Домалақ ана кесенесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 17:05, реферат

Описание работы

Домалак ана кесенесі ХІ ғасырдың ескерткіші. Домалақ ана кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан. Кесене Али Сыланқызы Нуриланың мазарының үстінде салынған, Нурила апамыз халық арасында Домалақ ана деген атқа ие. Домалақ ана Байдибек атаның ең кенже әйелі. Ол өзінің ақылдылығымен, сабырлылығымен танымал, және жақсылық пен ананың символы болып табылады. Домалақ ана парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама» , яғни Әулие ана мағнасын білдіреді.

Файлы: 1 файл

кесене.doc

— 2.92 Мб (Скачать файл)

Домалақ ана кесенесі

Домалак ана кесенесі ХІ ғасырдың ескерткіші. Домалақ ана кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан. Кесене Али Сыланқызы Нуриланың мазарының үстінде салынған, Нурила апамыз халық арасында Домалақ ана деген атқа ие. Домалақ ана Байдибек атаның ең кенже әйелі. Ол өзінің ақылдылығымен, сабырлылығымен танымал, және жақсылық пен ананың символы болып табылады. Домалақ ана парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама» , яғни Әулие ана мағнасын білдіреді. Кейіннен Дихмет деген сөзди Домалақ деп ауыстырылған. Сонымен қатар, Домалақ ана халық арасында дауларды шешуімен, тапқырлығымен танымал болған. Домалақ ана Жетусі жерінің, Әулие ата, Шымкент, Ташкент халқының арғы анасы болып табылады екен. Оның ұлы жарықшақ Такентте Әмір-темірдің кеңесшісі болған, содан кейін Жетісудың билеушісі болды. Түсіне кірген Бәйдібек атаның әмірімен өмірінің соңғы жылдары өзінің туып өскен жері қаратау бөктиеріне оралады. Домалақ ананың немересі дулат Бұқарадан Абдулла Шері шеберін шақырып, апасының мазарының үстіне қазіргі таңға дейін сақталған, көп адамдардың бас иетін жеріне айналған төрт бағаналы кесене тұрғызады. Алғашында кесене 1456 жылы төрт куполды болып салынды. XI-XV ғасырлары Домалак ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен болатын. ХХ ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған. 1957 жылы қайта қалпына келтірілген ескерткіш бұл күнге сақталмаған. 1966 жылы Маңғыстаудан алып келінген ақ тастардан қайта қаланған болатын. Домалақ ана кесенесінің биіктігі 12 метр. Аңыз бойынша Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек щана таза адам өте алады. Мұражайда қолдан жасалынған көптеген заттар сақталған.

Айша бибі кесенесі — сәулет өнері ескерткіші. 12 ғасырда салынған. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында о рналасқан. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938-1939 жылдары А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауд. 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір арқалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сқнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен қшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы қсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңд. 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дқстүр айқын аңғарылады. “Қазақ жобалау-қалпына келтіру” ин-ты Айша бибі кесенісін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Айша бибі кесенесі респ. маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ

XI - XII ғғ.

Тараз қ. батысқа қарай 20 шақырым жерде, ертеден гүлденген сауда жолының бойында, жазба деректерде 10 ғ-дан белгілі ортағасырлық Джувикат қаласының маңында орналасқан. Айша Бибі кесенесі жанындағы Бабаджа Хатун кесенесімен бірге мемориальдыкульттік кешенді құрайды. Кешеннің барлық жағы ашық, басқа құрылыстар жоқ, периметрі бойынша ағаштармен қоршалған. Кесененің салыну тарихына және Айша Бибінің жеке басына байланысты тарихи жазба мәліметтер әзірше табылған жоқ, бірақ та осы тақырыпқа байланысты аңыздар өте көп. Қабірге археологиялық қазба жүргізілген жоқ. 20 ғ. ортасына дейін кесене жартылай бүлінген жағдайда келіп жеткен. Оның тек солтүстік, оңтүстік және бұрыштық мұнаралары бар батыс Фасадтарының бөліктері сақталған. Үстін жапқан күмбезі 19 ғ. ортасында жүргізілген алғашқы ғылыми зерттеулерге дейін жоқ болған. Кесене соңғы қараханилер дәуірінің өте бір қызық және Қазақстан мен Орта Азияның сәулет-құрылыс мәдениетіндегі теңдесі жоқ сәулет өнерінің ескерткіші. Ол өзінің әртүрлі пішінді және өрнекті терракотты қаптамалармен тұтастай безендірілген фасадтарымен ерекшеленеді. 1979-85 жж. ескерткішке консервация-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, құрылысты атмосфералық әсер етулерден сақтау үшін әйнектелген құрылыммен жапқан. 

