Заманауи жағдайда тақырыптық картографияның өсу ерекшеліктері.
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 17:32, реферат
Описание работы
Жалпы тақырыптық карталардың мазмұнының құрастырылу әдістерін, қолданылуын және дамуын зерттейтін ғылым саласы – тақырыптық картография деп аталады. Тақырыптық картографияда ең негізгі ұғым тақырыптық карталар болып табылады. Тақырыптық карта - белгілі бір арнайы тақырыпқа сай жасалған карталар.
Содержание работы
Кіріспе
Негізгі бөлім
Тақырыптық картография түсінігі
Тақырыптық картогрфияның пайда болуы және қазіргі уақытта дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Файлы: 1 файл
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
ФАКУЛЬТЕТІ
КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГЕОИНФОРМАТИКА
КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Заманауи жағдайда тақырыптық
картографияның өсу ерекшеліктері.
Орындаған: Мұсахан Д.
Тексерген: Тәукебаев Ө.Ж.
Алматы, 2015 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Тақырыптық картография түсінігі
- Тақырыптық картогрфияның пайда
болуы және қазіргі уақытта дамуы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпы тақырыптық карталардың
мазмұнының құрастырылу әдістерін, қолданылуын
және дамуын зерттейтін ғылым саласы –
тақырыптық картография деп аталады. Тақырыптық
картографияда ең негізгі ұғым тақырыптық
карталар болып табылады. Тақырыптық карта
- белгілі бір арнайы тақырыпқа сай жасалған
карталар. Бұл карталар әртүрлі мақсатта,
мазмұнда, масштабта жасалады. Осы карталарды
біз түрлі салаларда пайдаланамыз. Қазіргі
таңда картографияның бір саласы ретінде
осы тақырыптық картографияның дамуы
жоғарғы деңгейге көтерілуде деп айтсақ
та болады. Яғни, түрлі карта жасайтын
заманауи бағдарламалар арқылы біз әртүрлі
тақырыптағы карталарды жасап, талдап,
оларды қолдана аламыз.
Тақырыптық картография
түсінігі
Жалпы картография табиғат
пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен
өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі
орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін,
тағыда басқа картографиялық кескіндеудің
(бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. Картография ғылыми және техникалық
пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің
көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері
жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан
өтуде. Картография теориясының негізгі
әдістемесі – картатану болып табылады.
Картографияның негізгі салаларына:
Картография пәні мен әдістемесі,
карта туралы ілім, картографиялық проекциялар
теориясы, генерализация мен кескіндеу
әдістерінің (шартты белгілер жүйесі)
теориялары;
Картография ғылымы мен өндірісінің
тарихы;
Картографиялық деректерді
тану (картографиялық деректер теориясының
мәселелері);
Карталарды жобалау және оларды
дайындау теориясы мен технологиясы;
Карталарды пайдаланудың теориясы
мен әдістемесі жатады.[1]
Тақырыптық картография – белгілі
бір арнайы тақырыпқа сай жасалған картаны
тақырыптық карта деп атайды, ал осы тақырыптық
карталардың мазмұнының құрастырылу әдістерін,
қолданылуын және дамуын зерттейтін ғылым
саласы – тақырыптық картография деп
аталады. Тақырыптық карталар оқу мақсатында,
ғылыми зерттеулерде, халық шаруашылығында
құрастырылуы мүмкін. Тақырыптық карталардың
құрастырылу әдістері әртүрлі:
- Далалық түсіріс жұмыстары
негізінде құрастырылатын карталар
- Камералдық өңдеу мен генерализация
негізінде құрастырылған карталар.
- Стационарлық бақылаулар тіркеу
мен санақ нәтижелері, статистика мен
экономикалық зерттеулер нәтежиесінде
құрастырылатын карталар.
- Аралас мазмұнды және әуеғарыштық
зерттеулер негізінде құрастырылатын
карталар.
Тақырыптық картогрфияның
пайда болуы және қазіргі уақытта дамуы
Қазіргі картография – ежелгі
немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолдану мақсатын
түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египтте, антиалық
Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет
ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар
мен аудан табудың қарапайым тәсілдері
қолданыла бастады. Алғашқы қолданысы
жол бағдарлаудан басталған карта тарихы
орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық
ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар
үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде
таптырмас құрал болды. ХYIII ғасырдың ортасында
тақырыптық карта қалыптаса бастады. Бұл
экономика қажеттіліктерге, шаруашылық
етудің нарықтық әдістерін кейіннен дамытуға
байланысты пайда болды.
