Дидактика - педагогиканың маңызды саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 20:43, лекция

Описание работы

Дидак-тика (didaktikas - оқытушы, didasko - оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгiзген немiс педагогы Вольфганг Ратке (1571- 1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзiнiң ''Ұлы дидактика'' еңбегiн жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''ненi оқыту'' жəне ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Заманауи ғалымдардың зерттейтiн сұрақтары: кiмдi, қашан, қайда, неге оқыту. Қазiргi түсiнiк бойынша, дидактика - бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың _____________зерттеу пəнi – оқыту мен оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi.

Файлы: 1 файл

дидактика.docx

— 26.11 Кб (Скачать файл)

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидак-тика (didaktikas - оқытушы, didasko -   оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.   Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгiзген немiс педагогы Вольфганг Ратке (1571-   1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзiнiң   ''Ұлы дидактика'' еңбегiн жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''ненi оқыту'' жəне   ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Заманауи ғалымдардың зерттейтiн сұрақтары:   кiмдi, қашан, қайда, неге оқыту.   Қазiргi түсiнiк бойынша, дидактика - бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн   ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың _____________зерттеу пəнi – оқыту мен   оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi.   Зерттеу пəнi аясына байланысты жалпы жəне жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы   дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерiн қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу   пəнiнiң мазмұнын, барысын, түрi мен əдiстерiн зерттеуiне қарап оқыту əдiстемесi деп аталады.   Мысалы, математиканы оқыту əдiстемесi, тарихты оқыту əдiстемесi.   Дидактика əрi теориялық, əрi қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық жəне   қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметi: бiлiм беру мен   оқыту процестерiнiң мəнi мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерiн, ұйымдастыру формалары   мен əдiстерiн зерттеу. Дидактиканың қолдан-балы қызметi: бiлiм мазмұнын оқыту мақсатына   сəйкес-тендiру, оқыту принциптерiн белгiлеу, оқытудың тиiмдi əдiстерi мен ұйымдастыру   формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгiзу.   Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтiк iс-əрекет, бiлiм беру)   пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: бiлiм беру, оқыту, оқу,   оқыту принциптерi, оқыту процесi, мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, түрлерi, əдiстерi, құрал-дары,   оқытудың нəтижесi. Кейбiр категорияларға анық-тама берейiк.   Оқыту - оқушыны бiлiмдендiру, тəрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала   жоспарланған iс -əрекет.   Оқыту мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс iстеу үшiн   қажеттi адамзат тəжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нəтижесi болатын бiлiм, бiлiк, дағды,   тұлғалық қасиеттер жиынтығы.   2. Оқыту процесiнiң мəнi, оның ерекшелiктерi мен қызметi   Оқыту процесi - бiлiмдi, бiлiктiлiк пен дағдыны меңгертетiн, оқушылардың   дүниетанымын, күш-қайратын, қабiлеттерiн тəрбиелеп дамытатын iс-əрекет барысы. Оқу   барысында оқушының сана-сезiмi, адамгер-шiлiк қасиеттерi, эстетикалық талғамы, тұлғалық   қасиеттерi қалыптасып дамиды.   Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекше-лiктерiне назар аударайық.   Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, əдiс тəсiлдерi мазмұны мен   мiндеттерi қоғам талабынан туындап, ұдайы өсiп, жаңарады.   Оқыту - таным процесi. Танымның ерекшелiгi оқушыда бiлiмге деген қызығушылығы   ұдайы өсiп арта түседi.   Оқытудың мiндетi – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) жəне адам дамуының негiзгi   заңдылық-тарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгiлi болған, зерттелiп   дəлелденген жаңалық-тарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды əрi қарай дамыта түседi.   Оқытуда ғылым негiздерiн оқып үйренудiң өзi, ғылым тарихымен, оның əдiстерiмен танысу,   ұлы ғалымдардың өмiрi мен қызметi жайлы ақпарат алады.   Оқыту – даму негiзi. Педагогикалық процесс өзiне тəн негiзгi екi белгiнi: организмнiң   өзiндiк дамуына жүйелi түрдегi көмек жəне жеке бастың жан-жақты жетiлуiн түйiстiредi.   Баланың өзiндiк дамуына əсер ететiн негiзгi фактор-дың бiрi - өзара қарым-қатынас жасау   iс-əрекетi. Сөйтiп, оқыту процесi – мұғалiмнiң баламен үнемi рухани қарым-қатынаста,   ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етедi. Оқыту процесiнде бала тек мұғалiмнiң əсерiн   қабылдаушы ғана емес, оның оқу iс-қимылы мен өзiнiң психикалық процестерiн басқару,   ұйымдастыра бiлуi (iс-əрекетiн бiлуi, бағалауы, өзiн-өзi басқаруы) оқытудағы субъектi екенiн   айқындайды. Оқыту процесiнде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тəсiлдерiн қолдануға   жəне дербес шығармашылық əрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту –   баланың рухани жағынан жетiлуiн қамтамасыз етедi; оқыту – бала дамуының алғы шарты. Демек,   оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Л. С. Выготскийдiң баланың   дамуынан iлгерi жүретiн, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегi күнгi дамуына   емес, ертеңгi күнгi дамуына қарау керек деп ескертедi, осыған орай, бала дамуының ''екi зонасы''   болатынын айтады. ''Бiрiншi зона'' – бала дамуының қазiргi қол жеткен сатысы, осыған   қанағаттанып қоймай, мұғалiмнiң оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (''екiншi   зонаға'') жеткiзуге мiндеттi екендiгiн айтады.   Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегi оқу мен оның өздiгiнен оқуына тығыз   байланысты. Оқушының ойлау қабiлетiнiң дамуына оқу процесiнде қолайлы жағдай туады. Бiлiм   мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.   Оқыту - екi жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалiм-нiң өзара бiрлесiп жасайтын   əрекетiнен тұратын күрделi процесс. өйткенi, оқыту – мұғалiмнiң бiлiм берудегi негiзгi iс-əрекетi   болса, оқу – баланың өзiнiң танымдық, практикалық əрекетi. Сөйтiп, оқушының таным əрекетi   мұғалiмнiң басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.   Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалiм оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелi   қамтамасыз етуi үшiн оқыту процесiн жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.   Оқушы бiлiмдi қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертiлген жолмен мұғалiмнiң жəне арнайы   жазылған оқу құралдарының көмегiне сүйене отыра меңгередi.   Сөйтiп, оқыту процесi оқушылардың жас ерекшелiк-терiнiң сəйкестiгiн ескере отырып,   таным қызметiнiң формасы мен əдiстерiн соған орай өзгертiп отырады.   Оқыту – бұл күрделi процесс. Ол тұлғаға бiлiм беру, тəрбиелеу жəне ақыл-ойы мен   творчестволық қабiлетiн, демек бiлiктiлiгi мен дағдысын дамыту негiзiнде жүзеге асырылады.   Мұның мəнiсi, жеке тұлғаға бiртұтас (комп-лекстi) ықпал жасауды көздейдi. Осы негiзде, оқыту   процесiнiң бiрiншi қызметi – оқушыларға бiлiм беру.   
 
