Бала құқығы туралы конвенция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 09:04, реферат

Описание работы

Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау – тарихи тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы деп аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек
1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті.

Файлы: 1 файл

Бала құқығы туралы конвенция.doc

— 81.00 Кб (Скачать файл)

Дегенмен, халықаралық  стандарттармен кепілдік берілген, мемлекет тарапынан неғұрлым ауқымды көмекті  және қолдауды қамтамасыз ететін бірқатар ұлттық заңнама нормалары бар. Атап айтқанда, Конвенцияның  
28-бабы мемлекеттің тегін және міндетті бастауыш білім берумен қамтамасыз ету және тегін орта білім беру жөніндегі міндеттемесін көздейді, ал ҚР Конституциясының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім алу міндетті. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Осылайша, заңнама Конвенция нормаларын кеңейте отырып, азаматтардың тек тегін бастауыш білім ғана емес, сонымен бірге тегін орта білім алуына да кепілдік береді.

Балалардың құқықтарын іске асыруға балалардың әскери қақтығыстарға қатысуына, балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Қазақстан бекіткен Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттамалары да жәрдемдеседі.

Өткен жылғы  мамырда Қазақстанның балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттамасын іске асыру жөніндегі есебі дайындалып, БҰҰ-ға жіберілді. 2004 жылғы қарашада Қазақстан БҰҰ-ның Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы Конвенциясына қол қойды, бұл адамдарды сатудың басты құрбандары балалар болып табылатындықтан, балалар құқықтарының қорғалуын жақсартуға тиіс. Осыған байланысты Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның қатысуымен «Қазақстаннан, Қазақстанға, Қазақстан арқылы және Қазақстанның ішінде адамдарды сатуға (трафигіне) қарсы күрес» шарасын іске асыру жалғасын табуда. Ол құқық қорғау органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлерін әлемдік тәжірибені ескере отырып, трафиктің алдын алу әдістемесіне үйретуді, трафик мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіруді, сондай-ақ трафик құрбандарына көмек көрсетуді көздейді. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Үкіметтің 2004 жылғы 24 ақпандағы № 219 қаулысын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Үкіметтің ағымдағы жылғы 3 маусымдағы қаулысымен Парламентке «Қазақстан Республикасының адамдарды сатуға қарсы әрекет жасау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жіберілді. Алайда, БҰҰ-ның Ұлтаралық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы Конвенциясы бекітілмеген күйде қалып отыр.

Қазақстан Республикасы бекіткен, балалардың әскери қақтығыстарға қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама 18 жасқа толмаған балалардың әскери қақтығыстарға тікелей қатысуына және әскери күштер қатарына міндетті түрде шақырылуына жол берілмеуін жариялаған. Осы хаттаманың нормалары «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы» Заңның баланы әскери іс-қимылдарға, әскери қақтығыстарға қатысуға тартуға, балалардың әскери құрылымдарын құруға тыйым салатын 41-бабына енгізілген. Өзге тәсілдермен немесе жолдармен шабуылға қарсы тұру мүмкіндігі болмаған кезде, әскери қызметшінің өміріне қауіп төндіретін қарулы шабуыл жасау, қарулы қарсылық білдіру немесе топтық шабуыл жасау жағдайларын қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты қару-жарақ қолдануға тыйым салу «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау туралы» (20-бап) және «Әскери полиция органдары туралы» (12-бап) Заңдарында бекітілген, онда сонымен бірге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл жасау, топтық шабуыл жасау не қарулы қарсылық білдіру жағдайларын қоспағанда, жас балаларға қатысты арнаулы құралдар мен дене күшін қолдануға тыйым салынған. Кәмелетке толмағандарды әскери қақтығыстар уақытында қорғауға қатысты «Әскери жағдай туралы», «Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңдарында әскери жағдай кезінде халыққа қатысты қолданылуы мүмкін жалпы шаралар ғана айтылған, ал балаларға қатысты қандай да бір арнайы шаралар бекітілмеген.

Халықаралық құқық қорғау стандарттарын енгізу саласындағы негізгі проблема олардың  бар екендігі туралы хабардарлықтың төмендігі болып қалуда. Бөлімнің басында айтылғандай, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі Комитеті өзінің Қазақстанға берген Ұсынымдарында осы жайлы Бала құқықтары туралы конвенция нормаларына қатысты атаған болатын. Алайда проблема Конвенция туралы нашар хабардарлықпен ғана шектелмейді. Кәсіби топтар, жұртшылық, балалардың өздері де, әдетте, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі Комитетінің Қазақстанға берген Ұсынымдары, БҰҰ-ның кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқаруға байланысты Минимал стандартты ережелері (Пекин ережелері), БҰҰ-ның бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарды қорғауға байланысты ережелері, БҰҰ-ның кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты ескертуге бағытталған Басшылық принциптері (Эр-Рияд Басшылық принциптері) туралы ақпаратты білмейді.

Ұлттық заңнама  Бала құқықтары туралы конвенция  нормаларын енгізу процесінде барлық басқа құқық қорғау шарттарымен салыстырғанда алға жылжып, Конвенция нормаларын тұтастай енгізген «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заң қабылданғанымен, халықаралық стандарттар бұрынғысынша ұлттық құқық жүйесінен алшақ күйде. Мүмкін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңды іске асыру тәжірибесі халықаралық құжаттар нормаларын ұлттық құқыққа енгізудің жаңа үлгісін әзірлеуге жәрдемдесетін болар, ал әзірге заңның көптеген нормалары іс жүзінде қолданылмай отыр.  
 

 

Информация о работе Бала құқығы туралы конвенция