Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 15:54, реферат
Құнарлылық – топырақты тау жыныстарынан ерекшелендіретін топыраққа тән маңызды сапалық қасиет. Құнарлылық деп топырақтың өсімдіктер өнімділігін қамтамасыз ету қабілетін айтады. Ол бір мезгілде және үзіліссіз өсімдіктерді керекті су және қорекпен қамтамасыз ету жағдайымен қатар, оттегі мөлшерінің жеткілікті және топырақтардың өсімдіктердің тамыр жүйелері үшін қолайлы физикалық қасиеттері болған кездерінде қамтамасыз етіледі.
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
Топырақ құнарлылығының түрлері.
Топырақ құнарлылығының кеми беру заңы және оны сынау.
Топырақ сапасын олардың қасиеттері мен құнарлылғы бойынша бағалау.
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Реферат
Тақырыбы:
Топырақ құнарлылығы.
Жоспар:
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Құнарлылық – топырақты тау жыныстарынан ерекшелендіретін топыраққа тән маңызды сапалық қасиет. Құнарлылық деп топырақтың өсімдіктер өнімділігін қамтамасыз ету қабілетін айтады. Ол бір мезгілде және үзіліссіз өсімдіктерді керекті су және қорекпен қамтамасыз ету жағдайымен қатар, оттегі мөлшерінің жеткілікті және топырақтардың өсімдіктердің тамыр жүйелері үшін қолайлы физикалық қасиеттері болған кездерінде қамтамасыз етіледі.
Топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар өсімдіктің өсіп және дамуына тікелей әсер ететін тура және жанама болуы мүмкін. Тура жағдайларға жергілікті пайдалануға ыңғайлы су қоры, аэрация, орта реакциясы, пайдалануға ыңғайлы қосылыстар формасы мен мөлшері, қоректік элементтер және олардың қатынасы. Жанама жағдайға жатқызатыны: ил бөлшектері, қарашірік, микроағзалар саны, топырақтың тамыр таралатын қабатын шектейтін тығыз горизонттардың тереңдігі, топырақты өңдеу. Туа жіне жанама жағдайлар өзара тығыз байланыста және өсімдік өнімділігіне өте үлкен әсерін тигізеді.
Өсімдік тіршілігінің әрбір жеке жағдайы немесе факторы өсімдіктің өсуі үшін жеткіліксіз болуы мүмкін, ыңғайлы болғанда өсімдік ең жоғарғы өнімділік береді, егер артық болса токсикоз болып, өсімдік өнімділігі нашарлап кетеді. Топырақтың жалпы құнарлығы әрбір өсімдікке әсер етуі кезінде минимум мен максимумда болатын жағдайлармен анықталатын болады. Өсімдіктің ең жоғарғы өнімділігі топырақтың ең жоғарғы құнарлығына сәйкес келетін әртүрлі жағдайлардың ыңғайлы құрамдары мен қатынастары кезіндң байқалады.
Әртүрлі топырақ-климаттық зоналарда топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар әртүрлі. Тундра аймағында шектейтін факторлар төменгі температура мен топырақтың жоғарғы ылғалдылығы, орманды зонада-артық ылғалдылық пен топырақ қышқылдығы, орманды-дала және дала зоналарында –ылғал жетіспеушілігі мен топырақта көбінесе натрийдың, хлордың артықтылығы. Құмдауыт топырақтарда ылғалдылық пен қоректік элементтерінің жетіспеушілігі ауыр саздық топырақтарда – аэрация нашарлығы және топырақтың жоғары тығыздығы. Сонымен, құнарлылық топырақ түзілу жағдайларының өзгеруіне байланысты шектеледі.
Топырақ құнарлығының түрлері.
Топырақтың құнарлылығын табиғи, потенциалды, жасанды және тиімді құнарлылық деп жіктейді.
