Атом құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 09:21, методичка

Описание работы

Электрон массасы m=9,1*10-31 кг-ға тең және табиғаттағы ең жеңiл сутегi атомы массасынан 3700 еседей аз болып шықты. Электр зарядын арттыруға және азайтуға болады. Яғни олар әр түрлі мәнге ие болуы мүмкін. Ендеше электр заряды физикалық шама. Екі электрометр алып олардың біреуін зарядтайық. Сосын оқшаулағыш тұтқасы бар жіңішке сыммен екі электрометрді жалғайық. Сонда біз зарядтың теңдей екіге бөлінгенін көре аламыз. Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған. Электрон заряды терiс: qэл = – е = – 1,6 • 10–19 Кл.

Файлы: 1 файл

Атом құрылысы.pptx

— 733.50 Кб (Скачать файл)

      Атом  құрылысы

   Атом құрылысы - 1897 жылы  көптеген  электр құбылыстарын  түсiндiруге  мүмкiндiк  беретiн  жаңалық ашылды. Ағылшын  ғалымы  Дж.Дж. Томсон  элементар  заряд  тасымалдаушысы  болып  табылатын бөлшектi тапты. Бұл  бөлшекті  электрон  деп  атады

              Электрон 
  Электрон массасы m=9,1*10-31 кг-ға тең және табиғаттағы ең жеңiл сутегi атомы массасынан 3700 еседей аз болып шықты. Электр зарядын арттыруға және азайтуға болады. Яғни олар әр түрлі мәнге ие болуы мүмкін. Ендеше электр заряды физикалық шама. Екі электрометр алып олардың біреуін зарядтайық. Сосын оқшаулағыш тұтқасы бар жіңішке сыммен екі электрометрді жалғайық. Сонда біз зарядтың теңдей екіге бөлінгенін көре аламыз. Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған. Электрон заряды терiс: qэл = – е = – 1,6 • 10–19 Кл.

 Бұл заряд электронның ерекше сипаттамасы болып табылады. Жәй денелердi зарядтауға немесе разрядтауға болады, ал электронды зарядынан “айыру” мүмкiн емес. Сондай-ақ электрон зарядын азайтуға немесе көбейтуге болмайды. Электрон заряды барлық уақытта тек бiр мәнге ие. Химия курсынан сiздер электронның атом құрамына кiретiнiн бiлесiздер. Электрондар атом ішінде орналасқан оң зарядталған атомдық ядроны айнала қозғалады. Резерфорд тәжiрибелерiн жоғары сыныптарда егжей-тегжейлi қарастырылады. Мұнда бiз оның тәжiрибе нәтижесiнде жасаған қорытындыларымен шектелемiз

Оң зарядқа кіргізілген электрондар

                    Атом құрылысы  
  Резерфорд  атомының  құрылысын  Күн  жүйесiне  ұқсатты. Күн  жүйесiндегi  планеталар  оған тартылып  айналғаны  сияқты,  электрондар  да  ядроға  тартылып  оны  айнала  қозғалады. Осындай ұқсастығы үшiн  Резерфорд  ұсынған  модельдi планетарлық  модель  деп  атаған.  Ядро  мен электронның ара қашықтығы олардың өлшемдерiне қарағанда өте үлкен. Егер атомды ойша үлкейткенде ядроның диаметрi он теңгелiктей болса, онда ядро мен электрон ара қашықтығы шамамен бiр километрдей болар едi. Егер барлық электрондар атомдық ядроларға тығыз орналасса, онда ересек адамның денесiнiң көлемi бiр куб миллиметрдiң миллионнан бiр бөлiгiндей болатындығы есептелген. Бұдан адам денесiнiң 99%-ын (кез-келген дененiң) бостық жайлайтындығын көремiз. Бiр тектi атомдар жиынтығы  химиялық  элемент  деп аталады. Әр түрлi химиялық элементтердiң  атомдары  бiр-бiрiнен  ядроларының  зарядымен және сол ядроны айнала  қозғалатын  электрондар санымен ерекшеленедi. Мысалы, сутегi  атомында  жалғыз  электрон  бар, оттегi атомында – сегiз  электрон, ал уран атомында – тоқсан екi. Атомдағы электрондар саны элементтiң Д.И. Менделеев кестесіндегі реттiк нөмiрiмен сәйкес келедi. Осы нөмiр атом ядросының зарядын да анықтайды. Белгiлеу енгiзейiк: Z – элементтiң реттiк нөмiрi, е = атомдағы  электрондар саны. Онда атом ядросының және атомдағы барлық электрондардың жалпы заряды үшiн былай жазуға болады: qядро = + Ze, qэл-н = – Ze. Атомдағы электрондардың жалпы зарядын, атом ядросының зарядына қоссақ нөл шығады. Бұл атомның толықтай бейтарап екендiгiн көрсетедi. Бейтарап атомдардан тұратын заттардыңмолекулалары да бейтарап болады. Кейбiр жағдайларда (мысалы, соқтығысқанда) атомдар бiрнеше электронын жоғалтуы мүмкiн. Атомдар электрондармен  бiрге  өздерiнiң терiс  зарядының бiр  бөлiгiн  жоғалтып, бейтарап емес жүйеге айналады. Осының  салдарынан пайда болған оң зарядталған атомды оң ион деп атайды. Керi жағдайлар да  болуы  мүмкiн: бейтарап атом өзiне артық электрон  қосып  алып, терiс  зарядталады. Мұндай атомдытерiс ион деп атайды.  

      Қорытынды 
•Атом ортасында оң зарядталған ядродан және оның қабықшасын құрайтын, орасан зор жылдамдықпен қозғалатын электрондардан тұрады  
• Элементар электр заряды е=-1,6*10-19 Кл. Электронның массасы m =9,1 * 10-31 кг 
• Ядроның құрамына оң зарядталған бөлшек протон және нейтрон деп аталатын бейтарап бөлшек кіреді 
• Ядродағы  нейтрондардың  саны протондардың санына тең  
• Ядроның заряды оң және абсолют мәні бойынша атомдағы барлық электрондардың зарядына тең 
• Оң ион-кандай да бір өзара эрекеггесу нәтижесінде электрондарынан айрылған атом 
• Теріс ион - қандай да  бір өзара әрекеттесу  нәтижесінде  артық  электрондарды қосып алған атом 
• Атомның  өлшемі  өте  кіші 10-10 м 
• Атом я дросының  өлшемі (10-14 м ), атомнан  он  мың  есе  кіші.  
 
        
 

  Жалпы атомдардың суреті

СОҢЫ

Орындаған: Оспан Ғазиза


Информация о работе Атом құрылысы