Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 19:23, реферат
Мектеп табалдырығын аттау - бүлдіршін өміріндегі заңды құбылыстардың бірі: әрбір бала жасы жеткенде мектепке барады.
Қай жастан бастап үздіксіз білім алуды бастаған жөн: алтыда ма немесе жетіде ме, әлде сегіз жастан ба? Баланы қандай бағдарлама бойынша оқытқан жөн: дәстүрлі ме, әлде Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жүйесі немесе Л.В.Занков жүйесімен бе, әлде мүмкін шетел тілін тереңдете оқытатын арнаулы мектепке берген жөн бе? Мектеп жүктемесін алып кете ала ма, жақсы оқи ала ма? Баланы мектепке қалай дайындаған жөн? Кішкентай оқушыны мектепте кездескен алғашқы қиыншылықтарды жеңе білуге қалай дайындауға болады?