Жоспары:
1.Жер құқығының жүйесі.
2. Жер құқығының қағидалары.
3.Жер құқығының әдістері.
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын
реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы
болып табылады.
Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне
меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының
пайда болуын анықтау және оның дамуына
жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы
мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі
мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер
учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану
мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы
қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау
мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын
реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту
үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды
тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті
құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын
мүлік нарығын жасау және оны белгілі
деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында
заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық
жерге байланысты мәселелер Қазақстан
Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі .Жер –
Қазақстан Республикасының егемендігі
белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік,
табиғи ресурс, жалпыға ортақөндіріс құралы
және кез келген еңбек процеснің аумақтық
негізі. Қазақстан Республикасында жер
мемлекеттік меншікте болады.Жер учаскелері
Жер кодексінде белгіленген негіздерде,
шарттар мен шектерде жеке меншікте де
болуы мүмкін.Жер иелену құқығы – жерді
іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен
қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Жерге
меншік құқығын және өзге де құқықтарды
жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын
басқаруға,жекеленген субъектілерге жер
учаскелерін бекітіп беруге байланысты
жерді пайдалану мен қорғау жөнінде құқықтық
қатынастар жер құқығы қатынастары деп
аталады.
Қазақстан
Республикасының жер құқығы дербес
құқық саласы ретінде КСРО-ның
ыдырауымен Қазақстан Республикасы
егемендікке ие болғаннан кейін
қалыптасты. Ол жай «бос жерде»
пайда болған жоқ. Қазақстан
Республикасының жер құқығы Қазақ
КСР жер құқығының жалғасы
болып табылады, бұл құқық КСРО
жеріне айрықша құқық негізінде
қалыптасқан жер қатынастарының
кешенін реттеді. Аталған құқықтық
қатынастардың сипаты мен мазмұны
қазіргіге қарағанда басқаша
болды, сол себепті де, олар
Қазақстан Республикасы Конституциясының
қағидалары мен нарықтық экономиканың
жаңа жағдайларына сәйкес келмеді.
Қазақстан Республикасында жер реформасын
жүзеге асыру — жерге айрықша мемлекеттік
меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті
орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер
нарығын, ипотеканы дамыту және басқа
да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда
болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің
өзгеруіне алып келді. Осылай, Қазақстан
Республикасының жер құқығы заң білімдерін
беретін жоғарғы оқу орындарында дербес
құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті
жаңа оқу пәніне айналды. Оның пәні болып
жерге меншік құқығына, жерді табиғи ресурс
ретінде пайдалануға, оны басқару мен
қорғауға қатысты туындайтын жер қатынастарының
кешені сақталды.
Алайда, жаңа жер реформасын жүзеге асыру
жер қатынастарының мүліктік сипатын
жоймады, керісінше, оның мемлекет байлықтарын
табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану
мүмкіндіктерін кеңейтті. Мүліктік емес
сипаттағы жер қатынастары да өз ерекшеліктерін
жоғалтпады, қоғамдық қатынастардың бұл
саласы да сақталып қалды және олар болашақта
одан әрі дамып, бұрынғы жер қатынастарына,
сабақтас құқық салаларына, соның ішінде,
азаматтық құқықтың жер-мүліктік қатынастарына
қарағанда өзінің ерекше сипаттары мен
айрықша ерекшеліктеріне ие болады.
Егер бұрында жер қатынастарының мүліктік
сипаты жерге айрықша мемлекеттік меншікпен
шектелсе, бұл ереженің жойылуымен жер-мүліктік
құқықтық қатынастарының ауқымы кеңейді.
Және соған қарамастан, ол өзінің табиғатпен
және табиғи ортамен байланысын жоғалтпады.
Жер-мүліктік қатынастарының басқа мүліктік
қатынастардан басты айырмашылығы осында.
Жер құқығы өз пәні шегінде барлық жер
қатынастарын реттейді, жер нарығын қалыптастыруға,
реттеуге және нарықтық жер құқығы қатынастарын
одан әрі де дамытуға белсенді түрде қатыса
алады. Бұл мақсатта ол нақты құқықтық
негіз бен жалпы мемлекеттік деңгейдегі
қайнар көздерге ие. Оларда нарықтық экономика
жағдайында қазіргі кезгі жер қатынастарының
дамуына шын мәнінде әсер етуге қабілетті,
кез келген жағынан алғанда салыстырмалы
түрде жаңа жер құқығы саласының ұйымдастырушылық-нормативтік
алғышарттары көрініс тапқан.
