Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 08:22, доклад
Оқушыларды оқытуда тіл мәдениетін, олардың сөздік қорын, тіл байлығын дамытуда лексиканың маңызы зор. Өйткені қазақ тілінің лексикасын жете меңгеру қазақ тілін игертудегі негізгі жол іспеттес. Қазақ тілінде мол сөздік қоры болмайынша, сөз мағынасын жетік түсінбейінше, жоғары тіл мәдениетіне жете алмайды.
Лексиканы оқып-үйрену оқушыларды лексикалық жүйе ерекшеліктерімен, негізгі түсініктерімен таныстыратын тіл туралы ғылымның арнайы бөлімін оқып үйрену болып табылады. Оқушының лексиканы меңгеруі арқылы олардың тіл туралы түсініктері кеңейе түседі.
Қазақ тілін дамыта оқытудың лингвистикалық негізі
Тіл - адамзат
тіршілігіндегі бір-бірімен қатынасу
құралы, сондықтан да тілге деген
қажеттілік, оны ары қарай дамыту
– қоғамдық мәселе болып табылады.
Қатынас қажеттілігінің өзгеруі
ең алдымен адамдарды іс-
Тіл – әлеуметтік ақпаратты жеткізуші, ал оның материалдық жағынан бөлінбейтін бірлігі оның мәні мен дыбысталуы. “Тіл тарихи пайда болған және өте күрделі түрде адамзат ой-санасымен, танымымен дамып келе жатқан, әрі біртұтас әрекеттестікте жұмыс атқаратын қатынас механизімі болып табылады”.
Қазақ тілін дамыта оқыту
да белгілі заңдылықтар
Сондықтан да
қазақ тілін дамыта оқытудың ең басты
мақсаты тілдің белсенді қатынас
құралы екендігін түсіндіру болып
табылады. Қазақ тілін оқытуда
оқушылардың коммуникативтік
Адам айтайын деген ойын сөйлеу арқылы, яғни әртүрлі сөз, сөз тіркесі, сөйлем басқаларға жеткізеді. Оқушыларды қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен оның өзіндік ерекшеліктерін меңгертуден басталады. Олар дыбыстау мүшелері, олардың дыбыстарды айтуға қатысы, дыбыстарды топтастыру, буын, екпін, интонация, үндестік заңы, дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу заңдылықтары, дыбыстардың айтылу, жазылу ерекшеліктері, дыбыс алмасулары т.б. көптеген заңдылықтар туралы мағлұмат алады.
Қазақ тілін дамыта оқыту процесінде олардың сөздік қорын, тіл байлығын молайтуда лексика маңызды орын алады. Лексика грамматикамен қатар кез келген тілдің негізін құрайды. Оқушылар қазақ тілінің лексикалық жүйесін меңгеру арқылы ойлау және сөйлеу әрекетін дамытуға мүмкіндік алады. Негізінен сөзді меңгермей, тілдің грамматикалық құрылысын меңгеру мүмкін емес. Сондықтан да сөйлеу кезінде лексиканы меңгерту – қазақ тілін меңгертудің басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Оқушыларды оқытуда тіл мәдениетін, олардың сөздік қорын, тіл байлығын дамытуда лексиканың маңызы зор. Өйткені қазақ тілінің лексикасын жете меңгеру қазақ тілін игертудегі негізгі жол іспеттес. Қазақ тілінде мол сөздік қоры болмайынша, сөз мағынасын жетік түсінбейінше, жоғары тіл мәдениетіне жете алмайды.
Лексиканы оқып-үйрену оқушыларды лексикалық жүйе ерекшеліктерімен, негізгі түсініктерімен таныстыратын тіл туралы ғылымның арнайы бөлімін оқып үйрену болып табылады. Оқушының лексиканы меңгеруі арқылы олардың тіл туралы түсініктері кеңейе түседі.
