Болашақ мұғалімдерді бейіндік оқыту бағыты бойынша кәсіби даярлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 12:19, доклад

Описание работы

Білім беруде қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болашақ педагог мамандарды бейіндік оқыту бағдарламасының бағыты бойынша дайындау. Жалпы бейіндік оқыту дегеніміз не? Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.

Файлы: 1 файл

БЕЙІНДІК ОҚЫТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАЯРЛАУ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ.docx

— 120.24 Кб (Скачать файл)

Міндетбаева А.А.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Информатика және сандық әдістер  кафедрасының аға оқытушысы, Түркістан  қаласы, Қазақстан.

Әбжаппарова Д.Қ.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 050111-Информатика мамандығының 3 курс студенті, Түркістан қаласы, Қазақстан.

БОЛАШАҚ  МҰҒАЛІМДЕРДІ  БЕЙІНДІК ОҚЫТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША КӘСІБИ  ДАЯРЛАУ 

Білім беруде қазіргі таңда  өзекті болып отырған мәселенің  бірі болашақ педагог мамандарды бейіндік оқыту бағдарламасының  бағыты бойынша дайындау.  Жалпы  бейіндік оқыту дегеніміз не? Бейінді  оқыту – білім алушылардың  мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасында  бейіндік оқыту жалпы білім беретін  мектептің 10-11 сыныптарында жүзеге асырылады, сондықтан білім берудің осы  сатысын «бейіндік мектеп» деп  атауға толық негіз бар. Бейіндік мектеп – бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы  болып табылады.

ҚР Білім және ғылым  министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Қазақстан  Республикасында Бейіндік оқытуды  дамыту тұжырымдамасын дайындап ұсынды. Аталған Тұжырымдама Шетел практикасының бейіндік оқыту тенденциялары, Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі, 12 жылдық білім беру моделіндегі бейіндік оқытудың ұйымдастыру  мақсаты мен басшылыққа алу ережесі, Бейіндік оқытудың білім беру  мазмұны, Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың  мүмкіншілік түрлері, Бейіналды даярлығы, Орта білім  жүйесіндегі  жалпы  орта білім беру, Қазақстан  Республикасында бейіндік оқытуды дамыту Тұжырымдамасын  іске асыру процесін басқару тарауларынан тұрады. Яғни осы Тұжырымдаманы негізге ала отырып, жалпы орта мектептердегі жоғары сыныптарды бейіндік оқыту бағдарламасына сәйкес білім беруге болады  деп айтуымызға толық негіз бар.

Бейіндік оқытуды ұйымдастыру  үшін алдымен бейіндік оқытуды іске асырудың моделін құру қажеттігі  туындайтыны белгілі. Сонымен, Қазақстан  Республикасындағы бейіндік оқытуды  іске асырудың моделі қандай құрылымдық бөліктерден тұрады? Бұл мәселе бойынша  көптеген жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетінің доценті  А.А.Мұқатаев төмендегі моделді ұсынған (1-сурет):

 

Сурет 1. Бейіндік оқытуды  іске асырудың моделі 

Бейіндік оқытуға көшуде мұғалімге жоғары талап қойылады, яғни,  мұғалімдерді жаңа жағдайға сәйкес даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау қажеттігі туады. Аталған мәселені шешу кешенді түрде  жүзеге асуы тиіс. Бұл, біріншіден, педагог  мамандарды даярлау саласында тиісті бағдарламалар және педагогикалық  практика арқылы, екіншіден, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінде тиісті деңгейдегі теориялық және практикалық курстар  арқылы, сол сияқты алдыңғы қатарлы  педагогикалық тәжірибені қорыту арқылы жүреді.

Осыған байланысты, қазіргі  таңда білім бағыты бойынша дайындалып жатқан мамандар үшін, жоғарыда аталған  модельді негізге ала отырып бейіндік оқытуды ұйымдастыру жолдарын түсіндірсе, сонымен қатар, бейіндік оқытуға  бағытталған бағдарламалар мен  басқа да құжаттарды оқу процесі  кезінде үйретсе, келешекте олардың  бейіндік оқыту  жөнінде толыққанды білімі болатыны белгілі.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

1.  ҚР Бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы, Астана. 2010

2. Қазақбаева Д., Кәрібаева Ш. Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары. //Физика және астрономия, №1, 2006 ж.

3. Мұқатаев А.А. Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.); Пед.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты., - Қарағанды. 2007.

4. Қыпшақов С.А. Болашақ педагогтарды бейіндік мектепте кәсіпкерлік іс-әрекет негіздерін оқытуға даярлау;  Пед.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты., - Қарағанды. 2010.

5. Влазнев А., Филимонов В. Профильное обучения: варианты решения. //Профильная школа, №2, 2004 г.

6. Профильное обучение в школе: опыт, проблемы, перспективы. Материалы республиканского семинара-совещания. Под ред. М.Жадриной. – Алматы, КАО, 2005 г.

7. Муканова С. Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений – Алматы, РОНД, 2005 г. 

 


Информация о работе Болашақ мұғалімдерді бейіндік оқыту бағыты бойынша кәсіби даярлау