Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 12:41, реферат
Отандық психологтардың есептеуінше тұқымқуалаушылық арқылы екі негізгі момент беріледі. Олар темперамент және қабілеттер нышандары. Әртүрлі адамдарда орталық жүйке жүйесінің қызметі әртүрлі. Қозу процесстері басым болып келетін күшті және қозғалыстық жүйке жүйесі холериктік, «қызба» темпераментті береді, қозу мен тежелу процесстерінің тепе-теңдігі – сангвиникті, ал күшті, бірақ аз қозғалмалы, тежелуі басым болып келетін жүйке жүйесі – флегматиктік және жүйке жүйесі әлсіз бұл – меланхоликтік темпераментті береді. Алайда қоршағандар үшін қарым-қатынасуға жеңіл болатын, ыңғайлысы сангвиник бола тұрғанымен, басқа балаларға табиғатпен берілген темпераметті «сындырмау» қажет
Кіріспе
1.биологиялық фактор- табиғи, тұқымқуалаушылық
Негізгі бөлім
2. әлеуметтік фактор - өмір шарты, орта
Қорытынды:
Жоспары:
Кіріспе
1.биологиялық фактор- табиғи, тұқымқуалаушылық
Негізгі бөлім
2. әлеуметтік фактор - өмір шарты, орта
Қорытынды:
Биологиялық факторға тұқымқуалаушылық жатады. Тұқымқуалаушылық арқылы бала жүйке жүйесі, бас миы, сезім органдары құрылысы, дене белгілері сияқты адамзат ерекшелік алады. Балалар сонымен бірге биологиялық, инстинкті қажеттіліктерді де ( тамаққа, жылу т.б. қажеттілік), жоғары жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктерінде алады. Биологиялық фактор баланың тууын оған ғана тән адамзат ерекшеліктерінің құрылысымен, оның жеке басының қалыптасуына мүмкіндік беретін әртүрлі органдар мен жүйе іс-әрекетінде маңызды орын алады.
Отандық психологтардың
Тұқымқуалайтын нышандар қабілеттердің даму процессін жеңілдетіп, оған өзіндік бір ерекшеліктерді қосады. Қабілеттердің де дамуы тек нышандарға ғана байланысты емес. Егер де абсолютті есту қабілеті бар бала әрдайым музыкалық аспаптарда жаттықтырылып ойнамаса, онда оның арнайы қабілеттері дамымай қалады. Егерде бала сабақта бәрін бірден қабылдап, ал үйге келгенде тапсырмаларды орындамаса,ол үздік оқушы бола алмайды және де оның жалпы қабілеттері де дамымай қалады. Қабілет іс-әрекетте дамиды. Негізінде баланың өзіндік (дербес) белсенділіктің соншалықты маңызы бар, тіпті кейбір психологтар оны психикалық дамудың үшінші факторы деп есептелінеді.
Тұқымқуалаушылықтан
басқа биологиялық фактор
Бала дамуының бірінші концепциясының пайда болуына үлкен үлесін қосқан Ч. Дарвин теориясы еді. Ол даму, генезис бегілі бір заңға бағытталадындығы туралы идеяны алғаш рет нақты құрастырып көрсетті.
Психологиялық теориялардың
Жасерекшелік психологиясына әкелінген биогенетикалық заң психиканың дамуын адамзаттың мәдени-тарихи дамуының негізгі кезеңдерінің және биологиялық эволюция деңгейлерінің қайталануы ретінде көрсеткен. Бұл бағыт өкілдерінің айтуынша, өзінің құрсақ іші дамуы кезінде эмбрион (адам ұрығы) қарапайым екі жасушалы ағзадан адамға дейін даму жолынан өтеді. Бір айлық ұрықтан омыртқалылар типінің өкілін байқауға болады, оның басы үлкен, құйрығы және желбезектері болады; екі айлық ұрық адам түріне келе бастайды, оның саусақтары көрініп, құйрығы қысқарады; төртінші айдың соңына қарай эмбрионда адам бет-жүзінің белгілері көріне бастайды. Американ психологы Ст. Холлдың айтуынша, түнде балалар шошып оянады да, одан кейін ұзақ уақыт бойы ұйықтай алмайды. Бұны ол атавизм деп түсіндірді, яғни: бала бұрын өткен дәуірлерге түседі. Ол кездері адамдар орманда жалғыз ұйықтап, өздері әр түрлі қауіпті жағдайларға төнген, сондықтан да түнде шошып оянған. Ст. Холлдың ойынша, ойын – бұл қажетсіз функциялардың және рудименттердің толық жойылуы үшін қажетті жаттығу; бала ойындарда итшабақ (головостик) ретінде жаттықтырылып, құйрықтың құлап түсуі үшін әрдайым оны қозғалтады. Сонымен бірге Ст. Холл ойынша, баланың сурет салуының дамуы адамзат тарихында көркем шығармашылық өткен деңгейлерді бейнелейді.
