз мал жаю фактілері.
Орман қоры жерін қорғауды күшейтумен қатар, оның ресурстарын молайтуға, тиімді пайдалануға бірінші кезекте жаңадан мәдени орман алқаптарын өсіруге басты назар аударып келеміз. 2008 ж 26,0 га жерге жаңадан ағаш отырғыздық, ал 2009 жылы «Жасыл ел» бағдарламасына сай 30 га жерге жас ағаш көшеттері егілді.
Алдағы жылдарда ағаш отырғызу 40-50 гектарға дейін артпақ. Біз негізінен жергілікті ағаш көшеттерін отырғызамыз. Сонымен бірге тәжірибе ретінде Алматы облысынан Сиверс алмасының, Өзбекстаннан Грек жаңғағының көшеттерін алып келіп ектік. Олардың біздің жергілікті климатқа, топыраққа көнімділігі әзірге қанағаттанарлық.
Ішкі қажеттілік және парк жерлері орналасқан аудандардың біздің аумақпен шекаралас елді мекендеріндегі шаруалар мен тұрғындарды ағаш көшетімен қамтамасыз ету үшін уақытша орман тұқымбағын ұйымдастырдық. Қазір онда 405 мыңнан астам 22 түрлі ағаш – бұталардың өскіндері мен стандартты көшеттер өсірілуде. (№ - таблица) Ал негізінде бізге базалық тұрақты тұқымбақ қажет, ол үшін «Казгипролесхозға» жобалық-сметалық құжаттарын дайындаунға өтінім берілді.
Орманның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында өткен 10 айда 142 текше метр қураған, сынған, ауруға ұшыраған ағаштар теріп, қырқылып отын есебінде дайындалды.
Биылғы көктем ерте, әрі жауын-шашыны аз болып шықты. Бұл жапырақ жегіш құрт, парша сияқты зиянды жәнедіктер мен ағаш ауруларының тез көбеюіне әсер етіп олар 68,3 га жерде пайда болды. Ол учаскелер химикаттармен дәріленіп зиянкестерден толық тазартылды.
Ұлттық паркте жабайы аңдар мен құстарды қорғауға да тұрақты назар аударылып келеді. Биотехникалық шаралар белгіленген көлемде жүргізіліп, аң-құсты қорғау күшейтілді. Соның нәтижесінде соңғы санақ бойынша қоңыр аю, елік, арқар, тау ешкісі, мензбир суыры, үнді жайрасы және т.б. аңдардың жалпы саны көбейе бастады.
Батыс Тәңіртауы дендрофлорасының эндемді ағаш-бұталары
Сихымбаев Ә.Е., Құлтабаров А.С., Насриддинов Ф., Төлеміс Е.Х.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Белгілі бір шектеулі географиялық
аумақта немесе өсімдіктер қауымдастығында
кездесетін, салыстырмалы шағын территорияны
алып жататын түрлер-эндемдер (эндемиктер)
Батыс Тәңіртауы
Батыс Тәңіртауының Қазақстандық бөлігі - республиканың жоғарғы сатыдағы түтікті өсімдіктерінің ең көп шоғырланған жері деуге болады. Егер Қазақстан бойынша 1000 шаршы км-ге 2 түрден келетін болса, ол Батыс Тәңіртауында 146 түрден келуі осының дәлелі. Сондықтан Батыс Тәңіртауы флорасында сирек, эндемді өсімдіктер көптеп кездеседі. Төменде көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде анықталған өсімдіктердің бірнеше түрлеріне сипаттама берілді:
Amygdalus petunnikowii Litv. - Петунников бадамы
Статусы. 1(Е), сирек, эндемдік түр /1/.
Морфологиясы. Ұзындығы 1 м-ге жететін сәндік бұта.
Таралуы. Сырдария Қаратауы және Батыс Тәңіртауы. Қазақстаннан тыс - Орта Азия.
Информация о работе Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы ақпарат