Жер мен оның қабығының заттық құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 10:04, реферат

Описание работы

Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген. Жер қабығы тау жыныстарынан құралады да,олар минералдардан түзіледі. Минералдар деп жер қабығының физика химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды айтады.

Файлы: 1 файл

Геология Өзіндік жұмыс 2-слайд.pptx

— 2.00 Мб (Скачать файл)

  
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫң БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  
   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті  
   
   
Машина жасау факультетінің 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығының сырттай қашықтықтан оқыту бөлімі  
«Жалпы және мұнай – газ геологиясы» пәні бойынша  
   
 Өзіндік жұмыс 2  
   
Тақырыбы: Жер мен оның қабығының заттық құрамы  
   
   
    Орындаған: НГД 11(2ж) тобының студенті Халел Орынгүл  
                   Тексерген: Аға оқытушы Хамзина Б.Е.  
   
   
   
   
   
   
   
   
   
 
Орал, 2014  

 Жоспар:

 

1. Жер мен оның  қабығының заттық құрамы

 

2. Минералдар, тау  жыныстары туралы түсінік, физикалық  қасиеттері (презентация дайындау).

 

3. Минералдардың  химиялық классификациясы

 

  1. Жер мен оның қабығының заттық құрамы

 

Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген. Жер қабығы тау жыныстарынан құралады да,олар минералдардан түзіледі. Минералдар деп жер қабығының физика химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды айтады.

Космос аппараттарының  бортынан алынған көптеген фотосуреттер жер шарының негізгі үш қабықшасын көруге мүмкіндік береді:

  1. атмосфера және оның бұлттары,
  2. гидросфера және
  3. өзінің табиғи қабаттарымен
  4. бірге алынған литосфера.

 

 

 

 

Осы қабықшалар сәйкес келетін заттың үш агрегаттық күйі –

  1. Газ
  2. Сұйық
  3. Қатты күйлері бізге -  Жер тұрғындарына үйреншікті болып кеткен.

 

 

 

Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдардан құралып,жер қабығында өзіне тән геологиялық денелер түзеді. Жаралу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық,шөгінді және метаморфтық болып үш үлкен топқа жіктеледі. Магмалық тау жыныстары жер қойнауында болатын силикатты балқыма ерітіндінің (магма) жер бутіне жетіп (оны енді лава дейді) қатаюынан немесе жер қойнауында кептеліп кристалдануынан пайда болады. Магмалық жыныстар көбіне кристалды құрылымды болып, нағыз, ұдайы өте қатты біркелкі массивтер түзеді. Олардың үлгісі ретінде тереңде кристалданған гранитті,немесе жер бетіне төгілген базальтты атаған жөн

 

  • Шөгінді тау жыныстары жер бетіне су бассейндерінің түбінде органикалық және анорганикалық заттардың заттардың шөгуінен пайда болады. Шөгінді тау жыныстары жаралу тегіне байланысты үгінді (механикалық шөгінділер), химиялық (хемогенді), органогенді және аралас топтарға жіктеледі.
  • Үгінді жыныстар тозып бұзылған жыныстардың сынық үгінділерінің шайылып, кейіннен бір тұста шөгуінен пайда болады. Осылайша дөңбектастар, малтатастар, құм және құмтастар, аргилиттер, балшық тақтатастар түзіледі.
  • Әктасты жыныстарға ізбестастар,олитті ізбестастар,ізбесті туфтар, доломиттер т.б. жатады. Кремнийлі жыныстарға ыстық бұлақтар суынан тұнған кремнийлік туфты атауға болады. Сонымен қатар, яшмалар, тұнған кремнийлі тақтатастар соларға жатады. Ең жиі тарағандары: ізбестастар, қабыршақтар, ақ бор, трепелдер және каустобиолиттер.
  • Аралас тау жыныстары жоғарыда терілген жыныстардың қоспасынан тұрады. Мысалы балшық ізбестас, мергел, құмқұмайтты ізбестас, опокалар.