Табиғи құнарлылық – табиғи топырақ түзілу барысында табиғи өсімдік жамылғысы астында пайда болған топырақ қасиеті. Топырақтардың табиғи құнарлылығы уақыт аралығында салыстырмалы түрде шамалы ғана өзгереді және ол тұрақты шама болып табылады. Сонымен бірге түзілу әртекті топырақтардың құнарлылықтары да әртүрлі болады, ал бір топырақтың құнарлылығы биологиялық қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар өсімдіктер үшін әртүрлі. Мысалы, шалғынды-глейлі топырақтарда шалғындық өсімдіктер жақсы өседі, ал шыршалар мен қарағайлар өліп қалады немесе өтенашар өседі. Өте ұсақ құмдарда қарағайлар жақсы, ал шыршалар мен емендер нашар өседі.
Потенциалды құнарлылық топырақтағы қоректік элементтердің қолдануға болатын немесе болмайтын формада болатын жалпы қорымен анықталады.
Жасанды құнарлы топырақты өндегенде , тыңайтқышты сепкен , әртүрлі дақылдарды өсіргенді , құрғатқанда , суландырғанда жасалады.
Табиғи , жасанды , потенциалық құнарлы бір-біріне өзара тығыз байланысқан , себебі өсімдіктерді ылғалмен және қорекпен қамтамасыз ету табиғи топырақтың қасиеттеріне тәуелді.
Өнімділік мөлшерімен өлшенетін тиімді немесе нағыз құнарлылық іс жүзінде табиғи және жасанды құнарлылықпен өрнектеледі және ғылым ме техниканың даму дәрежесіне едәуір тәуелді. Бұл жағдайда құнарлылық үздіксіз өседі, қоректендіру элементтерінің және топырақтағы ылғалдылықтың потенциалдық қоры толық пайдаланатын болады.
Топырақ құнарлылығын, өнңмділікті жоғарылату үшін егін шаруашылығында және агрохимияда су мен қоректік элементтердің максималды қорын қамтамасыз ететін, сонымен қатар орта реакциясын қалыпты ұстау мен өсімдік өсуіне ықпал ететін аэробты және анаэробты реакциялардың қажетті жылдамдығын қамтамасыз ететін әдістер құрастыру қажет. Сонымен қатар зиянды үрдістерді: улы заттар пайда болуын, топырақты өңдеу кезінде олардың тығыздалып қалуын, арамшөптер басып кетуін, зиянды микроағзалардың көбеюін баяулату немесе тоқтату қажет.
Топырақ құнарлылығының кеми беру заңы және оны сынау.
XVIII ғ. аяғының өзінде жыл сайын еселеп жұмсалатын еңбек пен шығынға қарамай өнім жыл сайын азая беретіні байқалған. Осындай бақылаулар негзінде француз экономисі А.Тюрго «Топырақ құнарлығының кеми беруі» заңын ашты, ол алдымен буржуазия зкономистері арасында үлкен қолдау тапты.
Осы заң және Мальтус теориясы негізінде халықтың орналасуы тіршілік қажеттіліктерінің өсуінен тез жүріп жатыр, соған байланысты жаппай аштық болатыны және халық санын шектеу қажет екені туралы теориялар бұрын да, қазір де ұсынылып келеді.
В.Р.Вильямс көрсеткендей, А.Тюрго заңындағы айтылған құбылыс өсімдіктер тіршілігінің бір факторын өзгерткен кезде орын алуы мүмкін екенін агрономиялық көзқарас тұрғысынан дәлелдеді. Ол Гильригель тәжірибесін пайдалана отырып вегетациялық ыдыста арпа өніміне топырақ ылғалдылығының әсер етуін бақылады:
Топырақ ылғалдылығын,топырақ ылғал сыйымдылығы, % - 1,5,10,20,30,40,60,80,100.
Өнім(дц/г сосуд) 1,63,146,190,217,227,197,0
Толық ылғал сыйымдылығының әрбір 10% өнімінің жоғарлауы 124,43,44,27,10,15,98.
