Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2015 в 10:47, доклад
Описание работы
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ.
Каспий экологиясына мұнай
өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының
ахуалы
Каспий теңізі қайраңында кең
көлемде басталған бұрғылау жұмыстары
теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің
әр түкпірінде болып жатқан экологиялық
апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды
шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп
төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары
ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық
жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс
оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың,
соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы
теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл
қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып
келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы –
сол апаттардцың аяғы анықталмай, себебі
сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы
азды-көпті айыппұл төлесе, бұл осымен
іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын”
игеру жолында табиғатты құрбандыққа
шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде сақтау
жолындағы шараларды қолға алатын кез
жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы
ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат
өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған
ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді.
Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи
қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы
уақытта да сақталса, мұнығ арты табиғи
ортаның азуына, яғни деградацияға апарып
соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта
орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп.
Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып,
су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды
жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде
шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы
үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы
мүмкін. Аймақта үш басты экологиялық
проблемасын атап өтуге тболады: 1. Қошқар-Ата
қалдық сақтау қоймасының проблемасы,
онда 105 млн тонна улы және радиоктивті
қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының
толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан
бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді.
Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі
уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып,
көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық
сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық
мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат
қажет. 2. БН-350 реакторлық зауытының істен
шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға
келтіру. 3. Каспий теңізінің Солтүстік
теңіз қайраңында мұнай операцияларын
жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын
игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі
проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық
мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының
оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған.
Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған
ортаны қорғау компоненттеріне жасалған
толыққанды мемлекеттік мониторингтің
жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің
көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде
теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына
әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға
және сулы ортаға экологиялық мониторинг
жүргізуді талап етеді. Каспий теңізі
жағалауының 1350 км бақылаусыз қалып отыр.
Қазіргі уақытта құрғақ жүктерден басқа
жылына 5 млн мұнады тасу жүзеге асырылатын
теңіз портының жұмысына тұрақты бақылау
жетіспейді. Зертханалар мен инспекторлық
құрамның көптігінен теңіз портының акваториында,
сондай-ақ Каспий теңізінің қалған аумағындағы
теңіз суының сапалы құрамына мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын жағдай жоқ.
3. Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай
өндіру мәселесі қатты қолға алынып жатыр.
Мол байлық бірнеше шет ел алпауыттарын
дедектетіп біздің республикамызға алып
келгеніне де бірнеше жыл болды. Олар қазір
ақ тер, көк тер болып теңізге мұнай соратын
қондырғыларды орнатып жатыр. Пиғылы белгілі
– оларға мұнай керек. Және көп мұнай керек.
Ал ертең мұнай сора бастағанда теңізіміздің
табиғаты не болады? Алтынға парапар бекіре
балығы мен қара уылдырық өндіре аламыз
ба? Басқа да теңіз жәндіктері қырғынға
ұшырамай ма? Айталық, ана жылы итбалықтар
қырылды, балықтар да өлді. Сонда осы мол
мұнай Қазақстанның келешекте соры болмай
ма? Себебі деректер бойынша Каспийдің
Қазақстан жақ бетіндегі биоқорлардың
жалпы құны 500млрд доллар. Ал теңіз тіршілігі
жойылса, халықаралық сот жыл сайын сондай
мөлшердегі айыпты біздің елге салады
да отырады. Мүмкін ол бірнеше ғасырғы
созылар? Осы сұрақтар еріксіз ойландырады.
Ең қиыны, теңізіміздің ертеңі не болады?
Теңіздің жерасты қойнауында байлықтың
мол қоры жатқаңына қай жақ та күдіктенбеді.
Кеңес үкіметін ойландырған бұрғылау
кезіндегі теңіз экологиясын сақтау болатын.
