А.С. Макаренконың ұжымды қалыптастыру теориясын жалғастырушы ғалымдар және олардың қосқан жетістіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 06:12, реферат

Описание работы

Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт — өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады

Файлы: 1 файл

реферат макаренко.docx

— 59.37 Кб (Скачать файл)

Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.  Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.

Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Аллтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.

Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазды, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалынан бірте-бірте бәсеңдеуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері – деп жазды ол, — қазақтарға татар фнанатизмінің ықпалын тигізбеу  — қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздерін таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт оларды бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар зор күш болар еді». Ұлан-байтақ қазақ даласында дінияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның басты арманы болатын.

Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді.

Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министріне жолдаған жолдамасында «…Торғай облыстық халық мектебінің инспекторы Алтынсарирн өзі орыс алфавитін қолданып қазақтардың халық өлеңін маған әкеп тапсырды…. Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек… Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады.

Ы.Алтынсариннің ағартушылық саласындағы мақсат мүдделерінің іске асуына оның 1879 жылы Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі үлкен пайдасын тиігзді. Инспекторлық жұмысқа кіріскен соң ол дінияуи мектептерді ашуды қолға алды. Ол оқытушы кадрларын даярлау мәселесін де қолға алды. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы көкек айында Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Мұғалімдер даярлау ісімен қатар оларға керекті оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де шұғылданды. Оның ұсынуымен орыс-қазақ училищелерінде К.Д.Ушинскийдің «Балалар дүниесі», Л.Н.Толстой «Әліппе және оқу кітабы», Ф.Бунаковтың «Әліппесі мен құралы», Тихомировтың «Грамматикалық элементарлық курсы» оқу құралы ретінде пайдаланылды. Орыс педагогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы.Алтынсариннің өзі екі оқу құралын «Қазақ хрестоматиясын» (1889) және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастуыш құралын» (1889) жазып, бұларды қазақ-орыс мектептеріне төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен, «Хрестоматияға»  ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді, орыс жазушылары Крылов, Толстой, т.б. әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударып енгізді. Алтынсарин өз хрестоматиясының екінші бөлімінде жаратылыстану, жағрапия, тарих, физика, сондай-ақ техника саласынан түсінік беруді көздейтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы кезге дейін табылмай келеді.

Ы.Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де ерекше мән берді. Өзінің А.А.Мазюхин, Ф.Д.Соколов, Ғ.Балғымбаев, т.б. мұғалімдерге жазған хаттарында балаларға тиянақты білім беру, оқыту өмірімен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер берді.

Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерен еңбегі қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қолға алуында еді. Ол осы мәселеге ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Көп ұзамай Торғай қолөнер училищесі ұйымдастырылып, өзі қайтыс боларының алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесінде өзінің қора жайын беретіні туралы өсиет қалдырды. Қазақ қыздарын оқытып-тәрбиелей ісіне де жол ашқан Алтынсарин еді. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап  жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының өмірінде орасан өор маңызды трихи оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінді. Оның бұл ұсынысы өзі қайтыс болған соң екі жылдан кейін жүзеге асты.

Ы.Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени  көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Ол Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Қазақ даласын үш жыл аралығында қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына да кіріп шықпайды, бекіністерде училищелер салудан гөрі үйінің онсыз да қып-қызыл шатырын сылауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды»-деп жазды.

Ы.Алтынсарин өз заманының ақыл-ойшылы, ірі қоғам қайраткері. Оның жарқын бейнесі мен іс-әрекетінен қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксегенін көреміз. Ыбырайдың  бұл арманы Қазан, кейіннен қазақ топырағында толық іске асты. 

 

Абай Құнанбаев(1845-1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғақлия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.

Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге –

деп жастарды білім– ғылымды меңгеруге шақырды.

Ел  болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салу, оқу оқып білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін еместігін терең түснген  ол: «Барыңды салсаң да балаға орыстың ғылымын үйрет…өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі…» -деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.

Кітапты молда теріс оқыр

Дағдардай боп сәлдесі!… –

деп Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болған.

Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы қатты сынға алды.

Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қосылады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деді.

Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады. Өзінің «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» деген өлеңінде:

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, —

деп жігіттердің жар таңдау мәселесіне тоқталып, қазақтың «Аяғына көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деген мақалына орай тәрбиелі жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағала, өмірлік жолдасты дұрыс таңдай біл дегенді айтады. Сөйтіп отбасы өмірдің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қиындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.

Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант, т.б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары: Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлермен терең қабысып жатыр. 

Әбубәкiр Диваев (1855-1933). Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, бастыру мәселелерi ХIХ-ғ. мен ХХ-ғ. Басында бiр топ орыс ғалымдары айналысты. Олардың iшiнде Сырдария генерал-губернаторы Н.И.Гродековтың 1884 ж.  қазақ, өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жинауды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi Ә.Диваевқа  тапсырды. Ол араб, парсы тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн де жетiк бiлетiн едi.

