Жанартаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 18:38, реферат

Описание работы

Жанартау, вулкан (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. ) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары.
Жанартау — төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім. Ол терендік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Атқылау каналдарының пішініне сәйкес жанартауларды орталық және жарықтық деп бөледі. Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған және сөнген болуы мүмкін. Жанартаулық атқылаудың типі, магманың мөлшері мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін анықтайды.

Файлы: 1 файл

аяжан .docx

— 76.48 Кб (Скачать файл)

Жанартаулар

         Жанартау, вулкан (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. ) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары.

         Жалпы мәліметтер

Жанартау — төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім. Ол терендік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Атқылау каналдарының пішініне сәйкес жанартауларды орталық және жарықтық деп бөледі. Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған және сөнген болуы мүмкін. Жанартаулық атқылаудың типі, магманың мөлшері мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін анықтайды. Оның ең көп тараған типтері: конус тәріздес жанартау (атқыламасында сынық материалдар басым кезінде), күмбез тәріздес жанартау (тұтқыр лаваның сығымдалуы кезінде) және көлбеу қалқан тәріздес жанартау (сұйық лава аққан кезде). Жанартаудың бір рет қана атқылауы кезінде пайда болған түзілімді моногендік жанартау, бірнеше рет атқылаудан пайда болған түзілімді полигендік жанартау деп атайды. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 км3 жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі

Жанартаулар туралы таңғажайып деректер

• Ең үлкен жанартау - Гавайядағы Мауна - Лоа, оның кратерінің ені 10 километр және терендігі 180 километр. Бұл жанартаудың 80 % - нан артығы мұхит астында жатыр.

• Ең биік әрекеттегі жанартау - Оңтүстік Америкадағы Охос - дель- Саладо. Оның биіктігі - 6 887 метр.

• Ең тынымсыз жанартау - Гавайядағы Килауэа, ол 1983 жылдың бастап үздіксіз аткылап жатыр. Оның көшкінінің ағындары 10 шаршы километрден артық аумақты жауып тастады.

• Әлемде 800 - ден астам әрекеттегі жанартаулар бар. Олардың көпшілігі Индонезияда, 200 - ге жуық.

• 1815 жылы Индонезияда Тамбора жанартауының атқылауынан 90 000 адам қаза тапты.

Су асты жанартауы 3 – 4 км тереңдіктегі лавалық жарықтардан тыныш күйде шығып жатады, бірақ оларды тікелей бақылау мүмкін емес. Жер үсті жанартаулары атпа өнімдерінен құралады, ол орталық кратері бар конус пішінді тау түрінде болады. Сөнбеген жанартаулардың ең жоғары салыстырмалы биіктігі – мұхиттарда 9 км, аралдарда 6 км, таулы өңірлерде 3 км-ге жетеді. Жердегі сөнбеген жанартаулардың орташа биіктігі 1750 м, көлемі 85 км3.

Жанартаулардың атқылауы - Жер қабығындағы жарықтар мен каналдар бойымен ыстық газдардың, су буының, тау жыныстары сынықтарының, күлдің және лаваның Жер қойнауынан аспанға атылуы. Жанартау атқылаған кезде аспанға атылған шаңнан атмосфера қарауытады. Күн радиациясы бәсендейді және жарық азаяды. Ауа ағыстарымен атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралған жанартаулық ұлпа шаңдардан (күлден) оның атылған тұсында ғана емес, тіпті одан өте шалғай жерлерде аспанда шапақтың басқаша қызыл түсті оптикалық құбылысы болады. Жанартаулардың атқылауынан стратосфера мен мезосферадағы бұлттар пайда болады

Жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары

Жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер – жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Атқылау сипатына байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Жанартаулық тау жыныстары қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып, күмбез пішінді болып қатаюынан пайда болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы пішіні қатты өзгерген көне түрлері палеотипті, ал пішіні сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері – пирокластардан тұрады. Жанартаулық тау жыныстары Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған: олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі.