Басқаша айтқанда , ауылшаруашылық өндірісі бір деңгейге жүргізілгенде «топырақтың , құнарлылығының кеми берузаңының» әсері байқалады. Бірақ , өсімдіктер тіршілігінің бірнеше факторларына әсер ету кезінде бұл «заң» расталмайды. Оны В.Р.Вильямс М.Вольнидің вегетациялық тәжірибесін пайдалана отырып көрсетті, онда ылғалдылық, қоректік элементтерінің мөлшері және жарық түсуі өзгертілді. Тәжірибе негізінде диаграмма жүзінде; одан байқалатыны тіршіліктің осы 3 факорына әсер еткен кезде, өсімдік өнімі барлық кезде өсіп отырады. Демек «топырақ құнарлығының кеми беру заңы» табиғи заң емес, тек ауылшаруашылық өндірісін дұрыс жүргізбегендіктің салдары.
Топырақтардың тиімді құнарлылығы топыраққа кешенді және бағытталған әсер кезінде тоқтаусыз жоғарылауы мүмкін.
Д.Н.Прянишниковтың топырақтардың құнарлылығы және өндірістік пайдаланылуы туралы еңбегінің мәні ауыл шаруашылықта минералдық тыңайтқыштарды қолданудың тәсілдерін құрастыру мен оны пайдалануды насихаттауда болды. Ол өнімділіктің жоғарылауы едәуір мөлшерде тыңайтқыштарды енгізумен байланысты екенін көрсетті. Топырақтардың құнарлылығын жоғарылатуға алғашқы қадам XVII ғ. аяғында – XIX ғ. басында жасалған. Жыл сайынғы өнімді екі еселеу үшін 100 жылдан аса уақыт керек болса, Д.Н.Прянишников зерттеулер нәтижесінде тыңайтқыш қолдану арқылы оған 30 жылда жетуге болатынын дәлелдеді. Тыңайтқыштар ролі мынадай фактімен де дәлелденді: Германия бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде тыңайтқыш шығармағандықтан соғыстың төртінші жылы өнімдері 75 жыл бұрынғы өнімдегідей төмендеп кетті.
Қазіргі кезде Д.Н.Прянишниковтың көзқарастары кеңінен таралған. Ауыл және орман шаруашылықтарын химияландыру астық тұқымдастар өнімділігін жоғарылатуда маңызды тізбектің бірі болып табылады.
Топырақ сапасын олардың қасиеттері мен құнарлығы бойынша бағалау.
Топырақтар құнарлылығы әртүрлі болғандықтан, өсімдіктерді өсіру үшін олардың қайсысы қолайлы қайсысы қолайсыз екенін білу керек. Бұны топырақтарды бір-бірімен, олардың қасиеттерін және өсімдіктер өнімін салыстыра отырып, басқаша айтқанда салыстырмалы бағалау жүргізе отырып жасауға болады.
Мұндай бағалау бір немесе бірнеше биологиясы ұқсас дақылдардың дамуын анықтайтын, өте маңызды қасиеттері боййынша жақын топырақтарды біріктіру жолымен, яғни агроөндірістік топтар бойынша орындалуы мүмкін. Бағалау нәтижесінде салыстырмалы түрдегі топырақтардың үлкен топтары мен олардың жуық сапасы қандай да ауылшаруашылық дақылдары өсіру бойынша ұсыныстармен бірге көрсетіледі.
Негізгі дақылдардың өнімділіктерімен тығыз байланыстағы топырақ қасиеттерінің салыстырмалы бірліктерінде (балл бойынша) өрнектелген құнарлылығын сапасы бойынша бағалау топырақтарды бонитеттеу (лат.bonitos – жақсылық) деп аталады.
Топырақтарды бағалау ауылшаруашылық дақылдары мен орман ағаштары түрлерінің өсуі үшін өте маңызды объективті белгілер мен қасиеттерге негізделеді.