19 ғ. ортасынан бастап кесене бірнеше рет тарихшылардың, өнертанушылардың, архитекторлардың тарапынан зерттеулерге ұшырады. Ескерткіш бойынша көптеген еңбектер бар. Алғашқы келбетін жоғалтқанға дейін кесене әртүрлі фасадты күмбез тектес құрылыс болған. Жобасында бір камералы, шаршы тәрізді, порталсыз оның жақтарының ұзындықтары 4,2 м, қабырғасының қалыңдығы 1,5 м. Ескерткіштің қиранды жағдайы құрылымдық ерекшелігі мен оның тұрғызылуын айқындауға көп септігін тигізді. Құрылыстың іргетасы бірнеше қатар тас кесектерінен жасалған. Қабырғалары кірпіштен қаланған. Кірпіштердің арасы саз балшыққа шыланған құрылыс заттарының сынықтарымен толтырылып, ағаш діңі тәрізді көлденең байланыстырулармен бекітілген. Ағаш байланыстырушылар төбесін жапқан күмбездің негізіне де қолданылған. Сфероконус тәрізді болып келген күмбезі сегізбұрышқа тірелген. Кесене фасадтарының дәл ортасында жебе тәріздес аркалармен көмкерілген терең қуыстар бар, олардың тереңдігі 1,2 м. Кірер жері – шығыс жақтағы қуыста, ал қалған қуыстарда жебе тәрізді терезелер орналасқан. Кесененің ең жақсы сақталған бөлігі қабырғалы батыс фасад, оның биіктігі 6,0 м. Фасад аркасының архивольты үшширекті бағаналардың құмыра тәрізді капителіне иек артқан. Ғимараттың төрт бұрышынан жуан, жұмыр бағаналар шығып тұр; олар ғимарат қабырғасының үштен екі бөлігінде бұдырлы белдеумен екі буынға бөлінеді; төменгі буынның діңі төмен қарай жалпая бітсе, ал жоғарғысы жоғары қарай ежелгі ортаазиялық ағаш бағаналары сияқты жасалған. Фасадтардың, қуыстардың, колонналардың барлық беттері 60-тан астам әртүрлі пішін мен өрнектен тұратын терракотты тақталармен қапталған. Декоративті өрнектің негізіне геометриялық және өсімдік тектес өрнектер сарыны пайдаланылған. 2002-2004 жж. ескерткіште реставрациялық жұмыстар жүргізілді: күмбезі қайта қаланды және кесененің сыртқы әшекейі толық қалпына келтірілді.

 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Опубликовано 18.10.2011 | Автор: admin

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.

Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен, мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең: мұражай мәртебесі өзгеріп, «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз.

Бірінші кезеңде атқарылған жұмыстар туралы белгілі шығыстанушы М.Е.Массонның зерттеу еңбегінен көп мағлұматтар кездестіруге болады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Ал, 1884 жылы қазынадан 15 мың сом қаржы бөлініп, кесененің төбесінен су өткізбеу шаралары жасалып, шөге бастаған кесене іргетасы бекітілді. 1886-1887 ж.ж. кесененің батыс бұрышын құлаудан сақтау үшін қабырғаның сыртынан кірпіштен тіреулер өрілді.

