Болашақ маманның шығар малық іс-әрекетін ынталандыру мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 18:51, реферат

Описание работы

1. Шығармашылық ұғымы.
2. Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе.
3. Шығармашылыққа үйрену жолдары.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

ПМК.docx

— 20.58 Кб (Скачать файл)

           Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

        Семей  қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

     

     СӨЖ

Тақырыбы:Болашақ маманның шығар малық іс-әрекетін ынталандыру мәселесі.

 

 

 

                                                                                             

 

 

 

 

 

                                                                                              Тексерген: Карипбаева Ш.Т

                                                                            Орындаған: Адришева М.С

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Семей 2014

 

 

 

 

Жоспары:

 

1. Шығармашылық ұғымы.

2. Мұғалім шығармашылығы  және озық педагогикалық тәжірибе.

3. Шығармашылыққа үйрену  жолдары.

4. Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық ұғымы.

Философиялық тұрғыдан қарастырғанда шығармашылық - жаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады.

Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық-адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады.

Шығармашылық процесс - әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен   құнды.

Шығармашылық тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады:

- ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі);

- көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары);

-  техиикалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар);

- педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер  т.б.)

Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе.

Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған.

Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.

Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет, себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс болмайды. Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты.

Педагогикалық шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленеті шығармашыл       тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық  іс-әрекет.

Педагогикалық шығармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді.

Шығармашық мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде, балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді. Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше рөлді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға білім беруімен қатар сценарист те, басты рөлді орындайтын актер де, режиссер де, суретші де, декоратор да, костюмер де, визажист те, дизайнер де, тәртіпті қадағалаушы да, психолог та бола алуы керек.

Педагогикалық шығармашылық бір неше кезеңдерден құралады.

1. Шығармашылдық педагогикалық  міндеттерді анықтау.

2. Педагогикалық ықпал ету әдістерін жобалау.

3.Балалармен тікелей әрекеттесу  арқылы белгіленген жоспарды  жүзеге асыру.                                 

 4. Қол жеткізген педагогикалық  нәтижелерді талдау.

Ұстаз шығармашылығы сабақтың, дәрістің тиімді жүргізілуінде, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерінің ескеріліп олардың бірлесіп жұмыс істеулерінде, және басқа да педагогикалық іс-әрекеттерде жан-жақты байқалып тұрады.

Шығармашылыққа үйрену жолдары.

  Шығармашыл педагог болу - қазіргі дамуы жылдам ақпараттық ғасыр талабы. Қазіргі таңда маман өзінің шығармашылық әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастырмайынша оның кәсіпке жарамдылығы да төмендей береді. Ал жоғарғы оқу орындағы теориялық білім нәрімен сусындап жатқан студенттер де өздерінің танымдық белсенділіктерін  дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірулері қажет, себебі ол ертеңгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижесіне тікелей әсерін тигізетін факторлардың бірі. Болашақ мұғалімдердің білім шаңырақтарындағы бүгінгі табысты оқу іс-әрекеттері - ертеңгі кәсіби құзіреттіліктерінің, бәсекеге қабілеттіліктерінің кепілі.

Болашақ мұғалім өзінің кәсіптік жұмысының шығармашылық сипатын алдын ала сезінуі кажет. Өз ісіне шығармашылықпен қарамайынша оның еңбегінің нәтижесі де қуантарлықтай болмайды. Ол көп жылдар бойы жинақталған педагогикалық қазынамен танысып оны игерудің өзіндік жеке бағдарламасын анықтауы керек. Жалпы танысып қана қоймай өзіндік педагогикалық папка әзірлеп қызықты жаңа материалдарды жииақтап, әдебиет тізімдерін, маңызды сайттарды өзіне жүйелеп жазып алғандары абзал. Бұл материалдардың барлығы педагогикалық практика кезінде, немесе алғашкы мұғалімдік қызметінде жақсы септІгін тигізеді. Біртіндеп мұғалімнің ізденушілігі арқылы жаңа педагогикалық кітаптар, білім беру саласына катысты Заңдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар жинақталып өзінің жеке педагогикалық кітапханасы қалыптаса бастайды.

 Ең маңыздысы осындай мүмкіидіктерді дұрыс пайдалана алу, болашақ мамандықтарының қыр-сырын саналы түрде меңгере білу қажет.

 

 

 

                             Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Б.Р.Айтмамбетова.  Жаңашыл-педагогтар     идеялары мен тәжірибелері. Алматы. - 1991.

2. Мамандыққа кіріспе. Педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы.Л.И.Рувинский,В.А.Кан-Калик,Д.М.Гришин т.б. Алматы: «Ана тілі», 1990. -208 бет.

 


Информация о работе Болашақ маманның шығар малық іс-әрекетін ынталандыру мәселесі