Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 11:35, реферат
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу
Әдістемелік жұмыс – бұл
ғылым мен педагогикалық озат
тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие
жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген,
өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар
жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің
біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты
арттыруға бағытталған (мұғалімдердің
өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі
тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды
қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның
ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және
арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын
жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие
алу және даму деңгейіне жеткізу
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың
ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік,
мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша
ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін
қосатын кешенді және шығармашылық даму
үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару,
мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени
рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы
мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды
бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды,
тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру,
бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін
жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік
пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар
жөнiндегi орынбасарының функционалдық
мiндеттерi мектептегі инновациялық жұмыстармен,
ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжрибелер
мен жетекші идеялар, экспериментпен байланысты
болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында
тек қана бiлiм берудің жаңалығы іске асып
қана қоймайды, тағы бір дүниеге келіп
практикада тексерiледi. Сонымен қатар
нақты нәтиже беретін жаңа мазмұн, жоғары
тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның
бәрі директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi
орынбасарының басқару және жетекшiлiк
ету нысаны болып табылады.
Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін
әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің
ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы
мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында
мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін
ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың
кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің
және дамытудың қағидалары мен әдістемелік
тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2.Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы
шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары:
педагогикалық кеңестер, әдістемелік
кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық
шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық
конференциялар, педагогикалық оқулар,
шығармашылық есептер, теориялық семинарлар
мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе
мектебі, жас мамандар мектебі.
Қосымша 3
Мектеп директорының ғылыми-әдiстемелiк
жұмыстар жөніндегі орынбасарының атқаратын
қызметі және міндеттері
- Мектептiң дамуы, бiлiм беру саясаты мен
стратегиясын анықтайды, нормативтi-базалық
іс-әрекет базасын, жаңа ұйымдастырушылық
құрылым, уақытша шығармашылық ұжымдар,
эксперименттік топтар құруға, инновациялық
үрдiстердi жүзеге асыруға қатысады.
- Бiлiм берудегі әлеуметтік тапсырысты,
шағын аудан тұрғындарының қажеттiлiктерiн
зерделейді, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының
жай-күйін, оның нәтижелiгiн талдайды.
- Мектептің кешендi - мақсатты даму бағдарламасын,
ғылыми-әдiстемелiк және эксперименттік
жұмыстардың жоспарын, бiлiм беру мекемесiнiң
моделі мен оның құрамдас жүйесін жасауға
қатысады.
- Тереңдетіп бiлiм беретін сыныптардың
оқу жоспарларын жасайды. Оқу жоспарлары
мен бағдарламаларын үйлестiрудi, орындалуын
қамтамасыз етеді. Тереңдетіп оқыту, жеделдетіп
оқыту топтарына оқушыларды iрiктейтiн
комиссия құрамына кiредi.
- Педагог-қызметкерлердiң ғылыми-зерттеу
мен тәжiрибе-сынақ жұмыстарына жетекшiлiк
етеді: зерттеу мәселесі және өз бетімен
бiлiм көтеру тақырыптары бойынша кеңестер
береді.
- Ғылыми - әдiстемелiк кеңес жұмысына жетекшiлiк
етеді, педагогтардың шығармашылық пен
инновациялық бағытта жұмыс iстеуiне жағдай
туғызады. Педагогтардың ғылыми-әдiстемелiк
жұмысын ұйымдастырып, мамандардың бiлiктiлiгiн
арттыру жұмысын ұйымдастырады. Аттестациялық
комиссия жұмысына қатысады және жетекшiлiк
етеді.
- Бiрлестiк жетекшiлерi мен кітапхана қызметкерлерiнiң
әрекетіне жетекшiлiк етеді. Оқушылардың
ғылыми қоғамының жұмысына бағыт-бағдар
және кеңес береді.
- Авторлық, байқау оқулықтары мен бағдарламаларын,
оқыту технологияларын, оқу-әдістемелік
құралдарды сараптауға қатысады.