 

 

Жанартау атауы

Орналасқан орны

Биіктігі, м

Аймақ

Охос-дель-Саладо

Чили Андылары

6893

Оңтүстік Америка

Льюльяйльяко

Чили Андылары

6725

Оңтүстік Америка

Сан-Педро

Орталық Андылар

6159

Оңтүстік Америка

Котопахи

Экваторлық Андылар

5897

Оңтүстік Америка

Килиманджаро

Масаи таулы үстірті

5895

Африка

Мисти

Орталық Андылар

5821

Оңтүстік Америка

Орисаба

Мексиканское нагорье

5700

Солтүстік және Орталық Америка

Попокатепетль

Мексикалық таулы қыраты

5455

Солтүстік және Орталық Америка

Сангай

Экваторлық Андылар

5230

Оңтүстік Америка

Толима

Северо-Западные Анды

5215

Оңтүстік Америка

Ключевская сопка

п-ов Камчатка

5000

Азия

Рейнир

Кордильер

4392

Солтүстік және Орталық Америка

Тахумулько

Орталық Америка

4217

Солтүстік және Орталық Америка

Мауна-Лоа

Гавай аралдары

4169

Австралия және Океания

Камерун

Камерун сілемі

4100

Африка

Эрджинс

Анатолий қыраты Суматра аралы

3916

Азия

Тейде

Канар аралдары

3818

Африка

Керинчи

Суматра аралы

3805

Азия

Эребус

Росса аралы

3794

Антарктида

Фудзи

Хонсю аралы

3776

Азия

Семеру

Ява аралы

3676

Азия

Ичинская сопка

Камчатка түбегі

3621

Азия

Кроноцкая сопка

Камчатка түбегі

3528

Азия

Корякская сопка

Камчатка түбегі

3456

Азия

Этна

Сицилия аралы

3340

Еуропа

Шивелуч

Камчатка түбегі

3283

Азия

Лассен-Пик

Кордильер

3187

Солтүстік және Орталық Америка

Льяйма

Оңтүстік Андылар

3060

Оңтүстік Америка

Апо

Минданао аралы

2954

Азия

Руапеху

Жаңа Зеландия

2796

Аустралия және Океания

Пэктусан

Корея түбегі

2750

Азия

Авачинская сопка

Камчатка түбегі

2741

Азия

Алаид

Курил аралдары

2339

Азия

Катмай

п-ов Аляска

2047

Солтүстік және Орталық Америка

Тятя

Курил аралдары

1819

Азия

Гекла

Исландия аралы

1491

Еуропа

Монтань-Пеле

о. Мартиника

1397

Солтүстік және Орталық Америка

Везувий

Апеннинский п-ов

1277

Еуропа

Стромболи

Липар аралдары

926

Еуропа

Кракатау

Зонд бұғазы

813

Азия


Сент-Хеленс жанартауының атқылауы. 1980 ж.

 

 

Таулар

 

Таулар – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. Ұзындығы жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты (Үлкен Кавказ, Пиреней) немесе доға тәрізді (Альпі, Карпат) көтерілімдер болып келеді.

Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына, жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник. аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник.Таулар – қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар – неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық Таулар – жас таулы аймақ немесе көне платформалық құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары көтерілген лавалық жабынды таулар болып бөлінеді. Таулар бедерінің негізгі элементтері – шыңы, басы, жоны, беткейі, етегі, өзен аңғарлары. Жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі. Таулы аумақтың негізгі геогр. заңдылығы – ландшафтың биіктік белдеулілігі (биіктік белдемділік) анық көрінеді. Тауларды биіктігіне қарай аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 – 3000 м), биік таулар (3000 м) деп бөледі. Дүние жүзіндегі ең биік тау – Гималайдағы Джомолунгма (Эверест) (8848 м), Қазақстандағы ең биік тау – Хантәңірі (6995 м).[1]

Оқшау таулар

Оқшау (арал) таулар – кең жазықта жеке-дара немесе топтала орналасқан оқшауланған таулар мен қыраттар. Салыстырмалы биіктіктері 100 м-ден 1000—2000 м-ге дейін болады. Пайда болуы жағынан қуаңшылық климатты, тектоникалық тұрақты аймақтарда қирағаннан кейін сақталған немесе жергілікті тау түзілу нәтижесінде (мысалы, жаңа тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған жақпар таулар, лакколитті таулар) түзілген тау жұрнақтарына жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 26 мектеп-гимназия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

«Таулар және  жанартаулар»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Мусралинова Диана

Сыныбы: 6 «В»

Тексерген: Баянова С


Информация о работе Жанартаулар