1. Оқыту принциптерi туралы түсiнiк   Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық   принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен   заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың   категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын жəне заңдылықтарын пайдалану əдiстерiн   сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушiлер оқыту принцип-терiн, негiзгi   қағидаларды белгiлеуге көп күш салды.   Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-əлеуметтiк жағдайларға байланысты.   Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгерiп отырғандықтан, кейбiр принциптер ескiрiп   (табиғатқа сəйкестiк, партиялылық), кейбiреулерi жаңадан пайда болады (кiрiктiру, iзгiлендiру).   Кейбiр авторлар оқыту принциптерiнiң санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керiсiнше, кеңейтудi   ұсынып келедi. Заманауи принциптер оқу процесiнiң барлық құрамдас бөлiктерiне (логикасына,   мақсатына, мiндеттерiне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлерi мен əдiстерiн таңдауға,   ынталандыруға, нəтижелердi жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.   Оқыту процесiнде кез келген мұғалiм дидактиканың принциптерiн басшылыққа ала отырып   оқытудың мазмұнын, амал-тəсiлдерiн жəне ұйымдастыру формаларын таңдап, шəкiрттерiн   жоғары нəтижелерге жеткiзуi шарт. Мұғалiм дидактикалық принциптердi дұрыс таңдаса, оқытуды   дұрыс ұйымдастырса сабақ тиiмдi жəне нəтижелi болары даусыз.   Дидактикалық принциптердiң қызметi: олардың негiзiнде оқушыларда оқытудың мақсатына   сəйкес берiлетiн бiлiм мазмұнын жүйелi, саналылықпен белсендi түрде меңгеруге деген   қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптерi оқыту процесiнiң негiзгi буыны ретiнде   бiрiмен-бiрi логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар   бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:   - ғылымилық,   - саналылық пен белсендiлiк,   - көрнекiлiк,   - жүйелiлiк пен бiрiздiлiк,   - берiктiлiк,   - тиiмдiлiк,   - теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.  


Информация о работе Дидактика - педагогиканың маңызды саласы