Ә.Диваев белгiлi түркiтанушы В.Н.Наливкинмен, тарихшы, этнограф, филолог А.Н.Вышнеглярскиймен жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерттеу жұмысының жоспарын жасады. Ел аузындағы ертек, аңыз-әңгiме, батырлар жырын жетiк бiлетiн қариялармен пiкiрлесiп, олардың бiлгендерiн жазып алып жiберiп отыратын мұғалiм-молдаларды бұл iске тартты. Өзi жинаған материалдардың бiр тобын Ресей география қоғамының Қазандағы бөлiмшесiне жiберiп отырды. Сондай-ақ 1886 ж. Ташкентте шыға бастаған “Түркiстан уалаяты” газетiнде жариялады. Диваев бiрiншiден қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажеттi дүние деп қараса, екiншiден жиналған материалдарды орыс тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың көне мәдени мұрасымен орыс, батыс халық өкiлдерiне таныстыруды көздедi. 1896 ж. Қазан университетi жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы Ә.Диваевқа хат жолдап, аталған қоғамға мүшелiкке алғанын хабарлайды.

Бұл қоғамның белсендi мүшелерi; В.В.Радлов, ВАлекторов, Г.Н.Потанин, В.П.Наливкин, Н.П.Остраумовтар да түркi халықтарының мұраларын жинау, зерттеу iсiмен айналысатын.

Ә.Диваев осы қоғамға өзi ел аузынан жинаған бай материалдарды және өзiнiң олар туралы жазған зерттеу мақалаларын жiберiп тұрды.

1918 ж. Түркiстан Халық Университетi ашылып, Диваевты осы университетке  оқытушылық қызметке шақырады. Ташкен  университетi кеңестiк Орта Азияның  шығыстану орталығына айналды. Кейiннен  одан шығыстану институты бөлiнiп  шығып, онда көрнектi шығыстанушы  ғалым-академиктер қызмет еттi. Олардың iшiнде: В.В.Бартольд, С.Е.Малов, И.И.Зарубин, М.С.Андреев, М.Ф.Гаврилов, А.А.Семенов, В.М.Кун т.б. сияқты көрнектi ғалымдар  болды.

А.Диваев 100-ге тарта ғылыми еңбек қалдырды. Ол жинаған қазақтың батырлар жыры 1922-23 ж.ж. Ташкентте тұңғыш 9 том болып басылды. 1924 ж. Ташкентте қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерiнен құрастырған “Тарту” атты жинақ, ал 1926 ж. Қызылордада “Балаларға тарту” жинағы шықты. Ол “Алпамыс”, “Қамбар батыр” жырларының бiрнеше варианттарын, “Тазша бала” ертегiсiнiң үш нұсқасын салыстыра зерттеп, олардың iшiндегi ең толығын және ең көркем дегендерiн баспа арқылы шығарып отырған.

Диваевтың 1920 ж. Жетiсу, Сырдария бойына ұйымдастырған экспедициясы орасан мол материал әкелген. Олардың iшiнде аңыз да, жұмбақ та тақпақ та, мақал-мәтелдер де, айтыс өлеңдер де бар.

Диваев жинаған мұралар iшiнде көлемi 8 томдық “Манас” дастаны да бар. Диваев “Манас” дастанын ең ұзақ, энциклопедиялық жыр дей келiп, “Манас” батырдың атымен бүкiл қырғыз елiнiң өмiрi мен тұрмысы жырланады” дейдi. Диваев осы еңбегiнде Орақ-Мамай, Ер Қосай сияқты қазақ батырларының  да жырда кездесетiнiн айтып, оны қойы қоралас, ауылы аралас қазақ-қырғыз елiнiң мәдени қарым-қатынасының  куәсi деп қарайды.

Ә.Диваев қазақ ойындары мен ойыншықтарының мән-мағынасына да талдау жасайды.

Жарты ғасыр өмiрiн қазақтың мәдени мұрасын жинауға, зерттеуге арнаған Ә.Диваевтың еңбегi туралы  кезiнде М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өлең, мақала жазып, жоғары бағалаған.

Шәкәрiм Құдайбердиев (1858-1931). Абайдың реалистiк дәстүрiн жалғастырушы әрi ақын, әрi жазушы, аудармашы, философ, шежiрешi әмбебап ғалым.

Ол жастайынан өнер-бiлiмге, әдебиет пен тiлге (араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн жетiк бiлген) бейiмдiлiк көрсетiп, көп iзденiп, шығыс, батыс классиктерiнiң еңбектерiн оқып үйренген.

1905-1906 ж. Орыс география  қоғамының Семей бөлiмшесiне мүше болған. 1905-1906 ж.ж. Меккеге сапар шегiп Стамбул кiтапханасындағы бай мәдени мұрамен танысқан. Қайтып келе жатып, Ясная поянадағы Л.Н.Толстоймен кездесiп пiкiрлескен. “Толстойша” деген өлеңiн жазған.

Ол халық аңыздары негiзiнде “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлiк-Кебек” дастандарын жазып, қазақтың әдет-ғұрыптары туралы мол мәлiметтер бередi. 1911 ж. “Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiресi” атты еңбегiн жазады. Ол Толстойдың қысқа әңгiмелерiн, Физулидiң “Ләйлi-Мәжнүн” поэмасын, Пушкиннiң “Дубровский” атты поэмаларын аударады. 1918 ж. “Абай” журналына  Қожа Хафиз шығармаларын аударып бастырады.

Информация о работе А.С. Макаренконың ұжымды қалыптастыру теориясын жалғастырушы ғалымдар және олардың қосқан жетістіктері