Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіз ел - тірегім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 11:31, доклад

Описание работы

Тәрбие сағатының мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (7).docx

— 21.30 Кб (Скачать файл)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіз ел - тірегім

 
Тәрбие сағатының мақсаты:

 
а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. 

ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін  қорғау әрбір азаматтың міндеті  екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. 

б) дамытушылық: Оқушылардың  ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым  жасатуға үйрету, патриотизм сезімін  қалыптастыру. 
 
Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап. 
 
Сабақ барысы: 
1. Ұйымдастыру. 
2. Негізгі бөлім. 
 
  Сонау XVII ғасыр басында жоңғарлар қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. 1723-ші жылдар қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті. 
 
  1916-шы жылы ұлт-азаттық көтеріліс, одан 1917-ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты. 
Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда. 
 
   1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз. 
 
  1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есімі – ел есінде» демекші қазір біздің ауылымызда жеті ардагеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді. 
 
    1954-56-шы жылдар тың игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты әлемге әйгіленді. 
  

  1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы қазақ ұлтынан болуды талап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты. 
   

Енді 1991-ші жылы қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді. 

1991 жыл Тәуелсіздік алған  жыл.

Өзіңдікі туың да, от пен  ауа, суың да,

Жаса,Қазақстаным!Белді бекем  буын да.

Ұраның да жасасын!Құраның  да жасасын.

Қанатың қайрылып,қыр арқаңнан майрылып

Егемен тәуелсіздіктен,қала көрме айрылып.

 

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен 

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік  жалауын  желбіреткен

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан  жанды, үміт те

Ту ғып ұстап аңсаған  азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

 

Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі

 

Тағдырыңды тамырсыздық  індетінен қалқалы,

Мазмұны жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа  да,

Болу керек құдіретті  төрт ана 

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі

Қадамына  шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама 

Ауыр әрі қасіретті  болса да

 

Құдіреті жоқ төрт анаға  тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап  сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген  пенделер.

Тамырсыздың басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы  жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырымның  тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес  –күрестердің ұлысы!

 

         Ал енді Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.

   1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды. 

• 1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды. 

1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның  бірінші Конституциясы қабылданды. 

• 1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді. 
• 1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды. 
• 1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 30 тамыз ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды. 
• 1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды. 
• 1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады. 
• 1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді. 
• 1999 жылғы 24 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өткізілді. 
• 2000 жылғы 10 қазан. Жаңа халықаралық ұйым-Евразиялық экономикалық одақ құрылды. 
• 2001 жыл. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы. 
• 2002 жыл. Денсаулық жылы. 
• 2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы 
• 2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды. 
• 2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы. 
• 2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды. 
• 2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды. 
• 2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді. 
• 2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті. 
• 2011 жыл. ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті. 
• 2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті. 
• 2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.

 

 

   Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз еліміздің ынтымақ пен татулық бейбіт өмір мен тыныштық баянды болғай. Әр отбасында құт береке, қуанышты да бақытты өмір, дендеріңізге саулық тілейміз.

  Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. 
  Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсіздігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі. 
  Міне, оқушылар мына байлақтың иесі сендер – Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сендер.

  Елдігіміздің  айнасы – тәуелсіздігіміз жасай  берсін!


Информация о работе Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіз ел - тірегім