Үкіметтік шаралардан бөлек жергілікті тұрғындардан жиналған 12 мың сом қаржыға Асхана бөлмесі мен кесенеге әрлеу жұмыстары жүргізілді. 1910 жылы жүргізілген бұл жұмыстан бір жыл өткен соң Түркістан генерал-губернаторлығы арнайы комиссия шығарып, кесенені тиянақты жөндеуден өткізу үшін 100 мың сомның жұмыс көлемін анықтады. Бұл жерде әңгіме қалпына келтіру емес, тек қана жөндеу жұмыстары туралы болып отырғандығын атап айту керек. Сол кездің ақша бағамында бұл қомақты қаржы еді. Әйтсе де І дүниежүзілік соғыс зардабы аталған шараларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл кезеңде жөндеу жұмыстарының ғылыми негіздемесіз тұрпайы технологиямен жүргізілгендігін көреміз. Мысалы, қабырғаның сыртқы бедеріне еуропалық үлгідегі кірпіш қаланып, әрлеудің стилін бұзды, өрнектер әктеудің астында қалды, тіпті орталық бөлмедегі сәндік плиталар алынып тасталды.

Бұл кезеңде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі адам қолымен, қоғам ықпалымен қамқорлыққа алынумен бірге, тағылықпен қирату әрекетін де бастан өткізді. Атап айтқанда, 1864 жылдың 9 шілдесінде полковник Веревкиннің бұйрығымен ғимаратқа зеңбіректен он екі оқ атылды, оның бірі кесене қабырғасына тиіп, зақымдады. Массонның жазуына қарағанда, кесене қабырғаларының жарылғандығын, оның құлаған жағдайда жанындағы әскери гарнизонды басып қалу қаупін желеу етіп, жергілікті әкімшілік Қожа Ахмет Ясауи кесенесін бұзуға қаулы шығарып, сорақылық жасаған. Бірақ, бұл қаулы Түркістан генерал-губернаторының араласуымен бұзылған.

Ал, кесенені жөндеу және қалпына келтірудің екінші кезеңі ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты болды. Кеңестер билігі жүргізген әлеуметтік реформалардың қатарында мәдениет ескерткіштері мен өнер туындыларын сақтап қалу мақсатында олардың мемлекеттік меншік деп жариялануын атауға болады. Осындай өзгерістердің ықпалымен Түркістан АКСР-інің Орталық Атқару Комитеті «Мемлекеттік және көркемдік маңызы бар көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғауға алу” жөніндегі №191 декретін жариялап, бұл жұмыстарды жүзеге асыру Архив басқармасына жүктелді.

Ал, 1921 жылдың 23 мамырында Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесі Халық ағарту комиссариаты жанынан өнер туындылары мен табиғат ескерткіштерін қорғаумен және мұражай жұмыстарын ұйымдастырумен айналысатын комитет (Туркомстарис) құрып, оның ережесін бекітті.

1922-1923 ж.ж. профессорлар  Д.И.Печкин мен А.А.Семенов басқарған  экспедиция Түркістан қаласында  болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін  суретке түсірген, архитектуралық  өлшемдерін алып, оны қорғаудың қарапайым шараларын ұйымдастырды.

Әйтсе де мамандардың, қаражат пен құрылыс материалдарының жетіспеуіне байланысты ел ішіндегі ескерткіштердің ең маңыздыларын ғана қорғауға алып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болды. Солардың қатарында Айша Бибі кесенесі, Сайрам колонналары мен Сығанақ қаласы қалдықтарымен бірге, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі де бар еді.

1938 жылы Қазақ  КСР Халық Комиссарлар Кеңесі  қаулысына сәйкес прорабтық шаруашылық  ұйымдастырылып, ол кейбір жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарымен  шұғылданды. Бұл жұмысқа Б.Н.Засыпкин кеңесшілік жасаған. Онда жүргізілген жұмыстар қалпына келтіру талаптарына біршама сай келді.

Әзірет Сұлтан кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының үшінші кезеңінің басты ерекшелігі оның ғылыми сипат алуында еді.

Үкімет шешімі бойынша 1945 жылдан бастап Қазақстан аумағындағы архитектуралық ескерткіштерді есепке алу, зерттеу және қалпына келтіру ісі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы архитектура жөніндегі республикалық басқарма қарамағына көшірілген болатын. 1951-1957 жылдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру мақсатында Өзбек КСР Министрлер Кеңесінің Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнаулы ғылыми-жөндеу шеберханасы Қазақ КСР-імен арадағы келісім-шарт бойынша елеулі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

1951-1954 ж.ж. бұл жұмысқа Б.Н.Засыпкин ғылыми жетекшілік етсе, 1955-1957 жылдары осы шеберхананың ғылыми кеңесі басшылық жасаған. Осы уақыт ішінде архитекторлар В.Филимонов, И.Плетнев, Т.Карумидзенің жобалары бойынша цементтен іргетас орнату, ғимараттың қабырғаларын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қазандық күмбезінің төрт және сегіз қырлы қабырғаларын әрлеу жұмысы архитектор Т.Карумидзенің басшылығымен жүзеге асырылды. 1954 жылы ескерткіш іргетасында жатқан топырақ бастапқы деңгейіне дейін аршылып, мәдени қабаттардың қалыңдығы кей тұстарда екі, екі жарым метрге жететіндігі анықталды. Бастапқы кездегі тыстама қалдықтарын негізге ала отырып, барлық қабырғалар іргесі қалпына келтірілді.

1958 жылы Өзбек  КСР-інің жоғарыда аталған өндірістік  шеберханасымен жасалған шарт бұзылып, жөндеу жұмыстары 1960 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне тапсырылды.

Деректерге қарағанда, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына жауапсыз қараған. 1952 жылы басталған қалпына келтіру жұмысы ұзаққа созылды. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы көп жағдайда тиімсіз пайдаланылды. Қалпына келтіру жұмысы техникалық жағынан төмен дәрежеде жүргізілді, ескерткішке инженерлік бақылау жасалынбады.

Бір өкініштісі, жоғарыда аталған жөндеу жұмыстарының ұзақ мерзімге белгіленіп, кешенді ғылыми негізделген нақтылы жоспары болмады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ғана баса көңіл бөлініп, іргесіндегі шағын кесенелер, діни ғимараттар мен дәстүрлі тұрғын үй кешендерін жөндеу немесе қалпына келтіру жағы назардан тыс қалды. Соның нәтижесінде аталған жұмыс біржақты сипат алды.

Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің тарихи ескерткіштермен жұмыс жүргізудегі мұндай оралымсыздығы түзетіліп, 1966 жылы Қазақ КСР Минстрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Осы жерде қазақтың біртуар азаматы, Өзбекәлі Жәнібековтің өлшеусіз еңбегін атап өтуіміз керек. Жоғарыдағы жұмыстар тікелей Өзекеңнің араласуымен қолға алынып, жүзеге асырылды.

Қазақстан археологтары мен сәулетшілері үлкен ғылыми ізденістердің нәтижесінде осы шеберхананың өндірістік базасын және жөндеуші шеберлердің тәжірибесін пайдалана отырып кесенедегі қалпына келтіру жұмыстарына қажетті бояулар, шыңылтырлы кірпіштер дайындаудың жаңа технологиясын жасап, өндіріске енгізді.

1978 жылы Қожа  Ахмет Ясауи кесенесі мұражай  болып ашылғаннан кейінгі уақытта  жөндеу мен қалпына келтіру  жұмыстары қарқынды жүргізіле  бастады. Тарихи ескерткіштің республикалық  мұражай мәртебесін алуы, онда  кең көлемде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етті.

Информация о работе Домалақ ана кесенесі