Республикада жүзеге асырылып жатқан
әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңінде
жер туралы заңнаманың одан әрі де жылдам
қарқынмен дамып, өзгеруі заңды құбылыс.
Бұл даму бағыттары мен өзгерістер жер-құқықтық
нормалардың әрекетін күшейте түсетіні
сөзсіз. Қазақстан Республикасының жаңа
Жер кодексін қабылдау жер қатынастарын
реттеудің ерекше орнын сақтап қалды.
Сол себепті де, мемлекеттің жер ресурстарын
қорғау және ұтымды пайдалану мемлекет
қызметінің айрықша бағыты болған және
солай болады да. Бұл Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясының саяси-құқықтық
ережелеріне және республиканың алға
қойған міндеттеріне сай келеді.
Мысалы, азаматтық және тұрғын үй құқығы
жылжымайтын мүлікке, соның ішінде, бірнеше
пәтер немесе тұрмыстық емес бөлмелерден
тұрған үйдің жер учаскелеріне меншіктің
ерекше нысанын көздейді (кондоминиум).
1994 жылғы 11-қарашадағы «Жеке тұрғын үй
құрылысы туралы» заңда жер құқығы қатынастарына,
соның ішінде, Жеке тұрғын үй құрылысы
үшін жер учаскелерін берудің жариялылығына,
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының
Қазақстан Республикасының аумағында
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін
алу құқығына бес бап арналған. Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы
23-желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы
туралы» Жарлығымен жылжымайтын мүлікке
меншік құқығын жүзеге асырудың бір нысаны
(соның ішінде, жер учаскесін кепілге беру)
реттеледі. 1997 жылғы 19-маусымдағы «Жеке
кәсіпкерлік туралы» заңмен жеке кәсіпкердің
ұсақ саудамен айналысу үшін ортақ пайдалыныстағы
жерлер мен басқа да тыйым салынбаған
жерлерді пайдалану құқығы көзделген.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының
жер құқығын терең меңгеру үшін оқу құралында
және оның қосымшаларында көрсетіліп
өткен ұсынылған әдебиеттерді, заңшығарушылық
және басқа да нормативтік құқықтық актілерді
пайдалану қажет.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамананың
даму бағыты мен оның жетілдіру заңдылықтарын
ескере отырып, жер құқығы мен сабақтас
құқық салаларының құқықтық нормаларындағы
өзгерістерге көңіл бөліп, оларды пайдалануға
ерекше ден қою қажет.
Жұмыстың мақсаты: жер құқығының негіздерін
зерттеу
Міндеттері:
- Жер құқығы түсінігіне сипаттама беру;
- Жер құқығының жүйесіне талдау жасау;
- Жер құқығының қағидаларын зерттеу;
- Жер құқығының әдістерін анықтау. |
Қазақстан Республикасының
нарықтық экономикаға өту кезеңінде
жерге жеке меншік құқығын кешенді
зерттеу, оның ғылыми жетістіктерін
жаңадан қабылданып жатқан заңдарда
қолдану - құқық жүйесіндегі аса маңызды
мәселелердің бірі. Мемлекет жер қатынастарын
реттеуде, жер ресурстарын тиімді пайдалану
мен қорғауда осы айтылған ғылыми жетістіктерге
сүйенеді және оны алдыңғы қатардағы мәселе
деп есептейді.
Ғылыми зерттеулер
жерге жеке меншік құқығын реттейтін
нормативті-құқықтық актілердің өрісін
жетілдірумен қатар, еліміздегі нарықтық
қатынастардың дамуына ықпал
етуі тиіс.
Ауыл шаруашылығында
жүргізіліп жатқан реформалар шаруашылық
жүргізудің еркіндігі мен меншік
түрлерінің дамуын, жердің меншік иелері
мен жерді пайдаланушылардың
құқықтары мен бостандықтарын заңдармен
қамтамасыз етуді талап етеді. Осы
тұрғыдан алғанда, жерге жеке меншік
құқығын ғылыми түрде зерттеудің маңызы
зор
Жер-барлық тірі жан иелерінің мекені,
өмір азығының негізі. Ал эволюциялық
дамудың барысында “ішім-жем”өнімдерін
өндіру ісіне шексіз дерлік үстем болуға
барлық жан иелерінің ішінен адамның ғана
қолы жетті
Жер сияқты
сол территорияда тұратын халықтардың
өмірі мен іс әрекеті, қызметінің негізі
болатын басқа табиғи ресурстардың жойылуы
және қалпына келтірілуі мүмкін, жер қойнауларының
энергетикалық қорлары қайта қалпына
келмейді, бірақ бұл, жел, атом энергиясы
сияқты баламалары бар. Бірақ жердің ең
алдымен адамның тіршілік ету орны ретінде,
орны толмайды.