 

 Минералдардың  физикалық қасиеттері

 

Минералдардың физикалық  қасиеттері кристалдық құрылымына және химиялық құрамына байланысты. Тығыздығына байланысты Минералдар жеңіл (2500 кг/м3 дейін), орташа (2500 – 4000 кг/м3), ауыр (4000 – 8000 кг/м3) және өте ауыр (8000 кг/м3-тен жоғары) болып жіктеледі. Мөлдірлік қасиетіне байланысты мөлдір (тау хрусталі), шала мөлдір (сфалерит), мөлдір емес (магнетит) болып ажыратылады. Минералдар жаралу, өсу, өзгеру сатыларынан (Минералдар онтогениясы) өтеді. Минерал магмалық балқымаларда, ерітінділерде, газдарда түзіледі. Белгіліпроцестерден кейін бірнеше Минералдың топталуы Минералдар парагенезисі деп аталады. Пайда болған Минералдар ассоциациялары парагенетикалық талдау негізінде жасалған әр түрлі физикалық - химиялық диаграммалар бойынша анықталады. Табиғи реакцияларда түзілетін Минерал өзін қоршаған ортамен, ортаның фазалық қалпымен және физикалық - химиялық параметрлермен тығыз байланысты.

 

Минералдардың химиялық классификациясы

 

Әр Минерал өзіне тән құрамды, кристалды құрылымы бар табиғи қосынды. Жекелеген кристалдар, дәндер және басқа денелер Минералдық индивид деп, ал Минералдық индивидтердің бірігіп түзілгендері минералдық агрегаттар деп аталады. Табиғаттазерттелген Минерал түрлері 2,5 мыңға жуық, жыл сайын 30-ға жақын жаңа Минерал түрлері анықталады. Минералдардың көпшілігінде иондықұрылым кездеседі (кристалдық химия). Коваленттіжәне интерметалдық құрылымдар аз кездеседі. Минерал құрауға Менделеев кестесіндегі инертті(асыл) газдар мен ураннан соңғы элементтердің бәрі қатысады. Олардың кейбіреуі Минерал құрауда басты орын алады, ал құрылымы мен қасиеттері басты элементтерге ұқсастары (Pd, Ge, Іn, Cd, Ga,Tl, Se, І, Br, Re, Rb) Минералдардың құрамындаизоморфтық қоспалар түрінде кездеседі.Изоморфтық қоспалар Минералдардың химиялық қасиеттерін өзгертеді.

 Табиғатта силикаттар(Минералдың жалпы санының 25%-ы), сульфидтер (13%), фосфаттар мен ванадаттар (18%), тотықтар менгидрототықтар (12%), түрлі табиғи химиялық қосылыстардың (32%) Минералдары бар. Жер қыртысының 92%-ы силикаттардан, тотықтардан, гидрототықтардан тұрады. Химиялық құрамы жағынан Минералдар тазаэлементтер және күрделі қосылыстар болып бөлінеді. Минерал кристалдары жай аниондардан (S2–, O2–, OH–, Cl–, т.б.), аниондық радикалдардан [CO3]2–, [SіO4]4–, [PO4]3–, т.б. құралады. Минералдарды кристалдыхимиялық жіктеу, құрылысының ерекшеліктеріне негізделген. Құрылымы бір типтес Минералдар құрамыныңизоморфизм процестерінен өзгеруі оларды құраушы атомдардың, иондардың атомдық (иондық)радиустарына, кристалдық - химиялық сандарына, химиялық байланыс түрлеріне байланысты болады. Минерал морфологиясы оның ішкі, құрылысына, пайда болу, қалыптасу жағдайларына қарай анықталады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Бәкіров С. Б.  Геология  негіздері.

2. Кененбай Сапарбайұлы.     Геология және гидрогеология  негіздер

3. Кузнецов С.С. Геология

4. Интернет желісі


Информация о работе Жер мен оның қабығының заттық құрамы