Ст. Холлдың бұндай көзқарасы бір қатар психологтардың сыни пікірлерін тұғызды. С. Л. Рубинштейн айтқан, бұндай аналогиялар дұрыс емес: ересек адам қаншалықты қарапайым болғанымен де, табиғатпен қатынасқа, тіршілік үшін күреске жетілген, дайын индивид ретінде түседі; ал балада қоршаған шындықпен қатынасу мүлдем басқаша болады. Сондықтан да ұқсас болып келетін құбылыстар басқа бір себептерден туындайды және де басқа бір феномен болып келеді.
Психологияда рекапитуляция концепциясының теориялық қалыптаспаушылығы эмбриологияда бұл концепцияға сыни қатынас пайда болар алдында белгілі болған. И.И.Шмальгаузен филогенезде тұтастай эмбриогенездің шешуші қайта құрылуы, дамудың шешуші кезеңдерінің төмен түсуі жүретіндігін көрсеткен.
А. Гезелл психологияға балалардың туғанынан бастап жасөспірімдік шаққа дейін психикалық дамуын лонгитюдтті әдісі арқылы зерттеуді енгізді. Ол егіздерді монозиготалы әдісін зерттеген. Және жетілу мен үйрету арасындағы қатынастар анализі үшін егіздер әдісін ең бірінші болып қолданған. А. Гезелл өмірінің соңғы жылдарында қалыпты даму ерекшеліктерін тереңірек түсіну үшін соқыр баланың психикалық дамуын зерттеген. Клиникалық практикада А.Гезеллмен құрастырылған нәресте жүріс-тұрысының атласы кеңінен қолданылады. Оның ішінде баланың туғанынан бастап, екі жасқа дейін әлеуметтік жүріс-тұрысын және қозғалыстық белсенділігін тіркейтін 3200 (!) фотосуреттер бар.
Психика мен жүріс-тұрыстың дамуы инстинктивтіден ойлауға қарай, бейсаналы формадан саналыға бағытталып жүреді. Дамудың төменгі деңгейінде берілген биологиялық инстинкттер күрделі ұйымдасқан кез келген тіршілік иесінде болады. Олар туғанынан бастап ағза өмірінің соңғы кезеніне дейін сақталынып, қолданылуға дайын тұрады. Дамудың келесі сатысы ретінде шартты рефлексттер мен дағдылар қарастырылады. Олар жүріс-тұрыс (түйсінуге, қарапайым қабылдауға, механикалық еске сақтауға, автоматтық пен рефлексивтік қозғалыстарға және т.б. қабілеттері) пен психиканың туа біткен, генотиптік түрде берілген негізде жүре пайда болады. Дамудың үшінші жоғарғы деңгейі адамның психикасы мен жүріс – тұрысын реттеуге ерік пен сананың қосылуымен байланысты.
Негізінен тірі ағзалар дамуында келесі заңдылық байқалады: өзінің даму деңгейінің эволюциялық сатысында тірі ағза неғұрлым жоғарғы деңгейді алса, соғұрлым оның жүйке жүйесі де күрделірек, бірақта соғұрлым оған психологиялық және жүріс-тұрыстықтың ересектік деңгейіне жету үшін көп уақыт қажет.