Жердің басты қасиеті—адам қоғамының
тіршілігінен оның іс-әрекет қызметінің
негізі болу қажеттілігін сақтап қалу.
Сонымен қатар, жер өзіне деген субьективтік
заттық құқықтардың іске асырылу ерекшеліктерін
қатаң сақтауды талап етумен қатар, мемлекет
пен оның органдарының жерді бөлу ұтымды
пайдалану және қорғауға байланысты іс
әрекетінің маңызын анықтайды.
Жерге меншік қатынастарының
құқықтық реттеу проблемасы маңызды
болды және маңызды бола бермек Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына “Қазақстан-2030”
деп аталатын Жолдауында: “Жеке
меншік институттары жерге деген
құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын
және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын
заң жүйесін құрудың есебінен
нығайтылады” деп атап көрсетті
“Ғылыми зерттеулер
- деп жазады профессор Ә.Е.Бектұрғанов
жер қатынастарын реттейтін нормалардың
өрісін жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың
әлеуметтік-экономикалық тиімділігін
де анықтап беруге тиіс”
Осы және басқа
жағдайлар диплом жұмысы тақырыбының
таңдалуына және онда зерттелетін мәселелер
аумағының анықталуына себеп
болды.
Пәні: жерді пайдалану,
қорғау, қорларын басқару, меншіктік құқықтарды
бекіту барысында туындайтын қоғамдық
қатынастар.
Жүйесі: жалпы және
ерекше бөлім. Жалпы: жер құқығының негізгі
ережелерін, қағидаттарын: жерге меншік
құқығы, жер қорын мемлекеттік басқару,
жерге деген меншік және басқа мүліктік
құқықтарды қорғау, жерге байланысты құқық
бұзушылық және жауаптылық, жер үрдісі
жатады.
Ерекше бөлім: 1)
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2)
елді мекендердің (қалалардың, кенттер
мен ауылдык елді мекендердің) жері;
3) өнеркәсіп, көлік,
байланыс, қорғаныс жері және
өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына
арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың жері, сауықтыру
мақсатындағы, рекреациялық және
тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5)
орман қорының жері; 6) су қорының
жері;
7) босалқы жер
осылардың құқықтық тәртібін
реттейді.
Қазақстан Республикасының
аумағында табиғи жағдайлары бойынша
мынадай аймақтар ерекшеленеді: 1) орманды
дала; 2) дала; 3) қуаң дала;
4) шөлейтті; 5) шөлді;
6) тау етегі-шөлді-далалық; 7) субтропикалык
шөлді; 8) субтропикалық-т сібір таулы
аймақтар.
Жер құқығының
негізгі қағидаттары: 1) Қазақстан Республикасы
аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы
және бөлінбейтіндігі; 2) жерді табиғи
ресурс, Қазақстан Республикасы халкының
өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
3) жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 5)
жерді нысаналы пайдалану; 6) ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жердің
басымдығы; 7) жердің жай-күйі және
оған қолжетімділік туралы ақпаратпен
қамтамасыз ету; 8) жерді пайдалану
мен қорғау жөніндегі іс-шараларды
мемлекеттік қолдау; 9) жерге залал
келуін болдырмау немесе оның
зардаптарын жою; 10) жерді ақылы
пайдалану.
Қоғамның
материалдық, мәдени және басқа
да қажеттрін қанағаттандыру
үшін шарушылық және өзге де
ұызмет процесінде пайдаланылатын
немесе пайдаланылуы мүмкін жер
жер ресурстарын құрайды.Ал жер туралы
мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың
құрамдас бөлігі жер кадастры деп аталады.Сервитут
дегеніміз бөтен жер учаскелерін шектеулі
мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу
өту, көлікпен өту, аң аулау шаруашылығы
және өзге де ұажеттер үшін пайдалану
құқығы.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Оспанов Қ.И. «Құқық негіздері» Алматы, 2007ж, 304бет
- Баққұлов С. «Құқық негіздері» Алматы, 2004ж, 248бет