Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:13, реферат
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған
мәліметтер.
Сабаққа қойылатын талаптар:
1.Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау;
2.Сабақтың түрін анықтау,жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру;
3.Оқушының білімін бекіту,қайталау,бақылау жүйесін ойластыру;
4.Үй тапсырмасының көлемін,түсініктілігін,баланың мүмкіндіктерін қадағалау;
Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәліметтер Описание материала:
Көлемі: 187.5Kb
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған
мәліметтер.
Сабаққа қойылатын талаптар:
1.Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау;
2.Сабақтың түрін анықтау,жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру;
3.Оқушының білімін бекіту,қайталау,бақылау жүйесін ойластыру;
4.Үй тапсырмасының көлемін,түсініктілігін,баланың мүмкіндіктерін қадағалау;
Сабаққа дайындалу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1.Сабақ материалы оқушының денсаулығына зиян келтірмейтіндей көлемде белгіленуі
қажет;
2.Әр сабаққа дайындықты берілген тақырып бойынша жоспарлаудан бастау қажет;
3.Әр сабаққа демонстрациялық,дидактикалық материалдарды,техникалық құралдарды дайындау;
Сабақ мазмұнына және оқу процесіне қойылатын талаптар:
1.Сабақтың тәрбиелік мәні болуы керек.Оқыту барысында оқушылар өздерін қоғамның жеке тұлғасы ретінде сезінуі қажет;
2.Сабақ мазмұны оқушы өмірімен тікелей байланыста болған жөн;
3.Әр сабақта оқушы шығармашылық ізденісте болуы қажет;
Сабақты өткізу әдісіне қойылатын талаптар:
1.Сабақ коңілді,тартымды өтуі керек;
2.Оқушыны сабақта білімнің керек екенін сезінуге тәрбиелеу қажет;
3.Сабақтың ырғағы мен қарқыны тиісті дәрежеде болуы керек;ол тездік пен сылбырлықты көтермейді.Сабақтың барысы дұрыс ұйымдастырылғанда оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті нәтижелі болады;
4.Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара түсінушілік,педагогикалық такт сақталғаны жөн /оқушылардың намысына тура немесе жанамалы түрде тиіп,жәбірлеу дұрыс емес/;
5.Оқушылар арасына өзара өзара түсінушілік жағдай туғызу және шығармашылық еңбек белсенділігін арттыру,өте қажет;
6.Сабақты әр түрлі оқу әдістерін қолданып,түрлендіріп өткізу керек.
Бағалау нормалары.
«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгі қатесі болса;
«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін;
Ескерту:
Бағалау кезінде қатерлердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылды.Егер бір қате бір сөздіңқұрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі.Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есптеледі.
Диктант мәтініне қойылатын талап:
а) көлем сынып ерекшелегіне сай болуы тиіс;
ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек;
б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек ;
в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн;
Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық кезеңін шамамен былай көрсетуге болады:
а) тілдік дайындық(өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру)4-5минут.
ә)берілген тапсырманы орындату-4-5 минут.
б) диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу -30-35 минут.
в) тексеру, жинау-2-3 минут.
Белгілер мәні:
/- емле қатесі
V- тыныс қатесі
/-азат жол артық қойылған
?- түсініксіз
/- қайталанған ойлар, стилдік қателер, сөз қалдырған
/-жүйе үзілген
Диктанттың белгіленген нормасы төмендегідей:
Сыныптар Сөздер саны 1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан Жылдық баға Тест
1. 15-20 0 0 0 0 0 0
2. 20-25 2 2 2 2 1 2
3. 30-35 2 2 2 2 1 4
4. 40-45 2 2 2 2 1 4
5. 50-55 2 2 2 2 1 4
6. 60-65 2 2 2 2 1 4
7. 70-75 2 2 2 2 1 4
8. 80-85 2 2 2 2 1 4
9. 90-95 2 2 2 2 1 4
10. 100-105 2 2 2 2 1 4
11. 105-110 2 2 2 2 1 4
Сөз мөлшері:
2-сыныпта-15-20 сөз
3-сыныпта-20-30 сөз
4-сыныпта-30-40 сөз
5-сыныпта-40-50 сөз
6-сыныпта-60-70 сөз
7-сыныпта-70-80 сөз
8-сыныпта-90-100 сөз
9-сыныпта-90-100 сөз
10-сыныпта-100-110 сөз
11-сыныпта-110-120 сөз
Диктантты бағалауда мына параметрлерді есте сақтау керек:
- фонетикалық талдауды білуі;
- сөз құрамына талдауды білуі;
- сөз табына талдауды білуі;
- сөйлемді талдауы;
- сөйлем мүшесіне талдауды білуі;
- морфологиялық талдауды білуі;
- синтаксистік талдауды білуі;
- лексикалық талдауды білуі;
Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері:
- қажет болған
жағдайда мәтін мазмұны
- сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін,оқылу интонациясын ескеру;
- жай сөйлем,құрмалас сөйлемдердің түрлерінің барын анықтау,ондағы екпін,тыныс белгілеріне көңіл бөлу;
- сызықша,тырнақша тәрізді белгілерді қолдану жүйесі;
- егер диктанттың мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе,онда олар тақтаға жазылады.
- Мәтінді
мәнерлеп оқып шығып,содан
- Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері есептеледі.
- Жалпы екі баға қойылады, бірінші баға сауаттылыққа,екінші баға грамматикалық тапсырмаларға қойылады.
Оқу өлшемі.
Сынып Қанша сөз саны Таңба саны
1 15-20 45-90
2 20-25 180-225
3 25-30 225-270
4 30-35 270-315
5 35-40 315-350
6 40-45 350-395
7 45-50 395-420
8 50-55 420-465
9 55-60 465-510
10 60-65 510-555
11 65-70 555-600
сынып лексика диалог монолог
1 90-110 1-2 сұрақ 3-4 сөйлем
2 160-210 2-3 сұрақ 4-5 сөйлем
3 210-230 3-4 сұрақ 5-7 сөйлем
4 230-260 4-5 сұрақ 7-9 сөйлем
5 260-290 5-6 сұрақ 9-11 сөйлем
6 290-310 6-7 сұрақ 11-13 сөйлем
7 310-330 7-8 сұрақ 13-15 сөйлем
8 330-360 8-9 сұрақ 15-17 сөйлем
9 360-390 9-10 сұрақ 17-19 сөйлем
10 390-400 10-11 сұрақ 19-21 сөйлем
11 400-410 11-12 сұрақ 21-23 сөйлем
Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері.
Мазмұндама- оқушының мемлекеттік тілден алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі.Мазмұндама арқылы оқушының өз ойын жүйелі баяндай алу қабілеті мен байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.
Информация о работе Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәлімет