Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 13:08, реферат
Описание работы
1. Адам - әлеуметтену процесінің объектісі, субъектісі және құрбаны. 2. Баланың дамуына әсер ететін педагогикалық факторлар. 3. Тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсері. 4. Даму факторларының үйлесімділігі
7.Даму факторлары — баланың психикалық және
қылықтық дамуын анықтайтын факторлар
жүйесі. Даму факторы тәрбиелеу, оқыту,
тәрбиешілер мен оқытушылардың педагогикалық
дайындықтарын, оқыту құралдары мен әдістерін
және баланың психологиялық дамуына әсер
ететін басқа да жағдайларды қарастырады.
8.Даму шарты — адамның дамуына ықпал ететін
факторлар (оның айналасындағы бала кезінен
қоршаған адамдар, олардың арасындағы
қарым-қатынастар, материалдық және рухтық,
мәдени заттар мен құбылыстар және т.с.с.).
9.Дамудың эволюциялық
теориясы — баланың психикалық және
қылықтық дамуындағы үрдістердің барлығы
генотиппен анықталады және ұрықта болмаған
нәрсенің ешқайсысы даму кезінде көрініс
бермейді деп түсіндіретін теория.
10.Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен
оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы,
бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі.
Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір
білімдерді, құндылықтар мен нормаларды
игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар
мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды
әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне
айналады.
11.Тұлғаны әлеуметтендіру - индивидті тұлғаға айналдыру
процесін айтамыз. Тұлғаның қалыптасуы
белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және
басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда
іске асады.
12.«Әлеуметтендіру»
термині – бұл «адамның әлеуметтік табиғатын
дамыту үдерісі», бұл ұғымды алғаш рет
ғылыми қолданысқа В.Гиддингс енгізді.
Әлеуметтендірудің ең алғашқы өзіндік
әлеуметтанушылық тұжырымдамасын ретінде
Э. Дюркгеймнің позитивистік тұжырымдамасын
атауға болады
13.Саяси әлеуметтену
- адамның саяси ілімдерді, ережелерді,
құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың
өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып,
сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін
қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу
процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында
адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық
саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді
меңгереді.
14.Әлеуметтік-психологиялық
орта — адамдар арасындағы экономикадан
тыс қарым-қатынастар, оған адамдардың
бір-біріне — деген әр түрлі сыйластық
немесе немқүрайдылық қарым-қатынастары
кіреді. Әлеуметтік-психологиялық ортада
экологиялык және басқа да көзқарастар,
сондай-ақ үжымның жалпы және жеке мүшелерінің
де пікірлері сараланады. Әлеуметтік-психологиялық
орта кез келген адам қауымдастығында
— кішкентай олеуметтік топтан (отбасы,
т.б.) жалпы кауьшдастықка дейін қалыптасады
15.Педагогикалық
орта - арнайы, педагогикалық мақсаттарға
сәйкес құрылатын олардың әлемге, адамдарға,
бір-біріне деген көзқарастарын қалыптастыруға
бағытталған балалардың өмір мен іс-әрекетін
ұйымдастыру жағдайларының жүйесі.