Қазақ тілін
дамыта оқытуда лексикографиялық еңбектердің
маңызы зор. Әсіресе, қазақ тілін
дамыта оқытуда мәтіндермен жұмыс
жасағанда сөздің мағыналарын түсінуде
түсіндірме, синонимдер, омонимдер
сөздігі, сөздердің қарама-қарсы
мағынасын түсіндіруде
Түсіндірме
сөздік – сөз мағынасы мен сөздің
қолданылу аясын үйрететін
Оқушыға түсіндірме
сөздікпен жұмыс жасауға
ҚЫР1 зат.
1.Созылып жатқан бітік жер, жал.
2. Ауылдан сырт жер, дала.
3. Бір нәрсенің сырт жағы, шеті.
4. Киімге үтік басқанда пайда болатын қатпар.
5. Ауыс. Адамның
жеке басының жай көзге
2. Ауыс. Біреуге көрсетілген жағымсыз, қисық мінез, сес.
ҚЫР2 ет. Жаппай өлтіру, қырғынға ұшырату, құртып жіберу.
ҚЫР3 ет. 1. Сақал-мұртты, шашты ұстарамен сыпыру.
2. Бір нәрсені өткір құралмен қырғыштау, қырнау, жұқалап алу.
Оқушыларға қазақ тілінің түсіндірме сөздігін қолдану арқылы бір сөздің қанша мағына беретіндігін, қай сөз табына қатыстылығын, қандай мағынада жұмсалатындығын біледі. Түсіндірме сөздікпен үздіксіз жүйелі жұмыс жүргізу арқылы олардың тілін, сөз байлығын молайтуға әбден болады.
Оқушыларды дұрыс сөйлеуге үйретуде орфографиялық сөздікті қолданудың мәні зор. Қазақ тілін дамыта оқытуда тіліміздегі сөздерді сауатты жазу қаншалықты қажет болса, олардың айтылу қалпын сақтап сөйлеу де соншалықты қажет. Оқушыларға дұрыс сөйлеуге нақтылы қатаң талаптар қою олардың жазуда емле қателеріне жол бермеуіне негіз болады.
Қазақ тіліндегі дыбыстар
үнемі жазылу қалпында айтыла бермейді.
Олар тіліміздің қалыптасқан белгілі
бір фонетикалық заңдылықтарына
бағынады. Оқушылардың қазақ тілінде
сөздерді дұрыс айтуын қалыптастыруда
қазақ тілінің орфоэпиялық
Оқушыларды тілге жетік етіп тәрбиелеу үшін оларды тіліміздегі синонимдерді дұрыс білуі керек. Oл үшін, мұғалім алдымeн, олардың білетін сөздерінің мағыналарының дұрыс танып, дәл жұмсай білуіне дағдыландыра білуі керек.
Қазақ тілі бай тілдердің қатарына жатады. Оқушылар үшін сөздердің көп мағыналығы, омоним, синоним, антонимдер қазақ тілін меңгеруде көптеген қиындықтар келтіреді. Мысалы: тілімізде дыбысталуы басқаша болғанымен, мағыналары бір, мәндес сөздер де, сондай-ақ бірдей дыбысталғанымен түрліше мағына беретін сөздер жиі кездеседі. Сол сияқты кейбір сөздер тура және ауыспалы мағынада да жұмсала береді.
Сөз мағынасын саналы түсінген оқушы ғана оны орнымен жұмсай алады. Оқушы көркемдеп, әсерлі сөйлеуі үшін немесе ойын жүйелі, нақты беруі үшін оның сөздік қоры, сөз байлығы мол болуы керек.
Қазақ тіліндегі
антоним сөздерді ажырату оңай емес.
Лингвистикада антонимдердің
Қазақ тілін
дамыта оқытуда оқушыларға қарама-қарсы
мәндес сөздердің ойды әсерлі, дәл
жеткізудегі атқаратын
Оқушы сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды түсінбесе, айтқысы келген ойын айтып, жеткізе алмайды және ол өзге біреудің сөзін де түсінбейді.