- Талдау-диагностикалау әрекетін жүзеге
асырады; оқу үрдiсi сипатының әлеуметтік
тапсырысқа, мектептiң даму тұжырымдамасы
мен бағдарламасына, жоспарланған нәтижеге
сәйкестiгiн анықтайды, басқару жүйесiнiң
ықпалының деңгейiн, оқу-тәрбие үрдiсiнiң
дамуы мен сапасын анықтайды. Озат педагогикалық
iс-тәжiрибенiң қалыптасуына, жинақталуына,
таратылуына белсене қатысады.
- Диагностикалау натижесiнiң негiзiнде
эксперименттiк әрекетке және оқу-тәрбие
үрдiсiне қазiргi заманға сай түзетулер
еңгiзедi.
- Басқа бiлiм, ғылым мекемелерімен өзара
шығармашылық байланыс орнатады. Мектептегi
ғылыми әдiстемелiк жұмыстарға қатысты
құжаттардың дұрыс және дер кезiнде толтырылуын
қадағалайды.
Қосымша 4
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар
жөнiндегi орынбасарының жұмыс папкалары:
- Мектеп жарғысы мен бiлiмдiк бағдарламалар.
Нормативтік-құқықтық құжаттар (республикалық,
қалалық, мектепiшiлiк бұйрықтар)
- Жоспарлы - болжамдық әрекет (даму бағдарламасының
«әдiстемелiк жұмыс» бөлiмi, әдiстемелiк
жұмыстың перспективалық, күнтiзбектiк
жоспарлары, әдістеме және пән апталық
жоспарлары)
- Ақпараттық-аналитикалық материалдар
(әдiстемелiк анықтамалар)
- Мектептің кадрлық құрамы (мұғалімдер
туралы мәліметтер банкі: сандық және
сапалық құрамы).
- Ережелер (әдiстемелiк бiрлестiк, мектептегi
әдiстемелiк кеңес, өзiн-өзi басқару ұйымы,
оқушылардың ғылыми қоғамы туралы, олимпиада,
байқаулар өткізу, iшкi тәртіп ережелері,
қоңырау, кітапхана, әдiстемелiк кабинет
кестелерi).
- Қызметтiк мiндеттер (мұғалiмнiң, бiрлестiк
жетекшiсiнiң, сынып жетекшiсiнiң, тәрбиешiлердiң).
Аттестация материалдары (аттестациялық
комиссия құру туралы бұйрық, құрамы, жұмыс
кестесi мен жоспары, аттестацияланушылар
тiзiмi, құжаттары).
- Бiлiктiлiк көтеру жұмысы (формалары, кестесi,
жоспары, күтiлетiн нәтижелері). Шығармашылық
топтар жұмысы.
- Жас және жаңадан келген мамандармен
жұмыс ( тiзiмi, тәлімгерлер мен жас мамандар
жоспарлары, сауалнамалар мен анықтамалар,
«Жас мамандар мектебі» оқуының жұмыс
кестесі).
- Мұғалімдердің эксперименттiк - зерттеушiлiк
әрекеттері. Оқушылардың жобалау – зерттеушiлiк
әрекеттерi
- Баспа әрекеті. Оқу - әдiстемелiк қамтамасыз
ету.
- Күнтiзбелiк тақырыптық жоспарлау (оқу
пәндері, факультативтер, үйірмелер мен
қоғамдар бойынша).
- Есептер мен қорытындылар (өзiнiң, факультатив,
тәлімгер, бiрлестiк жетекшiсiнiң, мұғалiмдердiң
ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар бойынша).
- Әр деңгейдегі байқаулар (байқаулар туралы
ережелер, қатысушылар туралы мәліметтер
мен толық материалдары).
Дәптерлерi:
- Директор алдындағы кеңес. Қоғамдастықпен
бірлескен жұмыс.
- Әдiстемелiк бiрлестiк жетекшiлерiмен бірлескен
кеңес.
