Балабақшада даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тьюторлық сүйемелдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2015 в 09:13, лекция

Описание работы

Тьютор - (ағылш.tutor) оқушылар мен студенттердің жеке оқу бағдарламаларын жасауын қамтамасыз ететін және қосымша және үздіксіз білім беру жүйесінде мектепте және жоғары оқу орнында жеке оқыту үрдісін қоса алып жүретін тарихи пайда болған ерекше педагогикалық позиция.

Файлы: 1 файл

тьюторлық.docx

— 17.18 Кб (Скачать файл)

Балабақшада даму мүмкіндігі шектеулі балаларды  тьюторлық сүйемелдеу.

 

Нургалиева С.Д., аға оқытушы

 

Тьютор(англ. tutor – қамқоршы; ) – білім беруде жаңа мамандық.

Тьютор - (ағылш.tutor) оқушылар мен студенттердің жеке оқу бағдарламаларын жасауын қамтамасыз ететін және қосымша және үздіксіз білім беру жүйесінде мектепте және жоғары оқу орнында жеке оқыту үрдісін қоса алып жүретін тарихи пайда болған ерекше педагогикалық позиция. Бұл белгілі бір пән бойынша практикалық (семинар) сабақтар жүргізу, оқу процесін жетілдіріп, оны оңтайлы ұйымдастыру мен орындау бойынша кеңес беретін, семестрлік және курстық жұмысқа басшылық ететін, практиканы ұйымдастыратын пән оқытушысы болып табылады. Тьютор бойында оқытушының, кеңес берушінің және менеджердің қасиеттері болуы керек.

Тьютордың мақсаты: ДМШ баланың жеке білім алу жолын құруына көмек көрсету, мектеп оқушыларына білім алу мақсатында жеке ресурстарын, мектеп және басқа да мекемелердің ресурстарын пайдалану мүмкіншіліктерін түсінуге, оқыту нәтижелерін пайдалануда көмек көрсету. Яғни тьютор өзіне жетілген, қазіргі өмірде іске жарауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға көмек көрсетуді мақсат етеді, сол үшін тьютор адамға өзін терең танитындай жағдай жасайды.

Тьютордың міндеттері:

– білім алушыға мейлінше көбірек көмек беру;

– білім алушының үлгерімін жүйелі түрде бақылап отыру;

– орындалған тапсырмалар бойынша қайта дайындық сабақтарын ұйымдастыру;

– топқа немесе жеке балаға кеңес беру;

– ынталы балаға белсенділігін арттырып, оларға қолдау көрсету.

Тьюторлық феномені еуропалық университеттермен тығыз байланысты және Ұлыбританиядан бастау алған. Ол XIV ғасырда Оксфорд ағылшын классикалық университетінде және кейін Кембридж университетінде рәсімделді. Осы уақыттан бастап тьюторлық қалыптасқан университеттік тәлімгерлік формасы деп түсіндірілген.

Қазіргі кезде ғалымдар келесі процестерді: дербес педагогикалық процесс ретінде шамалай отырып оқыту,білім беру және дайындау деп ерекшелейді. Білім берудің дәстүрлі кеңістігінде оқытуға акцент жасалады, ал білім беру рефлексиясы және әлеуметтік практика процестері қарастырылмайды. Тьюторлық үлгіде дәстүрліге қарағанда білім беру рефлексиясы және әлеуметтік практика міндетті түрде қарастырылады.

Тьютор жұмысының мазмұны: диагностика/ білім беру жағдаятын анықтау/алдағы жұмысты жобалау, білім беру ізденісін жүзеге асыру және нәтижесін көрсету, сараптау өзінің өткен жолын, қол жеткен нәтижелерін талдау. Тьюторлық қызметтің түрі мен әдістері: негізгі инструмент – сұрақ, сондай –ақ жеке жұмыс, кеңестер. Тьюторлық қызметтің нәтижесі: білім беру кезеңдерін зерттеуге көмектесетін, өзін - өзі бағалау инструменті болып табылатын қалыптастырылған «Портфолио» папкасы.

Тьюторлық сүйемелдеу– бұл оқушы қызметін сүйемелдеу. Оқушы мен тьютор бірлескен тақырыбы анықталған, мақсат, міндеттері қойылған жеке білім алу бағдарламасы жасалады. Тьюторлық сүйемелдеу оқушының тьютормен өзара әрекетінің негізгі формасының білім беру технологиясы ретінде жиі жеке кездесулері ретіндегі ұзақ жеке жұмысын қарастырады.

Тьютор жұмысының кезеңдері:

1. Болашақ бейнемен жұмыс (білім беру – кәсіби ұқсастықтың  үлгі пішінін сызу)

2. Білім беру кеңістігі  қорының ұсынысы.

3. Болашақ оқушы бейнесі  мен білім беру кеңістігі қорының  қатыстылығы.

4. Жеке білім беру кеңістігін  құру.

5. Сынақ жүргізуді және  нәтижелілік пен сынақ ісінің  тиімділігі бойынша кері байланысты  ұйымдастыру.

6. Шынайы жетістіктерді  болашақ бейнесімен салыстыру, жеке  білім беру кеңістігін түзету  жұмыстары, келесі қадамды құру.


 


Информация о работе Балабақшада даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тьюторлық сүйемелдеу