Адамгершілік мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 19:51, дипломная работа

Описание работы

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Содержание работы

КIРIСПЕ
1 АДАМГЕРШIЛIК МӘДЕНИЕТI ҰҒЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
1.2 Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі
1.3 Дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдер мен жолдары
2 ДҮНИЕТАНУ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА 2 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1 2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау
2.2 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен
2.3 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
ТIРКЕМЕ – А
ТIРКЕМЕ - Ә
ТIРКЕМЕ - Б

Файлы: 1 файл

Дип.-Адамгершілік-мәдениеті.doc

— 319.50 Кб (Скачать файл)

 Адамға бiлiм  де, дұрыс тамақтану да, жақсы киiну де, тiптi көтерiңкi көңiл күй де, т.б көптеген нәрсе қажет. Осылардың бәрiн ол айналадағы дүниеден алады. Дегенмен айналадағы дүние өзiнiң барын адамға сый етiп бере бермейдi. Себебi айналадағы дүние көп нәрсеге мұқтаж.

Мысалы: бақтағы  алма ағашын алайық. Ол - табиғат перзентi. Тiршiлiк ету үшiн оған да су, ауа, қорек, жылу жарық керек, яғни адам сияқты ол да тiршiлiк етедi.

 Жемiсiн адамға  сыйлайды. Ағашқа күтiм қажет.  Бағбан оны суарады, түбiн қопсытады,  дiңiн әктейдi, күтедi. Сонда ғана  ол жемiс бередi. Сондықтан да оқушылар санасына ағаш адамға жемiсiн сыйласа, адам оған су, ауа, қорек болатындай жағдай жасап, қажетiн өтейдi. Бұл жерде оқушының өз ауласындағы бақшасы, мектептегi жемiс-жидектерге қандай көмек көрсететiнiн өздерiне әңгiмелетiп, мысалдар айқызуға болады.

Адамгершiлiкке  тәрбиелеудiң негiгi әдiстерiне түсiндiрудi жатқызуға болады. Оның құралдары  ретiнде мақалдар мен мәтелдер, әңгiмелер  мен ертегiлер, аңыздар мен аңыз-әңгiмелер  қызмет еттi. Оқушылармен әнгiмеде тап  сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сұрыпталып, реттелiп алынып отырады. Адамгершiлдiкке тәрбиелеудiң аса бай жолдары белгiлi болғанына көз жеткiзу үшiн келесi әдiстер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету,жаттықтыру, сендiру, өтiну кеңес, мақұлдау, сәттiлiк тiлеу, тыйым салу, ант беру, сөгiс беру,кiнәлау жатады.

Мәселен, халық  ұғымында, адам баласының мiнез-құлығына тәрбие мен тәлiм арқылы тек бiлiм  мен ақылды ұштастыра бiлгенде ғана сiңетiн, аса құдiреттi, қасиеттi мол  адамшылық атаулының бiр көрiнiсi. Шындық пен әдiлнттi суреттейтiн көркем шығармалардың iшiндегi аңызды айтсақ-“Аяз бидi” еске аламыз. Шыр етiп дүниеге келген перiште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтiмен, берiсi бесiктен дамиды десек, қателеспеймiз. Ал адам балысының тәрбиесiнiң ошағы саналатын – мектеп тәрбиесi бала бойында iзгi қасиеттердiң қалыптасуына үлкен де, маңызды атқарары даусыз. Тәрбиенiң негiзгi – iргетасы адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты.

Өйткенi, адам бойындағы  мыңдаған қасиеттердiң iшiндегi негiзгi орын алатын қасиет – адамгершiлiк қасиетi. Бұл- аксиома. 2-сыныпта дүниетанудан “Өсiмдiктер мен жануарлар” бөлiмiндегi “Қызыл кiтап” тақырыбын өткенде – Қазақстан Республикасының “Қызыл кiтабы” Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауiп- қатердiң белгiсi сияқты. Бұл кiтап өсiмдiктер мен жануарлардың көптеген түрлерiнен жер бетiнен жоғалып, құрып кетуi қаупi төнгенiн ескертедi. Егер, жануарлар жайылып өсiмдiктердi жұлып, кесiп немесе оларды аямай таптап, балалар ойнап сындыра берсе, өсiмдiктер құрып кетедi. Адамның қорғауына өте мұқтаж жануарлар мен өсiмдiктер көп.

Елiмiздiң “Қызыл кiтабына” талас қайыңы, Қарқаралы  бөрiқарақаты тағы басқа, өсiмдiктер, құстардан  қоқиқаз, бүркiт, ақбас, тырна, аққу, басқа  жаныарлар енгiзiлген. Табиғатты  қорғауы туралы заңды тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауға тиiс. Мысалы, саған құс ұясын алыстан бақылауға болады.

Ал оларға тиюге, ұяны бұзуға рұқсат жоқ. Құмырсқа илеуiн  бұзып, таптау –зиянкестiң iсi. Себебi құмырсқаның  орманға тигiзетiн пайдасы зор: олар ағаш зиякестерiн жояды. Ал ағаш -өсiмiдiк, ол адам үшiн көп пайда бередi. Оны өздерiң бiлесiңдер деп әр-кез топсеруен, бақылау кезiнде ескертудi естен шығармау керек. Өсiмдiктердiң де “Қызыл кiтапқа енген” түрлерi көп [18, 111].

Кесте 1  2 сыныптағы  “Дүниетану” пәнiн оқытудың күнтiзбелiк жоспары (68 с)

  • Сабақтың тақырыбы

  • Әдiстерi мен  тәсiлдерi

    Көрнекi құралдары

    I Кiрiспе-6 сағат.

    1 Адамның айналадағы  дүниемен қарым қатынасы. Бiлу  және бiлгендi өмiрге пайдалану.

    “Табиғат” бейнеленген  сурет, схема макеттерi.

     

    2-3 Адам өмiрiне не қажет? Оларды адам қайдан алады? “Сыйға-сый,- әдептiлiк.”

    Схема макеттерi, судың, ауаның, күннiң суреттерi.

    Әңгiмелесу, схема  құрастыру

    4 Еңбекпен келген  нан-қасиеттi тағам.

    Таблица макетi, Тақырыпқа байлынысты суреттер.

    Әңгiмелесу, таблица  толтыру

    5 Топсаяхат  “Алтын күз”.

    Бақылау жоспары.

    Модельдеу, бақылау

    II Сурет және  сұлба (8 сағат)

    6 Көкжиек және  көкжиек сызығы, тұстары

    Схемалар Сарамандық әдiс

    7 Бағдарлау.  Компас 

    Схемалар, компас

    Сарамандық  әдiс

    8 Қашықтықты  өлшеу.

    Масштаб шартты белгiлер.

    Ермек сазынан  жасалған макет, шартты белгiлерiнiң  суретерiнiң

    Сарамандық  жұмыс

    9 Сұлба және  сурет.

    Үлкейтiлген жер  бетiнiң сұлбасы. Оқушыларда: сұлба, қарындаш, сызғыш,

     компас. Сурет.

    Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс

  • Кесте 1 жалғасы
  • 10 Жергiлiктi жердiң

     сұлбасы

    Сұлбалар, жiп  сызғыш

    Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс

    11 Қорытынды  сабақ.

    Карточкалар, сұлбалар, схемалар

    Оқушылардың бiлiмiн  бағалау әдiсi.

    12 Өлi табиғат.  Ауа. Ауаның қасиетерi

    1- сыныптағы  табиғаттың құрамының схемасы,  доп, шарик, банка, майшам.

    Схеманы сызу әдiсi, сарамандық әдiс.

    13 Ауаның табиғаттағы  және адам өмiрiндегi маңызы.

    Кемелердiң, ұшақтың  суреттерi.

    Схема құрастыру, әңгiмелесу.

    14 Судың қасиеттерi.

    Суреттер, стакан, қант, тұз, сүт, қағаз, шүберек.

    Модельдеу.

    15 Су ерiткiш.

    Марганец, бордың ұнтағы, су, стакан.

    Таблицаны жалғастыру

    16 Судың табиғаттағы  және адам өмiрiндегi маңызы.

    Схеманы құрастыратын бөлшектер,суқоймасының «композициясы»

    Сарамандық  әдiс, модельдеу.

    17 Топырақ.

    2 стакан, топырақ,  спиртовка, темiр қалбыр

    Таблицаны толтыру.

    18 Топырақтың  табиғаттағы, адам өмiрiндегi маңызы.

    Топырақ коллекциясы, схеманың бөлшектерi.

    Модельдеу.

    19 Қорытынды  сабақ

    Таблицалар, 1-сынып  схема “ Өлi табиғат”.

    Балалардың  бiлiмiн тексеретiн карточкалар,

    Тестер

    Бақылау әдiсi.

    20 Тiрi табиғат.

    1-сыныптағы  схема

    Модельдеу әдiсi,

  • Кесте 1 жалғасы
  • Өсiмдiктердiң  тiршiлiгi.

    суреттер, 1сыныптағы  “Тұқым” тақырыбына арналған модельдер.

    сарамандық  жұмыс

    21 Өсiмдiктердiң  жалпы құрылысы

    Суреттер, схемалар.

    Модельдеу әдiсi, сарамандық жұмыс.

    22 Тамыр.

    Тамырдың түрлерi,

    Гербарий, схема  бөлшектерi.

    Модельдеу.

    Әңгiмелесу.

    Бақылау.

    23  Сабақ.

    Суреттер, гербарий, схема бөлшектерi.

    Модельдеу,

    әңгiмелесу.

    24.Жапырақ. Күзде

    жапырақ неге сарғаяды ?

    Микроскоп, оның шы-нылары, ине, жапырақ, жапырақтың суретi,

    Гербарий.

    Сарамандық  жұмыс.

    Әңгiмелесу.

    25 Өсiмдiктердiң  көбеюi.

    1-сыныптағы  схема, 

    модельдер, схеманың бөлшектерi

    Модельдеу.

    26 Өсiмдiктер  қалай дүниеге келедi ?

    “Мәдени өсiмдiктердiң  пайда болу орталығы”

    таблицасы “Аквариум”.

    Бақылау, қосымша

    әдебиеттермен жұмыс

    27 Тұқым және  жемiс.

    1-сыныптағы  модель схема №№1-2 бөлшектерi, тәжiрибенi  қою

    Модельдеу әдiсi.

    28 Тамырсабақ, түйнек, пиязшық арқылы көбеюi.

    1-сыныптағы  модель. Гербарий, схема бөлшек-терi  №3 тәжiрибенi қою

    Модельдеу

    29 Өсiмдiктердiң  жер

    бетiндегi мүшелерi арқылы

    Қалемшелер, “Жапырақпен  көбею”.

    Сарамандық  жұмыс.

  • Кесте 1 жалғасы
  • көбеюi.

     Схемасы.

     

    30 Өсiмдiктiң  өсiп өнуiне қажеттi жағдайлар.

    Бақылау тапсырмалары.

    Тұқымдар, опырағы  бар

    Жәшiк.

    Бақылау әдiсi.

    Сарамандық  жұмыс

    31 Өсiмдiкке топырақ керек

    №1сарамандық жұмыстардың  сипаттамасы

    Таблица сызу.

    32 Өсiмдiкке су  керек

    №2 сарамандық жұмыс-

    тың сипаттамасы

    Таблица сызу.

    33 Өсiмдiктерге  ауа және жылу керек.

     №3,4 сарамандық  жұмыстардың сипаттамасы

     Таблица  сызу 

    34 Қорытынды  сабақ.

    Бақылау тапсырмалары, тестер

    Бақылау әдiстерi.

    35 Тiрi табиғат.  Жануарлардың тiршiлiгiне не қажет  ?

    Жылу

    Суреттер, схемалардың  бөлшектерi

    Схема сызу.

    Таблица толтыру

    36 Жарық және  су-жануарлар тiршiлiгiне қажеттi (заттар) жағдай.

    Табиғаттағы байланыстарды көрсететiн схеманың бөлшектерi, суреттер

    Модельдеу.

    37 Жануарлар  немен 

    қоректенедi ?

    Қоректiк тiзбектердiң  бөлшектерi,1-сыныптағы мүшелер қатарлары.

    Модельдеу.

    38 Жануарлар  жемiсiн қалай аулайды. Әр құсқа  өз тұмсығы қажет.

    Қоректену схемасының бөлшектерi 1-сыныптағы қатар

    Модельдеу.

  • Кесте 1 жалғасы
  • 39 Бунақденелiлер  жауыннан қалай қорғанады? Бейiмдiлiк.

    Суреттер,схемалар.

    “Қоректiк тiзбек”

    Ойын, әңгiмелесу

    40 Бейiмдiлiк.  Бүркенiш рең жануарға да қажет.  Аңдар неге “ жуынады” ?

    Суреттер 1-сыныптағы 

    Қатар

    Әңгiмелесу, ойын

    41 Ұрпақ-тiршiлiк  жалғасы

    Бунақденелiлердiң  көбею схемасы. Қосмекендiлердiң  көбею схемасы. Сүтқоректiлердiң  көбею схемасы.

    Дидактикалық  әдiс

    Ойындар.

    Жұмбақтар.

    Ребустар.

    42 Жануарлардың  бiр-бiрi-не қайырымдылығы.

    “Биотикалық байланыс-тар” таблицасы. Схема бөлшектерi.

    Модельдеу әдiсi.

    43 Табиғат-бiртұтас  жүйе.

    Өлi табиғат, тiрi табиғат

    Схемалар. Қоректену  пирамидасы: оны құрастыру бөлшектерi.

    Модельдеу әдiсi.

    44 Табиғатты  қорғау.

    “Қызыл кiтап”, ”Қорықтар” суреттерi.

    Әңгiмелесу, жеке тапсырмаларды орындау

    45 Бiз ненi  үйрендiк:.

    Бақылау карточкалары, тестер, тапсырмалар.

    Бақылау әдiсi.


    Бүгiнгi таңда  мемлекеттiк бiлiм беру саясаты  Қазақстан Республикасының “Бiлiм  туралы” жаңа заңына сәйкес жүзеге асуда. Осыған орай бiлiм мазмұнын қайта құруға, республикамыздың мектептерiнде пәндердi оқытуды,оқушының жеке басының қабiлеттерi мен қызығуын ескере отырып ұйымдастыруға ерекше мән берiлiп отыр. Бұл факторлар жаңа заман талабына сай төл оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасауды талап етедi.

     Оқулық-мектептiң  негiзi бiлiм беру мiндеттерiн,  яғни ынталандырғыштық, бағыттаушылық,  дамытушылық, тәрбиелiк, бақылаушылық  қызметтерiн жүзеге асыратын негiзгi оқыту құралы. Қазақстан Республикасының  ғалым-әдiскерлерi Т.Мұсақұлов, Б.Мұханов,  Қ.А.Аймағанбетова, Қ.Жүнiсова, А.Бермағанбетовалардың жаңа бағдарлама мен оқулықтардың шығуына, оқыту әдiстемесiне қосқан үлестерi мол.

     Бастауыш  мектептiң 2-сынып оқушыларына  арналған Дүниетану оқулығының  мазмұны: Адам. Табиғат. Өсiмдiктер. жануарлар. Отан деген бөлiмдерден тұрады. Оқулық мәтiндерi тусiнiктi, оқушылардың жас ерекшелiктерiне сай деуге ьолады [18].

    2.2 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен

    Бастауыш сынып  оқушылары үшiн ең жоғары бедел иесi – мұғалiм. Оқушылар әр пәннен алатын бiлiмдерiн мұғалiм арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшiн бөлiп - жарғысыз нәрсе. Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi тұрақтанған қалпы бар сала– бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейiн бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететiн, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсiнiктер берiп, тұйық концентр болып саналады. Қазiргi кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргiзiлiп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкiндiктерi ашылды.

    Бүгiнгi күн ұрпақты  жан - жақты бiлiм алуын, белсендi, шығармашыл болуын талап етедi. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрiн, әдiсiн  таңдай бiлу қажеттiгi туады.

    Оқу-тәрбие жұмысында  халықтық педагогиканы пайдалану, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiн оқушының жас ерекшелiктерiне қарай пайдалана бiлу мұғалiмнен үлкен бiлiктiлiктi, шеберлiктi талап етедi.

    Бастауыш мектептен  бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу  жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте дүниетану пәнiнiң маңызы зор. Дүниетану пәнiн оқытуда балалардың табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсат етiледi [ 21 ] .

    Адамгершiлiк  – атамұра 

    Мақсаты: Қазақ  халқының бала тәрбиесiндегi тағылым  сөздерi мен өнегелерiнiң маңызын, мазмұнын, түрлерiн игеру, бiлу, өмiрде өз iсiне қолдану.

    Оқушыларды 3 топқа  бөлiп сабақтың бағытымен таныстырамын. Өткен сабақты бекiту сайыс сабақ  арқылы жүргiзiледi.

    а) Жәрмеңке өткiзу. Адамгершiлiк тақырыбына байланысты қандай кiтаптар, кiтапшалар кездестiргенiмiз жайлы мәлiмдеу. Ол кiтаптарды кiтап бұрышына қою [23] .

    ә) Көкпар ойыны. Дорбадан асық алу арқылы әр топ  тиiсiнше сұрақтарға жауап бередi. Сұрақтар төмендегiдей.

    2- сыныпқа

    1. Сенiң жақын досың туралы айт.
    2. Туған жер табиғаты туралы не бiлесiң?
    3. Өзiңнен кiшкентай балаға қалай көмектесесiң?
    4. Үйде гүл өсiресiң бе? Өсiрсең қалай күтесiң?
    5. Көшеде, автобуста үлкен адамдарға қалай көмектесесiң?
    6. Дос туралы қандай мақал-мәтел бiлесiң?

    Бастауыш сынып  оқушыларын сабақ үрдiсiнде ерлiкке, батырлыққа, достыққа тәрбиелеу, адамды құрметтеу сезiмiн қалыптастыруға арналға материалды оқулықтан тауып  дәлелдеу (алдын – ала үстелге  қойылған бастауыш сынып оқулықтарын  пайдаланады. 1-2 сынып “Ана тiлi”, 1-2 сынып “Дүниетану” оқулықтары).

    3 топтан 3 оқушы  шығып, таңдаған оқулығын алып, 5 минутта дайындалып, айтып түсiндiредi.Бұдан  әрi сабақты жинақтау, бекiту, бағалау  жүргiзiлiп, жаңа сабақ басталады.

    Тақтаға қазақтың киiз үйiнiң бейнесi салынған плакат iлiнедi. Онда үйдiң маңдайына үзiктiң етегiн жағалай берiлген тор көзге тақырып жазылуы тиiс. Ал тақырып киiз үйдiң iшiнде берiлген ұлттық салт-дәстүр ерекшелiктерiне байланысты суреттер, карточкалардың мазмұнын табу арқылы бас әрiптерiнен құралады.

    1. Ата
    2. Дастархан
    3. Абысын
    4. Мес
    5. Гәкку әнi
    6. Ер
    7. Рауғаш
    8. Шаңырақ
    9. Ішек
    10. Лебiз
    11. Ірiмшiк
    12. Кереге
    13. Алтыбақан
    14. Тоқым
    15. Аяққап
    16. Май
    17. Ұршық
    18. Рақым
    19. Алаша

     Осылайша  “Адамгершiлiк – ата мұра”  тақырыбы ашылады [36].

    Негiзгi бөлiм  магнитафон тыңдату арқылы жүредi. Халықтың жазу-сызуды бiлмеген, ғылым мен мәдениетiнiң баспаға түспеген дәуiрiнiң өзiнде де өсер ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу отбасының, бүкiл қоғам мүшелерiнiң бiрлесе атқарған iсi болған. Мiне, осы тәрбие жөнiндегi халықтың ой-тұжырымын, тәжiрибесiнiң жиынтығын халық педагогикасы деймiз.

    Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында  ғасырлар бойы жинақталған бай тәжiрибесi, бала, ұрпақ, оқушылар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр.

    Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын  өмiрде, отбасында, тұрмыс, тiршiлiкте батылдық пен батырлыққа, әдiлдiк пен адамдыққа, инабат пен iзгiлiкке, иба мен иманға үздiксiз тәрбиелеп отырған.

    Халықтың ұлттық салт-дәстүрлерi қаншама уақыт өтсе де өмiрден өшiрiлмей, керiсiнше, қазiргi уақытта қайта жарқырай түскенін күнделiктi өмiр көрсетiп отыр. Қазақ баласы да қоршаған ортаның iшкi сырларын үлкендерден сұрап, елiктеп, байқап бiлгiсi келген. Адамгершiлiк қасиет, еңбекке, өнерге, тәрбиенiң басқа түрлерiне ойын, той, қонақ, сауық сияқты жерлерде тәрбиелеп, баулып отырған.

    Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкiл ауыл болып  тәрбиелеген.

    “Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол,

    Ұлың өссе, ұлы  жақсымен ауылдас бол” –деп, ұл –қыз тәрбиесiне түгел қатысқан. “Үлкеннiң  алдын кесiп өтпе”, “үлкенге сәлемдес”, “аттылының алдын кеспе” деп жолды кеспеуге баулыған. “Ат атандырма”, “сағымды сындырма” “сүйек жасытпа”, “сөз тасыма” деген жүйелi сөз тағы бар.[ 30]

     Эпидаскоп  арқылы тақтаға құлын, қозы, ботаның  суреттерi түсiрiледi. Осы арқылы ата-ананың  балаға деген мейрiмен, ықыласын  түсiндiру, оның қазақтың тұрмыс тiршiлiгiмен астасып жатқандығын айтады. Оқушылар ата-әже, ана мейрiмiн бейнелеп көрсетедi.

     Осыншалық  мейрiмiн, шуағын төге отырып, қазақ  баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк,  ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ зердесiне сiңiре бiлген.

     Мысалы: “Сiз  деген –сыпайылық, бiз деген –көмек”,  “Сыйға –сый, сыраға бал”, “Сөзiң  тәттi болса, жұмысың қатты болсын”  деген мақал –мәтелдер де сол  игiлiктi iстерге бастап отырған.  “Жақсы сөз –жарым ырыс” екенiн ұқтырған. Қонақтарға тапсырма: Үш санына байланысты халықтың ой –тұжырымдарын еске түсiру.

    Үш жүз, үш арсыз, үш тоқтам, үш жұрт, үш даусыз, үш көз, үш қуат, үш қадiрсiз, үш ғайып, үш жаман.

     “Адам туа  бiлмейдi, жүре бiледi” Олай болса  өмiрге келген әрбiр баланың болашағын алғашқы күн, айларынан бастап қалыптастырған.

    Информация о работе Адамгершілік мәдениеті