- Әдiстемелiк жұмыс бойынша сынып жетекшiлерi
мен мұғалiмдердiң бірлескен жиналысы
туралы.
- Сабаққа қатысу. Пән бойынша сабақтан
тыс шараларға қатысу.
- Мұғалімдермен, сынып жетекшiлерiмен
жеке жұмыс.
- Әдiстемелiк жұмыс бойынша құжаттарды
тексеру және т.б.
Әдістемелік кеңес жұмысының жылдық жоспары
І. Әдістемелік кеңес жұмысының мақсаты
мен міндеттері:
1. Өткен жылдардағы жұмыс нәтижесіне талдау;
2. Жаңа оқу жылындағы проблемаларға бағыт;
3. Проблеманы шешу жолдарындағы міндеттер;
ІІ. Әдістемелік ұйымдастыру шаралары:
1. Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту;
2. Пәндік әдістемелік бірлестіктердің
жылдық жоспарын бекіту;
3. Факультативтік сабақ жоспарларын таңдау,
бекіту;
4. Өз білімін жетілдіру жоспары бекіту;
5. Жас ұстаздарға көмек клубын ұйымдастыру;
6. Білім жетілдіру бағытындағы курсқа
жіберу графигін жасау;
ІІІ. Әдістемелік кабинетті жабдықтау:
1. Әдістемелік бұрыш ұйымдастыру;
2. "Озат тәжірибе" бұрышы;
3. Әдістемелік жаңалықтар стенді;
ІV. Әдістемелік шығармашылық жұмыстар:
1. Әдістемелік кеңес отырыстарын өткізу
(ай сайын).
2. Мектепішілік шығармашылық топтар құру
(үлкен мектептерде).
3. Пән апталықтарын өткізу, белгілеу;
4. Пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындау,
өткізу;
5. Мектепішілік педагогикалық оқу нәтижесін
шығару формалары: а)бірыңғай өткізу; б)педкеңесте
өткізу; в)бірлестіктер ұсынысын бекіту.
6. Озат тәжірибелерді зерттеу, насихаттау,
формалары:
1) Семинар сабақтар өткізу; Пән бірлестіктерінің
апталықтарын өткізу;
2) Плакат, буклет шығару; Баспаға материал
беру;
3) Жыл үздігі байқауларын өткізу ( жыл
мұғалімі);
4) Оқу кабинеттері байқауын өткізу; Оқу
кабинеттерін аттестациялау;
5) Мектепке бүлдіршіндерді әзірлеу, бала-бақшамен
байланысу, жоғары топ балаларының дайындығын
зерттеу;
6) Бастауыш буыннан орталау мектепке өту
кезеңіндегі оқушының білімділігі мен
біліктілігіне зерттеу жүргізу;
V. Бастауыш буыннан орталау мектепке өту
кезеңіндегі оқушының білімділігі мен
біліктілігіне зерттеу жүргізу:
1. Бірлестік жетекшілерінің есебін тыңдау;
2. Шығармашылық зерттеу жұмысының қорытындысын
тыңдау;
3. Үлгілі семинар сабақ қорытындысын талдау;
4. Тақырыптық зерттеу қорытындысын тыңдау.
I.Әдістемелік жұмыстың мақсат-міндеттері
мен құрылымы
Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының
әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен
сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын
іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің
мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп
өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу
- жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың
кәсіби біліктілігі мен педагогикалық
шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту
мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен
тәрбиешілерге нақты көмек беру.
Негізгі міндеттері
ü Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды
жетілдіру.
ü Оқу құралдарының мазмұнын
дайында мен оны жаңарту.
ü Сабақтардың барлық түрлерінің
өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.
ü Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар
мен оқу құралдарын дайындау.
ü Оқытудың әдіс - формаларын
жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.
Әдістемелік жұмыстардың мазмұны
ü Ғылыми зерттеулер жүргізу.
ü Бағдарламаларды үйлестіру.
ü Ақпараттандыру мәселелерін
талқылау.
ü Оқушылар үлгерімін талдау.
ü Оқыту әдістемесін жетілдіру.
ü Мектепішілік бақылауды сараптау.
ü Озат тәжірибені жинақтау,
тарату.
ü Ғылым жетістіктерін практикаға
ендіру.
Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарының
үлгісі
ü Өткен оқу жылының әдістемелік
жұмыстарын талдау.
ü Жаңа оқу жылының әдістелік
жұмыстарының тақырыбын айқындау.
ü Әдістемелік жұмыстардың мақсат-міндеттерін
айқындау.
ü Ұйымдастырушылық - әдістемелік
нұсқаулықтар әзірлеу.
ü Өткізілетін негізгі іс-шаралар
кестесі мен тізімін жасау.
ü Әдістемелік бірлестіктер
жұмысын ұйымдастыру.
ü Әдістемелік жұмыстарды бақылау
мен есеп беру.
IІ. Мектептегі әдістемелік жұмыстың оқу
жылына арналған жұмыс жоспары
2.1.Өткен оқу жылына жасалған талдау
1. Өткен оқу жылының мақсат-міндеттері
және олардың жүзеге асырылу барысы.
2. Жетістіктер мен кемшіліктер және олардың
себеп-салдарлары.
2.2. Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері
1. Әдістемелік апталықтар мен түрлі іс-шараларды
сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби
біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін
жетілдірудегі ролін арттыру.
2. Жаңа педагогикалық технологияларды
тиімді қолдана отырып, барлық сабақтар
мен сыныптан тыс шараларды жоғары әдістемелік
деңгейде өткізу.
3. Өзара тәжірибе алмасу жиындарын өткізе
отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын
қамтамасыз ету.
4. Оқытудың белсенді әдіс - формалары мен
тиімді технологияларын іздестіре отырып,
тәжірибе - сынақтар жүргізу.
5. Жаңа оқу-тәрбиелік, ғылыми әдістемелік
дидактикалық материалдар мен оқу құралдарын
жасай отырып, инновациялық білім беру
процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз
ету
6. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру барысын
талдай отырып, шығармашыл мұғалімдердің
озат тәжірибелерін зерттеу, жалпылау
және тарату.
7. Мектеп бітірушілердің білімдерінің
ғылыми базасын нығайта отырып, таңдаған
пәні бойынша жоғары оқу орнына түсуіне
бағытталған дайындық жұмыстарын күшейту.
8. Оқушылардың бойында жоғары моральдік
және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра
отырып, оларды кешенді тәрбиелеу бағдарламаларын
жетілдіру.
2.3.Ұйымдастырушылық - әдістемелік нұсқаулықтар
1. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды
облыстық білім департаменті мен аудандық
білім бөлімінің бұйрықтарын, өткен оқу
жылының қорытындыларын басшылыққа ала
отырып жоспарлау және ұйымдастыру.
2. Әдістемелік кеңес отырыстарын жоспарлы
түрде тоқсанына бір рет өткізу:
2.1. Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың
қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері
– қыркүйек.
2.2. Әдістемелік және пән апталықтарын
өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану
бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені
тарату – қараша.
2.3. Оқушылардың шамадан тыс оқу жүктемелерін
азайту арқылы білім сапасын арттыру жолдары
– қаңтар.
2.4. Оқытудың тиімді технологияларын мектеп
практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе
- сынақ жұмыстарының алғашқы нәтижелері
мен оның себеп-салдарлары – наурыз.
3. Әдістемелік апталықты ақпан айында
өткізу.
4. Әдістемелік бірлестіктердің алғашқы
жоспарлау отырыстарын төмендегіше өткізу:
1.Бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі
бойынша – 28-29 тамыз. 2.Гуманитарлық пәндер
бірлестігі бойынша – 1-3 қыркүйек. 3.Жаратылыстану
пәндері бірлестігі бойынша – 5-7 қыркүйек.
5. Бірлестіктердің алғашқы жоспарлау
отырыстарында мына мәселелерді қарау:
5.1. Оқу және әдістемелік жұмыстардың қорытындылары,
оқыту процесін жетілдіру жолдары.
5.2. Оқу-тәрбие процесін бақылау қорытындылары,
өзара сабақтарға енуді жоспарлау.
5.3. Сабақтардың әр түрлі типтері мен формаларын
өткізу ерекшеліктері мен әдістемесі.
5.4. Оқытудың интерактивті әдістері мен
белсенді формаларын іздеу мен тәжірибеге
ендіру.
5.5. Білім беру процесіне оқытудың тиімді
технологияларын ендіру проблемалары
мен негізгі жолдары.
6. Бірлестік отырыстарын тоқсанына бір
рет өткізу және онда мына мәселелерге
назар аудару:
6.1. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын
сапалы түрде жүзеге асыру және оны дидактикалық
және материалдық-техникалық қамтамасыз
ету.
6.2. Озат тәжірибе мектебінің жұмысын жоспарлай
отырып, жаңашыл және тәжірибелі мұғалімдердің
озат тәжірибесін зерттеу, жалпылау және
тарату.
6.3. Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыру туралы нормативтік құжаттарды
басшылыққа ала отырып, сабақтарды әдістемелік
қамтамасыз ету.
6.4. Жаңаша оқыту жүйелерін зерттей отырып,
оқытудың тиімді технологияларын мектеп
тәжірибесіне сатылап ендіру.
6.5. Нормативтік актілерді оқып-үйрене
отырып, мектеп құжаттарын толтыруда бірыңғай
талаптарды басшылыққа алу.
6.6. Психология мен педагогика және пәнді
оқыту әдістемесі бойынша әдебиеттерге
шолу жасай отырып, мұғалімдердің өз білімін
жетілдіруіне үнемі ықпал ету.
6.7. Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми
қоғамдарын құра отырып, ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүйелі жүргізуді ұйымдастыру.
6.8. Мұғалімдердің қажеттіліктері мен
сұраныстарына диагностика жүргізе отырып,
өзара тәжірибе алмасу семинарлары мен
оқуларын өткізу.
6.9. Білім сатысы оқуларынан өту жоспарын
жасай отырып, мұғалімдердің біліктілік
санаттарын көтеруде жүзеге асыру.
6.10. Ақылшы ұстаздар тағайындай отырып,
жаңадан келген және жас мамандармен жүргізілетін
жұмыстарды жандандыру.
6.11. Жаңа бағдарламалар әзірлеу және оқыту
технологияларын ендіру бағытындағы тәжірибе
- сынақ жұмыстарын жүргізу.
6.12. Қосымша білім беру бағдарламаларын
дайындай отырып, сыныптан тыс үйірме
жұмыстары мен факультативтерді ұйымдастыру.
7. Мектепішілік “Жыл мұғалімі”, “Сынып
жетекшісі”, “Пән кабинеті” байқауларының
І турын қарашада, ІІ турын қаңтарда өткізу.
8. Пән апталықтарын төмендегіше ұйымдастырып,
өткізу:
8.1. Қазақ тілі мен әдебиеті – қыркүйек.
8.2. Математика – қазан.
8.3. Тарих және қоғамдық пәндер – қараша.
8.4. Физика және астрономия – желтоқсан.
8.5. Орыс тілі мен әдебиеті – қаңтар.
8.6. Химия және биология – ақпан.
8.7. Бастауыш сыныптар – наурыз.
8.8. Ән - әуез және бейнелеу – сәуір.
8.9. Дене тәрбиесі, АӘД және технология
– мамыр.
9. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытындағы
іс-тәжірибелерді дер кезінде талдап,
жалпылап, тарату үшін бірлестік отырыстарында
қарастырылған материалдар мен қабылданған
шешімдерді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік
орынбасарына уақтылы өткізіп отыру.
10. Пәндік және әдістемелік апталықтарды
өткізу барысын бақылауды мектеп директорының
ғылыми-әдістемелік орынбасарына міндеттеу.
Әдістемелік жұмыс
2011-2012 оқу жылында жоспар бойынша 5 әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Мақсаты: 2011-2012 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың міндеттерін іске асыру, инновациялық технология элементтерін тиімді қолдануға әдістемелік қолдау көрсету. Осы мақсатты жүзеге асыруда тақырыптық әдістемелік кеңестерде үйретуші семинарлар жоспарланып, өткізілді:
1. «Көркем мәтін
негізінде әдеби дарындылықты
қалыптастыру» үйретуші
3. Аттестациядан
өтетін мұғалімдердің
4. «Білім беру
саласына инновациялар
Әдістемелік бірлестіктер жұмысы
Мектеп-лицейінде 9 әдістемелік және «Жас мамандар мектебі» бірлестігі жұмыс істейді. Әдістемелік бірлестік жетекшілері мен шығармашыл ұстаздардың жетекшілері мектеп директорының №176 1.09.08ж. бұйрығымен бекітілген:
№ |
Бірлестіктер |
Мұғалім дер саны |
Ә/Б тақырыбы |
Жетекшісі |
1. |
Бастауыш сынып ә/б |
27 |
Заман талабы- жаңа технология |
Қапсаметова Д.Қ Дәуренбекова С |
2. |
Әсемдік пәндер ә/б |
6 |
Ұлттық мәдениетпен жаңа технологияны ұштастыру арқылы оқушыларды іскерлік шеберлікке, талғампаздыққа тәрбиелеу |
Қалиева А.Ө. |
3. |
Тарих, қоғамтану пәндері ә/б |
6 |
Мұғалімнің шеберлігі-білім сапасының кепілі |
Шайкенов С.С |
4. |
Математика, физика, информатика пәндері ә/б |
11 |
Саралап-деңгейлеп оқыту жүйесін сабаққа енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру |
Кереева Н.Қ.- |
5. |
Жаратылыстану пәндері ә/б |
8 |
Жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңа оқыту технология элементтерін тиімді пайдалану |
Исмагулова Д.Н. |
6. |
Қазақ тілі мен әдебиет пәндері ә/б |
6 |
Мұғалімнің шеберлігі- білім сапасының кепілі |
Бөкенова Г.А |
7. |
Орыс тілі мен әдебиет пәндері ә/б |
7 |
Активизация познавательной деятельности учащихся на основе использования инновационных технологии |
Зияханова Г.У. |
8. |
Ағылшын тілі пәндері ә/б |
5 |
Оқушыны жекелей оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, танымдық әрекеттерін жетілдіру. |
Сейтжанова Т.Н |
9. |
Дене тәрбиесі мен АӘД ә/б |
4 |
Дені сау ұрпақ болашақ кепілі |
Амиров А.Ш |
10. |
«Жас мамандар мектебі |
Бүгінгі жас маман –ертеңгі шебер ұстаз |
Елеусізова Р.Қ. |
Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы өткен жылдың жұмыстарын талдауға, жаңа оқу жылына міндеттерді құруға осы жылы жалпы мектепішілік шаралар өткізуге, мектеп-лицейінің әдістемелік және оқу-тәрбиелік жұмысына негізделіп құрылған. Әдістемелік бірлестіктердің отырыстары жочпарға сәйкес өтіп, негізгі әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуына, мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен алмасуға, мектепішілік интеллектуалды сайыстарға қатысу мониторингін шығару, оқу бағдарламасының орындалуын сараптауға бағытталған. Мектеп ашылғаннан бергі әдістемелік бірлестіктер жүргізген жұмыстардың сараптамасы, жылдық жұмыстың талдауы, өткізілген онкүндіктерге сараптама жасалып, орындалғаны туралы есеп беріліп, ұсыныстар айтылады.. 2011-2012 оқу жылында жоспар бойынша барлық әдістемелік бірлестіктердің онкүндіктері өтті «Адам әлем аясында» атты бастауыш сынып мұғалімдері апталықтарын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, семинар-тренингтер қалалық деңгейде өткізіп, қалалық Білім басқармасына есеп берді. «Любовью вечность рождена» орыс тілі мен әдебиет пәні әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің апталығы, ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестік мұғалімдері «Тіл – әр халықтың алтын діңгегі» атты апталығында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, тәжірибе жұмыстары, конференциялар, кездесулер. Апталық барысында негізінен оқушылардың білім сапа көрсеткішінің деңгейін бақылау мақсатында сынақ жұмыстары алынып, сараптама жасалады, ол пәннің берілуін арнайы бақылау болады. Апталықтар қорытындысының анықтама- есебі директор жанындағы кеңесте қаралып талданды. Математика пәні мұғалімдері қалалық «Оқытудың жаңа технологиясы-білім сапасын арттыру кепілі» атты семинар өткізді. Ақпан айында жоспарланған тәжірибе алмасу күні «Білім беру саласында инновациялар енгізудің ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету-сапалы оқытудың кепілі» тақырыбында ұйымдастырылды, онда 29 педагог кадр ашық сабақ өткізіп, тәжірибе алмасу жұмысы жүргізілді, жинақ шығарылды. Қаңтар айының 9-14 аралығында қалалық білім басұармасының жоспарына сәйкес «Ғылым апталығы» өткізіліп, қорытындысы әдістемелік кеңесте қаралды.
Әдістемелік бірлестік жұмыстарының ішінде ерекше атап өтетін болсақ, математика пәні мұғалімдерінің бірлестігі қалалық математика пәні мұғалімдерінің конференциясына белсене қатысты, өздерінің іс-тәжірибесін ортаға салды, көрмеге қатысып, Республикалық съезге математика пәні әдістемелік бірлестік жетекшісі Кереева Нұрсағила Қабытайқызы Астана қаласы атынан делегат болып сайланып, қатысқан болса, 2012 жылы маусым айында өтетін республикалық химия пәні мұғалімдерінің съезіне мектеп-лицей директоры Алия Серғазықызының кандидатурасы ұсынылды. Жыл көлемінде химия пәні мұғалімдері қалалық конференцияларда педагогикалық іс-тәжірибесін ортаға салып, баяндамалар оқыды, көрмелерге қатысып І орынды иеленді. Соның ішінде, «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қазіргі заманғы дамыту стратегиясы: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер» атты Тамыз конференциясында Сексенова А.С., Тұржанова Г.Т., Досанова С.А., Кируова А.К. Елеусизова Р.Қ.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы “29” қарашадағы
№ 583 бұйрығымен
бекітілді
Оқу-әдістемел
1. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарында
оқу-әдістемелік жұмысты
2. Осы Ереже білім беру
ұйымдарында бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларын,
техникалық және кәсіптік
3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
оқу-әдістемелік жұмыс – білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі;
әдіскер - оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының педагогикалық қызметкері;
әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны;
білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы;
оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) – білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;
әдістемелік кабинет - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін облыстық (қалалық) білім департаментінің құрылымдық бөлімшесі;
оқу-әдістемелік бірлестіктер
- әр түрлі деңгейдегі білім беру
оқу бағдарламаларын іске асыру
жөніндегі ұсыныстар мен
4. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді
2
интеграциялау, оқу және
тәрбие үдерісін қамтамасыз ету және
жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын
әзірлеу және енгізу, білім беру
ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда
педагог қызметкерлердің
5. Білім беру ұйымдарындағы
оқу-әдістемелік жұмыстың
білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
білім беру үдерісін қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру;
педагогтың шығармашылық
ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін және кәсіби шеберлігін
арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық
ұжымның ғылыми-әдістемелік
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында облыстық (қалалық) білім департаменттерінің әдістемелік кабинеттеріне;
жоғары оқу орындарында құрылымдық бөлімшелерге жүктеледі.
6. Оқу-әдістемелік жұмыс
Қазақстан Республикасының
2
7. Бастауыш, негізгі орта
жалпы орта білім берудің