Дамыта оқытуда
олардың қазақ тіліне қызығушылығын,
сүйіспеншілігін арттырып, ой-өрісін
кеңейтуде тұрақты сөз
Қазақ тілін дамыта оқытуда оқушылардың ана тіліне қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттырып, сөз байлығын, сөйлеу мәдениетін дамытуда, ой-өрісін кеңейтуде, саналы тәрбиелеуде тұрақты сөз тіркестері мен фразеологизмдердің қызметі ерекше. Тілімізде табиғат, оның байлығы, табиғат құбылыстары туралы фразеологизмдер өте көп. Мысалы:
Еліміздің жасыл байлығы (орман),
Бейбітшілік құсы (көгершін),
Көздің қарашығындай сақтау (күту, баптау, сақтау),
Бармағын тістеу (өкіну),
Астан-кестеңі шықты (талқан болды, ойран-топыр болды),
Дүниенің төрт бұрышы (барлық әлем, жер жүзі),
Жапа шегу (қорлық көру, азып-тозу),
Зардабын бастан кешті (азабын көрді, зиян шекті),
Ойран болды, ойраны шықты (қирады, бүлінді),
Аспан айналып жерге түсердей (аңызақ, ыстық, қапырық),
Жан түршігерлік (өте қорқынышты) т.б. мысалдардан оқушылар экология мен қоршаған ортаға қатысты тыныс-тіршіліктен мол хабардар болады. Осы сияқты тұрақты сөз тіркестері мен фразеолгизмдерді сөйлеуде орнымен қолдануы үшін олардың мағынасын жете түсінуі қажет.
Тұрақты сөз тіркестерін
қолдану болашақ жастардың
Оқушылар қоршаған табиғатқа адам қолымен және әртүрлі өндіріс орындары мен химиялық зауыттардың тигізіп жатқан зардап, залалдарын фразеологиздер мен тұрақты сөз тіркестері арқылы жеткізуі олардың ойын көріктендіріп, шынайы етеді. Мысалы, ыстық күн деген тіркестерді бірнеше нұсқада беруге болады.
Ыстық күн
*Аспан айналып жерге түскендей
*Аспан аптап, күн шыжу
*Құс қанаты күйгендей
*Қырық күн шілде
*Ми қайнатар ыстық
Қазақ тілін дамыта оқытуда фразеологизмдерді меңгерту арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыта отырып, ойды мәнерлі, анық әрі бейнелі етіп жеткізуге дағдыландырылады. Сондай-ақ, олардың тұрақты сөз тіркестері мен фразеологизмдерді сөйлеуде, қарым-қатынаста жиі қолдана білуге де баса назар аударылады.
“Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні” дегендей, ойды жүйелі, мәнді етіп жеткізе білуде мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Мақалдап
сөйлеу – адамның сөйлеу мәдениетінің
көрсеткіші болып табылады. Өйткені
қарым-қатынас ойына қажетті
1-жаттығу. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Күтімі жаман ағаштың, бітімі де жаман.
Тау бұлағымен көрікті,
Бұлақ құрағымен көрікті.
Атадан мал қалғанша, тал қалсын.
Судың да сұрауы бар.
Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір.
Балығы болмаған көлі құрысын,
Киігі болмаған шөлі құрысын.
2-жаттығу. Төмендегі мақалдан мамандыққа байланысы сөзді тауып, экологиялық түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, мағынасын ашыңыз.
Сортаң жерге шөп шықпас,
Шөп шықса да көп шықпас.
Қатты жерге егін шықпас,
Қаңқыған басқа білім жұқпас.
Оқушылардың осы тектес мақал-мәтелдердің мәнін, қалай түсінетіндіктерін сұрау арқылы олардың ойлауын, танымын дамытамыз.
Сондай-ақ қазақ
халқының ұлттық айшығын, ерекшеліктерін
беруде де мақал-мәтелдердің орны қомақты.
Мақал-мәтелдерден халқымыздың
Мәтінді оқып, танысу, оны түсіну– тілдік қатынастық өте күрделі түрі ретінде саналады. Дамыта оқытуда оқылым арқылы оқушы интеллектуалдық шеберлік, дағдыларды жинақтайды, талдау, жинақтау, салыстыру, ұқсастықтарды айыра білу т.б. процесстерді қалыптастырады. Оқушыларға “Гидросфераның ластануы” мәтіні бойынша мынадай тапсырмалар беріледі:
Информация о работе Қазақ тілін дамыта оқытудың лингвистикалық негізі