Оған Кеңес Одағының көзін жеткізу үшін
халықаралық мұнай бірлестігі компаниясы
мамандарды Мексика шығанағы мен Кариб
теңізінің атырауында орналасқан мұнай
бұрғылау алаңдарына апарып, сонда жіберілген
крокодильдерді көрсеткен. Оның себебі
мұнай араласқан ортаға ең төзіімсіз тіршілік
– крокодильдер екен. Ал апарылған крокодильдер
онда жақсы өсіп жатқан. Сол кезеңде АҚШ-тың
КСРО-дан Каспий теңізінің су асты алқабын
сатуды қолқалағаны белгілі. Алайда кеңес
үкіметі бұған келіспеді. Бірақ сол дәуәрде
де теңіз асты мұнайын өндіру жөнінде
әңгімелер болды. Оған екі жақтың космостан
түсірілген бейнематериалдарындағы мұнай
белгілері дәнекер болса керек. Алайда
негізгі келісімшарт Қазақстан тәуелсіздігін
алғаннан кейін басталды. Теңіз астын
геологиялық-геофизикалық зерттеу жөніндегі
«Қазақстан-Каспийшельф» компаниясын
құру туоалы қаулы 1993 жылдың 13 ақпанында
дүниеге келді. Сол жылдың 3 желтоқсанында
бұл компания халықаралық консорциум
болып қайта құрылды. Қазақстан шельфінің
теңіз асты қайраңының Атырау-Маңғыстау
облыстарының жерінде жатқаны белгілі.
Ал бұл екі облыстың шекарасы құрлық бойындағы
шекалармен тұтас келеді. ШШШельф орналасқан
аймаққа қарай судың тереңдігі – 1,5 метрден
9 метрге дейін барады. Оңтүстік бетін
құрайтын Түрікменстан шекарасыа дейінгі
тереңдік 20 метрден 400 метрге дейін барады.
Мұнай өндіретін бөліктің тайыз болуы
жұмыстың жеңілдеуіне, құрылыс бөлшектерінің
аз жұмсалуыне әсерін тигізері хақ. Сейсмикалық
барлау жұмыстарының жүргізілуіне 1994
жылдың тамыз айында Ақтауға «Вестерн
Джеофизикалдың» келуі айтарлықтай роль
атқарды. Осы жерде сейсмикалық жұмыстардың
атқарылу нәтижелерін сараптау мақсатында
есептеу орталықтары құрылды. Ол әуелі
Атырауда, кейін Алматыда дүниеге келді.
Сол кездегі тағы бір өзгеріс – 1995 жылы
«Каспийшельф» компаниясының «Қазақстанкаспийшельф»
акционерлік қоғамы болып қайта құрылуы
еді. Мұның өзі біздің ел үшін билік тұтқасына
ие болуға жол ашатындай көрінді. Алайда
ол Қазақстанды жай алдау ғана болып шықты.
Біртіндеп ол өзге компаниялардың қолына
көше бастады. Оған Қазақстанның бұл консорциумға
қаражат қоспауы да әсер етті. Сол жылдары
Ақтау қаласында консорциумның мониторингі
өтті. Онда консорциумның алматы филиалының
өкілдері басым болды. Негізгі әңгіме
теңіздің экологиялық жағынан бүлінбеуіне
арналды. Геология-минерология ғылымдарының
докторы, академик Қ.Аманиязов өз сөзінде
«егер теңіз экологиялық жағынан бүлінетін
болса. Ондай жағдайда оның шығыны консорциум
есебінен өндірілетін болсын» деген пікір
айтты. Алайда бұл мәселе хақында шешім
алынған жоқ. Тек консорциумның қорына
200 млн доллардың бөлінгендігі, одан 20
млн әлеуметтік салаға, 6 млн мамандар
дайындауға кететіні белгілі болды. Мұнай
өндірісі еліміздің қазіргі дамуы үшін
ең негізгі екендігіне дау жоқ. Былайша
айтқанда ол – Қазақстан экономикасының
ең басты көзі. Осыдан он жыл бұрынғы сараптама-салыстыруларға
қарағанда Қазақстан мұнайының негізгі
қоры теңіз астында болып отыр. Есепші
экономистердің пайымдауынша қайраңның
Қазақстан жақ бөлігіндегі мұнайдың қоры
бүкіл Қазақстандағы мұнай қорының тең
жартысындай деп жорамалдаған болса, қазір
шельфтегі мұнай қорының ондай болжамнан
әлдеқайда көп екендігі анықталып отыр.
Олай деліну себебі Батыс Қашағанды қазғанда
теңізасты мұнай қоры 7 млрд тонна делінсе,
Шығыс Қашағанды қазғанда оның мөлшері
50 млрд-қа артып кетті. Ал қазір 6 алаң зерттелуде.
Демек, жоғарыдағы көрсеткіштің әлі де
еселей өсетіндігінде дау жоқ. Олай болса
бұл Каспий астын мұнай теңізі алып жатыр
деген сөз. Теңіздің тайыз бөлігі мен терең
бөліктеріндегі атқарылатын жұмыстардың
ауқымы әрқилы болып келеді. Әсіресе оны
сейсмикалық жұмыстартар кезінде ерекше
назарда ұстау қажет. Жүз мың шаршы шақырым
алаң зерттеліп шықты. Сол кезеңдердегі
ақпарат ағымдарының хабарлауына жүгінсек,
теңіз тіршілігінің жойылуы о баста-ақ
байқалған. Атырау экологтарының анықтамаларына
қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз
тіршіліктері үнемі зақымдалып отырған.
Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелді.
Итбалық эпидемиясын былай қойғанда, қазір
балықтардың қырылуы жаппай етек алуда.
Әрі оның көрініс бергеніне де бірнеше
жылдың жүзі болды. Екінші мәселе, Солтүстік
теңіздердегі мұнай өндіру жолдарын Каспийге
қолдана салуға болмайды. Ең алдымен екі
жақтың тіршілігі екі басқа. Ауа-райы мен
табиғи ортасы да екі бөлек. Сондықтан
Каспий астынан мұнай өңдіруге басқаша
қарау керек. Экваториялық өзгешеліктерін
де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде
Кариб өңіріндегі әдістерді қолдану да
тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өңдірген
кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа
алудың пайда бермесі хақ. Алайда шетелдік
компанияларға теңіз тіршілігінің жойылуы
ешқандай әсер етпейді. Себебі Қазақстанның
табиғаты олар үшін көк тиын. Өткен жылдың
шілде айында БҰҰ-ның шешімімен бекіре
тұқымдас балықтарды аулауға мараторий
жарияланды. Қара уылдырықты экспорттауға
да рұқсат етілмеді. «Атырау балық» бірлестігінің
тоңазытқыш цехында 4 тонна уылдырық қалды.
Ал сол уылдырықтың Америкадағы құны 14
млн доллар. 2002 жылдың 7 наурызы күні «Хабар»
арнасында теңіз жағасындағы бес мемлекеттің
уылдырықты экспорттау мөлшері көрсетілді.
Сонда Қазақстан 23,5 тонна уылдырық экспорттауға
құқылы болды болып шықты. Бұрынғы кездерде
сондай уылдырық бір самолетке тиеліп,
шетелдерге жөнелтіліп отырған. Қысқасы,
қазір теңіз тіршілігіне қатер төнуде.
Балық қоры мүлдем азайды. Оны броконьерлерден
көреді. Олар бір-бір ұшқыр моторларға
мініп алып, балық сақшыларын маңайлатпай
кетеді дейді. Мемлекеттік қорықшылар
сондай ұшқыр кемелерге неге мінбейді?
Балық инспекторларының тікұшақтар алуына
да мүмкіншіліктері де бар. Осы тұрғыдан
алғанда қызыл балықтарды броконьерлер
тауысып жатыр деген пікір – алдамшы сөз.
Биылғы бозторғайлардың қырылуына да
броконьерлер кінәлі ме? Жоқ, оның бір
ғана себебі бар, ол – Батыс, Шығыс Қашағанды
қазу кезіндегі теңізге жіберілген лай
су, ыссы фонтан, жер астынан атылған инертті
газ. Нәтижесінде теңіз тіршілігі қырғыеға
ұшырауда. Оны басшылар көрсе де көрмеген,
білсе де білмеген болады. Әрине, мұнай
керек, бірақ теңіз табиғаты құрыса, ол
байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі
қалай болғанда да жойылуға тиісті емес.