Бейінді оқытудағы элективті курстардың орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 19:46, доклад

Описание работы

Бейінді оқыту тұжырымдамасына сәйкес мектептің оқу жоспары келесі талаптарға сай болуы керек:
1. Вариативтілік – жоспарда элективті курстары көп мөлшерде болуы керек, оқушылардың білімдік сұраныстарын қанағаттандырып, жеке жоспар құру мүмкіндігінің болуы.
2. Жүзеге асырылатындығы – жоспарды жүзеге асыру үшін қажет ресурстардың: бағдарламалық-әдістемелік, кадрлардың дайындығы, мектептің материалды-техникалық базасы т.б. болуы.
3. Икемділігі – вариативтілікке сай жоспардың мазмұнын қайта құру, өзгерту мүмкіндігі.

Файлы: 1 файл

БЕЙІНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДЫҢ ОРНЫ.doc

— 57.00 Кб (Скачать файл)

БЕЙІНДІ ОҚЫТУДАҒЫ  ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДЫҢ ОРНЫ

 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бейінді оқыту: білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру. Оқытуды саралау және даралау базалық курстар, бейіндік курстар, элективті курстар арқылы жүзеге асырылады. Базалық курс оқушылардың барлығы игеруге міндетті жалпы білім беретін пәндер. Бейіндік курс: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын

айқындайтын оқу пәні. Элективті  курстары: мазмұны білім алушылардың  танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды. А.Ю.Скопинаның бейінді оқытуды ұйымдастыру моделі бойынша бейінді оқыту екі құрылымнан тұруы керек:

1. Оқу курстарының қысқаша сипаттамалары, бұл бағдарламаны меңгеру үшін дайындық сипаты мен бағдарламаны меңгеру нәтижесінің талаптары берілген бейінді оқыту бағдарламасы.

2. Бағдарламаны меңгеру траекториясынан  - «оқу курстарын оқыту ретін,  орнын, оқыту әдістемесі мен оқыту нәтижесін көрсетеді».

Бейіндік оқыту тұлғалық бағдарлы дамытуға жағдай жасап, оқу жоспарының екі құрылымымен сипатталады: мектеп және оқушы компоненттері. Мектеп компоненті таңдалған бейінге сәйкес министрліктің дайындаған міндетті базалық және бейіндік пәндерден тұрады. Оқушы компоненті элективті курстардан тұрады. Әр оқушы екі жыл ішінде алты элективті курс таңдап, меңгеруі керек. Базалық, бейіндік, элективті курстардың үйлесімді ұйымдастырылуы бейінді оқыту мақсаттарына жетуін, және келесі принциптердің жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

1) аймақтық принципі мектеп түлегінің  еңбек нарығы негізінде жергілікті  оқу орындарын таңдаудағы ерекшеліктерімен сипатталады;

2) вариативтілік принципі мектеп  бітірушісіне ұсынылатын бейіндер  мен оқу курстарының жеткілікті мөлшерде болуы;

3) даралық принципі жоғары сынып  оқушысының кез-келген этапта  бейінін ауыстыруға, өмірлік мақсаты мен кәсіптік жоспарларына сай, жеке мүмкіндігі мен қабілетіне қарай бейін таңдаудағы еркіндігінің болуы;

4) өнімділік принципі бейіндік  мектепте оқушының оқу әрекетіне жоба әрекетін енгізу арқылы оқу өнімділігін жетілдіру;

5) түсініктілік принципі бейінді  оқыту мазмұнының негізгі ұғымдардан  басталып, оқушының танымдық әрекеті барысында толықтырылыуымен байланысты.

Бейінді оқыту тұжырымдамасына  сәйкес мектептің оқу жоспары келесі талаптарға сай болуы керек:

1. Вариативтілік – жоспарда  элективті курстары көп мөлшерде  болуы керек, оқушылардың білімдік сұраныстарын қанағаттандырып, жеке жоспар құру мүмкіндігінің болуы.

2. Жүзеге асырылатындығы – жоспарды  жүзеге асыру үшін қажет ресурстардың: бағдарламалық-әдістемелік, кадрлардың дайындығы, мектептің материалды-техникалық базасы т.б. болуы.

3. Икемділігі – вариативтілікке  сай жоспардың мазмұнын қайта  құру, өзгерту мүмкіндігі.

Бейінді оқытудағы икемділік С.В.Суматохин пікірінше, оқу пәндерінің түрлі үйлесімділіктерін құру арқылы жүзеге асады. Бейіндік оқыту принциптері мен талаптарын жүзеге асыру үшін, білімнің дамыту потенциалын арттыру үшін жоғары мектеп сатысында элективті курстар қосылады. П.С Лернер

пікірінше, элективті курстар бейіндік саралауға арналған және бір бейінді толықтыратын факультатив курстары немесе таңдау курстары. А.А. Кузнецов пікірінше, элективті курстар практикалық міндеттерді шешумен байланысты іс-әрекеттердің тәсілдері мен біліктеріді қалыптастыруға бағытталған, әлемнің біртұтас бейнесі туралы бұрын алған білімдерін

интеграциялайтын қосымша білім  алуы, жеке өмірлік басымдылықтары мен қызығушылықтарына қарай еңбек нарығында сұранысқа ие болып отырған білімдік нәтижелермен қаруландыруға арналған. Элективті курстарын жалпы орта және кәсіптік оқу орындарындары жүйесінде оқу-тәрбие үдерісінде білім мазмұнын жүзеге асыру құралының құрылымдық бірлігі ретінде де

қарастырылған. Элективті курстарды біртұтас дидактикалық бірлік ретінде алғанымен біз мақсаттық бағдары тұлғалық дамыту мен оқушының кәсіптік өзін-өзі анықтауға арналған мектептік білім берудегі вариативті компонент ретінде қарастырамыз. В.В.Краевскийдің оқу пәні туралы зерттеулеріне сүйеніп, оқу пәні бейіндік оқытудың бір сатысы ретінде қазіргі ғылымның

интегративті, тереңдетілген бағыттарын анық көрсететінін атап өтуге болады Элективті курстың мазмұнын қалыптастырушы сол ғылыми білімнің сәйкес саласы. Оқу пәнінің когнитивті моделін құрылымдау В.В. Краевский, В.С. Леднев, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин пікірінше, білім мақсаты мен білім алушының мүмкіндігіне қарай нақты білім беру деңгейінде меңгерілетін жеке ғылымның материалын таңдау. Білім мазмұнының алғашқы анықтамаларында оны ғылым негіздерін педагогикалық бейімделген негізі ретінде қарастырады. 3.А. Решетова пікірінше, оқу пәнінің мазмұны қарапайым формада болса да ғылым логикасына сай тарихи, әдіснамалық,

логикалық аспектілерін қамтиды. Сонымен бірге, оқу пәніндегі  ғылым пән туралы білім ретінде ғана емес, ғылыми ойлау тәсілдерін көрсететін танымдық әрекетін ұйымдастыру ретінде де қаралу керек. В. В. Краевский бұл тұжырымдаманың оқушыларды ғылым мен өндіріске тартып қана

қоймай, тұлғаның жеке шығармашылықтары мен таңдау еркіндігін жүзеге асырып, адамдарға әділ қарым-қатынасы сияқты сапаларының тыс қалмауына бағыттайтынын көрсетеді. Келесі педагогтар тобы В.С.Леднев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин көзқарасы бойынша, оқу пәні ғылымды

дәл көшірмеуі керек, оның басқа мақсаттары мен міндеттері болғандықтан арнайы құрылуы керек. Ғылымның материалын оқыту мақсаттарына сай таңдау қажет. Оқу пәні әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық моделі болуы үшін келесі деңгейлерден тұруы керек:

• жалпы теориялық  деңгейі. Білім мазмұны мәдениетпен  теңдес берілетін әлеуметтік тәжірибенің құрамы, құрылымы мен функцияларының көрінісі педагогикалық трактат ретінде көрініс тапқан. Мәдениеттану тұжырымдамасына сәйкес мазмұн әлеуметтік тәжірибе сияқты төрт

негізгі құрылымдық элементтен тұрады: танымдық әрекет тәжірибесі оның нақты нәтижесі – білім; белгілі әрекеттерді жүзеге асыру тәжірибесі формасы үлгіге қарап орындау білігі; шығармашылық әрекет тәжірибесі - формасы проблемалық ситуацияларда стандарттан тыс шешім қабылдау; эмоциялық – құндылық қарым-қатынас тәжірибесі – формасы жеке тұлғалық бағдары. Бұл элементтер оқу пәнінің мазұнының құрылымын түзіп, бір-бірімен байланысты алдыңғы элемент келесіге ауысуға алғышарт жасайды;

• оқу пәннің деңгейінде оқу процесі барысында меңгерілу  керек әлеуметтік тәжірибе бөлімдері белгіленген;

• оқу материалының деңгейінде 2-деңгейдегі әр нақты пән 1-деңгейде көрсетілген мазмұн құрамымен толықтырылады;

• оқыту процесі деңгейінде білім мазмұны жобада емес, оқытудың практикалық әрекетінде нақты жүзеге асады;

• білім алушы тұлғаның құрылымдық деңгейінде, мазмұн оқытудың соңғы нәтижесі ретінде қаралады.

Философтар мен психологтар (В. В. Давыдов, Э. Г. Юдин), ұсынған үшінші көзқарас ғылым мен оқу пәнінің арасындағы байланысы – олардың функциялары мен міндеттерінің әртүрлі екендігін көрсетеді. Оқу пәнінің мазмұны ғылымның әртүрлі функционалды бірліктері болуы мүмкін, бірақ оқу пәніне іс-әрекет арқылы ғана енуі керек. Іс-әрекет ғылым мен оқу пәнін

байланыстырады. Ал материалды өңдеу ғылым фрагменттерін таңдау емес, оқушыны ғылымға ендіруді жасақтау – ұғымдар, теориялар, заңдардың артында тұрған сол ғылымның обьектіне арнайы келуіне әкелетін пәндік әрекетін ашу болып табылады. Бейінді мектептегі элективті курстар оқу пәнін құрылымдаудың түрлі бағыттарынан көрінуі мүмкін, біздің көзқарасымыз бойынша көп жағдайда олардың функциясына байланысты.

Элективті курстардың функционалды типологиясын анықтаудағы авторлардың (С. Ю. Астанина, Д. С. Ермаков, А. А. Кузнецов, П. С. Лернер, Г. К. Митрофанов, В. А. Орлов, К. Н. Поливанова, Т.В. Черникова) еңбектеріне қарап жалпы бағыттарының: базалық пәнді толықтыру кейде

тереңдету, бейіндік пәнді тереңдету, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға, практикалығы болатындығын байқаймыз. Т.В. Черникованың зерттеулерінен, бейінді оқытудағы элективті курстардың жоғары сынып оқушыларына ұнауы үшін: «фактілі материал таныс болып өмірмен байланысты болып, алынған білімнің прагматикалық бағытта болуы керек. Проблемалық материал біржақты қарастырылмай ғылыми интрига сипатында болса, бұрын белгісіз материалды талдау оқушының жалпы мәдениетін арттырып, ресми қарым-қатынас дағдысын қалыптырса. ЖОО оқуға білімдік бағдар материалдың күрделілігінде емес, жұмыс формаларының (семинар, коллоквиум, реферат; сынақ, жоба) түрлендіруімен де жүргуге болады. Сабақтағы оқушылардың орындайтын жұмыстары түрлі деңгейдегі тапсырмаларымен анықталады. Жоғарыда келтірілген мәліметтерден бейінді оқытудың мақсаттары мен принциптерін

жүзеге асыруда элективті  курстардың орнының ерекшелігі, пәндік сипаттары анықталды.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандарты.  – А., 2002.

2. Скопин, А. Ю. Профильное  обучение в России: концепции,  проблемы, перспективы /

А. Ю. Скопин // География  и экология в школе XXI века. – 2005. - № 8. 28-33 б.

2. Лернер, П. С. Роль  элективных курсов в профильном  обучении / П. С. Лернер //

Профильная школа. – 2004. -№ 3. - 12-17 б.

3. Суматохин, С. В.  О модернизации общего естественнонаучного  образования /

С. В. Суматохин // Химия  в школе. 2003. №8. 2-9 б.

4. Кузнецов, А. А. Элективные  курсы образовательной области  «Информатика» /

А. А. Кузнецов // Профильная 22 » /школа. 2005. 2- 3 б.

5. Леднев, В. С. Учебный  предмет / В. С. Леднев // Российская  педагогическая

энциклопедия: в 1 т. I. Ред. Кол. : В. В. Давыдов (гл. Ред.) и др. –  М.: Большая Российская

энциклопедия, 1999. 488 б.

6. Краевский, В. В. Содержание образования: вперед к прошлому / В. В. Краевский. – М :

Пед. Общество России, 2001. – 36 б.

7. Давыдов, В. В. Виды  обобщений в обучении / В. В.  Давыдов. – М.: Педагогика, 1972. –  424

б

8. Черникова, Т. В.  Методические рекомендации по  разработке и оформлению программ

элективных курсов / Т. В. Черникова // Профильная школа. – 2005. -№ 5. 14-16 б.


Информация о работе Бейінді оқытудағы элективті курстардың орны