Халықаралық студенттер күні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 14:17, реферат

Описание работы

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны қақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17-қараша – халықаралық студенттер күні!
Қызықты өмір қаһармандарының күнтізбеде белгіленген осы бір мейрамдарының шығу тарихы айтарлықтай әдемі, қызықты да емес. Ол – қанды, әрі қайғылы тарих мынандай.

Файлы: 1 файл

Халықаралық студенттер күні.docx

— 16.46 Кб (Скачать файл)

Халықаралық студенттер күні

Әр адамның жадында  ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір  төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін  қыздырғаны қақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің  кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17-қараша – халықаралық  студенттер күні!

Қызықты өмір қаһармандарының  күнтізбеде белгіленген осы бір  мейрамдарының шығу тарихы айтарлықтай  әдемі, қызықты да емес. Ол – қанды, әрі қайғылы тарих мынандай.

1939 жылы 28 қазан күні фашистер  басып алған Чехословакияның  студенттері мен ұстаздары Чехословакия  мемлекетінің құрылғанына бір  жыл болғанын атап өту үшін  шеруге шықты (28.10.1918). Басқыншы  бөлімдер шеруді басып тастап, сонымен бірге медицина факультетінің  студенті Ян Оплеталды атты.

1939 жылы 15 қарашадағы Яна  Оплеталды жерлеу рәсімі қайтадан  наразылыққа ұласты. Шеруге шыққандардың  көбі қамауға алынған. 17 қарашада  гестапошылар мен эсэстер таңертең  студенттік жатақханаларды қоршауға  алынып, 1200-ден астам студент ұсталып,  Заксенхаузендегі концлагерьлергеь  қамалды. Студенттік қозғалыстың  тоғыз белсенді студенті Рузина  атты прагалық ауданда түрме  қабырғасында сотсыз дарға асылды. Гитлердің бұйрығымен Чехиядағы  барлық оқу орындары соғыс  аяқталғанға дейін жабылды.

1946 жылы 17 қарашада Прагада  өткен чехиялық студент-патриоттардың  құрметіне болған Бүкіләлемдік  студенттер конгресінде Халықаралық  студенттер күні белгіленді. Міне, сұлу сезім, қайратты мінез,  жігерлік пен жастық шақтың  мерекесі – студенттер күнінің  шығу тарихы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Чехословакияда осылай басталған. Одан бері талай жылдың жүзі болды. Тарихы қанды оқиғамен бастау алған осы бір мейрам қазірде жердің түпкір-түпкірінде бар сән-салтанатымен аталып өтіледі.

Студенттік шақ – өз алдына жеке әлеуметтік категория. Әр адамның өмірінде айрықша орын алатын осы кезең – үйден жырақта  жүріп, өмірді тануға, өзіңді танытуға арналған уақыт десек, артық айтқандық  емес. Өмірдің жаңа кезеңіне қадам  басқан жастар тек білім алуға  емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата  білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде  қызығы мен шыжығы мол – лекцияда ұйықтап отырған уақыт, жатақханада  бір жапырақ нанды бөліп жеген  достар, таңнан таңға жалғасқан кештер, университет қабырғасындағы бірінші  бақылау-тесттер, дипломдық, курстық  жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру – үлкен бақыт. Ол уақытты, ол бақытты кім боламсын, сондай сағынышпен, ерекше көңіл-күймен еске алады.

Бүгінде еліміздің студенттері  тек білім алып жатқан жастар емес, қоғам жұмысына белсене араласып, өз үлестерін тигізіп отырған  білікті де, білімді, қайырымды да, қайырлы қауым. Қай істе болмасын, өздерін тек жақсы қырынан  көрсетіп, үлкенге бауыр, кішіге мейірімді  аға бола білетін жандар бір кісідей  жұмылып, еңбек етіп келеді. Осы орайда елдегі Қазақстан студенттер Альянсының да атқарып отырған шаруалары  жетерлік. Студент жастардың құқықтары  мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді, мтуденттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мен дамытуды, студент жастардың арасында жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыруды, студент  жастардың интеллектуалдық әлеуметін  дамытуды, студенттер арасында салауатты  өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен  альянс алғаш 2005 жылдың сәуірінде Тараз  қаласында еліміздің 170 оқу орынының алдыңғы қатарлы студенттері  жиналған республикалық студенттер слетінде құрылды. Міне, студенттердің мұндай бастамалары қашан да қоғамда үлкен орынға ие. Бұл – бүгінгі студенттердің үлкен ерлігі.

Ең алғашқы университет  пайда болған уақытта латын тілі – ғылым мен іс қағаздарының тілі болатын. Студенттерді ол кезде школяр (лат. scholaris – оқушы, лат. schola – мектеп) деп атайтын. Ал «студент» сөзі латын тілінен аударғанда бір нәрсеге ұмтылушы, бір нәрсеге қызығушы деген мағынаны білдіреді. Демек студенттер – білімге құштар, қандай да бір дүниені білуге талпынушылар. Ал мемлекет білімге талпынған, білуге асыққан мұндай жастарға жыл өткен сайын барынша қамқор болып, жастардың жағдайын жасап, көптеген көмегін көрсетіп келеді. Өйткені бүгінгі студенттер – бір-бір саланың болашақ мамандары, яғни ел болашағы.

Ел болашағының білімі жоғары, білері мол болу үшін елімізде қолға алынған бағдарламалар  да аз емес. Жыл өткен сайын мектеп, балабақшадан бастап, еліміздің түпкір-түпкіріндегі колледж, гимназия, лицейлер, академиялар, институттар мен университеттер жаңа технологиямен жабдықталып, зертханалар, лингафон кабинеттері, шетелдіктермен, үлкенді-кішілі компаниялармен бірлескен  оқу орталықтары, тәжірибе алаңдары ашылып, білікті оқытушылар құрамымен  жасақталып, білім ошақтарында бүгінгі  бағдарламаны барынша жан-жақты  игеріп, жоғары білім алу үшін бар  жағдай жасалып жатыр. Республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, білімінің жоғары екенін дәлелдеп, талпыныс танытқан студенттерді назардан тыс қалдырмай, біліктілігін одан әрі  шыңдауға жағдай жасалып, түрлі бағдарламалар  бойынша білім алуларына көмек  көрсетіліп келеді.

Әрбір жоғары оқу орындарында  студенттердің біліктілігін арттыруда, білімділігін көтеруде, теориядан тыс, болашақ мамандарды, мейлінше, көбірек  практикада баулуға жасалып жатқан жобалар жетерлік. Жыл сайын еліміздегі университеттердің қабырғасында білім  алып жүрген жүздеген-мыңдаған студент  бір ай немесе бір семестр деген  сияқты белгілі бір мерзіммен  шет елдің бетке ұстар үлкен  жоғары оқу орындарында білім  алып, сыртта практикадан өтіп келеді. Бұл жан-жақты білімді болашақ  дайындау үшін жасалып отырған жағдайлардың, студент үшін үлкен мүмкіндіктердің  бірі деуге әбден болады.

Еліміздің білім саласына көп көңіл қойып, бар жағдайды жасап отырғанын қазірде шетелдіктер  де мойындап отыр. Ол шетелдіктерді  мойындатып, бас шайқатып отырған  бағдарламалардың бірі – «Болашақ»  Халықаралық стипендиясы. «Болашақ»  Халықаралық стипендиясы Қазақстан  Республикасы Президентінің бастамасымен 1993 жылғы 5 қарашасында құрылып, студенттерге мемлекет есебінен шетелдердің алдыңғы  қатарлы ЖОО-ларында білім алуларына  мүмкіндік туды. Бұл бағдарлама бойынша  АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Франция, Чехия,Швеция, Швецария, Жапония сынды елдерде білім  алу мүмкіндігі қарастырылған. 2005 жылдан бастап, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына байқауды өткізу «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жүзеге асырады. Қазіргі уақытта бағдарламада елімізде оқытылмайтын мамандық бойынша PhD дәрежесін алу үшін степендиясы беріледі. Бұгінде Елбасы «Болашақ» бағдарламасының жаңа тұжырымдамасы шетел ЖОО-ларына практикалық жұмыста машығы бар тәжірибелі мамандарды тек қана PhD докторантурасы бойынша білім алуға және тәжірибеден өтуге жіберуді қарастыруы тиіс» деген міндеп қойып отыр. Осылайша кадр дайындаудың жаңа деңгейіне көтерілу үшін кезекті қадам жасалды: отандастарымызды шетелде білім алуға жібергенше, шетелдік профессураны отандық ЖОО-ға тарту. Бүгінге дейін «Болашақ» бағдарламасымен мыңдаған маман даярланып, бүгінде мемлекетке өз үлестерін тигізіп, қызмет атқарып жатыр.

Бір қызығы, біздегі бағдарламаның  қыр-сырына мән берген ресейліктер  де «Болашақтың» баламасы ретінде «Қайта оралу үшін кету» («Уехать, чтобы  вернуться») деп аталатын бағдарламаны қолға алыпты. Бұл тәжірибеден  өткен бағдарламаның оңды тұсын  байқағандықтың белгісі болар десек, артық айтқандық емес.


Информация о работе Халықаралық студенттер күні