Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 14:43, реферат
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін — өзі сезінуінің алғашқы сатысы.Баланың сөз әдебі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді.
Балалық шақ туралы қазақша реферат Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін — өзі сезінуінің алғашқы сатысы.Баланың сөз әдебі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді. Сондықтан бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн. Сыпайы, келісті сөз баланың абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді. Таза мәнерлі тіл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениеті қалыптасады. Бала болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес. Баланы тіл әдебіне дағдыландырып, тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата — ананың басты міндеті. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі күні мен бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күні жақсы болуы үшін, ерте кезден ат салысып, сөз әдебін қалыптастыруға бар күшімізді жұмсау бұл екі жақтыңда міндеті болып саналады. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады. Қортындылай келгенде жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ой туады, мен осы курстық жұмысты жазу арқылы мен өз мақсатыма жеттім. Балабақшамен ата ана бірлесіп жұмыс жасағанда ғана, тәрбиелі, ибалы инауатты ұрпақ тәрбилей алатындығымызғ акөзім жетті. Сондықтан екі жақтың өзара ынтымақтастығы ерекеше орында болатынын түсіндім.
Балаларды тәрбиелеу – болашақтағы стратеягиялық инвестиция
Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында 2012 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен сөз сөйледі.
Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы мемлекетіміздің қалыптасу күнінен басталған даму жолын қорытындылады, әлемдік бұқара алдында еліміздің тұғырын одан әрі нығайтуға ықпал жасайтын келесі маңызды басымдықтарды айқындады.
Ұдайы өзгеріп отыратын тарихи жағдайда Қазақстан үшін жаңа саяси бағытта ең маңыздысы – ана мен балалық шақты қорғау.
Қазақ халқында ежелден ана мен бала ұлттың жаны ретінде танылып келді: бала – бұл кіршіксіз жан, адалдық, сенімділік пен қорғаусыздық; ана – даналық, тірек, абырой және жүрек жылуы.
Сондықтан, мемлекетіміз берік, алға қойған мақсаттарға нық қадаммен жету үшін оның негізін – ана мен балалық шақты қолдау және нығайтуымыз керек.
Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» - екендігін орынды айтты.
Елбасының келесі сөйлеген сөзі де адамды немқұрайлы қалдырмас: «Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі - тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті».
Шынында да бүгінгі күні отбасылық құндылықтар жайлы ойланатын кез келді. Баршаға мәлім отбасы – қоғамның құраушы бөлшегі, ал мықты және дамыған ел үшін – сенімді тұрақтылықтың кепілі. Тату және мықты отбасылардың саны өссе қоғамымыз, жалпы еліміз одан әрі берік болады.
Үкімет алдындағы ана мен балалық шақты қорғау саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарастыру, бала тууды арттыру мен көпбалалы болуды қолдау үшін материалдық және материалдық емес ынталандыруларды көздейтін кешенді іс-шараларды әзірлеу жөніндегі тапсырмалар кездейсоқтық емес.
Президентіміздің көреген саясатына сәйкес Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен әлеуметтік және мәдени ұрпақ сабақтастықты және азаматтық қоғамның тұрақты факторы болып табылатын неке және отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасылық қарым-қатынаста гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізіледі. Осылайша, Департаментпен отбасы институтын, ерлі-зайыптылық отбасылық қарым-қатынасты нығайту мен дамытуға ықпал жасайтын облыстық бағдарлама әзірленуде.
Тәуелсіздік жылдары еліміздің қол жеткен жетістіктері әр қазақстандықты Президент Н.Ә. Назарбаев басшылығымен мемлекетіміз заман талабына дайын екендігін сендіреді: халқымыздың осал таптарын қорғау, еліміздің экономикалық күшін нығайту, лайықты білім алу негіздерін қалауға талпынады.
Осы орайда бізге, қазақстандықтарға айтылған барлық батыл жоспарларды өмірде іске асыру керек, себебі бұның барлығы – біздің болашағымыз, балаларымыздың болашағы.
Бала құқығын қорғау – басты міндет
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАН– 2050» СТРАТЕГИЯСЫ – ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ» атты Қазақстан халқына арналған биылғы жолдауына облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлері зор ықыласпен ден қойды.
Биылғы жолдау ерекше, себебі Президент халыққа 2050 жылға дейінгі әлеуметтік, экономикалық даму бағытын белгілеп берді. Әсіресе Ана мен бала мәселесіне баса мән беріп, әр сәбидің құқығының қорғалуын талап етті. Қскелең ұрпақты барша халық және мемлекет болып қамқорлыққа алу қажеттігін қадап айтты. Осыған орай әрбәр ата-ана баланы бағып-қағу, тәрбиелеу, білім беріп, еңбекке баулу басты міндеті екенін айқын түсініп, «Бар жақсылық балаларға» ұранын басты қағидасына айналдырулары қажет.
Мемлекет өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік тудыруға көп күш жұмсауда. Осы орайда «Балапан», «Болашақ» бағдарламалары жүзеге асып, зияткерлік мектептері, Назарбаев Университеті жұмысын бастады. «Балапан» бағдарламасы бойынша облысмызда талай маңызды әрі күрделі жұмыстар атқарылды. Бұл келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін қолға алынған серпінді шара.
Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында – «Бейбіт өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар – балалар үйлері толы. Бұл, өкінішке қарай, жалпыәлемдік үрдіс және жаханданудың сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен күресуіміз керек»-деп атап өтті. Себебі ұлттық саясатымыздың негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Осы орайда, қазіргі Жолдау Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі арттыру бағдары болмақ. Мемлекетіміз абыройы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналды. Осының бәрі татулықтың, еңбекқорлықтың, ауызбіршіліктің, мемлекеттік деңгейде дұрыс бағдарлама құрып, оны іске асыра білудің арқасы.
Бүгінгі күні қазақ елі Елбасының бастауымен дамудың жаңа кезеңі жарқын болашаққа зор сеніммен қадам басты.
Детство и дети – общечеловеческие ценности и цели профессиональной деятельности педагога-учителя