Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 08:10, реферат
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясына анықтама.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мақсат, міндеттері.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі және пайдалану.
ДЕҢГЕЙЛЕП – САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жоспары:
XX ғасырдың
30-жылдарында Америкада білім беру
мен оқытуда саралау үдерісі кеңіне етек
алғаны мәлім. Бұл үдеріс бүгінгі таңда
қазақ мектептеріне де келіп жетті.
Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті
бітіргеннен кейін басталады.
Франция мен АҚШ- та барлық жалпы білім
беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды
топқа бөлу кеңіне таралған. Кейбір пәндерді
оқытуда топтарды “жылдамдар”, “орташалар”,
және “баяулар” деп атайды.
Жапония мектептерінде де оқушыларды
топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған.
Топтағы жұмысты сайыс түрінде жүргізеді.
Барлық оқушыға баға қойылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан
бастап мектептің барлық сатысына, барлық
пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға
үлкен үлес қосып келеді.
Деңгейлеп-саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Деңгейлеп-саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударылды.
Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды.Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше,ізденуіне жол ашады,шығармашылық жұмыстарға баулиды,қиялын,ойын ұштайды.
Саралап оқытудың басты бағытының бірі
– толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен
оқушыларға қосымша педагогикалық күш
жұмсау. Толықтыра оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті
жою мақсатында өзіндік бағдарламамен
оқыту.
Мектепішілік саралап оқытуда елеулі
жетістіктерге жету үшін төмендегідей
мақсаттар қою керек:
Нақты бағдарлама жасау: педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда саралаудың теориясы мен әлем педагогикасының іс-тәжірибесімен қаруланған болуы;
Материалдық базаның жеткілікті болуы.
Мектепте де үздік, дарынды оқушылар бар, олардың үміт талабын, бағыт-бағдарын дамытуда саралай оқыту – бүгінгі күннің алға қойған міндетін шешудің негізгі жолы.
Саралай оқыту екі кезеңнен тұрады:
1) дайындық кезеңі;
2) негізгі кезең.
Дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі – шәкірттер ішінен талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, білімге құштарлыған қанағаттандырып, белсенділіктерін арттыру.
Негізгі кезең – оқушыны ынталандырған
пәндерді айқындап, ондағы оқуға қажеттілерді
тереңдете оқытуға назар аудару. Қазіргі
кезде жарияланған бағдарламалар ішінен
оқушыларға сай келетін түрін таңдап алу
қажет.
Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың
ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді,
ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының
негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті
әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек.
Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала
ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті
арқасында репродуктивті емес өнімді
нәтижеге жетеді.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша жүзеге асатын оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді, әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі. Мысалы:
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап
оқыту құрылымында білімді
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:
-әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне
-оқытуды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Даралап – саралап оқытудың маңыздылығы:
1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.
2.Бос отырған оқушы болмайды.
3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.
4.Қиындықтарды
жеңе білуге дағдыланады, пәнді оқып
үйренуге қызығушылығы пайда болады.
5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық, писихологиялық негіздемесі С.Рубинштейн, Л.С.Выготскийдің, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Ю.К. Бабанский, Б.П.Беспалько, В.М.Монахов т.б. ғалымдардың ғылыми-теориялық идеяларына негізделіп жасалған.
Ж.А.Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясының» негізгі идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады .
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады.
Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:
1) Танымдық деңгей.
Бұл деңгейде жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
2) Алгоритмдік деңгей – мүнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығы байқалады.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
1. Денгейлеп
оқыту әр оқушыға өз
2. Денгеийеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Денгейлеп-саралап
оқыту құрылымында білімді
Базалық денгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.
Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара білуіне);
Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып,көңіл бөлу керек.
Деңгейлеп оқытудың артықшылықтары:
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі
категориядағы балаларға, олармен
саралай жұмыс істеуге
3) Деңгейлеп-саралап
оқыту құрылымында білімді
Денгейлеп оқытудың тиімді жақтары:
-әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
-оқушының жеке қабілеті айқындалады;
-іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену
деңгейіне сәйкес оқушының
-әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
- сынып оқушыларының
барлығы деңгейлік тапсырма
- оқу барысындағы қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
- білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
- оқушылардың
оқуға ынтасы мен пәнге
- оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
- оқушы белсенділігінің оянуы;
- алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы,
- оқушының өздігінен
жұмыс істеуі мен
- оқушы мен
мұғалім арасындағы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
- деңгейлеп оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
- оқушылардың
сабақ үстінде бірнеше
- білім дәрежесі
бірдей топтарды тексеру
- оқушылардың жұмыстарының әділ бағалануы;
- оқушы мен
мұғалімнің белсенді
- дарынды оқушыларды
анықтап, олармен тұрақты және
жүйелі жұмыс істеу
- Олимпиада
және шығармашылық жұмыс
Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше деңгейлеп оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы негізінде құрылған сабақта оқушы өз бетімен ойлана жұмыс істейді, ал мұғалім ізденіс-таным процесін ұйымдастырушы рөлін атқарады.
Оқушыларды денгейге бөліп оқытуға болама, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сұрақтарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.Оқушылардың шығармашылығын арттыруда деңгейлік тапсырмалардың маңызы бар.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануғаберіледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашыллыққа ұмтылады. Деңгейлеп оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлік тапсырмалар:
Бірінші деңгей білімнің минималдық шегі. Мемлекеттік талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Сынып бағдарламасына сәйкес лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орныдайды.Мәтінмен жұмыс жасайды.