Адамдар жануарларға тәуелсіз, дербес өмір сүруіне индивидуалдық бейімділікте орын бере отырып, олардан басқа жағынан асып кетеді. Жануарлаға қарағанда адам баласы дүниеге келгенде адам тілін үйренуге, интеллектуалдық іс-әрекеттің жоғарғы формаларының дамуына потенциалды түрде дағдыланған болып келеді. Элементарлы оқыту мен жетілудің қалыпты жолында бала сөйлеуді тез меңгереді. Алайда балада өзіндік белсенді сөйлеу кез келген жағдайларда 1-1,5 жастан ерте дамымайды да дамуы мүмкін емес те. Ол үшін бала ағзасы белгілі бір ересек деңгейге жетуі керек. Әлі де бір де бір бала ұсынылған жас деңгейінен бұрын сөйлеп келген емес.
Бала туған және өскен елінің тілінде сөйлейді. Бұл бала психикалық дамуына орта әсер ететіндігінің ең айқын дәлелі. Егер де сөйлеу көптеген басқа психикалық процесстердің, сонымен бірге интеллектуалдықтың да негізі болып келетіндігі белгілі болса, онда адамның индивидуалды дамуына орта әсері үлкен екендігін айта аламыз.
Бала психикасының дамуында биологизаторлық бағытқа қарама-қарсы бағыт – бұл социологизаторлық бағыт. Оның қайнар көздері XVII ғасырдың философы Джон Локктың идеаларында. Оның ойы бойынша бала дүниеге келгенде оның жаны ақ балауыз (воск) тақтадай (tabula rasa) таза, пәк. Бұл тақтада тәрбиелеуші кез келген нәрсені жазып, қалдыра алады және бала жақын ересектері оны қандай болып көргісі келетіндігіндей болып өседі.
Екінші бағыт - бұл социологизаторлық. Бұнда баланың психикалық дамуына негізгі әсер етуші – бұл орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама түрде – сол табиғи аумақта дәстүрлі болып келетін еңбек іс-әрекетті түрінде және бала тәрбиесі жүйесін анықтайтын мәдениеті арқылы - әсер етеді. Дамуға әлеуметтік орта да әсер етеді, сондықтан орта факторын әлеуметтік деп атайды. Әлеуметтік орта – бұл баланың өсетін қоғамы, оның мәдени дәстүрлері , басым идеалогия, өнер мен білімнің даму деңгейі, негізгі діни ағым. Әлеуметтік орта – бұл бала психикасының дамуына тікелей әсер ететін ең жақын әлеуметтік айнала: ата-ана және де жанұяның басқа да мүшелері, бала – бақша тәрбиешілері, кейін мектеп мұғалімдері (кейде жанұя достары мен шіркеу қызметкерлері, имамдар). Өсе келе жас ұлғайған сайын әлеуметтік орта да кеңееді: мектепке дейінгі балалықтың аяғынан бастап, бала дамуына құрдастары әсер ете бастайды. Ал жасөспірімдік және жоғарғы сынып жастарында мәнді түрде кейбір әлеуметтік топтар да – бұқара ақпарат құралдары арқылы, митингтерді ұйымдастыру арқылы, діни қауымдастықтардағы үгіт – насихаттар және т.б. арқылы - әсер ете бастайды.
Адам жеке бас ретінде белгілі бір әлеуметтік орта әсерінен қалыптасады. Орта- психикалық дамудың факторы ретінде күрделі, психологиялық дамуға әлеуметтік, табиғи әсерлерді қатар түсіндіретін жан-жақты фактор. Бала психикасының дамуында белгілі бір әсерді табиғи орта: ауа, су, күн, жер тартылысы, электромагниттік өріс, климат ерекшеліктері, өсімдік әлемі де әсерін тигізеді.
Баланың психикасының дамуында негізгі күшті оның адамдар қоғамындағы өмірі береді. Адам қоғамынсыз бала психикасының дамуы да болмайды. Тарихта адам баласының жануарлар ортасында тәрбиеленіп, адам өміріне қайта оралуы сияқты жағдайлар аз емес. Олар маңызды адам сапаларын меңгермеген: сөйлеуі, интеллекті қабілеті, адамдық сезімі, өзіндік санасы дамымаған.
Әлеуметтік ортадан тыс бала дами алмайды ол жан-жақты дамыған жеке бас. Бала өзінің маңайындағы әлеуметтік ортадан қажетті білім, іскерлік, қарым-қатынасты алады. Бірақ үлкендер нақты жастағы меңгерілетін әрекетті ескерулері қажет. Сензитивті кезеңді өткізбей баланың өз уақытына сай дамуына қажеттіні берулері керек.
Л.С. Выготскийдің айтуынша, бұл кезеңде баланың барлық психикалық дамуында белгілі бір әсер етулер өз көрінісін табады және де онда терең өзгерістерді тудырады. Басқа кезеңдерде тура сол жағдайлар нейтралды болып қалуы мүмкін; кейде даму жолына
Дамудағы әлеуметтік ортадағы факторды қолданушы психологтар үшін, оқу принципті маңызды момент.
Л.С. Выготский психикалық дамудағы оқытудың жетекші ролі жағдайын жылжытты. К.Маркс пен Ф.Энгельстің адамның әлеуметтік мәні түрі идеалдарына негіздей отырып, ол адамның жоғарғы психикалық функциясының жемісін мәдени-тарихын дамудан көрсетті. Жоғарғы психологиялық функция алғашқыда өзара іс-әрекетте, ынтымақтастықта, басқа адамдарды қарым-қатынаста қалыптастырады және бірте–бірте ішкі жоспарға айналып, баланың ішкі психикалық процестері болады. Үлкен адаммен бірлескен іс-әрекеттегі оқыту процесінде жоғарғы психикалық функцияның қалыптасуы «дамудың танудағы аймағында». Л.С.Выготскийдің бір түсінігі әлі жетілмеген, жетіліп келе жатқан психикалық процестерін білдіреді. Бұл процестер қалыптасқанда, оларға тесттік тапсырмалардың көмегімен диагностика жүргізуге болады. Бұл міндеттерді баланың қаншалықты жетістікпен орындағанын тіркей отырып, біз актуальды даму деңгейін анықтаймыз.
С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготскийдің позициясын нақтылай отырып, даму мен оқытудың белгілі түрін айтады. Оқыту баланың нақты даму деңгейі мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі керек. Бұл мүмкіндіктерді оқыту барысында тарату жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Дамудың
биологиялық және әлеуметтік
факторларының арақатынасы
Л.С.Выготский даму процессінде тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік моменттердің бірлігі туралы да айтқан. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында көрініс табады. Қарапайым функциялар (түйсік пен қабылдаудан бастап) жоғары функцияларға (ырықты зейін, логикалық ойлау, сөйлеу) қарағанда көбіне тұқымқуалаумен шартталған болып келеді. Ал жоғарғы функциялар – адамның тарихи-мәдени дамуының өнімі,ал тұқымқуалайтын нышандар бұнда психикалық дамуды анықтайтын моменттердің емес, алғышарттардың ролін ойнайды. Неғұрлым функция күрделілірек болса, неғұрлым оның онтогенетикалық даму жолы ұзын болса, соғұрлым оған тұқымқуалаушылықтың әсер етуі азырақ болады. Сонымен бірге дамуға әруақытта да орта қатысады. Ешқашан да бала дамуының ешбір белгісі, соның ішінде базалық психикалық функциялар да таза тұқымқуалаған болып табылмайды.
Қазіргі шетел психологиясы тұқымқуалаушылық белгілері мен әлеуметтік орта сипатының өзара әрекетін көрсетеді. Тұқымқуалаушылық, арқылы қандайда бір қасиеттің даму диапазоны анықталса (мысалыға, музыкалық немесе спорттық қабілеттер), осы диапазон ішіндегі қасиеттің даму дәрежесі орта жағдайына тәуелді. (Л.Первин, О.Джон)
Бұл екі бағыт да, яғни биологизаторлық пен социологизаторлық дамудың екі факторының бірін басу немесе жоққа шығару сияқты біржақты көзқарастарында кемшіліктері бар. Сонымен қатар даму процессі өзіне лайықты сапалық өзгерістер мен қарама-қайшылықтардан айырылады: бір жағдайларда тұқымқуалаушылық механизмдері қосылса, екінші жағдайларда орта әсерінен көп тәжірибе алынады. Өзіндік белсенділікті көрсетпейтін баланың дамуы өсу, сапалық үлкею немесе көбейту процессіне ұқсайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Биологиялық фактор- табиғи, тұқымқуалаушылық