Тақырыптық картографияның
көпсалалары: гидрографиялық, геологиялық,
топырақ және геоботаникалық, экономикалық
және көбінесе ауылшаруашылық тәрізді
тақырыптық бағыттар пайда болып дами
бастады. Осы жағдайда әзірленіп жатқан
карталарды ұзақ уақыт бойы арнайы деп
атады. Тек ХХ ғасырдың 50 жылдары тақырыптық деп
атай бастады. Осындай карталарды құру
үшін ХІХ ғасырда тақырыптық картаны құрып,
оны ерекше тәсілдер мен әдістермен жасай
бастады, ол картографиялық модельдеу
жолымен әртүрлі табиғи және әлеуметтік
– экономикалық құбылыстар мен объектілерді
бейнелеуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта
бұндай тәсілдер, компьютерлік (сандық)
картографияларда да пайдаланылады. Тақырыпық
картографияда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі.
Тақырыптық карта сияқты Сібірдің
атластан жасалған С.Е.Ремезовтың “Сібірдің
сызба кітабы” атты этнографиялық картасын
да айтуға болады. Онда Шығыс және Батыс
Сібір кеңістігінде, оның ішінде қазіргі
Қазақстанның жерінде әртүрлі халықтың
қоныстануын бейнелеген. XYII – XIX ғасырдың
географиялық карталарының негізгі мазмұны
елді мекендер, жол желілері, сондай –
ақ арнайы тағайындаулы: кедендер, пошта
бөлімшелері, тіркеулер және тағыда басқа,
табиғат элементтерінен: өзендер, көлдер,
ормандар көрсетілген. Жалпы қазіргі таңда
картографияны дамыту және географиялық
білімді жинақтау, табиғат элементтерін
бейнелеу үздіксіз жетілдірілуде. Сонымен
қатар карталар мазмұнын жетілдіру де
жалғасын табуда. Бастапқы ақпаратты алу
әдістері, карталарды құрастыру және басып
шығаруға арналған жабдықтар, оларды пайдалану
бағыттары мен мүмкіндіктері болады. Табиғи
және әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың
сипаттамасын бейнелейтін карталардың
үлгісін жаңадан ауыстыруға олардың дамуының
табиғи құбылысын сипаттайтын электрондық
тақырыптық карталар келеді. Қазір картография
ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен
бағдарламалардың пайда болуымен өзінің
зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді,
сондай-ақ сандық карталар жасауға мүмкіндік
ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды
қолдануда. Осы бағдарламаларды қолдану
арқылы біз әртүрлі тақырыптағы карталарды
жасап шығара аламыз.[2]
Қазіргі таңда тақырыптық
картографиялау картографияның
ең дамушы бағыттарның бірі
болып табылады. Тақырыптық картографиялау
арқылы біз тақырыптық карталар аламыз.
Тақырыптық карталар дегеніміз – белгілі
бір тақырыпқа, арнайы тақырыпқа арналып
жасалатын карталар. Бұл карталардың ауқымы
өте кең болып табылады. Оларғы: геологиялық,
гипсометриялық, геоморфологиялық, климаттық,
топырақ, геоботаникалық, ландшафттық,
экономикалық, білім және ғылым, денсаулық
сақтау, тарихи, саяси, қоршаған ортаны
қорғау, халықтар картасы, мұхиттар мен
теңіздер тағыда басқа карталар жатады.
Қорытынды
Қорытындылай келетін болсақ,
карталардың адам өмірінде маңызы өте
зор. Карталар адамдардың қажеттіліктерінен,
мұқтаждықтарынан туған дүние. Осы карталардың
құрастырылуын, динамикасын зерттейтің
картография саласы ерте заманнан дами
отырып түрлі салаларға тармақталды. Яғни
соның ішінде тақырыптық картография
саласы қазіргі таңда жоғарғы даму деңгейіндегі
салалардың біріне жатады. Тақырыптық
карталардың ауқымы өте кең болып келеді,
сондықтан оларды құрастыру өте күрделі,
әрі маңызды үрдіс. Қазіргі таңда мұндай
карталарды біз заманауи, яғни ArcGIS, ArcMap
секілді бағдарламаларда құрастырып шығара
аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Интернет желісі: http://qazaqia.blogspot.com/
- Интернет желісі: newskz.wordpress.com
Информация о работе Заманауи жағдайда тақырыптық картографияның өсу ерекшеліктері.