Бағалау үшін алынған топырақ қасиеттері өсімдіктер өсуі үшін тура немесе жанама әсер ететін болуы мүмкін, сондықтан топырақтарды бонитеттеу кезінде оның маңызды қасиеті – құнарлылығы көрсетіледі.
Бонитеттеу немесе топырақтарды сапалық бағалау, жеке дақылдар немесе олардың топтары үшін жасалған бонитеттеу кестесі түрінде келтіріледі. Мұндай кестелердің құрастырылу дұрыстығын өсімдіктер өнімділігі баллдары және топырақтар қасиеттері бойынша алынған баллдарды салыстыру арқылы тексеріледі. Баллдар өзгерісінің сипаты бірдей болуы керек.
Біздің елде 100-балдық ашық және жабық шкалаларды қолданады. Ашық шкалада 100 балл деп орташа өнімділікті топырақтар қасиеттері, жабығында – өнімділігі жоғары топырақтар қасиеттері алынады.
Топырақты сапалық бағалау нәтижелерін жерлерді тіркегенде, жер үлескілерін немесе зонаның өнімділігін, дақылдардың жоғары өнімділігін анықтағанда, топырақтарың құнарлығын жоғарылататын әдістерді құрастыруда және басқа мақсаттарда пайдаланады.
Топырақтардың құнарлылығын жоғарылату әдістері әртүрлі және олар ауылшаруашылық және орман дақылдарының өсуін шектейтін жағдайларды жоюға баңытталған. Бұл үшін топырақтық-климаттық зоналар бойынша топырақтарды тиімді өңдеу үшін арнаулы машиналар кешені таңдалады.
Эрозия қарқынды жүретін аудандарда топырақтарды аудармай жырту қолданылады; ылғалдылығы жоғары жерлерде топырақтарды плантажды терең өңдеу басым. Барлық зоналарда егістіктерге, питомниктерге жіне орман дақылдарына, ал соңғы кездерде ормандарда да тыңайтқыштарды енгізу кеңінен қолданылады. Гербицидтер мен арборицидтер бағалы ағаштардан қоректік элементтер мен ылғалды алып қалатын керексіз өсімдіктерді жоюға мүмкіндік береді.
Гидротехникалық милиорация, құрғату ылғалданған топырақтардың құнарлылығын күрт жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Орманда кәрі, шіріген ағаштарды кесу топырақтардағы биологиялық үрдістерді тездетеді. Тұқым тектерін таңдау, қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты аралас ормандар отырғызу, топырақтағы қоректік элементтердің көбеюіне септігін тигізеді, физикалық қасиеттерін жақсартады.
Орман төсенішінің ыдырауын реттеу бойынша жиі қолданылатын тәсілдер: жинау, тазалап әкеті, қопсыту. Бұл тәсілдерді дұрыс пайдаланған кезде топырақтардың құнарлылығы жоғарылайды.
Ормансыз жерлерде ауыспалы егістік, топырақтард зоналық ереекшеліктер бойынша жүйелеп өңдеу, тыңайтқыштар себу, батпақтанған жерлерді құрғату, құрғақ зоналарды ылғалдандыру, су және жел эрозияларымен күресу шаралары және табы басқа арқылы топырақ құнарлығын жақсартуға болады.
Қорытынды.
Топырақ құнарлылығы топырақ
түзілу процесі нәтижесінде пайда болған
топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы.
Ол қарашірінді қабатының қалыңдығына,
қарашірінді құрамына, қоректік элементтердің
жеткілікті болуына, топырақтың түйіршікті,
минералдық және химиялық құрамына, микробиологиялық
процестердің қарқындылығына тәуелді. Топырақ құнарлылығы сол табиғи
құнарлылықты арттыру мақсатында қолдан
жасалған көптеген әрекеттердің нәтижесінде (
Пайдаланылған әдебиеттер: