Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2012 в 14:12, реферат
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1Жалпы
технология, ақпараттык және компьютерлік
технология туралы жалпы түсінік
2.2 ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ
ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.3АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КӨЗДЕРІ
III.Қорытынды
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының
білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім
беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің
дайындық деңгейі мен мамандық сапасына
үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің
өзін-өзі дамуына, өзіндік білім
алуына және шығармашылық түрде өздігінен
қызметтерін іске асыруға мүмкіндік
береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне
еркін пайдалана білуіне және
оқыту құралы ретінде пайдалану
бағыттары бойынша білімдерін көтеру
және қайта даярлау курстарының
мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі
туындады. Педагог мамандардың
Негізгі бөлім
2.1 Жалпы технология, ақпараттык
және компьютерлік технология дегеніміз
не? Соларға жауап бере кетелік. Анықтама
бойынша технология дегеніміз — материалды
өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе
материалды өңдеу тәсілдері туралы білім
жиынтығы. Мағынасы бойынша технология
дегеніміз — түрлендіруді жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология»
түсінігін тек материалды өндіріс сферасында
ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің
басқа да сферасында да, соның ішінде білім
беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік
береді. Оқыту теориясында «технология»
ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар
екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның
арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі
ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен
қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен
жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.
«Ақпараттық технология» деген терминді
В. Тлушков енгізді. ол оған былай анықтама
береді: «Ақпараттық технология дегеніміз
— ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер».
Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар
үнемі қолданылған деуге болады, себебі
оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан
тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова,
В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа
шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық
технология дегеніміз — ақпаратты өндеу
үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар
мен әдістер жиынтығы».
Д.Матрос «жаңа ақпараттық технология»
ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер
немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты
тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай
өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді,
яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген
педагогикалық технология дегеніміз —
бұл ақпараттық технология.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану
нәтижесі «компьютерлік технология» терминінің
пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш
техниканың белсенді түрде дамуы және
жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың
пайда болуы компьютерді қолдану аясын
кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды тәлімгерлердің,
оқушылардың мәліметтер және білім базасында,
электронды мұрағаттарда, аныктамаларда,
энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс
істеуі деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың
ақпараттық технологиясын анықтауға болады:
оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске
қосу, олардың жұмыс істеуі кезіндегі
пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық
құралдар жиынтығы.
Кез келген ұйымда басқару қызметтері
нәтижелі ақпаратты, қорытылған мәліметтердің
қайта құру технологиясына негізделеді.
«Технология» ұғымының (мағынасының) өзі
өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және
өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен
және өзара байланысқан материалдарды
өңдеу жүйесі ретінде анықталады. Әдістер
жүйесі техникалық құралдарды пайдалану
негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу,
жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы
ақпараттық технологияны анықтаймыз.
Ақпараттық технологиялар ақпараттық
үрдістердің әр қилылығына байланысты
мынандай технологияға жіктеледі:
- ақпаратты жинау;
- ақпаратты жеткізу;
- ақпаратгы өндеу;
- ақпаратгы жинақтау;
- ақпаратты сақтау;
- ақпаратты ұсыну;
- ақпаратты паидалану;
- ақпаратты қорғау.
Нақты ақпараттық технологияны жүзеге
асыру үшін мынадарды орындау қажет:
- ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын
тиісті техникалық құралдардың кешені;
- техникалықкешенмен басқару құралдарының
жүйесі;
- техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің
жүзеге асырылуын байданыстыратын ұйымдастырушылықты
әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы
басқарма қызметін қамтамасыз ететін
ақпараттық үрдістердің әр түрлерін жинақты
түрде пайдалануға негізделген, Соған
байланысты көбінесе қазіргі заманғы
немесе жаңа ақпаратгық технология деп
компьютерлік ақпараттық технологияны
ұғынамыз.
Қоғамның қазіргі заман
дәуіріңдегі ғылыми-техникалық прогрестің
дамуына байланысты адам іс-әрекетінің
барлық сферасында компьютерлік және
желілік технологиялардың бірігуінен
пайда болған ақпараттық технологияны
пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру,
техника құралдарының белсенді түрде
енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы
алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер
қоюда. Ол міңдеттер оқу-тәрбие үрдісінің
тиімділігін тарылатуда, компьютерді
пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.
Әрине, білім беруді компьютерлендіру
оқу-тәрбие үрдісінің көптеген аспектілеріне
мәнді, әрі маңызды әсерін тигізеді. Ол
компьютерлердің және бағдарламалық құралдардың
дидактикалық потенциалына байланысты.
Қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдалану оқу үрдісінің
тиімділігін арттыру үшін, яғни әрбір
сабақ үшін бағдарламаның бір түрін ғана
жасау қажет емес, сонымен қатар атқару
қызметі бойынша бір-бірінен бағдарламалар
(бақылаушы, бақылаушы-оқытушы т.б.), сабақтың
әр кезеңінде қодданылатын (дәрістер,
зертханалық сабақтар, практикалық сабақтар,
өзіндік жұмыс, курстық, дипломдық жоба
немесе жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы т.б)
бағдарламалар жасау қажет. Яғни, әр сабақ
түрі үшін компьютерді пайдаланудың ұлымды
немесе тиімді әдісін және нысанын тандау
қажет.
2.2 Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Төмендегі қасиеттер
білім жүйесінің өзіндік
· Тұтынушының қолдану сапасында;
· Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми
орталықтары мен оқу
· Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
· Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
· Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
· Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
· Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
· Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Оқытудың ақпараттық технологиялары
осы ақпараттық білім жүйесінің
шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан,
осы білім технологиясына ақпараттық
және бағдарламалық қолдаумен
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
· Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
· Ақпарат іздеу жүйесі;
· Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
· Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
· Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
· Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:
· әр түрлі форматты файлдар;
· мәліметтер қоры;
· бағдарламалық модульдер;
· жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта
болуы мүмкін, сол секілді нақты
міндеттер ерекшелігі мен қолдану
саласына тәуелді болмауы да мүмкін.
Білім үрдісінде қолдануға
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:
· ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;
· жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;
· оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;